Тақырыбы: «Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау» Түрі: " workshop " Мақсаты



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі422,5 Kb.
#118240
  1   2   3   4   5
Байланысты:
00051b42-4f1091e1


Тақырыбы: «Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау»
Түрі: " WORKSHOP "
Мақсаты:
1. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру,
2. Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау ,оқу әдістемесін жетілдіру.
3.Мұғалімдердің өзіндік дамуы және өзін өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау
4.Талантты, әлеуметтік белсенді мұғалімдерді қолдау.
5.Мұғалімдерді ынталандыру
Қатынасушы топ: (20-дай )
Воркшоп ашылуы. Құттықтау сөз. Мектеп директоры А.Абуов.
Психологиялық трениг Мектеп психологы: С.Нұрсапина
«Сабақта қолданатын интербелсенді әдіс- тәсілдер» тәжірибе
ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдер
Абуова Р.Нарымбетова А.Бекмұқанова Ш.Пазылова Қ.
Қапылова Б.Хасанов М
Кофе-брейк

Коучинг ««Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық»
Мектеп көшбасшылары


«Білім алу-батылдық, оны толықтыру-даналық, шебер қолдана білу –өнер» Кері байланыс
Қорытынды.

  • Еркін микрофон: сұрақ-жауап, ұсыныстар

  • Воркшоп жұмысын қорытындылау.

  • Марапаттау

  • Кері байланыс

Саламатсыздар ма, құрметті бүгінгі воркшоп қонақтары.


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім
Ұстаз кім? өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

  • Қазіргі ұстаздардан не күтеміз?

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек

  • Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын дей келе бүгінгі шарамызды бастаймыз.
Шарамыздың мақсаты.
1. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру,
2. Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау ,оқу әдістемесін жетілдіру.
3.Мұғалімдердің өзіндік дамуы және өзін өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау
4.Талантты, әлеуметтік белсенді мұғалімдерді қолдау.
5.Мұғалімдерді ынталандыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет