Оқушыларды ауызша қосу,сәйкес азайту амалдарын орындау кезінде ауызша есептеуге, қосудың ауыстырымдылық қасиетін амалдарды орындауда қолдана білуге үйрету.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып,шапшаң әрі дұрыс есептеу дағдыларын дамыту,шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы шеберліктерін қалыптастыру.
а/ Әкем 13 кг алма және 5 кг алмұрт сатып алды. Әкем барлығы неше килограмм жеміс сатып алды?
Шешуі:
Жауабы:
Ә/ Әкем сатып алған ? кг жемістің 10 килограмы атама жіберілді. Неше килограмм жеміс қалды?
Осы тапсырманы есепке айналдыр және шығар.
Екі тапсырманың арасында қандай байланыс бар?
Шешуі:
Жауабы:
Кім жылдам?
5 – басқыш № 5
68 бен 72 – нің арасындағы сандарды кему ретімен жаз. Салыстыр.
Ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз.
І – топ ІІ – топ ІІІ – топ
“БІЛГІҢ КЕЛСЕ,ШЕШІП КӨР”
6- басқыш
ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШ:
ТОППЕН ЖҰМЫС
10-а = 5 а-5=5 5+а=10
Бейбітшілік ұялаған "Бәйтерек"
Бейбітшілік ұялаған "Бәйтерек"
"Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.
РЕФЛЕКСИЯ
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Сабақты бекіту.
Сонымен біз бүгін қандай сандарды қосып,азайттық?
Қосу амалының компоненттерін атаңдар
Азайту амалының компоненттерін атаңдар
Қосылғыштардың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?