Стол N 4б. Созылмалы колит, асқынулары баяулаған кезде.
Құрамы: кешегі пысқан ақ нан, құрғақ бисквит; дақылды көже ет және балық сорпасында, фрикаделька аралас көже, тарыдан басқа, суға пысқан 1/3 сүт қосылған ботқалар, пысқан көкөністер, сыр қышқыл емес, қышқыл емес қаймақ, айран, компот, кисель, шай, сүт қосылған кофе, сары май (дайын тағамдарға қосу үшін). Ас тұзы күніне 8-10 г. С, В тобындағы витаминдер. Тамақтану 4-6 рет күніне. Тағам жылы түрінде пайдаланған дұрыс.
Стол N 4в. Ішектің жедел аурулары кезінде сауығу сатысында, рационалды тамақтануға көшу ретінде; ішектің созылмалы аурулары кезінде асқыну басылған кезде, ас қорыту мүшелерінің басқа ауруларының асқынусыз кезеңінде
Бұл диета кейбір ішектің жеткіліксіздігінде толықтай тамақтану үшін қолданылады, нәтижесінде ішектің басқа әрекетінің қалпына келуіне әсер етеді. Ол физиологиялық толық диета, ақуызды жоғарылату, ал ас тұзын азайтумен жүреді. Ішектің механикалық және химиялық тітіркендіргіштерін алдын алу және ішекте ашу процесін жоғарылататын тағамдарды шектеумен көрініс береді. Тамақты ұсақталған түрде буға жасайды. Тамақтану режимі: 5 рет күніне.
Достарыңызбен бөлісу: |