Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.
Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.
Студенттердің семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды.
Лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, эксперимент инженерлерді даярлауда өзектілікке ие. «Лаборатория» латын тілінен «labor» сөзін аударғанда – еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам өмірінде болатын ғылыми және өмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты.
Оқу мамандығына орай лабораториялық жұмыстар белгілі бір айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі әдістемелік нұсқаулар қажет.
Жалпыпедагогикалық нұсқаулар:
Біріккен топтық әрекет – ең тиімді формалардың бірі. Оның бағыты оқытушыға байланысты. Оқытушы практикалық міндеттерді студенттердің әрі қарай өз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретіндей, студенттердің ақыл-ойын белсендендіретіндей, практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы тиіс.
Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бөлігі жаттығулар болып табылады. Жаттығудың негізі – дәрісте берілген теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс-әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. Студенттермен жаттығуды орындау барысында ұғыну және түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген жөн.
9 дәріс мазмұны:
Студенттерде сыни ойлауды қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында ұлттың бәсекелестігінің маңызды факторы – сауаттылық делінген. Сонымен қатар, Президенттің жолдауында: «Білім реформасы – бұл Қазақстанның бәсекеге сәйкестілігін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Бізге заманға сай экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына жауап беретін білім беру жүйесі қажет» деп атап өтілген 3.
ЖОО берілетін білім болашақ мамандардың жоғары деңгейдегі руханилығын мен адамгершілігін, жан-жақтылығын және олардың кәсіби біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Білім берудегі мақсаттар мен міндеттердің өзгеріске ұшырауы кәсіби біліктілікті қалыптастыруда жаңа тәсілдерді қолдануды талап етіп отыр. Кәсіби біліктілікке болашақтағы мамандықтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктерін игеру және оларды тиімді жүзеге асыра білу қабілеттері кіреді. Кәсіби біліктілік сөзі жалпы болғанымен, ол сәтті карьера жасауға көмектесетін, қандай да болмасын мамандыққа қажет қабілеттердің ерекшелігі арқылы нақтылана түседі. Дамыған елдерде (АҚШ, Австралия т.б.) жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес, жұмыс берушілер университет түлектеріне ең алдымен инициативалықты, екінші – қойылған міндеттерді өзбетімен шеше алуды, әрі қарай – икемділікті, топта жұмыс жасай білуді, жазбаша және ауызша түрде қарым-қатынасқа түсе білу қабілеттеріне ерекше мән беріп, ал пән бойынша игерген білімдеріне қойылатын талап соңғы критерийлер екендігі анықталды. Осы тәрізді жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, негізгі кәсіби біліктілік көрсеткіштерін көрсетуге болады, олар:
өзбеттілік;
ойлауға икемділік;
топта жұмыс жасай алу;
жазбаша және ауызша түрде қарым-қатынасқа түсе білу.
Педагогикалық әдебиеттерде оқыту – үрдіс деп қарастырылған. Осы үрдістің мақсаты – «адамды белгілі бір іс-әрекет түріне дайындау. Оқытушылар мен студенттердің бір мақсатқа жету жолындағы біріккен іс-әрекеті» [4]. Басқаша айтқанда, екі іс-әрекет түрі – оқыту мен оқу, бірге қатар жүзеге асырылады. Тұлғаның дамуы жайында сөз қозғалып жатқандықтан, бұл үрдіс үш аспектіден тұру керек: танымдық, дамытушылық және тәрбиелілік.
Оқытуды жүзеге асыру технологиясы оқытушы мен студенттің екі жақты іс-әрекетімен сипатталады. Оқытуды оқу процесі қамтамасыз етіп отырады. Оның құрамына мыналар кіреді:
тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын көздеп, пәннің мазмұнын ашуға көмектесетін оқу жоспарлары, бағдарламалар;
оқытушы мен студенттердің өзара әрекетін ұйымдастырып, реттеп отыратын оқыту және білімді тексеру әдістері, формалары, құралдары.
Кәсіби біліктілік туралы айта келе, кәсіби біліктіліктің қалыптасуында
сыни ойлаудың рөлі қандай? - деген сауал туады. Бұл сұраққа жауап берместен бұрын, сыни тұрғыдан ойлау деген түсініктің мағынасын ашып алайық. АҚШ ғалымы Д. Клустера “Сыни тұрғыдан ойлау деген не?” деп аталатын мақаласында сыни ойлаудың 5 негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: бірінші сипаттамасы өзбеттілік: «білім алушыларға өз басымен ойлауға және ең қиын сұрақтарға шешім табуда еркіндік беру керек». Яғни, әрқайсысының өзінің көзқарасының болу құқығын мойындау. Клустер бойынша сыни тұрғыдан ойлаудың екінші маңызды сипаттамасы - ақпаратты сыни ойлаудың соңғы нүктесі деп қарастырмай, әрі қарай өрбітуді қажет ететін «бастапқы» ой деп қарастыру. Білім сыни ойлау арқылы қалыптасады. Білім алушы өткен ұрпақ тәжірибесінің мағынасын түсінгенде ғана, бұл тәжірибе жеке тәжірибеге айналады. Сыни тұрғыдан ойлаудың үшінші сипаттамасы ретінде Клустер мәселені алға қоя білуді айтады. «... әртүрлі деңгейдегі нағыз таным процесі танушының өзінің қызығушылығымен қажеттілігінен шығатын мәселелерді шешу және сұрақтарға жауап іздеудегі ұмтылысымен сипатталады» [2]. Бұндай мәселелер қызығушылық, қажеттіліктер студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін. Студент іштей әрдайым өзіне мынадай сауалдарды қою керек:
Бұл мен үшін қаншалықты маңызды?
Маған қандай өмірлік проблемаларды шешуге тура келеді және бұл үшін не қажет?
Осындай тәжірибені игерудегі өзбетті процесс әртекті ақпараттарға, білімге, өзгенің тәжірибесіне салмақты, саналы қарап, өз көзқарасына, позициясына аргумент табуды талап етеді. Д.Клустер осыған байланысты былай жазады: «Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам мәселені шешуде өз шешімін табып, оны дәлелдермен негіздейді. Ол сонымен қатар, мәселені шешудің басқа жолдары бар екендігін түсініп, өзінің шешімінің басқа шешімдерден дұрыс екендігін дәлеледеуге тырысады» [1]. Сыни ойлаудың бесінші сипаттамасының негізінде адамның қоғамдағы еркіндігін түсіну жатыр. Тұлғаның қандай да болмасын идеясы, ойы қоғамның сынынан өтіп, қабылданады немесе қабылданбайды. Осы тектес ситуацияны студенттер аудиториясында байқауға болады. Сондықтан Д.Клустер сыни ойлаудың әлеуметтік құбылыс екендігін айтады. Осыдан шығатын қорытынды, талқы-таласта адам өзінің, өзгенің көзқарасын бағалап, сол арқылы сыни ойлай білуді үйренеді. Мақаланың кіріспе бөлімінде атап өтілген әлеуметтік сұранысқа және оқу процесіндегі жаңа тәсілдер қолдануға оралсақ, болашақ мамандарды кәсіби даярлауда оқытушыны ерекше құрал-жабдықпен қамтамасыз ететін және алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін, сыни тұрғыдан ойлауды көздейтін жаңа білім философиясы болу керек. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орнының оқытушыларына арнайы белсенді оқыту әдістері мен тәсілдерін үйрету курстары жүргізілу керек. Бұндай талаптарға жауап беретін, әртүрлі әдістермен тәсілдерден тұратын бағдарламаның бірі - «сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту» бағдарламасы болып табылады. «Сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту» бағдарламасының негізінде белсенді ойлауға мүмкіндік беретін стратегиялар жатыр. Бұл стратегиялар студенттерді ақпаратпен белсенді жұмыс жасауға үйретіп, әрқайсысына жеке, өзбетімен өз білімін қалыптастыруға, бағалауға, шешім қабылдауға көмектеседі.
Оқу процесінің субъектілерінің (оқытушы, студент) белсенділігін арттырып, қызығушылығын сақтап қалудағы тиімді тәсілдердің бірі - сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегияларын дәріс, семинар және ОЖСӨЖ сабақтарында қолдану. Сабақтарында осы стратегияларды қолдану арқылы студенттерді бірінші күннен бастап, сыни тұрғыдан ойлауға, өзбеттілікке, ең бастысы болашақ маманның болашақ кәсібін тиімді игерілуіне қол жеткізуге болады. Сыни ойлауды дамытуға бағытталатын сабақтар үш фазадан – қызықтыру, мағынаны тану және рефлексия немесе ойланудан тұру керек. Сабақтың бірінші кезеңіне тақырыпқа студенттердің қызығушылығын тудыру және әрі қарай оқу бағыттарын анықтау міндеті қойылады. Мағынаны тану деңгейінде студенттер жаңа ақпаратпен танысады. Сабақтың осы кезеңінде студенттердің жаңа ақпаратты өздерінше түсінуін қадағалау қажет. Рефлексия кезеңінің міндеті- тақырып бойынша бар мәліметтерді қолдану арқылы оларды жаңа біліммен толықтыру, тақырып бойынша ізденіс жолдарын анықтау болып табылады.
Осындай мазмұнда ұйымдастырылған сабақтың артықшылықтар негізінде мыналарды көрсетуге болады:
қоршаған ортаны өзінше қабылдау ерекшеліктерін талқылап, түсінуге көмектеседі;
Топтық жұмыстың арқасында қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады;
Топтық жұмысқа қатысуға, басқаның ойы мен пікірін сыйлай білуге, өз позициясын ұстай білуге үйретеді;
Өзінің тікелей тәжірибесі арқылы алынған білімді қолдануға үйретеді;
Іздену арқылы қажет білімді табуға үйретеді.
Сыни ойлау автоматты түрде күнделікті оқыту барысында қалыптаспайды. Ол үшін студенттердің ойлау процесін жаңартуға жүйелі күш жұмсап отыру керек. Сыни ойлауды қалыптастыру – бұл нәтижесінде тұлғаның өзбеттілік, коммуникабелділік, өзіне сенімділік, қабылдағыштық , таңданушылық, өз ойын еркін жеткізе білу сияқты табиғи сапалары дамып, өзектенетін оқыту мен тәрбиелеу процесі. Шығармашылық және сыни ойлауды қалыптастыра білу және оларды студенттерге үйрету педагогтың кәсіби құзырлылығын анықтайды. Сыни ойлай білетін, кәсіби білімді игерген студент еңбек нарығында сұранысқа ие болады деп сенімді түрде айтуға болады.
1998 жылы Парижде өткен Бүкіл әлемдік ЮНЕСКО конференциясында қабылданған жоғарғы білім туралы Бүкіл әлемдік декларацияда: «Жоғарғы оқу орындары білім алушыларға қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуде қолданатын және әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын, сыни ойлай білетін, сауатты, терең ынталы азамат етіп тәрбиелейтін білімді қамтамасыз ету керек» делінген.
10 дәріс мазмұны:
„Педагогиканың жалпы негіздері” бөлімнің мәні. Курстың мақсат, міндеттері.
Пән бойынша университетке арналған типтік және оқу-жұмыс бағдарламалары
1. «Педагогиканың жалпы негіздері» тарауына әдістемелік сипаттама.
1. «Педагогиканың жалпы негіздері» курсының маңызы.
«Педагогиканың жалпы негіздері» таруы бірден қалыптасқан жоқ. Бұл тарауды жоғарғы оқу орнының оқу бағдарламасына енгізу жайында көптеген талассөздер жүргізілді. Бұл тараудың маңызы, әсіресе, педагогика курсы 3 бөліктен тұрғанда көріне бастады: педагогикаға кірсіпе, дидактика және тәрбие теориясы. Кейінірек дидактика және тәрбие теориясы бөлек пән ретінде оқытылады.
Жоғарғы оқу орындағы педагогика курсының мазмұнында жалпы педагогиканың, мектеп педагогикасының, бастауыш сатының ерекшеліктері мен негізгі қағидалары берілуі тиіс.
2. «Педагогика пәні» тақырыбына сипаттама.
Курстың алғашқы тақырыбы оның оны тансыстырудан курстың әрі қарай қабылдануы жүреді. Қазіргі оқу құралдарында осы тақырыпты баяндаудың белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Ол жүйе тақырыптың нәтижелі меңгерілуін қамтамасыз етеді.
Ең алдымен, педагогикаға тәрбие жайындағы ғылым ретінде анықтамасы беріледі. Келесі тәрбиешілер педагогика пәнін нақытлауға, тереңдетуге арналған. Содан соң педагогиканың негізгі ұғымдары беріліп, тәрбиенің мәні ашылады.
Тәрбие мен педагогиканың дамуын көрсетуде көрнекілікті дұрыс пайдаланған жөн. Олар (картиналар, педагог портреттері, оқулықтар фофтокопиялары) тәрбиенің таптық-тарихи сиптаын оқушыларға түсіндіруде қажет.
Дәрісте Қазақстанда тәрбие мен педагогика жүйесінің қалыптасуы жайында кеңірек айтылуы тиіс. Педагогика тарихына шолу жасау арқылы оқушыларға педагогиканың пәнін, әдіснамасын және педагогикалық зерттеудің әдістерін түсіндіру жүргізіледі. Я.А. Коменский, И.Г.Песталоции, К.Д.Ушинский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынов, А.Құнанбаетвардың педагогикалық қызметтері мен идеяларын қысқаша атап өтуге болады.
Педагогика теориясының дамуын әңгімелей отырып, оның практикада қалай жүзеге асатындығын белгілі педагог-жаңашыл шығармашылығымен бейнелеуге болады: Ш.Аманашвили, Л.В.Занков және т.б.
Педагогика адам тәрбиесі жайындағы ғылым. болашақ мұғалім баланың, жасөспірімнің, жігіттің дамуы мен тәрбиесімен ұййымдастырады. Сондықтан, пәнге жалпы анықтама бере отырып, мектеп педагогиканың пәнін белгілеп өткен жөн.
Педагогиканың негізгі ұғымдарын меңгеруде көп жұмыс қажет. Мсыалы, Т.А.Ильинаның «Педагогикасында» «тәрбие» ұғымына бірнеше анықтама берілген. «Білім беру» ұғымына анықтама бергенде оның процесс, білім берудің нәтижесі екендігін атап өткен жөн.
«Өзін өзі тәрбиелеу», өз бетімен білім алу» ұғымдарын түсіндіруде осы әдістердің көмегімен өзінің жоғары деңгейлі дамына қол жеткізген белгілі адамдарды мысалға келтіре отырып қолданады.
Келесі күрделі сұрақтардың бірі – бұл педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері.
Ең алдымен, әдіснама жайында айтылған пікірлер көптігіне тоқталады.
Лекцияда әдіснамаға анықтама беріп, оның құрылымын көрсетеді. Әдіснама 3 бөлімнен тұрады:
1.Әдіснамалық негіздемелер, бастапқы қағидалар, ғылымның әдіснамалық ақпараты.
2. Педагогикалық теория: идеялар, заңдар, гипотезалар, ғылыми фактілер.
3.Қолданбалы бөлім. Онда принциптер, ережелер, зерттей әдістері және ғылыми ұсыныстар.
Әдіснамалық зерттеулер педагогиканың пәнін, оның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын, мәселелерін дәлірек және тереңдете белгілеуге мүмкіндік береді. Әдіснаманың басты міндеті – тәрбие жайындағы білімді табу жолдары мен принциптерін, әдістерін белгілеу.
Әдіснаманың маңыздылығын оқушыларды нақты зерттеумен, оның өтуі мен нәтижесімен таныстыру арқылы аша түсуге болады. Ондай зерттеу жайындағы материалды «Бастауыш мектеп», «Тәрбие құралы», «Ұлт тағылым», «Ұстаз», «Сынып жетекшісі» және т.б. басылымдардан алады. Нақты мысалмен зерттеудің бастапқы қағидаларын, гипотезасын, міндеттері мен кезеңдерін, әдістерін көрсетумен түсіндіреді. Ғылыми әдістер жайында В.И. Загвьязинскийдің «Учитель как исследователь» - М.,1980; «Методология и методы педагогического исследования» - М., 2003 оқулықтарынан алуға болады.
Тақырыптың «педагогикалық ғылымдар жүйесі» сұрағын схема түсрінде беруге болады.
11 дәріс мазмұны:
Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.
«Тұлғаның дамуы, тәрбиесі және әлеуметтенуі» тақырыбына сипаттама.
«Тәрбиенің мақсаты» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
2. «Тұлғаның дамуы, тәрбиесі және әлеуметтенуі» тақырыбына сипаттама.
Бұл тақырып ең күрделі тақырыптың бірі. Курстың мазмұнына орыс педагогы П.Н. Груздевпен енгізілген.
Тақырыптың мазмұны оқулықтардан қатаң таңдалып, оның жоспары құрылады. Мысалы,
1.Негізгі ұғымдары.
2. Адам дамуындағы тұқымқуалаушылық орны.
3.Адам дамуы және қалыптасуындағы ортаның ролі.
4.Адам дамуы және қалыптасуындағы тәрбиенің ролі.
Ең алғаш студенттерге даму факторлары тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие жайында мағлұмат беріледі. Оқытушшының міндеті – осы факторлардың адам дамуында қандай өзара байланыста, тәуелділікте болатындығын көрсету. кеелесі әрекет – бұл тұлға дамуының негізгі факторларының әртүрлі жас кезеңдерінде байланыстылығын түсіндіру. Әдетте, бұл бала дамуының тарихын баяндау арқылы сипатталады. Осы мақсатта түрлі құралдар қолданылады: әдеби кейіпкерлер, кинофильмдерден мысалдар, оқытушының баланы ұзақ бақылау нәтижелері және т.б.
Бұл жұмыстың барлығы дамудың негізгі заңдылқтарын (біркелкі еместігін, тәрбиелік ықпалға сәйкессіздігін, қарама-қайшылығын)көрсетуге бағытталған.
Дәріс соңында қорытындыланады.
Бұл тақырып негізінен теориялық жағынан оқытылса да, пркатикалық тапсырмалар беруге болады. Мысалы, тұлға дамуындағы тәрбиенің ролі жайында айтылған белгілі педагогтардың пікірлерін талдау (А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев және т.б.) педагогикалық ситуацияларды шешу, оқушы тұлғасының кейбір жақтарының дамуын, өзгерісін бақылау және т.б.
3. «Тәрбиенің мақсаты» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
Бұл тақырып ондай қиын емес. Тұлғаны жан-жақты дамыту – тарихи құбылыс. Оны әрбір тарихи кезеңдегі құжаттар мен деректерді қарай отырып, көруге болады. Бұл тақырыпты ашуда ҚР-ның мемлекеттік құжаттарына сүйенген дұрыс: ҚР-ның «Білім туралы заңы», «Тәрбие тұжырымдамасы», ҚР 2015 ждейінгі білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы».
Сонымен қатар, педагогикадағы негізгі философиялық конфепцияларды сипаттай отырып, әрбіреуінде тәрбие мақсатын белгілеуіндегі ерекшеліктерді көрсетеді.
Олар: неотомизм, прагматизм, экзистенциализм, бихевиоризм.
Сонымен бірге, бұл дәрісте пәнаралық байланыс жүзеге асырылады: тарих, философия пәндерімен.
Практикалық сабақтарда осы тақырып бойынша педагогикалық ситуацияларды шешу, жаттығуларды орындау, мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмыс жоспарларымен таныстыру.
1. «Практикум по педагогике» М., 1989.
2. «Задания и педагогические ситуации».
12 дәріс мазмұны: «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама.
1.Тараудың мазмұны.
2.»Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
3. «Оқыту процесінің мәні» тақырыбына сипаттама.
4. «Оқытудың заңдылықтары және принциптері» тақырыбын оқыту.
5.Тараудың басқа тақырыптары.
6. Мемлекеттік стандартта көрсетілген кәсіби жоғары білім берудің мазмұны мен әдістемелік сипаттама.
«Дидактика» тарауына әдістемелік сипаттама.
1.Тараудың мазмұны.
Дидактика – педагогика курсының маңызды бөлімі. Дидактика – оқу процессінің ғылыми негізі болып табылады. Ол кезк келген оқу-тәрбие орнында негізгі орынға ие, мысалы, мектепте оқу барыында 10.000 астам сабақ беріліп, 400-ге жуық оқудан тыс сабақтар өткізіледі екен.
Біздің елімізде болып жатқан өзгерістер оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуына елеулі өзгерістер енгізеді. Дидактика осы өзгерістер өз құрылымы мен мазмұнында көсретеді. Дидактиканың оқу пәні ретінде мазмұнын анықтауда дидактика пәні мен жүйесін белгілеу басты орын алады. М.А. Данилов, Б.П. Есипов өздерінің «Дидактика» атты еңбегінде оны білім беру мен оқытудың теориясын баяндайтын педагогиканың бір саласы деп анықтама береді. «Ол мектептегі білім берудің міндеттері мен мазмұнын, оқушылардың білім, білік және дағдыны меңгеру процесін, оқытудың прициптерін, әдістерін, ұйымдастыру формаларын зерттейді» делінген. Осында дидактика пәні мен құрылымына жалпы анықтама берілген.
Дидактиканың төмендегідей құрылымы берілген:
1.Дидактика пәні.
2.Білім беру міндеттері мен мазмұны.
3.Оқыту процесі.
4. Оқыту прициптері.
5.Оқыту әдістері.
6.Сабақ – оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
7. Оқуышлардың білімін, білігін, дағдысын тексеру және бағалау.
2.»Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
Түрлі оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды сараптай келе бұл материалды ұсынудың мынадай нұсқауы берілген:
Оқытушы терминге анықтама береді, тарихына, пайда болуына шолу жасалады. Жақсы меңгерту үшін мына фактіні айтуға болады: Ежелгі Грецияда мұғалімді дидаскал деп атаған. Мұғалімдерге арналған нұсқауларда дидактика жайындағы материал берілген. Онда оқытумен қатар, тәрбие мәселелері де айтылған. Кейінірек дидактика тек білім беру мен оқыту мәселелеріне көшеді.
Я.А.коменскийдің «Ұлы Дидактикасынан» кейін оның дифференциалану процесі жүреді. Соңынан бастауышта білім беру дидактикасы қалыптасады. Оның пайда болуына мына жағдайлар себепші болды: 1. ХІІІ ғ. басталған өндірістің дамуы. Өндіріске білімді адамдар қажет болды.
2.Буржуазия өкілдері тек бастауыш мектептерді ашады.
3.Озат қоғам қайраткерлері бастауыш негіздемесін жасайды.
Оқушыларға өткен ғасырдың көрнекті педагогымен таныстырып, олардың айтқөан сөздеріне талдау жасалады. Содан кейін ҚР-ң Білім туралы заңында көрстеілген білім берудің міндеттерміен, мемлекеттік құжаттармен танысады. Білім берудің мазмұны сипатталады. Дидактика білімі беру мазмұнында, оқу пәндерінің құрылымында оқытудың түрлі дейңгейіндегі оқу материалын меңгерудің жалпы жолдарын белгілейді. Білім берудің мазмұнының құжаттары оларды қалай оқу керектігін теориялық мәселелерді меңгеруді, қандай жаттығу жұмыстарын, практикалық және лабораториялық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. мұғалім оқыту процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, материалды оқыту сипатына өзгерістер, қосымшалар енгізуіне болады. Содан соң оқу бағдарламаларына, жоспарларына мемлекеттік стандартқа сипаттама беріледі. Білім берудің мазмұнының ерекшеліктерінде атап өткен жөн. Кеешенді сипатта, байланыстылығымен, сабақтастығы мамандық таңдау, ғылым негіздерін меңгеру және т.б. Оларды бағдарламадан, оқулықтан басқа материалдардан үзінді келтіруге болады.
Практикалық сабақтарда белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсатын белгілеу, сабақтың үлгісін құру және т.б. тапсырмалар беріледі.
3. «Оқыту процесінің мәні» тақырыбына сипаттама.
Бұл дидактиканың басты тақырыбы. Оқу материалы негізінен абстрактілі сипатта. Сондықтан оны тереңдете оқушылар мынадай ойда қалуы тиіс: Бұл теориялық тақырып, бірақ дидактика басқа теориялық және қолданбалы сұрақтарын түсінуде аса қажет. Оған қалай қол жеткізуге болады? Ең дұрыс жолы фактілерді келтіру оларды талдау, қорытындылау, жаңа фактілермен бақылау мен бекіту. Ол үшін оқытушы алдын-ала сабақ үзінділерін магнитофонға жазып, сабақтың конспектілерін дайындайды, түрлі көрнекілікті (схемалар, плакаттар) оқу бағдарламаларынан оқулықтардан сабақтың жосапрынан үзінділер қолданады. Соынмен қатар оқыту процессінің негізгі кезеңдері оқытумен даму сұрақтары ашылады.
4. «Оқытудың заңдылықтары және принциптері» тақырыбын оқыту.
Дидактиканың, педагогиканың маңызды бөлігі ретінде, оқыту процесінің заңды байланыстарын ашуға бағытталады. Содан кейін «заң», «заңдылық», «принцип» ұғымдарына анықтама берген дұрыс. Принциптер – бұл оқу-тәрбие жұымысының тәжірибесін зерттеу негізінде қалыптасатын бастапқы қағидалар.
Осыдан келе оқыту мен даму, оқыту мен тәрбие арасындағы заңды байланыстарды көрсетуге көшеді.
Оқыту процесіндегі заңды байланыстар дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Бұл байланыстарды әсіресе, М.А. Данилов дәлелдеген: «Оқыту принциптері – дидактиканың категориялары. Олар тәрбие мен білім берудің мақсатына сәйкес оқыту заңдарын қолдану тәсілдерін сипаттайды. Оқыту принциптерінің жүйесі – бұл оқыту теориясының бейнеленуі. Ол оқыту мазмұнын, әдістерін және ұйымдастырылуын анықтайды».
Осылайша, дидактикалық принциптер аталып, оларға толық сипаттама беріледі.
5.Тараудың басқа тақырыптары.
Дидактиканың әдістері, формалары және оқушылардың білімін тексеру, бағалау мәселелері негізінен қолданбалы сипатта қаралуы тиіс.
Оларды қалай, қашан, қандай мөлшерде қолданатындығын практика жүзінде нақыт мысалдармен көрсетеміз. Бұл тақырыпты оқытуда жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі мұғалімдердің еңбегімен танысу, олардың нәтижесінің практикада қолданылуын көсрету ерекше оырн алады. Мысалы, С.Н. Лысенкова «Когда легко учиться» - М., 1981., Е.Н. Ильин «Рождение урока» - М.,1986.
Практикалық жұмыстарға нақыт сабақтың, тәрбие жұмысының жоспарын құру мен конспектісін дайындау тапысрмасы беріледі. Олар талданады.
13 дәріс мазмұны
Тәрбие теориясы мен әдістері.
Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеу.
3. Оқу әрекетінің топтық түрі оқытудың интенсивтендіру факторы ретінде.
«Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
1. Кіріспе ескертулер.
Тәрбие теориясы қоғамдық талаптар мен мүдделерімен өте тығыз байланысты.
Тәрбие теориясын оқытуда оқытушы жалпы тәрбие жұмысының негізіне салынған идеалға сүйенеді: «үйлесімді адмыған, қоғамдық белсенді тұлғаны жан-жақты дамыту және қалыптастыру». Осы идеяны жүзеге асыруда тәрбие теориясы ғылыми білімнің салаларына этикаға, эстетикаға, ден тәрбиесінің теориясына сүйенеді.
2.Тәрбие теориясы мен әдістері.
Тәрбие теориясының сұрақтарын меңгеруге қиын болып келеді. Негізгі міндет – осы сұрақтарды оқытудың ғылыми деңгейін сақтай отырып, оны меңгерудің тиімді жолдарын табу. Ол үшін оқытуға және меңгеруге қажетті сұрақтар шеңберін, құрылған жоспар бойынша жүру, түрлі әдіс-тәсіл, құралдарды пайдалану керек.
Оқулықтарды, оқытушылардың тәжірибелерін зерттей келе мынадай негізгі тақырыптар мен сұрақтар таңдалады:
-тәрбие теориясының пәнінің анықталуы;
- тәрбие теориясының мәнін, оның заңдылықтары мен принциптерін ашу;
- тәрбие әдістерін жекелеп оқыту, олардың тәрбие процесінде қолданылуы.
Тәрбие теориясы педагогиканың бір саласы. Ол тәрбие процессінің мәнін, оның заңдылықтары мен принциптерін зерттейді, жас ұрапқты тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін белгілейді.
Тәрбие процесі – бұл арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбие теориясында оқыту процесінде тәрбиелеумен қатар, оқудан тыс кезеңдегі тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді.
Тәрбие теориясындағы тәрбие процесін зерттеуге ең алғаш көңіл бөлген Н.К.Крупская. Ол «Тәрбие» ұғымының кең және тар мағынасын ұсынған. Тар мағынасындағы тәрбие – бұл, «балалар және жасөспірімдер әрекетіне ересек адамдардың жоспарланған, жүйелі ықпал етуі». Осы идеяларды дамыта отырып, А.С. Макаренко теорияға «тәрбие процесі» ұғымын енгізеді. Оның сипаттамаларын белгілейді.
1. Тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы.
2.Тәрбиенің дамуы мен өзгеруі.
3.Қарам-қайшылықты сипаты.
4. Басқарылуы.
Бұл сипаттамалар қазіргі педагогткадағы тәрбие процесінің ерекшелікті сиптына негіз болды:
тәрбиенің мақсат-міндеттері әсерінен, оқушылар тұлғасының дамуы мен өзгерісі, олардың ұжымының дамуы мен өсуі әсерінен тәрбие процесінің әрдайым өзгерісі мен дамуы;
тәрбие процессінің іс-әрекеттік сипаты, яғни балалар, жастар өмірін бақылау емес, оларды өмірге белсенді қатыстыру;
тәрбиеші позициясының өзгеріп отыруы, олардың түрлі әдістерді қолдна білуі;
тәрбие процессінің кешенділігі, біртұтастылығы тәрбиелеу процесін кезеңдерге бөлуге болады;
тәрбие процессінің міндеттері мен бағдарламаларын белгілеу арқылы басқару мүмкіндігі.
Тәрбиелеу процессінің зерттелуі оның заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндік берді. Тәрбиелеу процессінің мәні мен заңдылықтарынан соң тәрбие принциптері беріледі. Олар кез келген педагогика оқулығында бар. Әсіресе, осы принциптерден шығатын тәрбиелеу процессінің мазмұны мен ұйымдастырылуына қойылатын талаптарға ерекше тоқталған жөн.
Тәрбие теориясының негізгі сұрақтарының негізінде тәрбие әдістерін қабылдау жүреді. Тәрбиелеу процесін талдау арқылы әдістердің мәні, олардың жіктелуі жасалады. Ең алдымен оқулықтар материалын қолдана отырып, негізгі әдістерге түсінік береді. Соңынан бұл түсініктер тәрбие процесінде бақылау жүргізу, мұғаліммен кездесу, педагогикалық ситуацияларды шешу, тәрбие процесінің қолданылуын өңдеу конкурстарын ұйымдастыру тапсырмаларын беруге болады.
3. Ұжымды қалыптастыру мәселелерін зерттеу.
Ұжым жайындағы тақырып тәрбие әдістерінен кейін оқытылады. Себебі, ұжым педагогикада тәрбиенің мақсаты және маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен практикасы 1935-1937 ж. қарқынды дамытылған. Оларды зерттеген А.С. Макаренко, Н.К. Крупская.
1. Қоянбаев «Педагогика» - А.,1998ж. берілген.
ұжымды қалыптастыру кезеңдерін сипаттаймыз. Содан кейін ұжымды қалыптастырудағы мұғалімнің ролін көрсеткен жөн.
Дүниетаным қалыптастыру негіздері
Тұлғаның көзқарастары мен сенімдерінің тұрақтылығы, олардың идеялылығы және қоғамдық белсенділігі – тұлғаның маңызды сипаттамалары. Бұл қасиеттер тәрбиелеу процессінде қалыптасады.
Тәжірибеде көрінгендей, осы мәселені нәтижелі меңгеру үшін оқушылар маңызды басты ұғымдардың мәнін саналы түрде меңгеру.
«Дүниетаным» - бұл сөзді оқушылар жиі естиді. Ал оның нені білдіретінін сұрасаңыз, көбі оның мағынасын біле бермейді.
Дүниетаным – бұл көзқарастар, сенімдер, идеялар жүйесі. Ал бұл компоненттер қалай жүйеленеді? Білім және дүниетаным, олар қандай байланыста, бір-біріне қалай әсер етеді? Міне, осындай сұрақтарды студенттерге қоюға болады. Бұл сұрақтарды оқытушы өзі қойып, оған жауапты оқушылармен бірге іздеген дұрыс. Талдауды тек абстрактілі емес, сонымен қатар фактілерді, белгілі адамдар өмірінен мысал келтіру арқылы жүргізген жөн.
4. «Адамгершілік тәрбиесі» мәселесінің зерттелуі.
5. «Эстетикалық тәрбие» тақырыбы және «Дене тәрбиесі» тақырыбы.
6. «Жанұя тәрбиесінің негіздері».
Ең алдымен жанұя педагогикасы – бұл теория. Тарихи-педагогикалыұ материалды дұрыс қолдана отырып, студенттерге жанұя педагогикасының пайда болуы, дамуы және қалыптасуы жайында толық түсінік беру қажет.
Я.А. Коменский да өзінің «Ұлы Дидактика»-нан кейін кейін жанұя тәрбиесіне арналған «Ана мектебі» оқулығын жазады. Содан кейін И.Г.Песталоцци жанұя, оның бала тәрбиесіндегі мүмкіншіліктері жайында бірнеше әдеби-педагогикалық шығармаларын жазады. Осылайша, педагогика әрдайым жанұяға, оның тәжірибесіне сүйене отырып, дамытылады.
Орыс педагогикасында бұл дәстүр жалғастырылады. Мысалы, К.Д. Ушинскийдің шығармашылығын алатын болсақ, ол баланың тәрбиесі мен оқытылуы ана тілінде жүргізілуі тиіс деген. Халықтың мәдениеті, тарихы жайында оқулықтар мазмұнына енгізген.
Бүгінгі күнге дейін жанұя тәрбиесі педагогиканың бір саласы ретінде дамытылып, ол әлеуметтік, ізгіліктік сипатта болып келеді.
Зерттеушілер өз жұмыстарында (Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, М.Жұмабаев) жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін белгілейді:
1.қоғамдағы өзгерістердің жанұя өміріндегі көрініс.
2.жеке меншіктік мәселесі.
3.адамды адамның қанауы.
4.балалар құқығы.
5.бала тәрбиесіндегі ананың неәкенің басымдылығы және т.б.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығы процесінде ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие процесіне қатыстыру, ағарту жұмыстары ұйымдастырылады.
Қоғам дамуында жанұя, оның сипаты, ондағы психологиялық ахуал өзгерістерге ұшырап, оның түрлі (жақсы, жаман) жақтары шыға бастады. Мсыалы, жетім балалардың көбеюі, тірі жетімдердің пайда болуы, маскүнемдік, нашақорлық, оралмандар жанұясы, аз қамтылған жанұялар және т.б.Бұл құбылыстардың барлығы жанұяның тәрбиелік әсерін өте төмендетті.
Бұның нәтижесі – ажырасқан жанұялар санының көбеюі. Ал азап шегетіндер – сәби.
Сонымен қатар, жас жанұяны өмірге дайындау мәселесі де бар. Психологтар, педагогтар, журналистер бірігіп «Жанұя өмірінің этикасы және психологиясы» пәнінің вариантын ұсынады.
Келесі ашылатын мәселе – тәрбиедегі мектеп пен жанұяның ынтымақтастығын көрсету. Бұл сұрақтың педагогикалық аспектісін ашқан жөн.
Оқушыларды ата-аналарын жұмыстануға оқыту арнайы курстарда, арнайы семинарларда, педагогикалық-практикада үйретеді.
Қортыныды тақырып – бұл мұғалім-тәрбиеші тұлғасы жайында. Айта кететін жайт: соңғы кезде бұл мәселені әлеуметтану, психология, педагогика ғылымдарында қарастырылады. Осылайша, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |