3. Оқу әрекетінің топтық түрі оқытудың интенсивтендіру факторы ретінде.
Теориялық зерттеу мен тәжірибие пәнді білу ең күшті яғни оқу әрекетінің пәні қарым – қатынас түрі ретінде көрінеді. Осы жағдайдағы оқу үрдісі студенттердің арасында пәндік байланыста қарым – қатынас тудырады, яғни: субъект – нысана – субъект кестесінде түсіндіріледі.Білімді оқу жолында студенттер өз бетімен білім алуы керек. Әрекеттермен қарым – қатынастың дұрыс ара қатынасы оқу үрдісінің оқытушы мен тәрбиеленуші арасындағы органикалық байланыстарын көрсетеді. Оқытудың жәеклік топтық түрлерінің артықшылығы көбінесе шетел тілінде интенсивті оқыту әдістері ойын жағдайларында және рөлдік ойындарда пайдаланылады.
Топтық интенсивті оқытуда оқу ұжымы болады, яғнм олар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Оқытушы – студент кестедегі таза жеке жұмыс оқу үрдісін ең маңызды үзбесінен құр қалдырады.
Студенттің оқыту топтары ең бірінші бірлескен оқу әрекеттерімен шұғылданатын ұжым ретінде құралынады, сабақ үстіндегі топтағы қарым – қатынас үрдісі – үрдіс ретінде яғни ол осы шығармашылық ұжымдағы тұлға аралық қарым – қатынасты құрады.
Өз уақытында К.Маркс ұжымды бірлескен әрекетпен ғана біріккен ұжым ретінде қарастырды, яғни оған кірген адамдардың әрекеті сапалық жүйесін меңгерген адамдар. Қазіргі әрекетке бір қатысушыдан екінші қатысушыға әрекеттер беріледі, яғни ұжымның барлық мүшесін ол қызығушылыққа алып келеді.
Ұжымдық тәрбие, ұжымдық ақыл, жалпы шығармашылық потенциялды бөлек шығармашылық потенциялды механикалық жинақтары артады, және олардың интеграциялануы болады. Біріккен әрекетте бағалы бағыттардың бірігуі көрінеді. Жалпы шығармашылық потенциял жеке мүмкіндіктер жинағына алып келеді, ол көптенбері әр түрлі халықтардың ертегісі болып жүр.
Оқыту үрдісінде осындай қарым – қатынастағы қатысушылардың біріккен әрекеттерәнде бір – біріне өзара түсінушілік және өзара толықтыру жүйелері спецификаланады. Осындай түрде әрбір топ студенті өзара қарым – қатынаста бір уақытта тәрбиеші және тәрбиеленуші болады.
Топтық интенсивті оқытуда әр әрекеттің жалпы қажеттілігі, қарым – қатынас пәні оның өнімділігі болады: студент білімді меңгеру үрдісінде топтық танымдық әрекеттер нәтижесімен алмасады, оларды талқылайды, дискуссиялайды. Оқу үрдісіндегі тұлға аралық үрдісте әлуеметтік белгілердің қосылуымен қызығушылық пайда болады: жеке жауапкершілік туады, оқытудағы көптік ұйымдардың сәттілігі қанағаттандыру сезімін тудырады. Осының барлығы оқушының сапалы түрде пәнге деген жаңа қарым – қатынасын құрады, жалпы жұмысқа жеке сезімін қатыстырып, сонымен білімді араластырумен боады.
Студенттерді ұжымдық жұмысқа ұйымдастыруда педагогикалық және әлуеметтік жоспар құруда қиыншылықтар болады, яғни топтық жңмыс жаңа білімнің шығуына дейін шынайы түрде өнімді болады, біріккен әрекет түрінде студенттерге қызықты, жекелік жәнеәлуеметтік маңызды, жалпы тиімді, жеке қабілеттер жүйесін бөлуде ұжымдық әрекеттің оптимальді түрі берілген оқу жинағында іскерлік ойынға бөлек аймақ береді.
14 дәріс мазмұны:
Интерактивті оқытудың педагогикалық және психологиялық негізі
Интерактивті оқыту әдістері.
Топтық жұмыс әдістемесі.
Инновациялық технологиямен оқытудың өзге де моделдерінің арасында біршама болашағы бар деп мәселелік оқыту, ынтымақтастық оқу әрекеті және оқытудың «белсенді әдістері» саналады.
Мәселелік оқытудың қажетті сәті мәселелік жағдай саналады, ойлауды дамытуға құрал ретінде ғана қарастырылмайды, сонымен бірге оқушылардың тұлғасын дамыту құралы ретінде қарастырылады /57/. Мәселелік оқыту бағытында жүргізілген зерттеулерде оқытуда мәселелік жағдайды жасаудың шарттары мен принциптері анықталады (В.Окон, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, А.А.Понукалин, Сухобская Г.С. т.б.), оқытудың тиімділігін білім алушылардың туындаған қарама-қайшылықтарын шешуде таным қажеттіліктерін дамыту есебінен жоғарылату.
Студенттердің ынтымақтастық оқу әрекеті оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші мүмкіндіктерін кеңітудің бір жолы ретінде қарастырылады. Бірқатар авторлар ынтымақтастық әрекеттің белгілі бір оқу пәнін игерудегі /56;99;109/ бағалау мен бақылау әрекетінің қалыптасуына (Т.А.Матис т.б.) оң әсерін көрсетті. Педагогикалық және психологиялық зерттеулерде ынтымақтастық оқу әрекетінің топ ұжымының дамуына, ондағы тұлғааралық өзара қатынасқа, білім алушының тұлғасының дамуына (ең алдымен оның бағыттылығына), өзіндік сананың қалыптасуына, қарым-қатынасқа деген шығармашылық қатынастың қалыптасуына, өзін-өзі басқаруға даярлығына әсерін зерттеді (Х.И.Лийметс, З.И.Васильева, М.Д. Виноградова, И.Б.Нервин, т.б.) /47/.
Соңғы кезде белсенді оқу әдістері (интерактивті) кең тарауда, оған әлеуметтік-психологиялық тренингтер, топтық талқылау және әртүрлі ойындардың (рөлдік, иммитациялық т.б.) түрлері жатады. Бұл әдістің ерекшелігі оқытудың белсенді түр, топтық сипат және кері байланыстың үздіксіздігі.
Оқытудың белсендігі бірқатар процедуралармен қамтамасыз етіледі: оқыту үрдісіне мәселелік жағдайдың қосылуы, зерттеушілік элементтері, нақты үрдістердің әртүрлі моделдерін қолдану. Белсенді оқытудың көптеген әдістері, әсіресе әлеуметтік-психологиялық тренингте міндетті принципі кері байланыс саналады, бұл сабаққа қатысушыға өзін сырттан қаруға мүмкіндік береді, өз мінез-құлқын біршама адекваттыға өзгертуге және өзін жаңа позицияда сынауға мүмкіндік береді. Белсенді әдістерде топтық өзара әрекет әсері кең қолданылады.
Оқытудың белсенді әдістері әртүрлі аймақтарда кең қолданыс тапты: кәсіпорынның басшы құрамын даярлауда (іскерлік ойындар), шетел тілдеріне үйретуде, қарым-қатынас тренингтерінде /57;84;61;37/.
Белсенді оқыту әдістерін, олардың ұйымдастыру тәсілдері және психологиялық тиімділігіне бірқатар психологиялық тұрғыдан зерттеулер жүргізілді /52;84;89;95;100;105;108;111/. ХХ ғасырдың басындағы дидактикалық ізденіс оқытудың «пассивті» және «белсенді» әдістерін қарама-қарсы қоюға алып келді. Әдістердің (онымен бірге формаларының) дамуы білім берудің әртүрлі элементтерін үйрену тәсілдеріне байланысты таным қызметінің сипатының өзгерісінен оқытудың формалары мен құралдарының жаңаруынан туындап жатқандай.
Жаңа әдістер мен формаларды ендіру жоғары мектептің үнемі қажеттілігі болып отыр. Білім беруге инновациялық технологиялардың енуін үздіксіз үрдіс, күнделікті білім беру қызметінің компоненті ретінде қарастыру қажет. Соңғы оншақты жылда педагогика, психология мен әлеуметтанумен интеграциялана бастады. Жаңа оқу өзара әрекетінің мазмұнын бейнелейтін анықтама іздеу үрдісінде интерактивті оқыту термині пайда болды, ол шын мәнінде педагогикалық өзара әрекеттің мәнін, мазмұнын және құрылымын жақсартуға қабілетті. Мұндай технология педагогты даярлау үрдісінде белгілі бір қайта құруларды талап етеді. Ол студенттермен қарым-қатынаста жаңа өзара қарым-қатынас түрін қалыптастырумен байланысты, сабақтың өзіндегі бағалау жүйесінің өзгерісіне, оқытушы, әкімшілік, студенттер тарапынан интерактивті сабақты бағалауына да әсер етеді.
Оқытудағы инновациялық әдістерге топтық оқытуды, даралық жұмыстың әртүрлі формаларын, бригадалық оқытудың әртүрлі формаларын, дамытушы оқыту жүйелері және т.б. енеді. Байланысты қамтамасыз етіп, ақпарат берумен шектелмейтін және өзгелерге белгілі бір әсер ететін, олардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің өзгеруін қамтамасыз ететін қарым-қатынастың қызметі ретінде интерактивтіліктің психологиялық мәнінен бастау ала отырып, біз интерактивтілікті оқу үрдісінде байланыстың интерактивтілігін ұйымдастырушы дидактикалық құралдардың белгілі бір қасиеті деп анықтаймыз.
Интерактивті және белсенді оқыту әдістерін салыстыру бұл әдістердің оқыту субъектілерінің «іс-әрекеттік тұрғысын» , олардың өзбеттілігі мен шығармашылығын дамытуға бағытталғанын көрсетеді. Алайда алғашқысы педагогикалық әсерді оқу ортасы мен педагогикалық өзара әрекетті ұйымдастыру құралдарын доминанттылығын артырады, сонымен қатар оқу өзара әрекетін адамның және оның бейімделген қабілеттерінің табиғи даму жағдайына жасанды жағдайларды жақындатуға зор мүмкіндігі бар.
7 кесте
Оқытудың интерактивті және белсенді әдістер ұғымдарын анықтау
№
|
Өлшемдер
|
Белсенді әдістер
|
Интерактивті әдістер
|
1
|
Ұғым-мән
|
Негізінде - оқу үрдісіне тікелей қатысу, онда әрқайсысы зерттеліп отырған мәселені шешу жолы мен тәсілін іздейді.
|
Негізінде – зерттеліп отырған мәселені бірлесе шешу барысындағы ұжымдық (топтық) өзара әрекеттесу жатыр.
|
2
|
Белгілері
|
Төмендегі принциптерді жүзеге асыру:
«тікелей қатысу»
Оқытудың мазмұны
мен әдістері арасындағы теңдік
ерекшеліктері негізінде кіріс бақылауы мен түзетуі
әдістердің оқыту мақсатына сәйкестігі
Мәселелік
Жағымсыз тәжірибе-
қателіктен қашуға үйрету
Қарапайымнан күрделіге
Оза оқытуды үнемі жаңарту
|
әрекетке қатысушылардың комбинацияланған әрекетін талдау бірлігі
Ұжымдық (топтық) қызмет және әрекет
Іс-әрекеттің нәтижесіне рөлдік жауапкершілік
өзге адамға бағдарлану
диадалық жүйедегі бір
адамның мінез-құлқы өзге мүшенің (өзгелердің) қасиеттеріне әсері мен бағыныштылығы
|
|
|
Диагностикалау
Оқу уақытын үнемдеу
|
міндетті компоненті
белсенді қатысуы
тәрбиеші сапаларының оның тәрбиеленушілерінің мінез-құлқында бейнеленуі
қатысушылардың әрекетіне реакция түрінде байланыс, кеңес, ұсыныс, түсіндірме, қолдау (терістеу) түрінде көрінетін кері байланыс.
|
3
|
Түрлері, формалары, тәсілдері, құралдары
|
Нақты жағдайды талқылау, дидактикалық, рөлдік, лингвистикалық және т.б. мәселелік міндетті шешу, ойындар, практикумдар, семинарлар.
|
Әлеуметтік драма, мәтіндер – мағыналар, мәтіндер-бұйрықтар, мәтіндер-кодтар т.б. сұрақ жауап алмасу, бірлесе қабылданған шешімнің орындалуын бақылау, негізгі сөздер, диалог барысын басқару, семинар-пікірталас, тренингтер, ойынтехникасы, іскерлік ойындар, диагностикалық кіші рөлдік ойындар, шеберхана, Шебер-Класс, қатынастың виртуальдық формасы.
|
Бұл ұғымды нақтыласақ. «Интерактив» сөзі бізге ағылшынның“interact” сөзінен келді. “Inter” – бұл “өзара”, “act”- әрекеттесу. Интерактивті- өзара әрекеттесуге қабілеттілік немесе әңгімелесу жағдайында болу, бір нәрсемен (мыс: компьютермен) немесе біреумен (адаммен ) диалогта болу. Яғни, интерактивті оқыту- бұл алдымен диалогты оқыту, оның барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекеті жүзеге асады. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» (Г. Блумберга, Дж. Г. Мида, Р. Сирса т.б жұмысындағы) алынды, ол адамдар арасындағы өзара әрекетті «үздіксіз диалог ретінде, оның барысында олар бір бірін бақылайды, ойларын салмақтайды және оған жауап беретін үрдіс». Мұндай тікелей диалог біздің заманымызда ерекше мәнге ие. Компьютер мен оның пайдаланушысының үзіксіз диалогтық өзара әрекетін қамтамасыз ететін арнайы құралдар мен қондырғыларды интерактивті деп атайды. Мұның барлығы тең дәрежеде қызықты диалог құру білігіне үйрену қажет және бұл жерде білім берушілік жағдай үлкен мүмкіндіктерге ие /101/.
Интерактивті оқыту - қарым-қатынастағы оқыту. Интерактивті оқыту соңғы мақсатын және негізгі білім беру үрдісінің мазмұнын сақтайды, бірақ білімді берушіден (трансляция) диалогтыққа, яғни өзара түсіністік пен өзара әрекетке негізделген формасының түрін өзгертеді.
Интерактивті оқытудың көзін психотерапиялық топтың (Т-топтар, гештальт- топтар, кездесу топтары, денелік терапия, арт-терапия, психодрамы, ТЦВ (темоцентрированного взаимодействия) т.б.) әдістері мен тәсілдерінен табуға болады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі оқыту үрдісі топтық бірлескен қызмет барысында жүзеге асады. А топ әрқайсысына деген қарым-қатынаста барлық сыртқы әлемді бейнелейтін микрокомос болып табылады. Коммуникацияның екi жағы ретiнде, оның су6ъектiлернiң интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерiнiң iшiнде тiлдiк хабарды қабылдау мен өндiрудiң осы жүйелердiң әрқайсысының iшiнде, күрделi интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Мысалы, егер осы үрдістi лектор А-ның дәріс оқуы мен тыңдаушы Б-ның дәріс тыңдауы барысында қарастырсақ, онда А ↔ Б өз тарапынан күрделi интерпсихологиялық өзара әрекеттесу болып табылса, А-ның, Б-ның да әрқайсысы жүйе ретiнде өз iшiнен ақпаратты алуды, қайта өңдеудi және шешiм қабылдауды жүзеге асырады. Тыңдаушы Б тек А-дан ақпарат қабылдап қана қоймайды, ол қабылданған шешiм негiзiнде сөйлеуге потенциалды дайындықты қоса отырып, оны қайта өңдейдi. Сонымен бiрге, тыңдаушы Б басқа тыңдаушылардан да ақпарат алады, яғни, аудитория iшiлiк қатынастардың күрделi жүйесiне түседi. Лектор А тек ақпарат көзi емес, ол сонымен бiрге, аудиториядан керi байланыс арналары арқылы келiп түскен ақпараттарды қабылдаушы және т.с.с. болады. Басқаша айтқанда, интерпсихологиялық жүйе тек бiр ғана ақпарат беру немесе алу функцияларын ғана емес, сондай-ақ оның бүкiл коммуникативтiк өңделуiн iске асырады, бiрақ бүкiл қатарға керi тәртiпте, яғни алудан беру тәртiбiнде болады. Осылайша, А↔Б коммуникативтiк қатары макрожүйе болып келедi, оның iшiнде әр жүйе шегiнде қабылдау, өңдеу және шешiм қабылдау жүредi. «Аудитория» болып табылатын Б жүйесiнде бұл үрдіс барлық тыңдаушылар арасында кең арналы байланыс орнату есебiнен, одан сайын күрделенедi /3,123/.
Субектінің интерактивтілігі дегеніміз ұжымдық іс-әрекетке қабілеттілік, нәтижеге рөлдік жауапкершілік, адамға бағдарлану т.б. Бұл интерактивтілікті болашақ маманның кәсіби қалыптасуының траекториясының белгілі бір фрагменті ретінде түсінуге мүмкіндік береді.
«Интеракционизм» - (ағылшынның interaction - өзара әрекет) қазіргі психологиядағы осындай ғылыми бағыттың дамуымен байланысты. Оған әлеуметтік өзара әрекеттесу контекстіндегі тұлғаның дамуы мен іс-әрекетін қарастыру тән. Ресейлік педагогикалық энциклопедияда интеракционизм бітұтас теория немесе ғылыми мектепті бейнелейді, оның кейбір қағидалары өзге тұжырымдамалармен ұштасады, оның ішінде психоанализбен және бихевиоризммен, сондықтан да психологияның бұл бағыты «интеракционистік бағдар» немесе «интеракционистік тұрғы» ретінде жиі анықтайды. Бұл бағдар (тұрғы) негізінде Дж.Мид жасаған әлеуметтік өзара әрекеттесу теориясы жатыр. Оған сәйкес тұлғаның дамуы белгілі бір әлеуметтік топтың мүшелерімен индивидтердің қарым-қатынас үрдісінде жүзеге асады. Дж.Мид бұл үрдісті анықтаушы тұлға емес қоғам, топ болып табылады деп санайды. Өзге адамдармен қарым-қатынаста абстрактылық ұғым туралы ойлай білу қабілеттілігі қалыптасады, бастысы өзгелерден ерекшеленетін ерекше бейне сапасында өзін ұғынады. Адамның «мені» - әлеуметтік тәжірибенің өнімі, ол оның алғашқы балалық ойындарында қалыптаса бастайды. Осылайша тұлғаның ішкі әлемі топтық әрекетте туындайды. Мидтің ойын Р.Сирс жалғай отырып, «екі немесе бірнеше персоналардың комбинерленген әрекетін сипаттайтын» дидактикалық жүйені психологиялық талдаудың бірлігі жасауды ұсынады. Сирс бойынша әр индивидтің әрекеті үнемі өзге адамға бағдарланған және оған бағынышты. Сәйкесінше қатты айқын және өзгермейтін тұлғалық қыр, мысалы агрессия немесе дос көңілділік болмайды, өйткені мұндай мінез-құлық дидактикалық жүйенің өзге мүшесінің қасиеттеріне үнемі байланысты. Осылайша, даму-тәрбие практикасының және тәрбиеші сапасының айнасы /78/.
Білім беру міндеттерді шешу аймағында интерактивтілік тұрғының (Дж.Мид.Г.Блумер, Э.Гофман, Г.Келли және т.б.) мәнін түсінуде түзетулер енгізу және оның орындалу шеңберін анықтау, сондай-ақ педагогикалық үрдісті ұйымдастыру үшін мүмкін әсерлерді болжау жүргізілген зерттеулер негізінде төмендегідей қорытындыға келуге болады. Қажет сұрақтармен жауаптармен алмасу, диалог барысын басқару, қолданылатын шешімді орындау мен бақылау т.б.Интерактивтілік болашақ маманның кәсіби қалыптасуының негізі.
Интеракциялық тұрғы өкілдері адамның «арнайы адамдық» мінез-құлқын айқындауға, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық механизмінің қалыптасуын ашуға, тұлғаның шығармашылық бастауын белсенділігін көрсетуге тырысты.
Әдебиет көздерін талдау интерактивті бағдарланған жүйеге тән көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.:
дидактикалық жүйені екі немесе бірнеше қатысушылардың комбинацияланған әрекетін талдау бірлігі ретінде;
ұжымдық (топтық) қызмет және іс-әрекет;
олардың нәтижесіне рөлдік жауапкершілік;
өзге адамдарға бағдарлану;
дидактикалық жүйенің өзге мүшесінің ерекшелігіне адамның мінез-құлқының әсері мен бағыныштылығы;
тәрбие практикасы мен тәрбиеші сапаларының оның субъектілерінің мінез-құлқында көрініс табуы;
интерактивті бағдарланған дидактикалық ортаның (немесе кәсіби) маңызды шартты қарым-қатынас болады.
Интерактивтілік білім беру категориясы ретінде бір жағынан тұлғаның бағдарлы педагогика қажетсінетін және оқу мен ақпараттың өзара әрекетке (А.А.Бодалев, Е.Л.Мелибурд, К.Рудестам және т.б.) міндетті жағдай ретінде коммуникативті бағдарланған тұжырымдама ретінде негізделген. Екінші жағынан интерактивтіліктің қажеттілігі оқыту феноменінің мәнімен шартты (байланысты), оның міндеті мамандардың негізгі міндетті компоненті қарым-қатынас болып табылатын өнімді тұлғааралық өзара әрекетін қалыптастыруға, модельдік тәжірибесінің қалыптасуына жағдай жасау ретінде түсіндіріледі (В.П.Беспалько, И.П.Пидкасистый т.б.). Үшіншіден «интерактивтілік» ұғымын педагогикалық анықтау субъективтік шындық ретінде қарастырылатын білім беру сүйенетін ақпарат, пәннің мәніне байланысты.
«Интерактивті өзара әрекет» тар мағынада бұл диалог, кең мағынада кез-келген субъектілердің олардың қолы жететін құралдар мен әдістерді қолдануымен жүретін полидиалогы. Мұндағы полидиалогта екі жақтың да белсенді қатысуы - сұрақтар мен жауаптармен алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған шешімдерді орындауды бақылау. Оқытудың интерактивті формалары мен құралдарының бүгінгі білім беру үрдісінде қажеттігі «оқыту» феноменінің ғылыми категория және дидактикалық үрдіс ретінде болуымен байланысты.Оқытудың инновациялық технологиясы білім алушыны коммуникативтік үрдіске белсенді қатысуына даярлайды, инновациялық мәдениетке тартылуын, тұлғалық қабілетінің дамуына негізделген интерактивтік жылдамдығының дамуына көмектеседі. Бұл білім алушыны ақпаратты тұтас қабылдауына бағытталған, оның қабылдауын интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде жетілідіреді. ЖОО-ы жағдайында педагогикалық-психологиялық материалында инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді жүзеге асыру оның тиімділігі мен гуманитарлық пән мен коммуникация құралы ретінде оқытуға сәйкестігін көрсетті.
2. Оқытуды интенсивтендіру түсінігі оқытудың белсендендіруге майыстырады. Белсенді оқыту әдістеріне оқытушылардың мақсатқа бағытталған әрекетті түсіндіреді, мынадай мазмұндағы өңдеуді пайдалану бағытталған, оқытудың қабылдауларымен мәнін яғни олар қызығушылықты, өз беттілікті, студенттің білімді меңгерудегі шығармашылық белсенділіктің болуын, оларды тәжірибиеде қолдвнуда дағды мен білімнің құрлымын сонымен қарар өндірістік жағдайларда болжау қабылдауының құрылуын және өз бетімен шешімін таба білуін арттыра түседі.
Қазіргі жағдайда оқытуды интенсивтендіру мен белсендендіру стратегиялық бағытымен оқытудың мазмұнына дидактикалық және психологиялық шарттарды құруы мүмкін. Осы үрдіске студенттердің қосылуы тек қана интелектуалдық деңгейде ғана емес, сондай – ақ әлуеметтік және тұлғалық белсенділікті қосады.
Догматикалық оқытуда берілген білім сол жерде меңгерілуі қажет, ал оқытудың субъектісі қоршаған орта объектісіне шығыстық моделде әсер етті: гуру оқушы. Осындай жүйеде білім гурудан оқыушыға бағытталған, және қатысушылардың танымдық белсенділігінің мәселесі қойылмайды.
Белсенді оқытудың негізгі жүйесі 70ж соңында психологтармен педагогтардың мектеп контекстігіндегі мәселелік оқытуында туатын, бұл жоғарғы оқу орындарындағы дидактикалық үрдісте мәселелік оқытуды қиындатады. Мәселелік оқыту түсінігі мен мазмұны жоғарғы мектеп хабарлаушысы деген көп жылдық дискуссия жоғарғы оқу орындарындағы мәселелік оқытудың спецификасан ашады. Осы жоспардаең басты жұмыстың бірі А.М.Матюшкиннің жұмыстарында көрінеді, яғни бұндадиалогты мәселелік оқытутүсінігі көрсетілді, бұл субъектілі – объектілі қарым – қатынастың тууына әкелді, және студенттердің жұмыс түрлеріне мәселелік әдісті қосу қажет болды.
Жоғарғы оқу орындарының тиімді көтерілу әдістеріне белсенді оқыту интенсивті және мәселелік оқытуды қолданса да, психологиялық – педагогикалық шарттарды құру маңызды, яғни студент өзін оқу әрекетінің субъектісіетіп толық түрдежәек позициясын көрсетуі мүмкін. Белсенді және енжар деп бөлу қажет емес. Бұндағы тіл стеуденттің белсенділігініңдеңгейі мен мазмұнынан болуы қажет, ол сол және басқа әдіспен меңгерілуі қажет. Тұлғаны белсенді оқытудағы дидактикалық принцип және өзін - өзі кәсіптік анықтауда студенттердің оқу әрекетінде талаптар жүйесін меңгереді және түгел оқу үрдістерінде мұалімнің де педагогикалықәрекетін меңгертеді. Бұл жүйеге ирархияны жүзеге асыратан ішкі және сыртқы факторлар, қажеттіліктер мен түрткілер кіреді. Осы мінезділердің мазмұнындағы ара қатынасын оқытудағы нақты түрткіле мен әдістер кіреді, тұлғаның белсенді шығармашылығын құру үрдісін ұйымдастыруға жағдай құру қажет. Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудағы ең бір перспективті бағыт, қазіргі мамандарға қажетті мәселелік оқыту болып табылады.
3. Оқыту технологиясы- оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыру қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақтыоқу үрдісі,оның ұйымдастырылуы құрылымы және қамтамасыз етілуі.
Топтармен жұмыс істеу кезіндегі сабақ оқытушылардың әбден үйреніп кеткен,лекция түрінде жүргізілетін қалыптасқан сабақтардан мүлде өзгеше болады.
Топтармен жұмыс істеудің қалыптасқан сабақ түрінен айырмашылығы:
1.Стеденттер сабаққа белсенді қатысады. Оқытушы барлық жұмысты жүргізіп жатқанда,олар енжар қалыпта қалмай,тапсырманы орындау үстінде отырады.
2.Студенттер жұмысқа өздерінің жолдастарымен бірлеске кіріседі.Сол топтың мүшесі есебінде ол да басқалардың ойы мен пікірлерін талқылауға құқықты болады. Олар біріне- бірі сұрақ береді,түрлі пікірлерін айтады, біріне-бірі қол ұшын беруге үйренеді.
3.көптеген оқушылар бұл тәсілден өзіне керекті пайда алады:
а.талантты оқушылар топтың көңілін аудармай-ақ өздерінің қабілеттерін көрсете алады.
ә.топтарда жұмыс істеген уақытта студенттер өздерін еркін сезінеді. Бұрын тпота ешкім байқамайтын студент тұйыққа тірелген жағдайда өзінің білімін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Шағын топта студент өзінің ешкімнен кем емес екенін,топтағы студенттердің бұның да ой – пікіріне құлақ қойып бағалайтынын көреді.
б.топтармен жұмыс істеу жүйесі бұйығы студенттерге де көп пайда береді.
Топта жұмыс істей отырып,ондай жастар сенімділікке тәрбиеленеді.Отыз адамның көз алдында тұрғаннан гөрі 3-4 адамдық топтар олар өздерін еркінірек сезінеді.
Топтарда жұмыс істеуге дайындықты қалай бастау керек?
Топтарда жұмыс істеу әдісін сабақ барысында қолданғысы келетін бір не бірнеше әріптестер тауып алудан бастаңыз. Бәріңіз жинала отырып,сабақжоспарын,топтарға бөлуді және оқушыларды шағын топтармен жұмыс істеуге дайындау мәселелерін талқылаңыз.
Студенттер нені үйрену керек?
Топтарда жұмыс істеу барысында студенттер қандай дағдыны үйреніп,қандай білім алу керектігін нақты белгілеу шарт. Мақсаты не? Студенттердің осы мәселені меңгеруі саған не береді? Жүзеге асырылатын нәрсе не?Сол мақсатқа жетуге арнап қанша уақыт бөле аласың?
Жоба жасағанда қандай мәселелерге көңіл аударған дұрыс.
а) Уақыт
Топтардағы жаттығуларды қалай жүргізетініңді анықта.Ең дұрысы-тапсырманы түсіндіруден бастау,содан соң топтарда жұмыс жасалады да, ең соңында барлығын қорытумен аяқтау.
ә) Орын
Топтарда жұмыс істеу топты сабаққа дайындауға да өзгерістер енгізуді талап етеді. Төмендегі мына мәселелерді әрқашан есте сақтау керек:
- топ немен айналысады.
- студенттер бөлменің ішінде еркін жүретіндей болуы керек.
- топ мүшелері бірін-бірі тыңдай алатындай,көре алатындай болсын.
- материалды таратып берген дұрыс.
- басқа да ғылыми оқу құралдары қол жетер жерде болсын.
б) Жазбаша нұсқаулар
Студенттер тапсырма мен оның орындалу жолын түсінуі де осыған байланысты.
Нұсқау:
- барлық студенттерге түсінікті тілмен жазылуы қажет.
- тапсырма берілген парақпен қосып немесе бірнеше дана етіп беріледі.
- студенттер мұғалімнің көмегінсіз- ақ орындай алатыны анық және жан-жақты қымталған болуы шарт.Қандай нәтижеге алып келетіні анық көрсетілсін.
в) Топта жұмыс істеу шеберлігі
Топтармен күрделі болған сайын,студенттердің бірлесе жұмыс істеу деңгейі де жоғарлай түсуі тиіс. Мүмкін, топтардағы араласа жұмыс істеу шарттарын меңгеруге көп уақытыңды жебересің.Жоғарғы оқу орындарында алғашқы айларда ережелерді игеріп,кейін оның орындалуын меңгеруге болады. Сонда ғана студенттер шағын топтарда жұмыс істей отырып,творчествалық тапсырмаларды тиімді шеше алада.
Қарым –қатынастың негізі: студенттер өздерін қалай ұстау керек?
а) Топ мүшелерінің міндеттері.
Жолдастарының айтқанына құлақ қою қажет.
Жұмысқа барлығының қатысуы міндетті.
Көмек керке болса,ұялмай сұрау керек. Өтініш білдірген жанға міндетті түрде көмектесу қажет.
ә) Әркім өзіне берілген тапсырманы орындайды.
(Топ жетекшісі- басшы,ереженің сақталуын бақылайды, баяндамашы –хатшы,қорытынды жасаушы,уақытты бақылаушы т.б.)
Тапсырманы бере отырып оқытушы студенттердің күшті және әлсіз жақтарын ескеру қажет.
Студенттерді топтарға қалай бөлуге болады?
Шағын тапсырмалар үшін 4-5 адамнан тұратын топ тиімді болады. Егер жаттығуларды іштей бөлшектеуге болатын болса, ондай күрделі тапсрмаларды үлкен топтар орындайды. 3-4 адамнан құралған топ,әдетте мазасыздау болады,ал екі адам бірлесе отырып орындайтын жаттығулар үшін таптырмайды.
Топтың құрамы білім деңгейлеріне қарай әр түрлі болғаны дұрыс.
Жеке жұмысты қалай бақылауға болады?
Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін, әрбір студент толтыруға міндетті болып табылатын нәтижелер жазылған қағазды тексеруге болады.
Нәтижесі көрсетілген бұл қағаз арқылы оқытушы әр студентке баға береді. Білім деңгейінің өсуін көрсетеді.Сұрақтар студенттерге өздерінің нені үйренгенін және қандай көзқарастар қалыптастырғанын бақылауға жағдай жасайды.Сабақтан соң студенттермен бірлесе отырып,қандай жаңа білім алғанын,қандай нәтижелерге жеткенін талқылаймыз.
Топтарда жұмысты қалай жүргізу керек?
Сабақ алдында материалдарды дайындап,орындықтарды орналастыр.
Қысқаша түрде сабақтың тақырыбын талда.
Студенттерді топтарға бөл.
Материал тарата отырып,тапсырманы анықта.
Нұсқауларды барлығының түсінігіне көзіңді жеткіз.
Тапсырманы орындауға қажетті уақытты белгіле.
Топ өкілдерінен еңбектің нәтижесін айтып беруді сұра.
Тапсырманы топпен отырып талда.
15 дәріс мазмұны: Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
Педагогикалық өзара қарым-қатынастың стильі
Өзара әрекет философияның базистік, онтологиялық ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл байланыс, әсер, ауысу, әртүрлі объекттердің дамуы бір біріне, басқа объектілерге өзара әрекеті феномені. Өзара әрекет- бастапқы, негізгі, түп тамырлық ұғым. «Өзара әрекет - бұл біз алғаш қозғалыстағы материяны қарастырғандағы алдымен шығады...өзара әрекет заттардың ақиқаты ....( соңғы себеп). Біз бұл өзара әрекетті танудан ілгері бара алмау себебіміз: оның артында танып білетін ештеңе жоқ » (Ф.Энгельс) (111,158 цит). Кез-келген құбылыс, объект, жағдай басқалармен байланыста және қатынаста танылады, өйткені әлемдегі барлығы өзара байланысты және өзара шарты. Өзара әрекет, кемінде екі объектінің әрекетін құрайды, және бұл кезеңде олардың әрқайсысы басқаларымен өзара әрекетте болады.
А.Н.Леонтьев, өзара әрекет ұғымын диалектикалық-материалистік жағынан қарастырады, оның шектелген әлемдегі, тірі материя әлемінде ерекшелігін баса көрсетеді. «Өмір ерекше түрде ұйымдасқан денелердің ерекше өзара әрекет үрдісі» (111,160б). «Денелер» ұйымдасуы жоғары болса, соғұрлым осы өзара әрекет те күрделі .
Тірі табиғат «денелерінің» өзара әрекетінің жағдайында екі жақтың да үнемі белсенділігі бар. Әрине олардың көрінуі әртүрлі көлемде болса да. Бұл белсенділік әрекет агенті немесе егер іс-әрекет жүзеге асса оның субъектісі тұрғысынан инциальдық немесе реактивті болуы мүмкін. Әсіресе адамдардың әлеуметтік өзара әрекетіне субъектілік тән. Инициальдық тұрғыдан белсенділік қайта жаңғырған немесе сақталған болуы мүмкін: ол қолдушы, дамытушы немесе бұзушы болуы мүмкін. Реактивтік, кімге әсер етіп жатқандығы тұрғысынан оны қабылдау немесе қабылдамау белсенділігі анықталып, жауап әсердің ұйымдасуы, қалаусыз әсерге қарсы тұру немесе бірлескен әрекеттік қатысу белсенділігі бөлінуі мүмкін.
Бұл жерде бағыттылық, реактивтілік векторы түсініктерін анықтап алу маңызды. Реактивтілік жауапты, шақыртылған белсенділікті білдіреді, яғни, реактивтілік әрекетінің өзіне қатысы бойынша оның субъекті әрқашан белсенді. Сонымен қатар, өзара әрекеттесу бастамасы бойынша, әрекет агенттерінің бірі оны бастап, ықпалдасады, басқасы бұл бастамаға өз әрекеттерімен жауап қайтарады. Мұндай жағдай ықпал етуші агентті тек субъектімен, ал оны сезінушіні - объектімен пара-пар қылудың заңсыздығына негіз болады. Олардың екеуі де өздері іске асыратын әрекеттерде, іс-әрекеттерде белсенді, олардың екеуі де - өзара әрекет субъектілері.
Белсендiлiк тiрi материяның кез-келген өзара әрекет процесiнiң өзара әрекеттесушi жақтарының негiзгi сипаттамасы. Оның ұйымдасуы неғұрлым күрделi болса, соғұрлым осы белсендiлiк формасы көп түрлi. Жер жағдайында тiрi материя дамуының жоғарғы формасы болып табылатын адамда белсендiлiк оның ұйымдасуының барлық деңгейлерiнде көрiнедi. Бұл, бiрiншiден, интеллектуалдық белсендiлiк (болжам ұсыну, стратегия калыптастыру, тура және керi байланыс арналарының барлығынан келiп түскен ақпараттарды қабылдау, өңдеу және бағалау т.б., мұның өзi қарым-қатынаста ерекше көрсетiлген). Екiншiден, оған әсер етушi объект (процесс, құбылыс) моделiн құрастырудағы қабылдау процесiнде көрiнетiн адамның моторлық-эффекторлық белсендiлiгi. Ұқсасу теориясы бойынша (А.Н. Леонтьев), тiптi жекеленген мүше деңгейiнiң өзiнде (соның iшiнде неғұрлым аз праксикалық мүше — есту) белсендiлiк әсер етушi әсерге ұксастыратын бейне жасау түрiнде iске асатынын көрсетiлген (О.В. Ончинникова, Ю.Б.Гиппеирейтер). Объектiнi қабылдауда ұстанушы модельдi жасау (В.П.Зинченко) реактивтi позицияда орналасқан өзара әрекеттесушi жақтардың белсендiлiк формасы болып келедi. Үшiншiден, бұл жалпы мiнез-құлықтық белсендiлiк, яғни, оның мiнез-құлықтық және iс-әрекеттiк формаларының барлық сан алуандығынан (вербалды, вербалды емес) көрiнетiн белсендiлiк. Белсендiлiк өзара әрекеттесудiң екi жағында сипаттауына орай, олардың екеуi де субъектiлiк сапаға ие.
Өзара әрекеттесу объектiлер арасында, себеп-салдарлы, каузалды байланыстармен қоса, сан алуан байланыстар орнатудың негiзi және шарты болып табылады. Ол, бұрын белгiлi болғандай, қашанда оның элементтерiнiң, компоненттерiнiң байланысын (өзара әрекеттесу формасында) ұйғаратын кез келген жүйенiң негiзi болып табылады. Осыған сәйкес, жүйелiлiк - объектiлердiң барлық байланыстары мен қатынастарының өзара әрекеттесуiнiң көрiнiсi ретiнде де оның сипаттамасы бола алады.
Адамдардың өзара әрекеттесуi барысында олардың саналы аңғарушылығы мен мақсатты ұйғарушылығы сияқты маңызды сипаттамалары айқындалады. Олар осы өзара әрекеттiң ынтымақтастық және қарым қатынас (ойында, оқуда, еңбекте және еңбектiң ең жоғарғы формасы ретiнде шығармашылықта) сияқты формаларын да анықтайды. Осы екi форманың екеуi де бiлiм беру үрдісінде көрiнiс таба отырып, бiр-бiрiмен байланысты. Ынтымақтастық формасындағы өзара әрекет (тайталас, қарсылық, қақтығыс та өзара әрекет формалары) қарым-қатынасты да оның идеалды формасы ретiнде ұйғарады. Бiрiншiсi екiншiсiнсiз бола алмайды, ал екiншiсi бiрiншiсiз бола алады, мұның өзi олардың автономдылылығының салыстытырмалы, шартты екенiн көрсетедi.
Бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасаушы үйретушi (педагог) мен үйренушiнiң (оқушылар, студенттер) оқудағы өзара әрекетi, бiлiм беру жүйесiнiң iшiнде жүзеге асатын бiлiм беру үрдісiндегi неғұрлым күрделi өзара әрекеттесу жүйесiне енедi. Бұл жүйеде басқару (министрлiк, комитет, бiлiм беру бөлiмдерi, әкiмшiлiк ректорат, директорат), педагогикалық кеңес, кафедралар, оқытушылар ұжымы, сыныптар, топтар сияқты iшкi жүйелер тығыз өзара әрекетте болады. Олардың әрқайсысы өзара әрекет құрылымымен, яғни, оның жағдайын, стилiн және тиiмдiлiгiн анықтаушы құрылыммен сипатталады. Оқудағы өзара әрекеттесу бiрiккен, жалпы нәтижеге жетуге бағытталған iс-әрекет пен қарым-қатынас формасы ретiнде ынтымақтастықта көрiнедi.
Бiлiм беру процесi көп жоспарлы және полиморфты өзара әрекет болып табылады. Бұл студент пен оқытушының оқу, дәлiрек айтсақ, оқу-педагогикалық өзара әрекеттесуi; бұл сонымен қатар, студенттердiң арасындағы өзара әрекеттесуi; бұл сонымен қатар, тұлға аралық өзара әрекеттесу, ол оқу—педагогикалық өзара әрекетке түрлiше әсер ете алады. Осы өзара әрекеттiң бiрiншi жоспарын «студент— оқытушы» схемасы бойынша қарастырайық. Ол iлiм тарихында түрлi формаларда жүзеге асырылды: Шебер және Ұстазбен даралық жұмыс; сынып-сабақтық жұмыс (Я.А. Коменский кезiнен берi); студентпен дара жұмыс кезiнде кеңес беру және кез келген нұсқада өзара әрекеттесушi жақтардың әрқайсысы өзiнiң субъективтi белсендiлiгiн жүзеге асырды. Ең көп мөлшерде ол үйренушiде Сократтың әңгiмелесу әдiсi бойынша, жеке дара жұмыста, кеңес беруде көрiне алды.
Қазiргi кезде оқу-педагогикалық өзара әрекет ынтымақтастығының iскерлiк, рөлдiк ойын, бiрiгiп-таратылған iс-әрекет, триадалардағы, топтардағы, тренинг-сабактардағы жұмыс сияқты ұйымдастырушылық формаларына ие болды. Бұл жерде ынтымақтастық, ең алдымен, студенттердiң өзiнiң өзара әрекеттесуiн ұйғарады. Бiлiм беру процесiнде оқу өзара әрекетiнiң жоспары мен формаларының көп болу жағдайы жасалып, оның жалпы схемасы да күрделенедi.
Оқудағы өзара әрекет бұрында жиi S→О, сызбасымен сипатталған, мұндағы — бұл оқытуды дамытушы, бiлiм берушi, iскерлiктi қалыптастырушы, оны қадағалап және бағалаушы белсендi субъект. Студент оқыту мен тәрбиелеу субъектiсi ретiнде қарастырылған. Осындай өзара әрекеттiң қатысушылардың барлығының белсендiлiгi сияқты сипаттамасына негiзделе отырып, соңғы жылдары оқудағы өзара әрекеттiң схемасы екi жақты субъект-субъектiлiк S↔S өзара әрекет ретiнде қарастырылды, мұндағы S1 — оқытушы және S2— студент жалпы субъекттер S∑ жинағын құрайды, ол осы өзара әрекет мақсаттарының ортақтығымен сипатталады. Оқытушы жұмыс iстейтiн топ, топ мүшелерi бiр-бiрiмен өзара әркеттесетiнiн есепке алсақ, оның педагогикалық мiндеттерiне осы топтың оқытудағы жiгерлерi ортақ мақсатқа бағыттталуы тиiс субъектiлер жиынтығы ретiнде қалыптастыру да енедi. Оқудағы өзара әрекеттiң қалыптасып отырған схемасы, осылайша өз тарапынан көп қабатты құрылғы болып келедi, оның берiктiгi өзара әрекетке қатысушылардың барлығының арасындағы психологиялық байланыс орнатуға негiзделедi.
Психологиялық байланыс, өзара әрекеттесушi жақтардың өзара түсiнушiлiгiнен туындаған және бiр-бiрiне сенiмді қызыққандығымен байланысты, адамдардың психикалы күйлерiнiң ортақтығының нәтижесiнде пайда болады. Психикалық күй психологияда, Н.Д. Левитовтың iзiнше, адамның психикалық iс-әрекетiнiң белгiлi бiр уакыт кезеңiндегi, оның психикалық процестерiнiң өзiндiк ағымын көрсететiн, тұлға күй:
мен қасиеттерiнiң алдында болатын тұтас сипаттамасы ретiнде анықталады.
Байланыс субъектiлер үшiн өзара әрекеттi, жағымды нығайтушы фактор болып табылып, олар оны саналы аңғарып, бастан кешiредi. Байланыс жағдайында өзара әрекет субъектiлерiнiң барлық тұлғалық қасиеттерi неғұрлым толық айкындалады, оны орнату фактi оларға интеллектуалдық және эмоционалдық қанағаттану келедi. Басқаша айтқанда, байланыстың iшкi механизмдерi эмоционалдық және интеллектуалдық көңiл-күйге ортақтасу, жәрдемдесу, ой бөлiсу болып табылады.
Эмоционалдық көңiл-күйге ортақтасу негiзiнде «жұқтыру» психикалық құбылысы жатыр, оның механизмi әлеуметтiк психологияда топтық iс-әрекетi интеграциясының тәсiлi ретiнде қарастырылады. Шығу тегi бойынша көне және көрiнiс табуы бойынша сан алуан «жұқтыру» құбылысы адам мiнез-құлқының iшкi механизмiнiң формасы ретiнде шығады (Г.М.Андреева). Жұқтыру көбiнесе индивидтiң белгiлi бiр психикалық күйлерге, үлкен змоционалдық зарядка не психикалық көңiл-күйдi беру арқылы, сезiмдерi мен құштарлығы асқыну арқылы санасыз, ерiксiз шалдыққыштығын сипаттайды [163; 164, 258 6. 11, 175-178 б.]. Оқудағы өзара әрекет субъектiлерiнiң эмоционалдық көңiл-күйге ортақтасуы бiр мезгiлде байланыстың фондық та, негiзгi де механизмi болып табылады. Айта кету керек, байланыс механизмi ретiнде адамның эмоционалдық көңiл-күйге ортақтасуы, ең алдымен, өзара әрекеттесушi субъектiлердiң тұлғалық ерекшелiктерiнен, өзара әрекеттесу затының маңыздылығынан, жақтардың осы үрдіске қатынастарынан пайда болады. Бұл өзара әрекеттiң түсiнiсушiлiгiн, ортақтығын және келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Өзара әрекеттесуге түскен жақтардың шынайы байланысының басқа механизмi дегенiмiз: екi жақтың да қандай да бiр мәселені талдау бойынша бiр белсендi iс-әрекетке араласуымен және белгiлi бiр ойлау тапсырмасын орындауға бағытталуымен анықталған ортақтасып ойлану, ойлауға жәрдемдесу болып келедi. Интеллектуалдық әрекеттесу деп аталатын бұл механизм өзара әрекеттесушi субъектiлердiң, мысалы, оқытушы мен студенттің интеллектуалдық iс-әрекеттерiнiң бiрлескендiгiмен шартталады.
Өзара әрекеттесушi жақтар арасында байланыс пайда болуының iшкi шарты бiр-бiрiне ақжүректiк, шынайы сыйлаудың, эмпатиялықтың және толеранттықтың көрiнiсi болып табылды. байланыстың сырткы көрiнiсi өзара әрекеттесушi жақтардың мiнез-құлығы болып табылады. Мысалға, топтағы байланыс үшiн зейiн кою қалыбы, бiршама алға ұмтылған дене қалыбы, мақұлдау көзқарастары мен қол қимылдары, жұмыстың, оқытушының тарапынан реттелiнушi тыныштық, оқытушының толқу мен ойлану үзiлiсiндегi студенттердің үндемеулерi көрсетiмдi. Осы және басқа көрсеткiштердi қарым-қатынас теориясынын әлеуметтiк бөлiгi — праксемика суреттейдi.
Байланыс — бұл оның субъектiлерiнiң өнімді өзара әрекеттесуiнiң, осы үрдіс пен оның нәтижесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың шарты мен салдары. Өзара оқу әрекетiнде психологиялық байланыс табиғи, кедергiсiз қарым-қатынас мүмкiндiгiн анықтайды, мұндай қарым-қатынастың болуы оның субъектiлерiнiң табысты ынтымақтастығы үшiн маңызды.
Оқудағы өзара әрекет субъектiлер позициясьын ұстанушы екi жақтың да - студенттердің (студенттің) - оқытушының өзара әрекеттерiнiң белсендiлiгiмен, саналы аңғарылуымен мақсаттылығымен сипатталады, мұнда келiсiмдi әрекет контакттың психологиялық күйiмен нәтижеленедi және алғы шартталынады.
Қазақстандағы бүкiл бiлiм беру жүйесi, соның iшiнде жоғарғы бiлiм беру де қазiргi күнi идеялардың ықпалында болып отыр, бұл идеялар жалпы және педагогикалық психология теоретиктерi (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили жне т.б.) мен бүiнгi күнгi мектептердiң алдыңғы қатарлы практиктерiнiң жұмыстарында тұжырымдалған (А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский және т.б.).
Бұл идеялар, жекелеп алғанда, ынтымақтастықтың қазiргi күнгi бiлiм берудiң анықтаушы негiздерiнiң бiрi ретiнде мақұлдануынан көрiнiс тауып отыр. «Ынтымақтастық - бұл балалар мен үлкендердiң бiр-бiрiнiң рухани өмiрiне өзара түсiнiстiкпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттiң барысы мен нәтижесiн ұжымдық талдаумен бекiтiлген, бiрлескен дамытушы iс-әрекетiнiң гуманистiк идеясы.... Ынтымақтастық стратегиясының негiзiнде педагогтың оқушыларының танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр» [94, 16-17 б.]. Оқытуды ұйымдастырудың осы формасының мәнiнiң ұлылығы сонша, бүкiл педагогикалық үрдісті ынтымақтастық педагогикасы ретiнде қарастыру беталысы бар.
Оқудағы ынтымақтастық мәселесі (жұмыстың ұжымдық, кооперативтiк, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда бiздiң елiмiз бен шет елде белсендi және жан-жақты дамытылуда (Х.И. Лийметс, В. Дойз, С.Г. Якобсон, Г.Г. Кравцов, А.В. Петровский, Т.А. Матис, Л.И. Айдарова, В.П. Панюшкин, Г.Магин, В.Я. Ляудис, ГА. Цукерман, В.В. Рубцов, А.А. Тюков, А.И. Донцов, Д.И. Фельдштейн, Й. Ломпшер, А.К. Маркова және т.б.).
Студенттердің тiкелей өзара әрекетiне негiзделген, оқу жұмысын белгiлеу үшiн, зерттеушiлер «топтық жұмыс», «бiрлескен оқу iс-әрекетi», «бiрлесе бөлiскен оқу iс-әрекетi», «ұжымдық-бөлiскен оқу iс-әрекетi», «оқудағы ынтымақтастық», т.б. атауларды қолданады. Қазiргi күнi отандық педагогикалық психологияда көбiнесе басқа терминдерге қатысты неғұрлым сиымды, іс-әрекетке-бағытталған және басқа терминдерге ортақ «оқудағы ынтымақтастық» терминi пайдаланылады, ол сонымен бiрге, оқу тобының iшiндегi көп жақты өзара әрекеттi және оқытушының топпен өзара әрекетiн бiлдiредi. Ынтымақтастық бiрiккен iс-әрекет ретiнде, өзара әрекеттесушi субъектiлердiң белсендiлiгiн ұйымдастырушы жүйе ретiнде: 1) кеңiстiк және уақыттың қатар болуымен, 2) мақсаттардың бiрлiгiмен З) iс-әрекеттi ұйымдастыру және басқарумен, 4) функцияларды, әрекеттердi, операцияларды бөлiсумен 5) позитивтi тұлға аралық қатынастардың болуымен сипатталады.
Оқу үрдісіндегi оқу ынтымақтастығы өз тарапынан келесi төрт бағыт бойынша тарамдалған өзара әрекет болып келедi: 1) оқытушы
— студент (студенттер), 2) студент — диадалар және триадалардағы студент, З) студенттердің барлық оқу ұжымдарындағы жалпы топтық өзара әрекетi, мысалы, тiлдiк топтарда, жалпы топта және 4) оқытушы — оқытушылар ұжымы.
Ынтымақтастыққа талдау жүргiзуде, бiрiншiден, оқытушы — студент(тер) бағыты, әдетте, студент+студент бағыты бойынша өзара әрекетпен толықтырылатынын атап өту маңызды, бұл оқу iс-әрекетiнiң топтық сипатымен шартталады. Екiншiден, негiзгi зерттеулер ынтымақтастықтың үйренушiнiң (үйренушiлердiң) тұлғалық дамуына, оның (олардың) оқу iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне ықпалын бiлуге бағытталған. Нәтижесiнде, оқудағы студент— студент ынтымақтастығы, оқытудың ұйымдастырушы формасы ретiнде, тек нақты бiр оқу пәнi бойынша оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ғана емес, сондай-ақ шәкiрт тұлғасының дамуы, қалыптасуы үшiн де елеулi қор беретiнiне көз жеткiзедi.
Оқу процесiн ұйымдастырудың түрлi формаларының (фронталдық, даралық, бәсекелестiк, әрiптестiк) тиiмдiлiгiн салыстырмалы зерттеулердiң басым көпшiлiгi ынтымақтастық формасындағы арнайы ұйымдастырылған оқу процесiнiң, оған қатысушылардың iс-әрекетiне жағымды әсерiн растайды. Бұл, ынтымақтастық жағдайында күрделi ақыл-ой тапсырмасы табыстырақ орындалатынынан (Е.С. Костюк, В. Янтос және т.б.), жаңа материалды жаксы меңгеруден көрiнедi (В.А. Кольцова және т.б.). Х.И.Лийметс жұмыстарында, мысалы, оқушылардың топтық жұмыстарының олардың коммуникативтiк iскерлiктерi деңгейлерiнiң жоғарылауына белсендiрушi және мотивтендiрушi ыкпалы керсетiлген [114]. «Оқытушы-студент» схемасы бойынша, даралық жұмыспен салыстырғанда топiшiлiк ынтымақтастық тура сол мiндеттердi орындау тиiмдiлiгiн кем дегенде 10%-ке жоғарылататынын дәлелденген. Зерттеулер, ынтымақтастыққа түсушi топтар құрамының бiртектiлiгi (гомогендiк) немесе әр тектiлiгi (гетерогендiк) мәселесiнiң бiр мағыналы еместiгiн және топiшiлiк ынтымақтастықты диадалық, триадалық немесе жалпы топтық принцип бойынша ұйымдастырудың артықшылығын көрсетедi. Алайда, көптеген зерттеулер мәлiметтерi бойынша, триада диададан (Л.В. Путляева, Р.Т. Сверчкова, Я.А. Гольдштейн, Т.К. Цветкова) және жалпы топтық (7-12 адам) өзара әрекетке карағанда өнiмдiрек (Я.А. Гольдштейн) екенi, бiрақ топтық ұжым құраушы артықшылығын асыра бағалау қиын (Л.А. Карпенко) екенi аныкталды. Бiрақ ынтымақтастықты‚ ұйымдастырудың кез-келген нұсқасында ол даралық жұмыстан тиiмдiрек.
Триаданың артықшылығын сипаттай отырып, Л.В. Путляева және Р.Т.Сверчкова топтың неғұрлым үлкен алқалылығын, үлкен дәлелдiлiгiн (диадаға қарағанда пайда болатын ойлар санының көптiлiгiнiң есебiнен), неғұрлым үлкен контактылығы мен лабильдiлiгiн белгiлейдi. Маңыздысы, қарым-қатынас жүйесiнде үшiншi жақтың пайда болуы оған жаңа сана, рефлексивтiлiктi бередi. Атап өтiлген триаданың артықшылықтарын бiлiм беру процесiн ұйымдастыруда есепке алу маңызды, өйткенi оқыту практикасында даралық және диадалық (жұппен жұмыс iстеу) жұмыс формалары, фондық, көбiнесе топтық нақты басқарылмайтын, фронталдық жұмысында әлi де болса кең тараған. Жалпы топтық ынтымақтастықты ұйымдастыру, әрине, әлi көп қиындықтарды көрсетедi (триадалық ұйымдастырумен салыстырғанда), бiрақ тек сол ғана топтың, ұжымдық iс-әрекет қалыптасатын, оқытушымен тең, серiктес ынтымақтастық үшiн ұжымдық субъект жиынтығы ретiнде қалыптасуын дайындай алады. Бұл жерде ұжымдық iс-әрекет принципi үш тұрғыдан жүзеге асады:
үйренушiлердiң ұжымдық шығармашылыққа деген ұстанымымен, әр шәкiрттiң қойылған мiндеттi орындауға белсендi қатынасуымен және әр шәкiрттiң iс-әрекет тұлғалық-мәндi пәнiн таңдауымен, яғни, осы пәндi белгiлеу құралдарын, оның көрiнуi және оны артық көру тәсiлдерiн бiлу мағынасында, мұның өзi оқу процесiнiң дараландырылуын қамтамасыз етедi.
Білім алушылардың жiгерiн мiндеттердi орындауға және дағдыларды жаттықтыруға бiрiктiрудiң артықшылығы қандай деген сұраққа жауап бере отырып, осы проблеманы жетiлдiрушi Г.А. Цукерман әлемде жүргiзiлген зерттеулердi жалпылау негiзiнде, бiрiккен оқу iс-әрекетiндегi келесi ережелердi көрсетедi:
- меңгерiлiп отырған материалдың көлемi және түсiну тереңдiгi ұлғаяды;
- танымдық белсендiлiгi мен шығармашылық деңгейi өседi;
- бiлiм мен iскерлiктi қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;
- оқу түркісінің ақауларымен шартталған тәртiп сақтаушы жиындықтар бәсеңдейдi;
- бiлiмнен көбiрек қанағат алады, өздерiн білім орнында еркiн сезiнедi;
- қатысушылардың арасындағы өзара қатынас сипаты өзгередi;
- топтың бiрлiгi күрт өседi, бұл жерде топшылдықпен iштар өзiн-өзі және өзара сыйласу өзiнiң және өзгелердiң мүмкiндiктерiн сәйкес бағалай алу қабiлетiмен қатар өседi;
- маңызды әлеуметтiк дағдыларға ие болады: деп, жауапкершiлiк, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мiнез-құлқын қалыптастыру iскерлiгi, қарым-қатынастың гуманистiк түрткiлерi;
- ұстаз топқа бөлуде балалардың өзара бейiмдiлiктерiн, олардың дайындық деңгейлерiн, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкiндiгiн алады,
- ұстаздың тәрбиелiк жұмысы топтық оқыту үшiн қажеттi шарт бола бастайды, себебi барлық топтар өздерiнiң қалыптасуында қақтығыстар қатынастар сатысынан өтедi... [230, 20 6.].
Ынтымақтастық осы артықшылықтарын талдау, оның оқытушының iс-әрекетiне де, яғни, өзi үшiн мәндi жағымды жәрдем алатын оқытушы iс-әрекетiне жанама түрде жағымды ықпал ететiнiн көрсетедi.
Оқудағы ынтымақтастық мәселесінің өзiнде екi жақ ұйғарылады: а) бiрiккен iс-әрекеттiң студенттің дамуына, оның оқи алу ептiлiгiне, топтың, ұжымның қалыптасуына ықпалы және б) бiрiккен әрекеттiң өзiн және оның студенттерде жаңа iс-әрекет түрлерiнiң пайда болуындағы рөлiн зерттеу [195].
Мәселенің екiншi жағы азырақ зерттелген, алайда, ол топ мүшелерiнiң әрекеттерiнiң объектiлерiмен және осы объектiлердiң құрылымдық қасиеттерін, әрекет тәсiлдерiнiң қатысушылардың арасында таратылуы мен алмастырылуы кезiндегi байланыс арқылы, оқу-танымдық iс-әрекет дамуының негiзi болып келедi (В.В. Рубцов). Басқаша айтқканда, жаңа iс-әрекет пайда болуының алғышарты ретiндегi бiрлескен әрекеттiң өзiн зерттеу де ықпалды зерттеу болады, бiрақ ол субъектiге ғана емес, iс-әрекеттiң өзiне ықпалын зерттеудi ұйғарады. В.В. Рубцовтың зерттеуi, белгiлер арқылы берудiң әрекеттiң жалпы принципiн қалыптастырудағы рөлiн экперименталды тұрғыдан дәлелдеуге, бiрлесiп бөлiскен iс-әрекеттi ұйымдастыру тәсiлдерi мен механизмдерiн айқындауға мүмкiндiк бердi. П.Ф. Каптерев бойынша, оқытудың бiрлесiп бөлiскен, шынайы генетикалық, эвристикалық формасы оқу iс-әрекетi үшiн маңызды келесi iскерлiктердi тұжырымдауға мүмкiндiк бередi:
- «мiндеттен қайта құру жүйесiн көру;
- қайта құруларды ағымдағы зерттелiп отырған құбылыс ерекшелiктерiмен байланыстыру;
- бiрлескен iс-әрекеттiң жалпыланған модельдерiн құру;
- зерттелiнiп отырған құбылысқа өз әрекеттерiне сәйкес түсiнiктеме беру, мұның өзi рефлексияның жеткiлiктi жоғары деңгейiнiң қалыптасуын растайды»[195,1336.].
Бiрiккен оқу әрекетiн өзгеше оқу жағдайы ретiнде бағалай отырып, В.В.Рубцов және В.В. Агеев оның келесi талаптарға жауап беруi керектiгiн атап етедi: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзiнiң даралық әрекетiн орындауы, барлығының барлығымен үйлестiрiлуi, аддитивтiксiз, яғни, iс-әрекеттердi жай ғана қосу емес, ортақ нәтиженi алу. Осы талаптардың тiлдiк топтағы студенттердің ұжымдық коммуникативтiк iс-әрекетiн ұйымдастыруда жүзеге асырылуына мысал келтiрейiк. Ең алдымен, студенттер тобының алдына ойлау тапсырмалары қойылады, оны тек ұжыммен ғана орындауға болады. Сонымен бiрге, тапсырманы орындау бойынша жалпы топтың iс-әрекет жалпы топтық нәтижеге ие, мысалы, топтың барлығының ой, пiкiрлерi ұжымдық монолог немесе полилогиялық пiкiрлер. Бұл жерде студенттердің жеке пiкiрлерiнiң бүкiл топ үшiн ортақ мағынасы бар. Студенттер мазмұндау барысында белгiлi бiр логиканы ұстанса, онда осылайша оқу мәтiнiн де құрастыруға болады. Бұл жерде әр студенттің жауабы оқытушының ынталандыруымен, жағымды қолпаштауымен қуатталынып отырады. Оқытушы сипатталып отырған пәннiң, жағдайдың толық сипаттамасын жасау үшiн әр шәкiрттiң жауабының маңыздылығын есепке алу қажет. Ұжымдық оқу iс-әрекетiне бүкiл тiл тобының қатысуы — үйренушiлердiң әрқайсысында қанағаттану сезiмiн, оларда өз iс-әрекеттерiнiң пайдалылығы, қажеттiлiгi, дұрыстығының әсерiн туғызады. Ол оқытудың бастапқы сатысының өзiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру мүмкiндiгiне сенiмдiлiк бередi. Мұның бәрi студент орындаған әрекетті, iс-әрекеттi жағымды эмоционалдық қуаттау болып келедi және нәтижесiнде оқыту процесiнiң, жалпы қарым-қатынастың табыстылығына келедi. Т.А. Матистiң, оқудағы ынтымақтастықтың жеткіншектердiң тек жеке сейлемдердi ғана емес, сондай-ақ тұтас мәтiндi құрастыруына тигiзетiн әсерiн зерттеуi, оның сапасының жақсаруын, өзiн-өзi бақылаудың күшеюiн және жеке жаңсақ әрекеттердiң азаюын айкындады [1311.
Барлық зерттеушiлер тұлға аралық өзара әрекеттесудi де реттеуші күрделi психологиялық механизмдердiң әсерiнiң нәтижесiнде топтың ынтымақтастық iс-әрекет нәтижесiне, студент тұлғасы мен оқу тобының ұжым ретiнде қалыптасуына жағымды әсерi туралы айта келе, рефлексияны дамытудың маңыздылығын атап өтедi «ол (рефлексия) арқылы қатысушының өз iс-әрекетiне қатынасы қалыптасады және бiрлескен iс-әрекеттiң мазмұны мен формасына сәйкес осы iс-әрекеттiң қайта құрылуы қамтамасыз етiледi» [195, 33 6.]. Студенттердің рефлексивтiлiгiнiң, рефлексивтi ойлауының дамуы үлкен тәрбиелiк, жалпы дамытушы мәнге ие, өйткенi студенттермен бiрлескен жұмыста, оқушылардағы сияқты iс-әрекеттiң өзiндiк рефлексивтiк сәттерi және де бақылау (өзiн-өзi бақылау) мен бағалау (өзiн-өзi бағалау) әрекеттерi қажеттi түрде пайда болады және дамиды (Л.И. Айдарова, Г.А. Цукерман. Н.П. Крамская, В.П. Панюшкин және т.б.). Осылайша оқудағы ынтымақтастық даралық оқу әрекеттерiнiң оның компоненттерiнiң бiрлiгiнде толыққанды қалыптасуына ғана емес, сондай-ақ студент тұлғасының дамуына да ықпал етедi. Ынтымақтастықтың тәрбиелiк әсерi құбылыстарымен бiрлескен iс-әрекет жағдайындағы «шартты-динамикалық позицияның» қалыптасуымен шартталған. Ол адамның өзiн басқа адамның көзқарасы жағынан ғана емес, бiрлескен iс-әрекеттегi оның орны мен мiндетiне байланысты түрлi көзқарастар жағынан бағалау iскерлiгiнен айқындалады (Д.Б. Эльконин, В.А. Недоспасова, А.К. Маркова).
6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ
№
|
Тақырыбы
|
Семинар сабағының мазмұны
|
Аптасы
|
Әдебиеттер
|
1
|
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.
|
1. Қазіргі білім берудегі интеграциялық үрдістер.
2. Білім беру үрдісін ақпараттандыру
|
1
|
|
2
|
Педагогика курсының құрылымы.
|
1. Жоғары мектепте білім беруді ізгілендіру
|
2
|
|
3
|
Педагогика курсының мазмұны.
|
1. Кредиттік білім беру жүйесі.
|
3
|
|
4
|
Жоғары мектеп дидактикасының негіздері
|
1. Жоғары мектептегі әдістер
2. Оқыту әдістерінің классификациясы
|
4
|
|
5
|
Жоғары мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру формалары.
|
1. Дәріс мәтіні ақпаратты ұйымдастыру мен берудің құралы ретінде.
2. Дәріс мәтінін жобалау.
3. Дәріс мәтінін жеткізудің әдістемелік аспектілері.
|
5
|
|
6
|
Педагогиканы оқыту технологиясы.
|
1. Оқытудың техникалық құралдары.
2. Оқытудың ақпараттық технологиясы.
|
6
|
|
7
|
Педагогиканы оқыту принциптері
|
1. Іскерлік ойынның мәні мен принциптері.
2. Іскерлік ойынды ұйымдастырудағы принциптер.
3. Іскерлік ойын құрылымы.
|
7
|
|
8
|
Колледждерде, жоғары оқу орындарында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері.
|
1. Семинар сабақтың мақсаты мен рөлі.
2. Семинар құрылымы
3. Семинар формалары.
|
8
|
|
9
|
Оқыту үрдісінде студенттердің сыни және шығармашылық ойлауын дамыту.
|
1. Шығармашылық ойлау критерийлары. Шығармашылық және интеллект.
2. Шығармашылық іс-әрекетті стимулдау әдістері.
3. Шығармашылық тұлға ұғымы.
|
9
|
|
10
|
Педагогиканың жалпы негіздері мен педагогика мамандығына кіріспе бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
|
1. „Педагогикалық кәсіптің шығуы”, „ҚР-дағы білім беру жүйесі”, „Педагогикалық әрекет теориясы” ,„Педагогикалық әрекет теориясының құрылымы” тақырыптарына әдістемелік сипаттама.
|
10
|
|
11
|
Педагогиканың жалпы негіздері мен мамандыққа кіріспе бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері.
|
1. Қазіргі жоғары білім беруге іс-әрекеттік тұрғының мәселелері.
2. Қазіргі жоғары білім беруге іс-әрекеттік тұрғының перспективасы.
|
11
|
|
12
|
«Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама
|
1. Жоғары мектептегі педагогикалық бақылаудың негіздері
2. Педагогикалық бақылау формалары.
3. Бақылаудың ұйымдастыру принциптері
|
12
|
|
13
|
«Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
|
1. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
2. СӨЖ-ның сәттілігінің психологиялық-педагогикалық аспектісі.
3. СӨЖ жеке дараландыру.
4. СӨЖ жетілдіру.
5. Кооллоквиум.
|
13
|
|
14
|
Оқытудың инновациялық технология жағдайында студенттердің өзара әрекеті негізінде дамыту.
|
1. Топтық оқыту интерактивті әдіс ретінде негізі.
2. Топтық оқытуды ұйымдастыру жолдары.
|
14
|
|
15
|
Педагогикалық өзара қарым-қатынастың үрдісі
|
1. Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мен кезеңдері.
2. ЖОО педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі.
|
15
|
|
7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |