2. Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өттi.
Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер ертедегi шығыс елдерiнің (Египет, Вавилония, Үндi, Қытай) философиялық жүйесiнде дамыды. Кейiн бiртiндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгi дұние философиясы ертедегi шығыс елдерiнің қорытын жиыстырған бiлiм мұрасын iлгерi дамытқан едi. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесiнің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелiгi сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит). Феодалдық қоғам түсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мұлдем өзгердi. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерiнің қатар дамуы көзқарастарының орнына "о дүниелiк өмiрге" дайындауды ұсынған пiкiрлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебi).
ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын санады. Адамның жеке басының тәрбиесi, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, сондықтан бұл кездегi мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор). Гуманистер жаңа дәуiр үшін жаңа адам қажет дедi.
Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiнде дiн шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлiнiп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогик Я.А. Коменский, швейцарияның педагогы Демократы И. Песталоцци т.б. олар ХVI ғасырдағы прогрестiк познцияларды ұстады.
Я.А. Коменский (1592-1670)
Д. Локк (1632-1704)
Д. Дидро (1713-1784)
Ж. Руссо (1712-1778)
И. Песталоцци (1746-1827)
Россияда революцияшыл-демократиялық ойдың негiзiн салушылар А.Н. Радищев, В.Г. Белинский, А.Н. Герцен, XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың 60 жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың екiншi жартысында демократиялық тәрбиенің идеяларын ұсынушылар Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. болды.
XIX ғасырдың 40 жылдарында марксизмнің шығуы педагогикалық ой-пiкiрдің дамуына үздiк әкелдi. Ғылым коммунизмнің негiзiн салушы К. Макрс пен Ф. Энгельс болды.
В.И. Ленин тәрбие және бiлiм жөнiндегi маркетiк iлiмдi жаңа жағдайда iлгерi дамытты.
Н.К. Крупская (1869-1939) советтiк педагогика ғылымын дамытуда зор ұлес қосқан марксист-педагог.
Н.К. Крупская айырқыша кө»iл бөлген мәселелерiнің бiрi оқыту теориясы. Сонымен бiрге оқушылардың өзiн-өзi басқарудағы мақсаты мен мiндеттерiн белгiледi.
Көрнектi педагог А.С. Макаренко (1888-1939) советтiк педагогика ғылымына үлкен ұлес қосты. Жоспарды қайта тәрбиелеудегi өзiнің бай тәжiрнбесiне сүйенiп, оқу-тәрбие жұмысын жүргiзудің жүйелi теориясы мен методикасын құрды.
Көрнекi педагог В.А. Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының дамуына зор ұлес қосты. В.А. Сухомлинский өзiнің педагогикалық жүйесiнде әрбiр оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшелiктерiнің, қабiлетiнің, бейiмдiлiгiнің, қызығушылыгының тағы басқа қабiлеттерiнің жетiлуiне бағытталған оқы тәрбие процесiн ұйымдастырады. Сонымен педагогика тарихында жинақталған мол қазынасын құрудың негiзiнде қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен туындайтын принциптерiмен ұштастыру бұгiнгi кұнде педагогика ғылымының күрделi мiндеттерi болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |