Тақырыбы: «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Педагогиканың мiндеттерi



бет9/13
Дата28.01.2022
өлшемі48,7 Kb.
#115388
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бастауыш педагогика

Сыныптағы тәрбие жұмысы

 

1.   Тәрбие бақарудағы сынып жетекшiсiнiң рөлi.

 

Елiмiзде болып жатқан өзгерiстер мектептiң өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиiмдi әдiстерiн iздестiрудi, басқару ролiнiң өсе түсуiн талап етедi. Мектептiң басқару жүйесiне мұғалiмдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кiредi. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бiрлесе отырып бiлiм берудегi ұстаздын, оқушының, ата-ананың мiндетiн анықтайды. Оны реттеушi сынып жетекшiсi болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертiп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етедi. Сынып жетекшiсiнiң басқарушылық қабiлетiнiң жоғары болуы уақыт талабы.



Сынып жетекшiсi  тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында тәрбие заңдылықтарын басшылыққа алып отыру тиiс. Олар:

1.      Басты мәселе жеке тұлға қалыптастыру

2.      Жалпы бiлiммен кәсiптiк бiлiмнiң үздiксiздiгi

3.      Тәрбиенiң табиғатпен байланысы



Сынып жетекшiсi-ол кiм?

Қазақстан Республикасында сынып жетекшiсi - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестiрiп, келiстiрiп, өткiзетiн педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшiлiк қызметiн сынып мұғалiмi атқарады.

Бүгiнгi күнi сынып жетекшiсi - кәсiби - педагог, ол өсiп келе жатқан бала үшiн:

         Жалпы адамзаттық мәдениеттi меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

         Сынып ұжымының алуан түрлi бiрлескен iс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

         Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесiне қажеттi өзгерiстер енгiзушi; мектеп психологымен бiрiгiп оқушының қоғамдық өмiрiне кейбiр түзетулер жасаушы;

         Оқушының күнделiктi өмiр мен әрекетiн ұйымдастыруда, кәсiби бағдар беруде, қоғам өмiрiнiң әлеуметтiк - экономикалық, саяси ерекшелiктерiн түсiнуде - көмекшi, кеңесшi;

         Сыныпта қолайлы,  жайлы моральдiк - психологиялық ахуал қалыптастыру үшiн, сынып ерекшелiктерiн ескере отырып, қажеттi тәрбиелiк ықпалдар жасаушы;

         Оқушының дамуы мен жетiлуiне ықпал жасайтын барлық тәрбиелiк күштердiң (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестiрушi.

Мектепте оқу жылының басында негiзiгi пәндер бойынша әр баланың бiлiм деңгейi анықталады. Әр айда баланың бiлiм деңгейiнiң өзгерiсi бақыланып, сарапталады. Ол үшiн, пән мұғалiмдерi сынып жетекшiсiне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесi, баланың үлгерiмi жайлы есеп бередi. Яғни, сынып жетекшiсi ата-ана, оқушы, пән мұғалiмдерiн байланыстырушы ғана емес, қарым-қатнастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесшi.

 

Оқушы


 

Сынып жетекшiсi

 

Ата-ана                                                                         Пән мұғалiмi



 

 

            Сынып жетекшiсi әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, потенциалды қабiлетiн ашып, интеллектiсiнiң дұрыс дамып жетiлуiне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу-тәрбие жұмысын iске асыратын, оқушының ұжымдағы өмiрiне басшылық жасап, ата-ана мен мектептiң ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн басты тұлға.



            Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мақсаты қоғамның талаптарымен тiкелей байланысты,ол:

            Әр оқушыны дамыту, оның ерекшелiктерiн сақтау, оның потенциалды қабiлеттерiн ашу, интеллектiсiнiң дұрыс дамып, жетiлуiне жағдай жасау.

            Сынып жетекшiсiнiң мiндеттерiн айқындағанда, мына идеяларды негiзге алдық:

         Оқушы өз дамуының субúектiсi. Ол өзiн өзi тәрбиелейдi.

         Ең «қиын» деген оқушының өзi де жақсы болып, түзелiп кетедi, бiрақ оған айналасындағы адамдардың сенiмi, сыйластығы, сүйiспеншiлiгi, көмегi қажет:

         Тәрбилейтiн-тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателiктерiн бетiне басу емес, тәрбиелейтiн-бiрiгiп атқаратын әрекет, ытымақтастық қатынастар, бiр-бiрiне деген жылы сезiмдер.

         Тәрбиешi-өз шәкiртiнiң көмекшiсi, қорғаушысы.

            Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерi:

            Тәрбиешi-педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бiрiншi мәселе-тәрбиелiк және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы мiндет. Себебi, ұйымдастыру қызметi болмаған жерде тәрбие де болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыру және дамыту-сынып жетекшiсiнiң назарындағы екiншi объектiсi мен мiндетi.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабiлеттерiнiң, қызығушылығының, бейiмдiлiгiнiң және iшкi табиғи күштерiнiң ашылып, арта түсуiне жағдай жасау - сынып жетекшiсiнiң тәрбиелiк ықпалдарының үшiншi мiндетi.

Кейбiр зерттеушiлердiң пайымдауы бойынша, сынып жетекшiлерi оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым -қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлi мiндеттер атқарады екен:



Бiрiншi топ мiндеттерi. Оларды әлеуметтiк мiндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтiк байланыстар жүйесiне енгiзу, отбасымен және басқа да тәрбие институтарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерiн қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшiн байланыс орнату.

Екiншi топ мiндеттерi-диагностикалық-әдептiк - этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшiн, сынып жетекшiсi өз оқушыларын, олардың ерекшелiктерiн, дара қасиетттерiн бiлуi керек.

Үшiншi топ мiндеттерi адамгершiлiк мiндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгiлерiн ажырата алуына бағытталған, белгiлi жағдаяттар оқушының адамгершiлiк шешiмдер қабылдай алуына мүмкiндiк бередi.

Төртiншi топ мiдеттерi жеке-дара практикалық сипаттағы мiндеттер деуге болады. Оларға: оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиiмдi педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудi және педагогикалық рефлексияны жатқызуға болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет