Тақырыбы: «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Педагогиканың мiндеттерi


Мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы



бет11/13
Дата28.01.2022
өлшемі48,7 Kb.
#115388
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бастауыш педагогика

3. Мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы

Сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы қандай?

Профессиограмма-кәсiби маңызды сапалар жиынтығын, қабiлеттерiн, бiлiмiн, дағды, икемдерiн құрайтын мамандық сипаттамасы.

Сынып жекетшiсiнiң түлғасы даму барысында өзiнiң жан-жақтылығымен, үйлесiмдiлiгiмен және бiртұтастығымен ерекшеленедi.

Дамыған “Мен-тұжырымдамасы”, “Мені”, (“Я концепция”) болса ғана кәсiби мұраты қалыптасады.

“Мен-тұжырымдамасы”, яғни “Мені” үш фактормен анықталады:

         басқа адамдарға ұнайтындығына толық сенiмдiлiгiнен

         белгiлi бiр әрекет қабiлеттiлiгiне сенiмдiлiгiнен

         өзiнiң қажеттiлiгiн сезiнуiнен.

Тәрбиешiге мына қасиеттер өте қажеттi:

         Жоғары деңгейлi мәдениеттiлiк, олармен қатынаса алу, сенiм,  

       түсiнушiлiк, төзiмдiлiк, қайырымдылық, тiлестектiң, қарым -қатнастағы адалдық, шыншылдық;

-Мiнезiнiң табандылығы және батылдығы, өзiне сенушiлiгi, жiгерлiлiгi, қайсарлық;

-Эмоциалық өмiрiнiң алуан түрлi болуы (жақсы эмоциялар, сезiмдер, адамдық  оптимистiк көңiл-күйге бағыттап, оның жiгерлi белсендiлiгiн дамытады);

-Барлық психикалық қасиеттерiнiң жоғары деңгейде дамуы: қабылдауы, қиялы, есi, т.б.



Сынып жетешiсiнiң бiлiмдерi үш компоненттен тұратын белгiлi жүйенi құрауға тиiс:

         Тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшелiктерi туралы бiлiмi;

         Психологиялық - педагогикалық бiлiмдерi;

         Жалпы бiлiмдер (адамның тұрмыс-тiршiлiгiнiң әр саласына қатысты бiлiмдер).



Сынып жетекшiсiнiң икемдерi мен дағдылары:

              - Диагностикалық

         Жобалаушылық

         Практикалық

         Бағалаушылық

         Рефлексивтiк.

Сынып жетекшiсiнiң педагогикалық қабiлетiне-дидактикалық, перцептивтiк (кәсiби қырағылығы, жанашырлығы, басқаның қайғысына ортақтаса алуы), басқаның орнына өзiн қоя бiлуi, педагогикалы сезiмталдығы (интуициясы), суггестивтiк (сендiре бiлу қабiлетi), коммуникативтiк, эмоциялық тұрақтылық, өзiн билеушiлiк, жобалаушылық, креативтiк (шығармашылық қабiлетi), ғылыми-танымдық қабiлетi кiредi.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет