5. Бiртұтас педагогикалық процесс – мұғалiм қызметiнiң
объектiсi ретiнде
Педагогикалық процестiң мәнi, негiзi заңдылық
Қазiргi педагогикалық процестiң мәнi туралы түсiнiк бiрден қалыптасқан жоқ, ол бiртiндеп зерттеушiлердiң бiрнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесiнде бiрқатар жинақталған материалдар негiзiнде жасалды. М.А. Данилов өзiнiң «Педагогикалық процесс педагогикалық теорияның объектiсi» деген еңбегiнде, ең бастысы, әр түрлi педагогикалық құбылыстары зерттеу негiзiнде педагогика теориясының одан әрi жетiлдiруiн айқындайды.
Педагогикалық сөздiктiң жарыққа шығуымен «Педагогикалық энциклопедияның» (М.: 1964-1968 жж.) шығу жылдары аралығында ғылыми педагогикалық процестiң мәнiң анықтауды басқамен түсiндiруге болатын материалдар жинақталып қалды. Ең алдымен, бұл ұғым ендi ең негiзгi педагогикалық категориялардың бiрi ретiнде қарастырыла бастайды. Энциклопедиядағы мақаланың авторы В.Е. Гмурман «Педагогикалық процесс» туралы ұғымға мынадай анықтама бередi. Бұл терминмен (педагогиканың талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқыту тәрбие процесiн, ұстаздар мен тәрбиеленушiлердiң, оқытушылар мен оқушылардың iс-әрекеттерi көрсетiледi.
Педагогикалық процестiң мәнiн марксистiк тұрғыда түсiнудiң дамуын Н.К. Крупская бастаған болатын, ол К. Маркстың қадам жағдайлардың жемiсiң яғни «жағдайларды тек қана адамдар өзгертедi» деген тезисiн негiзге ала отырып ең бiрiншiсi болып бала тек педагогикалық әрекеттiң объектiсi ғана емес, сонымен бiрге оның субъектiсi болатындығы туралы ойын айтқан болатын. А.С. Макаренко ұсынылып отырған ойды одан әрi дамыта отырып мұғалiмдер мен тәрбиеленушiлер ең алдымен бiр коллективтiк мүшелерi деген қорытындыға келдi.
Оқушылардың қоғамдық өмiрге қатынасу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикаляқ процестiң оқудан тiс өрiсiнде iс-әрекеттермен сан алуан түрлерiн меңгеру сол мектептiң барлық оқушылардың өзара әрекетiн және ұстаздар тарапынан басшылықты талап етедi, осыдан барып мектеп үшiн макро жүйе «мектеп ұстаздары – оқушылар коллективi» пайда болады, қоғам бұл жүйеге қатысты мета жүйе ретiнде көредi.
Яғни ңұстаздар мен оқушыларң (жағдайының өзгеруi) жүйесiнiң қызметi педагогикалық процесс болады. Педагогикалық процесс дегенiмiз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмiрге дайындаудағы бiрлескен iс-әрекеттер, бұл ұстаздардың белсеңдi араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. Педагогикалық процесстiң бөлiктерi өзара әрекеттер барысында өзiн көрсетедi. Бөлiктердiң ерекшелiктерiн педагогикалық процесстiң заңдылықтарын тану барысында түсiнiктi бола түседi. Басқаша айтқанда, педагогикалық процесс туралы ұғымды жүйелi қалыптастыру оның заңдылықтарын бiлумен тығыз байланысты. Педагогикалық процестiң негiзгi заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiмен келiстiлiгi;
педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;
ұстаздар мен оқушылар, тәрбиешiлер мен тәрбиенушiлердiң өзара әрекеттерiмен байланысты педагогикалық процесстiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады;
оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттердi мұқият ойластыру мен ұйымдастыру нәтижесi;
оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара әрекеттерi педагогикалық процесстiң тиiмдiлiгiн арттырады;
оның мазмұны мен ұйымдастырудың жас ерекшелiктерi коллективтiң және кейбiр жеке оқушылардың даму деңгейiне сәйкестiлiгi;
оқушылардың педагогикалық процесстегi өзара әрекеттерiн ұйымдастыру қажеттiлiгi;
педагогикалық процесстiң бөлiктерiнiң өзара әсер етушiлiгiмен қатар бағыныштылығы;
педагогикалық процестiң уақыт бiрлiгiнiң ұзақтылығы;
педагогикалық процестiң iшiндегi және арасындағы өзара жиылысқан қосымша жүйелерiнiң ықпалы әртүрлi реттегi жүйелер) көптеген факторларды тудырады, соның әсерiнен негiзгi нәтиже қалыптасады.
Педагогикалық процесс - бұл «мұғалiм-оқушылар» жүйесiнiң үздiксiз қызметi, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрiнедi. Бұндай мүмкiншiлiк қарым-қатынастарды түсiну мен оны дұрыс шешетiн қажеттi жағдай жасауға бағытталған, ол осы нақтылы процесстiң қозғаушы күшi болады. Педагогикалық процестiң қозғаушы күштерiн бiлу мұғалiмге оның белгiлi бағытта дамуына қоғамның әлеуметтiк заңдылығына байланысты жеке түлғаға қажеттi қасиеттердi қалыптастыруға әсер етедi.
Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркiнен тыс суретiн объективтiк заңдардың қатарына жатады. Бiрақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана бiлгендiктен олардың iс-әрекетке айналады.
Адам табиғаттың қүрамды бiр бөлiгi ретiнде оны танып бiлу, оған тәрбие арқылы әсер ету күрделi педагогикалық процесс. Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым. педагогиканың заңдылықтары деп мыналарды айтуға болады; тәрбие процесiнiң бiрлiгi мен дамуының өзара байланыстылығы, оқытудың тәрбиеленушiлiк сипаты, әрекет негiзi - өскелең ұрпақтың жеке басын қалыптастыру. Осы жағдайлардың жиынтығы қосылып (қабысып келiп) педагогикалық құбылыстың негiзiн құрайды. Кез келген педагогикалық мәселеде (оқыту процесiнде, еңбек тәрбиесiнде, қоғамдық тәрбиеде) белгiлi бiр заңдылық бар, оларды бiлмей, есепке алмай тұрып педагогикалық iс-әрекетте айтарлықтай, жетекшi табыстарға жетуге болмайды.
Оқыту және тәрбие процесiнiң диалектикасы оның өзара байланысында, үздiксiз дамуында жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестiң заңдылықтарын кезiнде К.И. Ушинскийде өзiнiң «Педагогикалық антропология» деген еңбегiнде ескертiп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткiзбейдi. Оның ғылыми негiздерiн зерттеу керек, содан шығатын ережелерiн бiлу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың, заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеудi, сол заңдарды ой елегiнен өткiзе отырып жағдайларға байланысты, өзiң қолдануға болады-ау деген жағдайға сай пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестiң заңдылықтары көрнектi педагогтардың Ю.К. Бабанскийдiң, И.Я. Лернердiң, И.Ф. Харламовтың еңбектерiнде кең көлемде баяндалған. Сонда тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл ұғым тұрақты, қайталай беретiн және тәрбие процесiнiң негiзгi байланыстарды белгiлейтiн оны жүзеге асырудың нәтижесiнде жеке басты дамытудың, қалыптастырудың тиiмдiлiгiн арттырып, нәтижесiнде жетiстiкке жетуге мүмкiншiлiк бередi дегендi бiлдiредi.
Философияда - құбылыстар мен процесстердiң арасындағы дамуды сипаттайтын мәңгi байланысты заңдылық деп айтады. Педагогикалық заңдылық деп педагогика процесстiң тұтастығын айтады. Мұндай заңдылықтың бiрнешеуiн атауға болады.
Оқыту мен тәрбие қоғамның тәрбие мұқтаждығына және жағдайына байланысты жүзеге асады (қоғамның экономикалық-әлеуметтiк жағдайына). Бұл заңдылықты iс-жүзiне асыру үшiн қоғамның экономикалық мүмкiншiлiгi ғылыми техникалық прогресске сәйкес болып отырса, соғұрлым мектептiң оқу-материалдық бағасы жақсарады, педагогикалық процесс тиiмдi ұйымдастырылып жеке адамның дамуына игi әсер етедi.
Тәрбиенiң, оқытудың бiлiм берудiң және дамудың өзара байланыс заңдылығы... Оқыту жеке адамның жанжақты болуына көмектессе, оқытып бiлiм беру, тәрбие және даму функцияларының бiрлiкте iске асуына мүмкiншiлiк туғызады.
Вытотскийдiң айтуынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды... Одан әрi ол «актуальды даму зонасына» көшуге тиiс, бұл зонада оқушылар тиiстi тапсырмаларды өз бетiмен орындайды.
Оқытусыз тәрбиенi iске асыруға болмайды, өйткенi бiлiмдi меңгеру негiзiнде ғана өмiрге игi әсер етедi. Оқушы оқуды өзiмнiң мiндетiм деп санамаса, өз жауапкершiлiгiн сезiнбесе, онда оқыту процесiн де жақсы ұйымдастыру қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |