Тақырыбы:Су қасиеттері. Мақсаты: Судың касиеттерімен таныстыруды жалғастыру. Суды тиімді пайдалану, үнемдеуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Судың қандай болатының, маңыздылығын тәжірибие арқылы шешу
Тәжірибиелік жұмыс, бақылау, талдау
Эксперимент.
Өзектілігі: Суды күнделікті пайдаланып жүрген соң, оны жан-жақты зерттеуді шештім.
Өйткені дүние жүзінде
Проектінің түрі: Зерттеушілік, эксперименталдық.
Проектіні жасаған: Серикова Гулдерай Муратбековна
Тәжірибиелік кіріспе:
Мен Серикова Гулдерай «Қостанай қаласының әкімдігінің Қостанай қаласының білім бөлімінің №11 бөбекжай бақшасының ересектер «Көгершін» тобынан.Менің тәрбиешім Досатова Кульшат Джамбұлқызы. Менің алған проектімнің тақырыбы «Су қасиеттері», неліктен мен бұл тақырыпты алдым. Өйткені тәрбиешімнің өткізген ұйымдастырылған оқу қызметінде, судың қасиеттері туралы түсінік берді. Судың үш қасиеті бар: газдалған, сүйеқ, қатты. Бұл мені қатты қызықтырды. Мен содан кейін судың қасиеттерін зерттеп, осы тақырыпты алдым «Су қасиеттері». Осыдан кейін мен зерттеу эксперименттерді бастадым. Біріншіден мен гүлдерді бақылап, су құйып, олармен сөйлесіп жапырақтағы шаңдарын сүртіп, оны күтіп жақсы көріп жүрдім. Шынымен гүл сусыз өмір сүре алмайды екен. Кейін мен енді қағаздан жасалған гүлдерді алып эксперимент жүргіздім. Судың қасиеті сондай керемет. Қағаздан жасалған гүл судың қасиетімен күлшелері ашылып гүлдеді.
Екінші қадамым: мен өзімнің «Көгершін» тобындағы балалармен өз тәжірибиемен бөлісіп оларды да қызықтырдым.
Содан кейін мен сурақтар арқылы бақылау өткіздім Қанша бала судың қасиетін біледі, қанша балаға сумен жүргізілген зерттеу қызықты болды. Біздің топта -23 бала. Соның ішінде бәріне қызықты болды. Практикалық жұмыс №1 ● Бір шыны ыдысқа сүт, екінші ыдысқа су құямыз. Енді екеуін салыстырайықщы. Не байқадыңдар? Сүт – ақ, ал су – қандай? (яғни түссіз) Судың түсі болмайды. СУ – ТҮССІЗ (фотографию вставить)
Практикалық жұмыс №2 ● Су - мөлдір. Оны да қазір анықтап көрейік. Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құямыз.Осы екі ыдыстың ішіне қасық салайық. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге? Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар?
● Су - мөлдір. Бірақ ол үнемі мөлдір болып көріне бермейді. Кейбір қалдықтардың салдарынан ластанады. Таза судың түсі болмайды!
( фотографию вставить)
Практикалық жұмыс №3 ● Кесеге, шыныға, стақанға су құямыз.Енді осы ыдыстағы судың пішініне қарайықшы.
- Су қандай пішінге ие болды?
- Сендер әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көрдіңдер.
● Олай болса, Суда тұрақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.
( фотографию вставить).
Практикалық жұмыс №4 ● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі стакан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құямыз. Бірінші стақаннан екіншісіне су құйылады. Яғни, су ағады.
● Суды кез келген тегіс нәрсеге құйып көрейікші. Ол жан – жағына аға бастайды, себебі ол қандай? (сұйық) Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез келген затты суға малып алсаң ол да су-су болып шығады. Су жабысқақ .
Қорытынды: Сонымен осы тәжірибе жасау арқылы біз судың қандай қасиеттерін болатынын білдік.
• Судың нақты пішіні болмайды
• Судың түсі болмайды. Су-түссіз
• Су-мөлдір
• Су дәмсіз
• Су иіссіз
Міне, бұлардың бәрі судың өзіне тән қасиеттері.
Мен өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын! Бірақ осымен мен тоқтамаймын, әлде де мен бақылап зерттеймін!