Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Шпонкалық қосылыстарды жөндеу



бет34/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Шпонкалық қосылыстарды жөндеу
Өнеркәсіпте жабдық конструкцияларында негізінен призма және сегментті шпонкалар колданылады. Шпонкалық қосылыстың жұмыс кабілеттілігінің негізгі критерийі, бұл олардың беріктігі.
Шпонкалық косылыстардың жұмысшы беті, ол олардың бүйірлік беттері. Ұзақ мерзімді жұмыс істеу процесінде бұл беттер тозады және жұмсақ деформацияға ұшырайды — майысады. Сегментті шпонка, мүмкін кернеулік жағдайдан артық кернеулік пайда болғанда әдетте киылады,
Шпонкалық паздар үшін тозудың келесі мүмкін шекті шамалары орнатылған: шпонкалық паз ені 10 мм дейін болғанда тозу шамасы 0,1 мм; егерде 10 — 20 мм болғанда — 0,15 мм; паз ені 21 мм-ден — 26 мм дейін болғанда — 0,19 мм.
Тозу дәрежесін калибр — шаблонмен, штангенциркульмен немесе микрометрмен аныктайды. Тозуға ұшыраған шпонкалық паздарды, алғаш өндегенде балқыма кабат төсеумен қалпына келтіреді. Бұл кезде балқыма қабатты бір шама аз жүктелген кабырғаға төсеу тиімді.
Шпонкалық паздың балқыма кабат төселмеген кабырғасьның негізгі болаты балқыма кабат төселгенге карағанда үлкен беріктікке ие. Балқыма кабат төсеудің технологлясы мен тәртібі және де колданылушы жабдықтары алдыңғы тарауларда қарастырылады.
Шпонкалық паздың елеулі тозуы кезінде, яғни бір жағынан балқыма қабат төсеп қалпына келтірудің мүмкіндігі болмаған кезде, паз толығымен балқыма қабат төселіп бітеледі де сонан соң жаңа орында (90° немесс 180° бұрышпен) шпонкалық паз фрезрленеді.
Керітпештегі паздар соққылаумен немесе тартқылаумен орындаіады. ал бсііісгерде - үршықты фрезрмен немесе дискалы фрезрмен фрезрлеумен. сондаіі-ақ токарлік тәсілмен ояды.
Көпшілік жағдайларда шпонкалық паздар жаңа өлшемге өңделеді (үлкен өлшемге). Жинау барысыңда жаңа, біршама енді шпонканы орнатады. Жөндеу барысында шпонкалық паздың қатттығы онын енінің өлшем шегінің 0.5 аспауы тиіс. Шпонкалык паздын түпкілікті енін егеумен (шабровка) келтіреді.
Машиналардың типтік түйіндерін жөндеу. Шлицалық қосылысты жөндеу
Шлицалық қосылыстардың кең таралғандығын түсіндіретін негізгі жетістігі бұл, жоғарғы дәрежедегі алып жүрушілік қасиеті; жұмыс сенімділігі мен техно-логиялығы; жеңіл жиналуы.
Ең көп таралған шлицалық қосылыс түрі бұл, түзу бүйірлі шпонкалар (тұрақты көлденең қимасы бар түзу бұрышты шлицалар). Шлицалық қосылыс бөлшектері әдетте құрамында 0,12 ден 0,455 дейінгі көміртегі бар құрыштардан дайындалады. Әдетте, шлица беттері термиялық өңделеді (цементациялау). Термиялық өңдеулердің түрі бөлшектің тағайындалуына байланысты болады.
Жабдықты ұзақ мерзімді жұмысқа пайдалану процесінде шлицалық қосылыстар тозуға ұшырайды. Тозуға басты себебі бұл, өстік және радиустік бағыттағы шпонкалардың жұмысшы беттерінің сырғанауы. Тозу процесін екі кезеңнен бөлуге болады: 1) Жұмыстық үйренусілік тозу; 2) Шлицалардың жанасушы беттерінің, жұмыс процесінде олардың салыстырмалы радиустік және өстік қозғалысының нәтижесі ретіндегі тозуы.
Шлицалық қосылыстардың тозуы нәтижесінде келесі жарамсыздықтар болуы мүмкін: 1) Шлицалардың майысуы немесе қиылуы; 2) Материалдың шаршау себебінен шлицалардың сынуы.
Өндірістегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, яғни статистикалық мәліметтерге анализ жасайтын болсақ, онда шлицалық қосылыстардың бірте-бірте тозатындығына көз жеткізуге болады. Ең жоғарғы күш әсерінің моментінде шлицалар қиылуға ұшырайды (алдын ала тозудың нәтижесінде әлсіреген).
Шлицалардың тозуы жұмыс істейтін түйінде жарамсыздықтар тудырады. Мұндай жарамсыздықтардың негізгі түрлері, бұл;

  1. Жетектің айналу бағытын ауыстырған кездегі соққылар. Бүйірлік саңылаулық шамасы, шлицаның қалыңдығымен (енімен) барабарлығымен түсіндіреді.

  2. Отырғызылған бөлшектердің қиғаштығы және осы қиғаштықтың салдары (шестерня тістерінің сынуы, біліктің фланецтік және басқа да ұшпаұш қосылыстарының қирауы).

  3. Керітпештің кескін бетінің тозу салдарынан болатын білікке отырғызылған бөлшектердің өс бойындағы ығысуы (жылжып кетуі).

Шлицаларды қалпына келтіру әдістері тозуының дәрежесіне байланысты. Біліктегі шлицалардың елеусіз тозуы кезінде олардың жұмсақ деформациялаумен жөндейді (бүкіл ұзындығы бойында жан-жаққа ығыстыруы). Шынықтырылған шлицаларды мұндай әдіспен жөндер алдын күйдіреді. Жөндеуден соң термиялық өңдеуге береді. Соңғы операция, бұл кезде, нақты өлшемге өңдеу (әдетте, ажарлауды қолданады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет