Тақырыбы:
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары»
атты интеллектуалды - танымдық ойын
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, слайд - шоу, энциклопедиялар.
Қолданылған құрал - жабдықтар: «Қызықты бестік» кестесі, компьютер, презентациялар, нөмірленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.
Ойынның барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
Жүргізуші:Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен, өз мектебінен басталады.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты ойыны осы дәлел.
Біз тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сендер деп білеміз. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.
(музыка)
Ортаға «Болашақ», «Жалын » және « Ұлы дала ұрпақтары »
топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сендерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
Әділқазы алқасының мүшелері:
Худжанова Д.О. – тарих пәнінің мұғалімі
Жаниев Т.Ж. – қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Даривхан Алмагүл – биология пәнінің мұғалімі
Нұрбек Арипжан – ДШ мұғалімі
Охан Майрагүл –математика пәні мұғалімі
Ойын 4 кезеңнен тұрады:
І кезең «Бәйге» - ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен» - сурет бойынша танымал адам туралы әңгімелеу
ІІІ кезең «Үй тапсырмасы»
ІҮ кезең «Сөз асылы – мақал»- мақал – мәтел жарысы
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
І кезең: « Бәйге» Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сендерге 20 сұрақ қойылады, ал сендер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай.Сұрақтар топтарға кезек- кезек қойылып отырады.Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.
Биыл ҚР тәуелсіздігіне неше жыл толады? (27 жыл)
- Рахмет, Ал, онда ойынды бастайтын топқа іске сәт делік!
1топтың сүрақтары
Сенің Отаның қалай аталады? \Қазақстан\
Ұя салмайтын құс? \көкек\
Қазақ тілінде неше септік бар? \7 септік\
Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ....» \ормансыз бұлбұл\
«Кел балалар оқылық!»өлеңінің авторы?\ Ы.Алтынсарин\
Көне түріктердің негізгі жазуы қалай деп аталады.(руна)
Жеті күн? \апта\
«Қара алтын» деп нені атайды?(көмір)
Қазақстан елінің рәміздерін атаңыздар?\Ту,елтаңба,әнұран\
«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов)
Ең ірі көл (Балқаш)
Көлікті күтетін жер (Аялдама)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
Күрішті аймақ?(Қызылорда)
Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға? \Президент\
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
«Оян,қазақ!»өлеңінің авторы кім? \Ахмет Байтұрсынов\
«Отан» сөзінің синонимы(туған жер,атамекен)
2 топ сұрақтары
1.ҚР мемлекеттік туында қандай түстер кездеседі? \көк,сары\
2. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
3. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
4. Абайдың әжесі? \Зере\
5.Біржанмен айтысқан ақын қыз? \Сара\
6. «Халық»сөзінің синонимі (ел)
7. «Родина начинается семейного очага» аудармасы қалай?
8.Мемлекеттік рәміздер күні? \4 маусым\
9. Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
10.Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)
11.Заттың қимылын білдіретін сөз табы? \етістік\
12. Нағашы кімнің туысы? (Ананың )
13. Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
14. Ерейментау ауданының әкімі? (Радченко Виктор)
15. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы- \Құрманғазы\
16. Футболшының алаңдағы ойын заты? \доп\
17. 2 минут 30 секундта неше секунд бар? \150 секунд\
18. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
19. Жеті жарғыны қазақтың қай ханы жазған? \Тәуке хан\
20. Жер шарының моделі?( Глобус)
3 топ сұрақтары
1.Балалар Евровидениесі 2018 Қазақстаннан кім қатысты? \Данелия Төлешева\
2.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады? \22 наурыз\
3. «Абай жолы»авторы? \М.Әуезов\
4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері? \бастауыш,баяндауыш\
5. «Саржайлау»әнінің авторы? \М.Мақатаев\
6. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? \1991 жыл 16 желтоқсан\
7. Астана қаласына биыл неше жыл? \20 жыл\
8.Қазақ тарихында тұңғыш ғарышкер? \Тоқтар Аубакиров\
9.Қазақтың ұлы ақыны? \Абай\
10. 28 сағатта неше тәулік,неше сағат бар? \1 тәулік,4 сағат\
11. Мақалды жалғастыр «Оқусыз білім жоқ,........» \Білімсіз күнін жоқ\
12.Жеті қазынаның бірі-адамның қорып жүретін досы.\ит\
13. Карта жинағы? ( Атлас)
14.Басты байлық? \денсаулық\
15.Тудың авторы кім? \Шәкен Ниязбеков\
16. Өлеңті аулының қазіргі әкімі кім? \Мустафина А.Ж.\
17.Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады? \қосымша\
18. Өсімдік мүшелерін ата? \тамыр,сабақ,жапырақ,гүл\
19. Үш биді атаңыздар? \Әйтеке,Қазыбек,Төле би\
20. Н.Ә.Назарбаев қашан,қай жерде дүниеге келді? \Алматы облысы,Қарасай ауданы,Шамалған ауылы 1940 ж.6 шілде\
- Рахмет, құрметті сайыскерлер! Осымен бірінші кезең аяқталды. Әділқазы алқасы әр топқа дұрыс жауаптарына сәйкес ұпай санын қойып та қойды.
Ал біз ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
ІІ кезең:
«Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмірдегі сурет көрсетіледі. Бұл қазақ халқының өнер, мәдениет қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының суреттері. Сендер суретке мұқият қарап, суреттегі тұлғалардың өмірбаяны мен Отан үшін, еліміздің тәуелсіздігі үшін атқарған қызметі жайлы, өз заманында әлемдік үлкен сахнаға шығып қазақты танытқан өнері, ерліктері жайлы айтып беру керексіздер. Дорбадан асықты таңдап алу үшін тобасшыларын ортаға шақырамыз.
(топтарға дайындалуға уақыт беріледі)
Топтарымыз дайындалғанынша, біз ортаға жақында ауданымызда өткен «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы Макашева Каусарды шақырамыз.
(«Көзімнің қарасы» әні )
Оқушылар екінші кезең бойынша жұмыстарын ұсынады.
ІІІ кезең «Үй тапсырмасы» әр топ 3 минут ішінде тапсырманы қорғап шығады.
Жүргізуші: Үшінші кезең бойынша әділқазы алқасы өз ұпайларын қойып қойған да болар. Аюдрахманұлы Елдосты ортаға шақырамыз.
ІҮ. «Сөз асылы - мақал» деп аталады.
Бұл кезеңде әр топ мүшелері бір минут ішінде Отан,ата-ана,білім,денсаулық,достық тақырыбына неғұрлым көп мақал – мәтел айтуға тырысу керек. Қай топ көп айтса, сол жеңімпаз болады. 1 мақал, 1 ұпай.Бір топтың айтқанын екінші топ қайталаса болады, бірақ топ ішінде қайталану саналмайды.
Жүргізуші:- Құрметті ойыншылар,енді бүгінгі ойынның қорытындысын шығару үшін әділқазы алқасына уақыт берейік.
Сахнаға
Жанабек Рустемді шақырамыз «Саржайлау» әнімен
Жүргізуші:Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалындатып биік шыңда жүрерін,- дей отырып, бүгінгі додадан кім озып шыққанын білу үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берелік.
(Әділқазылар ұпай сандарын айтып, жеңімпаз топты атайды)
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Өлеңті орта мектебінде «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» зияткерлік-танымдық турниры өз мәресіне жетті.
Марапаттау рәсімі
Қорытынды: - Осымен бүгінгі іс- шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Атамекеніміз – Қазақстан жасасын!
Достарыңызбен бөлісу: |