Тақырыбы: Ядролық қару Сыныбы: 11 сынып Дайындаған: А. Биғалиев /АӘД пәнінің мұғалімі



Дата17.04.2017
өлшемі34,47 Kb.
#14037
Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№41 М. Шоқай атындағы орта мектеп





Тақырыбы: Ядролық қару

Сыныбы: 11 сынып

Дайындаған: А. Биғалиев /АӘД пәнінің мұғалімі /


2014 – 2015 оқу жылы

Тақырыбы: Ядролық қару

Мақсаты: Қазіргі заманға жаппай қырып жою құралдары жөнінде

түсіндіріп меңгерту.



Біліктілік: Балалардың жаппай қырып жою қарулары жөніндегі түсініктерін

кеңейту.


Тәрбиелік: Жаппай қырып жою қарулары туралы айтып олардың адам

өміріне тигізер қаупін түсіндіру.



Дамушылық: Балалардың өз бетінше оқып үйренуіне бағыт бағдар беру.

Уақыты: 45 минут

Өтілетін орын: Әскери кабинет

Көрнекілігі: плакаттар.

І. Ұйымдастыру.

І. Взвод бастығының рапортын қабылдап, амандасып жалпы көрнісін қарап жаңа сабақ өтуге даярлау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не? Ол қандай міндеттерді атқарады?

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына кім басшылық жасады?

3. Азаматтық қорғаныс міндеттерінің негізгі топтарын атаңдар.

4. Нысандарда Азаматтық қорғаныс қалай ұйымдасады.

5. Нысандарда қандай құрамалар құрылады және олардың атқаратын міндеттері қандай?

6. Құтқарушылық командалар топтар қандай міндеттерді атқарады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазіргі кезде жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жатады. Олар қысқа мерзім ішінде, кең аумақты саны көп халықты, шаруашылық нысандарын қиратады.

Жаппай қырып жою қаруының басқа қаруларға қарағанда өз ерекшеліктері болады.


  • Зақымдаушы факторлардың әсер етуінің ауқымдылығы.

  • 3 ф әрекетінің ұзақтығы

  • Кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі

  • Кең маралдық – психологиялық әсер етуі.

  • Әскерлердегі жеке құрамының, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі нысандардың, жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізілудің қажеттілігі.

Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, шикі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару ядролық деп аталады. ядролық зарядтың қуаты тропил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезінде ядролық оқ-дәрі жарылғанда шығатындай қуат бөлініп шығарылады, оны ондық, жүздік, мыңдық және миллиондық тоннамен өлшейді.

  • Ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу жеткізу құралдары: ракеталар, авиация және артиллерия болып табылады. Одан басқа бұл мақсатта ядролық фугастар да қолданылады.

Ядролық жарылыстар ауада, жер үстінде, жер астында жүзеге асырылады.

Жарылыс болған нүкте – орталық, ол жер үстіндегі оның проекциясы ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады.



Оның негізгі зақымдаушы факторлары

  • Соққы толқыны

  • Жарықтық сәуленуге шалдығу

  • Өткір радиакция

  • Радиоактивті зақым және электро магнитті импульс болып табылады.

Осы факторларды жеке жеке талдап түсіндіріп меңгерту.

ІV. Қорытынды.

Сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында мына төмендегі сұрақтар қойылады.

Ядролық қару дегеніміз не?

Ядролық зарядтың қуаты қалай өлшенеді?

Семей – Ядролық полигоны орналасқан жері?

Ядролық сынақтарға қарсы күресу қозғалысы қашан құрылды, қалай аталады?

Қозғалыстың жетекшісі кім?

Семей полигонын жабу туралы жарлыққа кім қашан қойды?

Семей ядролық полигоны аумағы-8,372 шаршы шақырым. Орналасқан жері – Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері.



Ядролық сынақтарға қарсы күресу жетекшісі кім (О.Сүлейменов).

1991 ж. 28 тамыз – Призидент Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет