1.3. Кәсіби құзыреттілік және оның ерекшеліктері
Қазіргі уақытта жеке тұлғаның психологиялық, теориялық жəне практикалық дайындық сұрақтары, педагог бойындағы кəсіби қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуы, оның беделі мен кəсіби шеберлігі, педагогикалық ойлауы, ғылыми еңбекті ұйымдастыру мен біліктілікті жоғарылату мəселелері бойынша кең түрде əдебиеттер қоры құрылды. Оларға С.И.Архангельский, Ф.Н.Гонобалин, Н.В.Кулюткин, И.Т.Огородников, А.И.Пискунов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков, Н.В.Кузьмина, Н.Ф.Талызина, В.В.Краевский, Н.Д.Хмель, С.Т.Каргин, А.К.Маркова, К.С.Оспанов жəне тағы басқалардың ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.
Егер де құзыреттілікті кəсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен белгілі бір іс-əрекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның «тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен шеберлігі арасында болады. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі туралы барлық түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап (С.Т.Каргин, А.А.Орлов, И.Я.Фастовец жəне тағы басқалар), сонымен қатар жеке тұлғаның толығымен жəне оның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттердің дамуы (Р.Ж.Əубəкірова, Е.П.Белозерцев, И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, К.С.Оспанов жəне тағы басқалар), педагогикалық шығармашылық көздерінің мəнін анықтауға (В.И.Андреев, В.И.Загвязинский, Ю.Н.Кулюткин, М.М.Поташник жəне тағы басқалар), мұғалім кəсіби іс - əрекетінің психологиялық негізін талдауға (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.М.Матюшкин, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин жəне тағы басқалар) жəне педагогтың кəсіпқойлығын қалыптастыру (Е.В.Андриенко, К.А.Абульханова, В.В.Косарев, Н.В.Кузьмина, А.И.Пискунов жəне тағы басқалар) сұрақтарына дейін өзгеріп отырды.
Ғылымдағы кəсіби құзыреттілік мəселесін зерттеуге деген қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі. Құзыреттілікті теориялық қамту жəне оларды тəжірибе жүзінде қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару əдетте экономикамызда, мəдениет пен білім беру саласында болып жатқан дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға əлеуметтік өзгерістерге бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кəсіби іскерліктерін қазіргі жағдайға сəйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі тиіс.
ХХ ғасырдың 70–90-жылдары отандық ғалымдардың Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, И.А.Зимняя жəне тағы басқалардың зерттеулерінде құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Кəсіби-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері В.А.Адольфтың, Е.В.Бондарев- скаяның, Н.В.Кузьминаның жəне тағы басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге педагогтың кəсіби құзыреттілігінің басқа ба аспектілерін К.А.Абульханова, Н.В.Кузьмина, Л.М.Митина, Л.И.Мищенко, М.В.Прохорова, Е.И.Рогов, Д.С.Савельев, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, А.И.Щербаков жəне тағы басқалар зерттеген. Ғалымдар көбінесе кəсіби құзыреттіліктің жеке жақтарын оқуға көп көңіл бөледі. Мысалы, Н.В.Кузьмина əлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, əдістемелік жəне құзыреттіліктің басқа да түрлеріне.
Сонымен қатар кəсіби құзыреттіліктің əр түрлі аспектілерін зерттеу де жүргізілді. Мысалы, М.И.Лукьянова кəсіби құзыреттілікті жоғарылату мəселесін белсендіре отырып, онда психологиялық- педагогикалық құзыреттілікті атап көрсетеді. Себебі, оның пікірінше, білім берудегі ізгілендіру идеяларының таралуына байланысты, оны неғұрлым маңызды жəне жалпы кəсіби құзыреттіліктің салыстырмалы дербес құрылысы деп санайды. Болашақта маңызды жəне кəсіби құзыреттіліктің құрылысындағы салыстырмалы дербес жүйесі ретінде психологиялық-педагогикалық құзыреттілік ерекше түрдегі қабілеттілік ретінде көрсетеді жəне ерекше жағдайларда басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау мен педагогтың мүмкіндіктерін білдіреді. М.И.Лукьянова психологиялық- педагогикалық құзыреттілікті педагогикалық іс-əрекетке кəсіби дайындығының жоғары деңгейі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің жиынтығы жəне білім беру үрдісінде оқушылармен тиімді өзара қарым-қатынас деп түсінеді. Оның негізгі компоненттері ретінде психологиялық- педагогикалық бейімделудің үш блогын көрсетеді:
- сауаттылық, яғни жалпы кəсіби деп қабылданған білімдер;
- іскерлік, педагогикалық іс-əрекетінде жəне өзара əрекеттестікті ұйымдастыруда мұғалім өзінің бойындағы бар білімді қолдану қабілеті;
- жеке тұлғалық кəсіби маңызды қасиеттер, педагогикалық іс-əрекет үрдісінің өзінен ажыратылмайтындай болуы. Берілген түрдегі құзыреттіліктің мəндік сипаттамасын, автордың пікірі бойынша, өз еңбегінің негізгі құндылығы ретінде оқушыға бағыттылық, сонымен бірге өзін-өзі тану мен өзін-өзі өзгерту қажеттілігі, оқыту-тəрбиелеу əрекетінің тəсілдері, жеке тұлғаның даму заңдылықтарын ескеріп, оқушыларға əсер ету əдістері құрайды. Ал құзыреттіліктің жүйені құраушы элементі ретінде мұғалімнің жеке тұлғалық кəсіби маңызды қасиеттері алға шығады. Құзыреттілікті белгілі бір жүйені құраушылардың негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырсақ, онда мұғалімнің кəсіби маңызды жəне жеке тұлғалық қасиеттері алға шығады.
Г.А.Трофимованың зерттеу мақсаты педагогикалық тəжірибе шартында болашақ мұғалімдердің коммуникативті құзыреттілігі болып табылады. Автор оны педагогикалық қатынас барысындағы жағдайларға бейімделу қабілеті ретінде гуманистік құнды мұғалімнің диспозициясы негізінде тиімді өзара əрекеттесу қабілеті деп түсінеді. Е.В.Нəбиева университет студенттерінің зерттеу іс-əрекетіне дайындығын анықтап, педагогикалық зерттеу құзыреттілігін көрсетеді жəне оны күрделі педагогикалық құбылыс ретінде қарастырады. Ол үш функционалды компоненттердің жиынтығымен сипатталады жəне зерттеу əрекетінің жағымды себептеріне негізделген, ол нақты білім мен іскерлікте байқалады.
Болашақ шет тілдер мұғалімдерінің кəсіби құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігін С.А.Панина қарастырады. Оны кəсіби құзыреттіліктің жеке түрі, білім, іскерлік пен дағды жүйесі ретінде қарастырып, мұғалімнің кəсіби əрекеті үшін қажетті педагогикалық объектерді пайдаланудағы əдістердің сəйкес келуі деп түсіндіреді.. В.П.Пугачев кəсіби құзыреттілікті мамандарды дайындау сапасының сипаттамасы, еңбек əрекетінің тиімділік потенциалы ретінде қарастырады. С.А.Панина кəсіби құзыреттілік ретінде мамандандырумен байланысты кəсіби функцияларды орындауда жұмыскердің «техникалық» дайындығын түсінеді. О.В. Симен-Северская əлеуметтік жұмыс мамандарының педагогикалық құзыреттілігінің қалыптасу процесін зерттейді. Ол кəсіби құзыреттілікті маңызды құрастырушысы ретінде қарастырады жəне педагогикалық мақсатқа бейімделген кəсіби əрекетті орындау үшін қажетті білім мен іскерлік, интегративті, тұлғалық-əрекеттік жаңадан пайда болған түрі ретінде түсіндіреді.
Жалпы кəсіби құзыреттілік анықтамаларын жалпылай отырып, біз келесідей қорытынды жасаймыз: оқытушының кəсіби құзыреттілігі дегеніміз — бұл педагогикалық жəне тəрбие міндеттерін дұрыс шешу үшін ғылыми жəне практикалық білімдерін құра білу іскерлігінің жиынтығы. Осы тұрғыдан оқытушының кəсіби құзыреттілігінің негізгі көрсеткіштері ретінде келесілерді атауға болады: кəсіби əрекетінің мақсаты мен міндеттері, педагогикалық жағдаяттарға байланысты психологиялық-педагогикалық білімдерін кəсіби əрекетінде қолдана білу іскерлігі, қазіргі білім беру технологияларын меңгеру, педагогикалық қарым-қатынас жасау мəдениетінің жоғары деңгейде болуы.
Сонымен, кəсіби-тұлғалық құзыреттердің осылайша жіктелуі оның аяқталғанын көрсетпейді немесе көптеген құзыреттер жеке тұлға потенциалына, əлеуметтік-мəдени қамтылуына байланысты өзгермелі болып келеді. Кəсіби құзыреттіліктің мəнін, жоғарыда аталғандай, əр түрлі көзқарас бойынша қарастыру, оның көпқырлы жəне өзгермелі түсінік екендігін анықтайды. Оның мəні қоғамда, білім беру жүйесінде, ғылымда, мəдениетте болып жатқан өзгерістерге сəйкес ауыстырылады жəне əр түрлі көзқарастар бойынша қарастырылады. «Кəсіби құзыреттілік» түсінігінің мазмұнын толықтыру да өзгеріп отырады, себебі ол көптеген факторларға байланысты: педагогиканың жəне бір-бірімен шектес ғылымдардың дамуы, қоғамдағы мəдениеттің жағдайы жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |