Рефлексиялық -түзетушілік
-Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдау, мадақтау\
+
|
Есеп
|
|
|
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі
№ 17
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Апта тақырыбы: «Айналамыздағы өсімдіктер»
Күні:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Аққаланың суретін салу
Міндеттері: Қысқы ойындар туралы түсінік беру,балаларға аққаланың бейнесін салуды үйрету,шығармашылығын,саусақ икемділігі,қыс
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,көрсету.
Көрнекіліктер:
Қостілідлік компонент (сөздік жұмыс): Аққала-снеговик,қар-снег, ақ-белый
С/ж: ақ ұлпа
Іс әрекет кезеңі
|
Ересек топ Екінші кіші топ
|
|
Кіріспе бөлім
|
Балалармен «Қыс қызығы» суреті бойынша әңгіме жүргізеді.
Әр баланың қыс кезінде ерекше жақсы көріп ойнайтын ойын, ермектерін сұрап, қыста балаларға ненің қатты ұнайтынын анықтайды.
Аққала туралы жұмбақ жасырады.
Мені ешкім өсірген жоқ,Мені қардан жасаған.
Мұрным – сәбіз, ернім – ағаш,
Аппақ қармын, мәссаған!
Үп – үлкенмін, сұп – суықпын,
Ал, атымды айтады кім?
Жұмбақтың шешуін тапқан соң педагог балаларға бөлмеде тығылып тұрған ойыншық аққаланы табуды ұсынады. Аққаланы неден жасайтындығын жіне аққала туралы өз ойларын айтқызады.
|
|
Негізгі бөлім
|
Тәрбиеші балаларға Аққаланың суретін салу жолдарын түсіндіріп көрсетеді. Дайын суреттің үлгісі таратады. Алдын ала дайындалып, езілген көгілдір бояуға қылқаламның ұшын батырып, дөңгелектің ішін сызықтан шығармай бояуды тапсырады. Аққаланың мұрнын қызғылт сары түспен, көздерін қара түспен бояу тәсілін көрсетед.
|
|
Қорытынды
|
Балалар жұмысты аяқталған соң тәрбиеші әрқайсының суретіне назар аударып, қыс қызығы жайлы айтып, әдемі салынған суреттерді ерекше атап өтеді.
|
|
+
|
Есеп
|
-
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |