Бірнеше құстардың суретін көрсетіп, олармен жақынырақ таныстырады (көкек, бұлбұл, кептер, бозторғай т.б.).
Балаларға үнтаспаға жазылған құстар үнін тыңдатады.
- Құстардың сайрағаны сендерге ұнай ма? Әнші құс деп қай құстарды айтамыз?
Педагог міндетті түрде балалардың ойларын тыңдайды.
-Құстарда қандай дене мүшелері бар?
- Балалар, құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
- Көрдіңдер ме, балалар жер шарында қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды екен.
-Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің алдарыңдағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін дыбыстарды мына түрде бейнелейміз.
Тақтаға балапанның тұмсығынан бастап үзік сызықтарды солдан оңға қарай тарата сызады. Бұл шиқылдаған дыбыстар екенін түсіндіреді.
Балалар педагогпен бірге ауада үзік сызықтар салып жаттығады.
Балаларға өздерінің алдарындағы суреттегі құстарды сайратуды ұсынады.
Педагог балалар жұмысқа кірскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Сурет салып болған соң балалардың жұмыстарын жинап алып талдау жасайды.
«Ненің даусы?» музыкалық дидактикалық ойыны.
Ескерту: егер үнтаспа немесе күйтабақ болмаса, шиқылдайтын ойыншық құстарды және су құйып үрлегенде дыбыс шығаратын ойыншық құстарды пайдалануға болады.
|