Іс әрекет кезеңі
|
Ересек топ Екінші кіші топ
|
Кіріспе бөлім
|
Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көніл күймен амандасады.
Педагог жұмбақ жасырады.
Ұзын құлақты жылдам аяқты,
сәбізді жақсы көретін, ол не?
|
Негізгі бөлім
|
Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін салуды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген үлгі бойынша қоянның суретін салғызады. Әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болатындығын көрсетеді. Бояғанда біркелкі сызықтармен, қарындашты қағаздан үзбей сүйкеуге жағуға жаттықтырады.
Сергіту сәті:
Қояным, қояным,
Орныңнан тура ғой,
Айнаға қаршы,
Шашыңды тарашы.
Бетіңді жушы,
Қолыңды жушы,
Орныңда секірші!
Секір-секір-секір!
|
Қорытынды
|
Педагог балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтайды. Қоян жайлы әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп, қоян жайлы өлең айтады.
|
+
|
Есеп
|
-
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |