Тақырыбы:«Бізде қонжық қонақта»


Дидактикалық ойын: «Қатты, жұмсақ»



бет3/4
Дата19.05.2017
өлшемі0,63 Mb.
#16541
1   2   3   4

Дидактикалық ойын: «Қатты, жұмсақ».

Мақсаты: Жануарлардың аттарын дұрыс атап, олардың терісін сипап сезу арқылы, жұмсақ, тікенекті, қатты екенін анықтау.

Тәрбиеші: Ия балалар, дұрыс айтасыңдар бұл арқылы біз аңдардың терісінің : қатты, жұмсақ, тікенекті болатынын білдік.

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа келген қонжықтың түсі қандай?

Балалар: ақ түсті.

Тәрбиеші: Сендер қонжықтың немен қоректенетінін білесіңдер ме?

Балалар: Бал, жеміс-жидектер, шөп тамырларын, құрт-құмырсқа, бақа-балықтарды аулайды.
Дидактикалық ойын: «Қонжықтың тағамын табу».

Мақсаты: Қонжықтың тағамын тауып, қыстырғышпен қыстыру. Бұл баланың саусақ мотроикасын дамытады. Ойлау қабілетін арттырады.


Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, біз сендермен қандай аңды бақыладық?

Балалар: Қонжықты.

Тәрбиеші: Біздің қонжығымыз қандай жануарға жатады?

Балалар: Жабайы жануарға.

Тәрбиеші: Қонжықтың терісі қандай болады екен?

Балалар: Жүні қалың болады.

Тәрбиеші: аяғы қандай болады екен?

Балалар: Бес саусақты, тырнақты.

Тәрбиеші:Басы қандай?

Балалар: Басы үлкен.

Тәрбиеші: Құлағы қандай?

Балалар: құлағы кішкентай.

Тәрбиеші: Қонжық қандай тағамдарды ұнатады?

Балалар: Жеміс-жидек, балық, бал, шөп тамырлары, құрт-құмырсқа.

Қонжық: Балалар, мен өзім туралы көп нәрсе білдім. Қош сау болыңдар.

Балалар: Қош сау болыңыз.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Балалар егер сендерге сабақ түсінікті болса, өздеріңе ұнаған текшені күнді аласыңдар, ал сабақ ұнамаса бұлтты аласыңдар.
Сергіту сәті.
(Музыка әуенімен)

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Таным орталығы:
Таңғажайып сәт:(әуен естіледі).

Тәрбиеші: Балалар естіп тұрсыңдар ма? Мына дыбыс орманда қорбаңдап жүрген бір жануардың жүрісіне ұқсайды. Қандай жануар екен?

Балалар: Қонжық.

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қонжық келіп тұр. Қонжық қандай?

Балалар: Ол кішкентай, түсі – ақ.

Тәрбиеші: Құлағы қандай?

Балалар: кішкентай.

Тәрбиеші: Көзіне қараңдаршы қандай пішінге ұқсайды?

Балалар: Дөңгелек.

Тәрбиеші: Аюдың бізге тапсырмалары бар.


  1. Тапсырма: «Пішіндер туралы жұмбақтар».

Атына сай балалар

Үш бұрыш, үш жағы бар.

Ол пішінді кім табар?


Балалар: Үшбұрыш.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарыңдағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші. Үшбұрыш неге ұқсайды және түсін айтамыз.

Балалар: Үйдің шатырына ұқсайды, түсі – жасыл.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.
Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар.

Бұл қай пішін?
Балалар: Төртбұрыш.

Тәрбиеші: Ия, дұрыс. Алдарыңдағы пішіндердің ішінен төртбұрышты көрсетіңдерші.Төртбұрыш неге ұқсайды?

Балалар: Терезеге, жастыққа, теледидарға ұқсайды. Төртбұрыштың түсін атайды.

Тәрбиеші: Тағы бір жұмбақты жасырамын.
Допқа өзі ұқсайды

Ерекше бір пішін бар



Атын оның атаңдар?
Балалар: Дөңгелек.

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар балаларАл, енді алдарыңдағы пішіндердің ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші? Дөңгелек неге ұқсайды және түсін атаймыз?

Балалар: Допқа, алмаға, күнге ұқсайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет