Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


я/  әрпі өзбек және қарақалпақ тілдерінде  /уа/



Pdf көрінісі
бет157/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   565
Байланысты:
2

я/ 
әрпі өзбек және қарақалпақ тілдерінде 
/уа/
әріп тіркесімен берілсе, ал қазақ тіліндегі 
шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін және айыру белгісі 
(ъ) 
мен жіңішкелік белгі-
сінен 
(ь) 
кейін /
ıa/ 
әріп тіркесі арқылы таңбаланады. Ал дауыссыз дыбыстан кейін /
а́/ 
әрпімен таңбалана-
ды. Мысалы, 
zar
а́d, kalkýlа́tor. 
Бұл да латын графикасына негізделген жаңа қазақ емле ережесінің 
ерекшелігі болып табылады. Ал жіңішкелік белгісімен келетін шеттілдік сөздерде оның орнына жіңішке 
дауысты әріптер жазылады. Мысалы, 
vólt, k
оról, sırkúl, bálzam
. Өзбек және қарақалпақ тілдерінде жіңіш-
келік белгісі түсіріліп қана жазылса, ал қазақ тілінде шеттілдік сөздерді жаңа қазақ латын графикасымен 
беруде жіңішкелік белгісі түсіріліп, оның орнына жіңішке дауысты әріптерінің таңбаланғанын көруге 
болады. Бұл қазақ тілінің үндесім заңдылығын сақтап жазумен байланысты болып табылады. 
 
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, латын графикасына негізделген қарақалпақ, өзбек тілдерінде 
шеттілдік сөздер транслитерация принципі бойынша жазылған. Ал қазақ тілінде шеттілдік сөздердің көбі 
үндесім заңдылығына сәйкес игеріліп жазылғанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет