130
білім беру үдерісіне енгізуді көздейді. Біздің көп жылғы зерттеулеріміз бен практикалық жұмыстарымыз
көрсеткендей, осындай дидактикалық құралдардың бірі оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің
(ҮӘЖ) білім беру технологиясы болып табылады [1].
Жекелей-әрекеттік парадигмадан шығатын осы технологияның писхологиялық-педагогикалық негізі
ретінде біз С.Л. Рубинштейннің ойлау үдерісіндегі жаңа байланыстарда ойлай білу объектісін енгізу,
ондағы өнертапқыштық пен жаңалықтарға әкелетін жаңа ерекшеліктерді
табу жөніндегі тұжырымда-
масын анықтадық. Сондай-ақ технология негізіне Л.С. Выготскийдің оқушының ақыл-ойын дамытудағы
оқыту үдері-сінде «өзекті даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына қарай көшуі туралы
теориясы енгізілген, ол әрекет ету негізінде іске асырылып, тежелу деңгейінен өнімділікке қарай көшетін
іс-қимыл болып табылады [2].
Осы ретте В.П. Беспалько, М.В. Кларин және басқа да жетекші ғалымдардың бекіткен негіздемелері-
не сүйенсек, бұрынғы кеңестік мектептерде әлі күнге дейін диагностикалық мақсаттар жүзеге аспаған,
бұл мектептердің тұйықталып қалған жай-күйін, «баласыз» және үстіртін педагогиканың негізгі себебін
көрсетеді, осының барысында педтехнологияны әзірлеудегі шығар жол ретінде біз диагностикалық
мақсатты білім берудің әдістемесін анықтадық [3].
Бұл бізге оқушылардың оқу сапасына жетуіне объективті бақылау жасауды қамтамасыз етуге және
оқыту мақсатында кепілді жетістікке жететін берік негіз құруға мүмкіндік береді.
Біздің білім беру
парадигмасынан таңдап алынған осы мәнді шығара отырып, педтехнологияны әзірлеудің басқа да негізгі
талаптары оқыту үдерісінің жобасы болуға тиіс екендігі анықталды. Педагогикалық технологияны
жасақтаудың осы негізгі талаптары, сондай-ақ жоғарыда аталған психологиялық-педагогикалық негізін
қалаушы тұжырымдамалар өз кезегінде оқытудың әдістемелік жүйесіндегі
барлық компоненттерін
(мақсатын, мазмұнын, әдісін, формасы мен оқыту құралын) түбегейлі жаңартуды көздейді.
Оқыту мақсатының диагностикалық қойылымы, оқыту мақсатының
оқыту нәтижелері арқылы
тұжырымдалып, оқушының іс-қимылының көрінуімен сипатталады, осылайша нақты тануға және өлшеу-
ге болады. Осы мақсаттағы неғұрлым белгілі жүйе, өзіндік ерекшелігі бар Б.Блум таксономиясы болып
табылады. Әлемде бұл жүйені негізінен оқытуда жоспарлау және оның нәтижелерін бағалау кезінде
пайдаланады. Ағылшынның педагог-әдіскері Дж. Петти [4] Блум таксономиясын жан-жақты қолдануға
болады деп әділ бағасын бере білген. Мәселен, таксономияның алты негізгі
сатысын білу мен қабілет-
тіліктің иерархиясы ретінде қарауға болады. Осы ретте білім алу мен түсіну деңгейінде оқыту функционал-
дық білімді қалыптастыру үшін шала-шарпы оқуға алып келеді, мұғалімдер жоғары деңгейде ойлауды талап
ететін – қабылдау, талдау, синтездеу және бағалау сияқты тапсырмалар ұсынуы тиісті деп түйіндейді ол.
Осылайша оқыту мақсатының диагностикалық қойылымы дамып келе жатқан оқытуды ұйымдастыру мен
өткізудегі, жекелей-әрекеттік тәсіл негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығының қажетті
шарттары болып табылады. Оқушылардың танымдық әрекетінің тиісті деңгейінде жүзеге асыруды талап
ететін иерархиялық тапсырмалардың жүйесі барлық сынып бойынша әрбір пәннің әрбір тақырыбы
бойынша әзірленуі тиіс.
Бұл мұғалімдердің тиянақты, шығармашылық жұмысын талап етеді.
Төменде Қапшағай қаласы, №3 ОМ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алимова Аңса
Есенқұлқызының 9-сынып, қазақ әдебиеті пәнінің бір тақырыбын оқушыларға өз бетімен меңгертіп, кері
байланыс ұйымдастыру нәтижесінде әр оқушыны бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығын ұсынамыз
[5].
Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет».
Достарыңызбен бөлісу: