236
көтерілуі, баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оқушының еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге,
шешім қабылдауға дағдыландыру дегенге келіп саяды.
Дамыта оқыту технологиясы – оқыту мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму
заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы:
оқушыны жан-жақты дамытуға;
•
мәселелік жағдайларды шешуге;
•
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға;
•
танымдық қызығушылықтарын арттыруға;
•
өзіндік жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, оқушы оқытушы-
ның берген тарсырмасын өз бетімен орындауы, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене
қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешрейді. Бұл
да оқытудың белсенді түрі блдады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде
іске асырады. Ол проблемалық оқыту белсенділігі бола алмайды. Проблемалық
оқыту белсенділігі
оқушылардың өз бетінше шығармашылық жолмен ой-өрістерін дамыту, білімдерін жетілдіру болып
табылады. Оқушылардың ой-өрісін шығармашылық жолмен белсендіру танымдық қызығушылықты
қалыптастыратын проблемалық жағдайлардың туындауымен байланысты. Проблемалық жағдай
дегеніміз - өзіне күрделі әрі қиын қандай да бір тапсырмаларды шешуге қажетті мәліметтерді оқушының
өзінің іздеп табуы. М.А. Матюшкин сөзімен алсақ, проблемалық жағдай дегеніміз «особый вид
умственного взаимодействия объекта и субъекта, характеризующийся таким
психическим состоянием
субъекта (учащегося) при решении им задач, который требует обнаружения (открытия или усвоения)
новых, ранее субъекту неизвестных знаний или способов деятельности» [5].
Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық техналогиялардың тиімділігі келешек ұрпақтың жан-
жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық -
психалогиялық жағдай жасауында.
Интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ
белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау,толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді.
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау .
Интерактивті әдістердің мәні – әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып,
мұғаліммен
бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап, оқу-танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер
оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты
белгілеу, мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен
жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек.
Заман талабына сай технологияларды қолдану арқылы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ басты
технологияларды тиімді жүйелі қолдану керек .
Сабақты әртүрлі
әдіс-тәсілдерді қолданып ,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып –
үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да, мақсат біреу – ол
оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп
данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана
алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын. Әлемдік білім беру
кеңістігінің талаптарына сай болатын, ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына, оның
өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып, нығаятынына нық сенемін.
Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы,
Әлемдік деңгейге сай жаңарған әдістемемен оқытуды меңгеру үшін мұғалеммен жоғары құзырлықты
ұйымдастырушылықты
қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық
бейімдеу, оларды зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыты талап етіледі. Қазіргі кезеңде республика-
мызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағыталуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес .Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушы-
ның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, руханги, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер
мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпыазаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін
,жаны да тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық
қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып,
тәрбиелеуде бізге
мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру сапасын арттыру,
баланы жеке тұлға ретінде алып қарап тәрбиелеу-мұғалімдер қауымының міндеті.