Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Арыстан  қартайса тышқан інін күзетер; Құс қанатымен,  Ер



Pdf көрінісі
бет103/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   565
Байланысты:
2

Арыстан 
қартайса тышқан інін күзетер;
Құс қанатымен, 
Ер
атымен; 
Кеңесті іс келісе береді, 
Кеңессіз іс кері кетеді. 
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға 
берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз 
сөзге көп мән-мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған 
тәжірибелерін мақал арқылы түйіндейді. Бұл тұрғыда мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет 
атқарады. Әрбір ұлттың я болмаса халықтың өзіне тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және 
рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі – сол халықтың тарихи даму жолының бет-бейнесі. Адамзаттың ой-
санасы толып, таным-түсінігі артқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған материалдық және рухани 
мұралардың тереңіне бойлап зерттеп, оны игеруге деген қажеттілік күн өткен сайын арта түсуде. Бүгінгі 
ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өресі мен сауатын да, ойдың орам-
дылығы мен тілдің құнарлылығын да, материалдық және рухани қажеттіліктердің деңгей-дәрежесін де, 
ең арысы талғамның татымына дейін мәдениеттің аясына сыйғызады [6, 31].
Тіл иесінің көне заманнан қоршаған ортаны игеруіне, тануына қатысты жинақтаған өмірлік тәжірибе-
сі, әлеуметтік-қоғамдық қарым-қатынастарының тұжырымдамасы тілдік бірліктердің ішкі мазмұндық 
құрылымында этномәдени ақпараттар жүйесі түрінде сақталады. Осы байланысты, тілдің паремио-
логиялық қоры – тілдік этномәдени ақпараттар жүйесінің құрамдас бөліктері болып саналады. Өйткені 
олардың мазмұн межесі мен мағыналық құрылымында, ішкі формасында, уәждік негіздері мен аялық 
астарында ұлттың (халықтың, этностың) сан ғасырлық қоғамдық, тарихи, мәдени тәжірибесі көрініс 
тауып, бекітіледі. Сондықтан да әр паремияны дүние (ғалам, әлем) бейнесінің кесіндісі (образ) 
тілдік 
моделі
деп санауға болады.
Паремиялардың денотативтік негізін оқиғалар, фактілер, өмірлік жағдаяттар, іс-әрекеттердің қалып-
күйі құраса, деонтикалық (нормаланған) және аксиологиялық модалділікпен сипатталатын типтік жағдаят 
паремиялардың прототипіне алынады. Ал паремиялардың мағынасы фольклорлық-бағалауыштық салада 


59 
қалыптасады, себебі паремиялардың денотациясы – халықтық рухтағы құндылықтар жүйесіне енудің 
тәсілі 
[
7, 74
]
. Сондықтан да паремиологиялық дүние бейнесінде тілдік ұжымның құндылықтық дүние 
бейнесіне әкелетін 
үзінділері, кесіндісі
(фрагменттері) орын алады. 
Паремиялардың халық даналығын қордалап, тіл иесінің өмірлік философиясының ұстанымдарын 
айқындай алатын, сондай-ақ болмысты онтологиялық категориялар түрінде бекіте алатын әлеуетінің 
арқасында паремиологиялық дүние бейнесінде этностың философиясы да көрініс табады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет