Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


АУРУ АТАУЛАРЫНЫҢ НОМИНАТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ МЕН УӘЖДІК СИПАТЫ



Pdf көрінісі
бет43/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   565
Байланысты:
2

АУРУ АТАУЛАРЫНЫҢ НОМИНАТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ МЕН УӘЖДІК СИПАТЫ 
 

Танабаева Г.Ө.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті, ф.ғ.к.,

Жамашева Ж.Р.
 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті, п.ғ.к.,
 

Абилова М. А.
Ы.Алтынсарин атындағы №17 жалпы орта мектептің мұғалімі
 
Түйіндеме:
Берілген мақалада қазақ тіліндегі ауру атауларының сөзжасамдық уәжділігінің өзіндік 
ерекшелігі қарастырылған. 
 
Аннотация: 
В данной статье рассматриваются названия заболевании, и их словообразовательное 
особенность. 
 
Annotation: 
This article discusses the names of the disease, and their derivational feature.
Біз ауру атауларының сөзжасамдық уәжділігін қарастырдық. Қазақ тіліндегі ауру атауларының 
көпшілігі екі сөздің бірігуі, сөз мағынасының дамуы, сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы 
жасалады. Мұндай ауру атауларының барлығы да туынды сөз ретінде таныла алады. Мысалы: 
сыздауық, 
теріскен, бөртпе, ентікпе, ұстамалы
т.б. ауру атаулары туынды сөз ретінде танылады. Ауру атаулары-
ның көбі синтетикалық және аналитикалық сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалады. Осы тұрғыдан 
алғанда ауру атауларының сөзжасамдық уәжділігін қарастырудың өзіндік мәні мен ерекшелігі бар.
Туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасы болатыны белгілі. Сөзжасамдық мағынаның күрделілігі 
туралы, туынды сөздердің сөзжасамдық уәжділігі туралы профессорлар Н.Оралбаева, А.Б. Салқынбай,
Б.Қасым еңбектерінде айтылады.
Ғалым А.С. Салқынбай «Қазақ тілі сөзжасамы» деген еңбегінде сөзжасамдық уәждемеге мынадай 
анықтама береді: «Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз – екі түбірлес сөздің бірінің мағынасы екіншісінің 
жаңа мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас»
[1, 
99 б.]. Автор уәждеме теориясы ономасиологиямен тығыз байланысты деп қарайды.
Б.Қасым «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым» деп аталатын монографиялық 
зерттеу жұмысында «Күрделі сөздің басты белгілі ерекшелігі – жаңа мағыналы туынды сөз жасауы – 
сөздің ішкі семантикасы, екіншілік мағына беруі. Екіншілік туынды мағына беретін күрделі сөздер жеке 
лексема болады», – деп жазады [2, 32 б.]. Автор күрделі сөздердің жасалуын композитжасам деп алып, 
олардың сөзжасамдық уәжділігін анықтайды.
Кез келген сөздің уәжділігі атаудың номинативтік белгілерімен байланысты болып келеді. Адам 
заттар мен құбылыстарды атау үшін олардың белгілі бір қасиеттері мен сыртқы ерекшеліктеріне қарайды.
Бұл туралы ғалым А.Б. Салқынбай мынадай пікір айтады: «Таным болмыстың қай белгісін маңызды 
деп бағаласа, сол номинативтік белгі арқылы атау жасалады. Сондықтан номинативтік белгілер тілдік 
уәжді (мотивациялық) таңба ретінде таныла алады» [1, 98 б.]. 
Осы аталған теорияны негізге алар болсақ, ауру атауларының қойылуының да өзіндік номинативтік 
белгілері мен уәждік сипаты болатынын аңғаруға болады.
Ауруға ат қою уәжділігінде, ең алдымен, халықтың дүниетанымының, ұлттық дәстүрдің алатын орны 
ерекше. Қазақ халқының өзіндік менталитеті мен дүниетанымында ауруға ат қоюдың өзіндік үлкен 
дәстүрі мен тағылымды жүйесі, жолы бар деуге болады.
Уәжділіктің өзі, түптеп келгенде, қойылатын атаудың негізі, себебі дейтін болсақ, қазақ ұғымындағы 
қойылатын атаулардың да өзіндік себебі болатыны анық. А.В. Суперанская, Н.В. Подольская,
Н.В. Васильева «Общая терминология» деп аталатын зерттеу еңбектерінде бұл туралы былай дейді: 
«номинация, или называние – это процесс, постоянно сопутствующий познанию человеком окружающего 
мира. Чем полнее и точнее познаний, тем детальнее наименование» [3, с. 88]. 
Л.С. Выготский «Избранные психологические исследования» атты зерттеу жұмысында атау кезінде 
кешенді ойлау жүйесінің қызметіне байланысты біз әр түрлі ассоциацияны, атаулардың мағыналарының 
ауысуын анықтаймыз деп жазады [4, 194 б.]. 


23 
Ауру атауларының тілімізде молдығы біздің ұлттық дүниетанымымыздың кеңдігін, тереңдігін таны-
тады. Ал кез келген ауру атауы тура мағынасында уәжделген деп ұғуға болмайды, олар әр түрлі мағына-
лық деңгейде ассоциацияланып, семантикалық жағынан дамып отырады. Ауру атауларының мағыналық 
жағынан дамуы көбінесе метафоралық, метонимиялық сипатта болады. Мысалы: 
есекжем, жыланкөз, 
шешек, көгала, ит емшек, жылауық, бетеге 
т.б.
Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, сөзжасамдық-уәждемелік қатынас тек қана екінші мағына-
лы туынды сөздердің арасында ғана кездеседі. Сондай-ақ, туынды сөз жасалу үшін сөзге, атауға деген 
объективтік тілдік қажеттілік болуы керек. Ұғымды атау үшін, оған ұқсас заттардың белгілері алынады. 
Сөздің құрамындағы себепші негіз бен туынды сөз арасында мағыналық және тұлғалық қатынас 
орнайды. 
Бұл туралы Б.Қасым жоғарыда көрсетілген еңбегінде былай дейді: «Ішкі құрылым – атауды құрас-
тырушы сыңарлардың өзара байланысын сақтайтын тұтас, жүйелі ерекшелігін көрсететін тілдік құбылыс. 
Ішкі құрылым – атаудың міндетті семантикалық ерекшелігі. Ішкі құрылым – атауды: уәждеме процесінің 
құралы, жүйелі ерекшелігі, тұрақты қасиеті, бірліктердің түп-төркінін ашуға мүмкіндік беретін құбылыс 
[59, 136 б.]. Мұндағы ғалымның ішкі құрылым деп отырғаны сөзжасамдық уәждемеге тікелей қатысты. 
Туынды сөзді құрастырушы себепші негіздердің мағынасы арқылы анықталып, жүйелілік ерекшелігін 
анықтайды. Яғни туынды сөздің мағыналық құрылымын анықтайды.
Туынды сөздің мағынасы әдетте өзін құрайтын себепші негіздердің мағынасы арқылы жасалатыны 
белгілі. Бұл туралы сөзжасамды зерттеген барлық ғалымдар айтқан және олардың негізгі тұжырымдары 
да бір-біріне жақын. Ауру атауларының жасалу табиғаты мен ішкі уәжділігі де жалпы туынды сөздердің 
жасалу жолымен жақын болып келгенімен, өзіндік ерекшелігі де бар.

Ауру атаулары уәжділіктің түрлі деңгейлерінде беріледі. Әр зат белгілі бір атауға ие, атау тіліміздегі 


лексикалық бірліктердің негізінде қойылады. Атау уәжсіз, негізсіз болмайды, атауға айналған лексикалық 
бірліктің о бастағы пайда болу кезіндегі уәжіне сабақтас келеді және сол сөздің халықтың таным-
түсінігіндегі қолданылу аясымен байланысты болуына ерекше мән беріледі.
Сөздің ішкі мазмұны мен мәнін ашу үшін оның белгілеп тұрған затпен байланысты анықталуының 
маңызы ерекше. 
Осы мәселе төңірегінде «Сөз мағыналарының негіздері» атты зерттеу еңбегінде Б.Қалиев пен 
А.Жылқыбаева сөз мағынасының өте күрделі құбылыс екенін, әрі сөздің лексикалық мағынасы мен 
грамма-тикалық мағынасын ерекшелеп алу қажеттігін айтады [4, 4 б.].
Сөзжасам саласы атаудың жасалу сипаты мен негізделу жүйесін, туынды сөздің уәжділігін, жасалу 
тәсілі мен жаңадан жасалған атаудың ішкі мағыналық құрылымын анықтайды. Әрбір ауруға берілген ат 
оның атауы болып табылады, әрі олардың көпшілігі туынды сөздер екені де рас.
Уәжділіктің түрлі деңгейлері болатынын зерттеуші ғалымдардың еңбектері мен зерттеулерінен 
кездестіреміз.
Ауру атауларының уәжделу деңгейін талдай келе, оларды былайша жіктеуге болады:
Толық уәжділік негізінде жасалған ауру атаулары; 
жартылай уәжділік негізінде жасалған ауру атаулары; 
жүйелі уәжділік негізінде жасалған ауру атаулары; 
абстрактылық уәжділік негізінде жасалған ауру атаулары; 
абсолюттік уәжділік негізінде жасалған ауру атаулары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет