Keywords:
language person, professional competence, anthropology, methods of anthropology, interactive
technology of language, model of language education, reflection, theory of thinking, connecting subject and
object.
Қоғамдық қарым-қатынастардың барлық аясының ізгілендірілуі заманында адам қарым-қатына-
сының және мәдениеттанудың маңызды құралы болып табылатын тілді оқытудың философиялық
негіздерін анықтау және оны оқыту жүйесінде білім философиясы тұрғысынан қарастырылуы өзектілік
танытады.Білім философиясының проблемалары заманауи парадигма тұрғысынан қоғамдық өмірдегі
модернизациялық өзгерістерге байланысты терең зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар білім философия-
сының теориялық және практикалық жүйеленуі білім берудегі құндылықтардың маңызы мен мәнін
325
рухани жаңғыру аясында толықтай айқындаудың және белгіленудің негізі болатыны сөзсіз.Бүгінгі күні
білім философиясы білім мен дәстүрлі ғылыми формалардың және педагогикалық парадигмаларды
жаңартуды көздейді.Сондықтан да білім философиясының пәні білімнің қызмет етуінің жалпы іргелі
негізі және білімнің дамуы болып табылады.
Жалпы білім беру саясатындағы ХХ ғасырға тән тенденциялар ретінде жүйелілікті, құрылымды-
лықты, функционалдылықты, оңтайлылықты саралану мен интеграцияны белгілейді. Дифференциация
барысында тұтас деп танылған объектінің одан әрі қарай таныла түсуі анықталса , интеграция барысында
алшақ деген ғылымдардың өзінің бірігу, түйісу нүктелері анықталатындықтан, тілдерді оқытуда осы екі
бағытта айқын байқалады.
Қазіргі кезде тілдерді оқытудың маңыздылығында жетекшілік рөл атқарады.Соның ішінде білім
философиясындағы идеяның болмыс пен ойлау қатынасы түрінде анықталатынын, сол идеяның ғылым
салаларында теориялық құрылымдардың негізгі қағидаларын іздеу барысында танылатынын көрсетеді.
Сонда тілді оқыту білім алушы субъект үшін тек қана практикалық дағдыларды қалыптастырумен
шектелмей, «адамның өзгертушілік белсенді қызметінде белсенділіктің күшімен пайда болған идеяның
туындауымен, сол туған идеяның белсенділіктен нәр алатын идея өз кәсіби дамуының әрі қарай
жетелейтін бағыттарын айқындап отыратындығын» ескере отырып, танытуды алға қояды.Білімнің
философиялық тұрғыдан қарастырылуының өзі философияның қазіргі кездегі жеке бейнесі мен
болашақтағы өмір сүруі болып табылады.Философияның қазіргі жағдайы өтпелі және де білім беру
философиясының негізгі нәтижелерін қабылдаушы ғана сала болатын.Сондықтан да философия білім
берудің табиғатына қарамастан, оның алдына мақсат қоюшы бағдарларды анықтайды.Философияда
болып жатқан түбегейлі өзгерістер мен оған енетін жаңалықтар білім беруде де өз көріністерін тауып,
білім берудің модернизациялық негізін жүйелейді.
Кез келген жағдайдағы білім берудегі өзектілік – білімнің мақсаттылығы, сенімнің тәрбиеленуі,
дағдылар мен біліктерді үйрету. Сонда адамның өзгертушілік белсенді қызметінде пайда болатын идея-
лар әрбір маманға тек қана оқу аясында емес, өмірлік қызметінде пайдалана алатын күшке айналды-
рылуы қажет.
Бұл жөнінде пайымдауларды зерделеуде білім философиясында антро-педагогикалық ізденіс
Я.А. Коменскийдің идеялары деп танылғаны белгілі. Я.А. Коменский тәрбиенің және білімнің рөлін
адамдарды адам қылу үшін қажет деп көрсеткен, бұл тұжырым Руссо мен Гельвецийдің де негізгі
ұстанымдары болып табылған және антропо-педагогикалық идея барлық педагогикалық білімнің жалпы
және орталық идеясы болып келгендігі зерттеу еңбектерде талданған.Қандай педагогикалық идеяларды
қарап отырсақ та, оларды жүйелеуде практикалық тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту жолымен ғана
емес, көп жағдайларда бұл мәселеге белгілі бір әдіснамалық көзқарастар тұрғысынан келгенін байқатады.
Бұл бағыттарды оқыту үдерісінде негізге ала отырып, оқыту мен тәрбиелеу барысында тілді оқытудың
болмысын философиялық тұрғыдан тануға, қарастыруға және соның ішінде адамның ерекше табиғатын
тануға алдыңғы орын берілген.Сондықтан да оқыту мен тәрбие ұзақ уақыт бойы философияның құрамдас
бөлігі болып келгені де белгілі. Ұлы философтардың барлығы дерлік жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу
мәселесіне қатысты адам өміріндегі бұл үдерістің аса маңыздылығы, алатын орны туралы тұжырымды
пікірлерін ашық білдірген. Кейіннен философиядан педагогика бөлініп шыққаннан кейін де, ұлы
ағартушылар классикалық еңбектерінде білім беру мен тәрбиені тілмен байланысты философиялық
тұрғыдан қарастырып отырған.Мұның өзі оқыту мен тәрбиенің, тілдің түп тамырын философиядан танып
алуға, тауып алуға болатынын ғана емес, солай болу қажет екенін дәлелдейді. Шын мәнінде педагогика-
лық ой пікірдің қай саласы да философиядан тысқары емес. Білім туралы дискурстағы тағы бір идея
білімнің табиғи күйді сақтау арқылы берілуі болып табылады.Сондықтан да бүгінгі білім философиясын-
дағы негізгі бағыт антропоцентистік бағыт болып отырғанын философтар мен педагогтар, дидактиктер
атап көрсетеді.Осыған орай педагогтардың өзі оқытып отырған білім алушысының табиғатын танып,
оның даму ерекшеліктерін білуі, білім берудегі басты ұстаным ретіндегі қажеттігін дәлелдейді.
Білім беру, тілді үйрету дискурсындағы келесі бір идея – білім алушының белсенділігі. Бұл білім
алушының тұлғасын танып білу және оның табиғи ерекшеліктерін, ішкі әлеуетін мойындау болып
табылады.Қазіргі білім берудегі тұлғалық-бағдарлық қағидаларды ұстану және ол қағиданың педагогика-
лық, әдістемелік тұрғыдан қарқынды зерттелуінің бастаулары болып табылатын аталмыш ұстаным
жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға тілді кәсіби бағдарлы оқытуда да қолданылғаны жөн.
Мұнда қазіргі білім беру жүйесінде белсенді қолданылып жүрген адаптивті оқыту, эвристикалық оқыту,
дамыта оқытуды, интерактивті оқытуды және т.б. атауға болады.
Заманауи білім беру адамды білім бере отырып , кәсіби шеберлікке тәрбиелеу мәселесін қарастыра-
ды. Білім философиясы әртүрлі өмір саласындағы білімдерді интеграциялау және ассимилияциялау
326
негізінде жаңа мазмұндық сапасы өзгередіде сипаттау түсіндіру, прогностикалық, қайта қалыптастыру-
шылық функцияларына ие болады. Сондықтан да білім философиясы өзінің біртұтастық және
интегративтік қасиетіне қарай білімнің бір ғана немесе бірнеше қырына деген қатынасы болуы мүмкін.
Қазіргі кезде білім берудің классикалық түрінің бүгінгі күні қоғамдық сұранысы төмендеп бара жатқанын
ғалымдар атап көрсетеді.Осыған байланысты заман талабына сай жаңа педагогикалық және философия-
лық идеяларды табудағы ізденістер жүргізілуде.Қазіргі кездегі білім жүйесінің реформалануына деген
көптеген көзқарастардың пайда болуы да аталған мәселелерді зерделеуді қажет етеді.
Білімді реформалауға арналған жалпы білім концепцияларының құрылуы, жаңа бағдарламалардың
жасалуы, ғылыми білімді ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестірудің жүргізілуі қазіргі заман
талабына сай білім беруді қалыптастыруды көздеп отыр. Соңғы жиырма отыз жылдықта білім беру
философиясы пәні қарқынды дамып, оның төңірегінде жаңа педагогикалық идеялар талқылануда, соның
ішінде білімді болу идеалы, білім беру мақсаты, педагогикалық жүйелер тарихы, философияның білім
беруге әсері сияқты іргелі мәселелер қаралып, зерттелуде.
Тек қана философия арқылы халық өзінің тағдырын таниды, болашағын құруды мақсаттайды.
Қазіргі білім жүйесі тұлғаны тәрбиелеу емес, В.С. Библердің талдауында біліммен жұмыс істей алу қабі-
леті және интеллектуалдық дамуды көрсететін «мәдениет адамын» қалыптастыру мақсатын міндет-
тейді.Осыған байланысты бүгінгі күнгі білім алушы субъект ғылыми білімнің құрылымы мен сипаты
туралы мүлдем басқа ақпарат алып отыруы тиіс.Бұл берілетін білім сонымен қатар жан – жақты және де
білім алушының бойында тұлғалық, когнитивтік, эмоционалды еріктік, методологиялық, әдістемелік
топтарда ғана қалыптастыруды керек ететінін педагогтар тиімдірек деп көрсетеді.Педагогикалық
тәжірибенің міндеттері қазіргі білім философиясы арнасында жаңғырып, білім алушының шығармашы-
лық әлеуетінінің қалыптасуының негізінде жататын кәсіби тілдік тұлғаның қызметтік құндылық мәндік
уәждерінің қалыптастырылуына бағытталуы қажет.
Қазіргі таңда ЖОО-да тілді оқытудың жүйесінің құрылымын, функциясының элементтері мен негізгі
компоненттерін айқындау өзекті мәселелердің бірі. Тілді оқыту жалпы кәсіби білім беру жүйесінің
негізінде қарастырылуы тиіс.
Тілдік білім беру жүйесінің құраушылары мен компоненттері тілдік білім берудегі институционалды
т.б. берудің элементі біз үшін жоғарғы оқу орындарындағы орыс тілді бөлімдердегі қазақ тілі пәні болса,
тілдік білім берудегі институционалды тілдік білім беру жүйесінің элементі ретіндеқазақ тілі тұрмыстық
деңгейде қарым-қатынас жасау жүйесі алынады. Тілдік білім беру жүйе ретінде қызмет етеді, дамиды.
Оның белгілері бір деңгейде қызмет етуі жоспарланған нәтижелерге және айқындалған мақсаттарға
жетеді. Жоғарыда көрсетілген тілдік жүйенің кіші жүйесін құраушы элементтеріне келетін болсақ,
олардың барлығы нақты мақсатпен күтілетін нәтижеге жетеді және табысты тілдік білім қалыптастырады.
Тілдік білім беру зерттеудің күрделі нысаны болып табылады. Мысалы, ЖОО-да қазақ тілінен білім
берудің институционалды білім беруден тыс жүйесін алатын болсақ, онда бұл кіші жүйенің тілдік білім
беру жүйесіне тыс кетіп, басқа бағдар ала алмайтынын көруге болады. Өйткені институционалды тілдік
білім беру мен одан тыс тілдік білім беру бірін бірі толықтыру арқылы ғана қарастырылып талданады.
Қазақ тілін оқытудағы тілдік білім беру жүйесі аясында қарастырылғанда, оның жалпы білім беру
жүйесінің құрмдас бөлігі ретінде онда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды ескеріп отыруы қажет
екенін көреміз. Өйткені білім берудің өзі қазіргі кезде орталықтандырылған жабық жүйеден жаңалық-
тарды жедел енгізе алатын, зерделенген білім беру қызметін көрсетуге бет бұрған ашық жүйеге айналып
отырғандықтан білім алушы бұл жүйеде таңдау құқығы бар субъект ретінде қарастырылады. Яғни кез
келген білім алушы субъект өзінің жағдайы мен қабілетіне, мүддесіне , қызығушылығына қарай білім алу
троекториясын таңдайды [1.57]. Білім алушының ішкі қабілеті мен мүддесіне қарай білім алуы туралы
пікірлер қазіргі дидактикамен педагогикада кеңінен қарастырылып, тәжірибе жүзінде іске асырылып жүр.
Тілді андрогогтарға оқытуда мұндай тұжырым тілдік білім берудің акмеологиялық, аксеологиялық,
логикалық тұрғыдан қарастырылады [2.29]. Осы тұжырымға сәйкес қазіргі таңда білім беруде өзекті
болып табылатын антропоцентристік бағытты ұстану тілді оқытуда өзінің толық орнын табуы тиіс.
Антропоцентристік бағыттың барлық білім мен ғылым саласына енуін «барлық әлеуметтік үдерістердің
адам өмірінің құрылымының өзі басталып, келіп тіреледі. Өйткені әлем тек адам айналасында қозғалады»
деп тұжырымдайды ғалымдар [3.17]. Тілді ЖОО-дағы антропологиялық мәселелерді, біріншіден, білім
алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың келешектегі елдің әлеуметтік экономикалық жүйесін
құраушы жұмыс күші ретінде қарастыру керек. Білім беруде антропологиялық қағидаларды ұстану
дегеніміз қоғамдық даму мен барлық әлеуметтік қалыптастырулардың өлшемі, адам өресінің дамуы,
шығармашылық қуатының көбеюі, рухани адам күшінің өсуі болып табылады. Осыған байланысты
ЖОО-да білім алушылар әлемдік адами құндылық ретінде танылып, оған берілетін білімге, оның
327
қабілетіне қарай бейімдеп, кәсіби маман болған кезінде тілдік білімді шығармашылық пен рухани
байланыстырып, дамытатын адам құндылықтары жоғары болуын қамтамасыз ету міндеті қойылуы
керек. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында жүйелі талданып, ұлттық
кодпен байланыстырыла қарастырылып, «Цифрлы Қазақстанның» алдағы уақыттағы айқындалған
міндеттерімен сабақтастырылады.
Адам өз еңбегін оңтайландыру және өзіне бейімдеу мақсатын көздей отырып жетістікке жетеді.
И.Канттың антропологиялық дидактикасыеың негізінде педагогикалық антропологияны зерттеуші
ғалымдардың адамзаттың еңбекті оңтайландыру жолындағы жетістіктерін төмендегідей тұжырымдайды:
«қоршаған ортаның күшті қуат көздерін пайдалану барысында адамдардың энергетикалық функция-
ларының орнына технологиялық функциялар келді. Автоматты басқару машиналары мен жабдықтардың
технологиялық функциялары техникалық құралдар арқылы жасалады, ал адам тек қана оны басқарушы
болып отырады. Осы адам еңбегінің реттеуші – бақылаушы функциясы кибернетикалық құрылғылар
арқылы автоматтандырылады, соның нәтижесінде дене еңбегінің орнына ақыл ой еңбегін автоматтан-
дыру келді. Дегенмен де кез келген автоматты реттеу жүйесінде адам шешуші роль атқарады. Сондықтан
да ең жетілген машина жасауда адам мен машинаның өз ара сәйкестіктері ескеріледі. Осыған байланысты
адам қызметінде техникалық және антропологиялық ғылым тоғысады. Осы екі ғылымға қазіргі кезде
есептеу техникасы, цифрлық технология қосылады» [4.17]. Бұл көзқарастар мен зерттеу нәтижелері
рухани жаңғырудағы прагматизм мәселесімен тікелей байланысты қарастырылып, болашақтағы білім
берудің жаңа бағыттарын айқындайды.
Қазіргі кезде тілдік білім беруге антропологиялық тұрғыдан қарау тұлғаның дамуының көпфакторлы
бастаулары мен дамуына баса назар аударылғаны ерекшеленіп отыр. Осыған байланысты педагогикалық
антропологияда мына қағидалар белгіленген:
-
адам – бастапқы категория ал қалған, категориялар алғашқысынан шыққан, адамның мәнін түсін-
діретін және сипаттайтын функциясы бар категория болып табылу қағидасы;
-
адамның біртұтастығы және дербестігі қағидасы;
-
онтологиялық қағида тілдік тәрбиені адамның түпкі мәнінің модулы ретінде қарастырады, ал
тәрбиенің өзі бұл жерде онтологиялық категория болып табылады
-
тәрбие мәнін мәдениеттің жалпы адамзаттың, нақты тарихи және ұлттық компоненттерінің өзара
әрекеттесуі ретінде қарастыру қағидасы.
Педагогикалық антропологияның әдістеріне сүйене отырып, кәсіби қазақ тілін арнайы оқу
орнындарында оқытудың антропологиялық ерекшеліктерін айқындау , зерттеу маңызды. Педагогикалық
антропологияда қолданылатын зерттеудің әдістері жалпы ғылыми сипатта келеді. Көптеген зерттеу
әдістерін талдау арқылы оларға сәйкес тілді оқытудағы антропологиялық ерекшеліктерді айқындауға
бағытталған мына негізгі әдіс тәсілдерді бөліп көрсетуге болады:
-
педагогикалық үрдісті адамның түпкі мәндік сипаты тұрғысынан талдайтын интерпретация әдісі.
Бұл жерде педагогикалық антропология синтезді герменевтика (интерпретация) көмегімен іске
асырылады .
Интерпретациялау бір нәрсенің мазмұнын, мағынасын ашу болып табылады.
-
сәйкестендіру (идентификация) философиялық антрополиялық тұрғыдан өзге де адамтану дерек-
терге тәлім мен тәрбие әдістерінің апробацияланған деректерін нақтылау мен синтездеу моделі қолда-
нылады. Сондай-ақ қазақ тілін ЖОО-да оқытуда антропологиялық педагогикада қолданылатын әдіс-
терден бақылау, казусты әдіс, өмірбаяндық әдіс т.с.с.
Арнайы оқу орындарында тілдерді оқытудың антропологиялық мәселелерін қарастыруда тілді оқыту
мен үйренушінің психофизиологиялық қырын қарастыру маңызды болып табылады. Соның ішінде
қалыптастырылатын тілдік білімді қолдана білуге үйрету психофизиологиялық тұрғыдан адам миының
белсенділігін кеңістік – уақыттық ұйымдастыруды қалыптастыру жағдайын қарастырады. Осының
негізінде оқыту үдерісінде қабылданған жаңалықты тілді үйренуші жаңа жағдайға сәйкес пайдалана
білуді қамтамасыз етеді. Үйретудің психофизиологиялық теориясы организм мен ортаның үйрету үдері-
сіндегі өзара әрекеттесуін сипаттап, олардың нәтижелерінің ми белсенділігін ұйымдастыруда өзгертуде
көрінуін сипаттайды. Осыған сәйкес үйретудің психофизиологиялық теориясының инструктивті,
инструктивтік – іріктеу түрлерін анықтайды [5.314].Олардың әрқайсысының тілді оқытудағы маңызын
ашып көрсетілуі тиіс мәселелер болып табылады. Қалыптастырылған білім белгілі бір жағдайда қолда-
нылуын қамтамасыз етуші фактор тіл үйренушінің сол уақыт пен кеңістіктегі ми белсенділігін ұйым-
дастыру білігі мен дағдысы деп айтуға болады.
Қазақ тілінің бірліктерін, игерілген айтылымдарды, толық мәтіннің нақты жағдаяттарда дұрыс
айтылуын қалыптастырылуы қазақ тілін оқытудың антропологиялық қырын тани отырып, ұйымдасты-
328
рылатын жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін жасау, олардың теориялық негіздерін анықтау – қазақ
тілін оқыту әдістемесінде кенже қалып отырған мәселе. Бұл мәселенің толыққанды және жан-жақты
қарастырылуы тілді оқытуда белгілі мақсаттарға жетуде үлкен көмегін тигізері анық. Педагогикалық
антропологияда адамға дене бітімі мен анатомиялық құрылымы физиологиясы , әлеуметтік рөлі мен
мәртебесі бар және де мәдениет көрсеткіші таратушы жеке тұлға деген анықтама беріледі. Сонымен қатар
философиялық антропологияда еркін, тәуелсіз, өзбетінше өмір сүретін объективті шындыққа шығарма-
шылық тұрғыдан әсер етуші ретінде қарастырады. Сондықтан да еркіндік – адам болмысының маңызды
сипаттарының бірі болып табылады. Мазмұндық жағынан ол өзін-өзі дамыту, өз жолын өзі айқындау,
өзін-өзі іске асыру сияқты қасиеттерді қосады. Осыған орай, адамның дамуы мен білімі туралы мәселеде
қарастырылатын аталмыш қасиеттер алғашқы орында тұрады. Адамды қазіргі ғылыми позицияларды
қарастыруда оның толық психикалық қызметі толық ескеріледі. Бұл жағдайда адам миының биохимия-
лық, молекулярлық үдерістері сөйлеу және ойлау үдерістеріне бейімделгенін айқындайды. Өз кезегінде
бұл адам психикасын қалыптастыратын алғашқы көрсеткіштер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |