Тақырып № Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері Сабақ мақсаты



бет15/37
Дата28.04.2020
өлшемі156,33 Kb.
#65082
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Ортақтасу моделі

Субъект1Субъект-2
2. Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) Құралдар көмегімен жасалынатын толық психолдогиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

3. Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. с адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.

4. Тұлғааралық ортақтасу – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:

қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

5. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контактары.

Мысалы: стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар - жанамаортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.

6.Персонааралық ортақтасу - ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттарды (чемпиондар, ғарышкерлер, президент тер).

7. Рөлдік ортақтасу- белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші-көрші, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерде байланысты қоғамда өз орын табады. Сол рөлдерде орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет