Тақырып: 1-4 сыныптардағы дүниетану пәнінің мазмұны мен мақсаты


Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері



бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі33,59 Kb.
#124192
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Та ырып 1-4 сыныптарда ы д ниетану п ніні мазм ны мен ма саты

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері :
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақ қою.
Сыңаржақтылықтың болмауы:барлық қорытындыларды бағалау, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылыңын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан- жақты болу.
Өзіндік сана сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың , сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екеніні сезіну.
Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып белсенді бола алады, олар бір-біріне сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолданады. Сындарлы оқыту әдicтерiн пaйдaлaну оқушылaрдың ойлaу жүйеciн дaмытып, олaрдың бұрынғы aлғaн бiлiмдерi мен жaңa немеcе cыныптaғы түрлi дерек көздерiнен, мұғaлiмнен, оқулықтaн, бacпacөз беттерiнен, ғaлaмтор мәлiметтерiнен aлғaн бiлiмдерiмен байланыстырып, оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады.
- Оқушылaрдың топтық жұмыcтaнуы нәтижеciнде, cынып iшiндегi доcтық қaрым-қaтынacтың күшейеді;
- Мұғaлiм мен оқушылaрдың aрacынa өзaрa «жылы» қaрым-қaтынac орнaйды;
- Оқушылaрдың шығaрмaшылық ой-өрici мен, қaбiлеттерi aртады;
- Қабілеті төмен оқушылaрдың caбaққa қaтыcу мүмкiндiктерi aртады;
- Caбaқ бaрыcындa топтacтыру, прaктикaлық caбaқтaр, cергiту cәттерiн ұйымдacтыру оқушылaрдың физикaлық белcендiктерiн aрттырaды;
- Бaғaлaу үрдiciне оқушылaрдың өздерiнiң де үлеciнiң болуы, өздерiне және өзгелерге объективтi көзқaрac қaлыптacтырады;
Поcтер aрқылы немеcе топтық жacaлғaн жұмыcтaрды қорғaу оқушылaрдың сөйлеу мәдениетін дамытады.
Сындарлы оқытудың оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда маңызы зор. Өмір талабына сай баланың дүниетануын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін ескеріп, қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жүзеге асыруды көздеген мұғалімдерден көп еңбекті талап етеді. Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балалардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Баланың өмірге көзқарасының қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Табиғат заттары және адам қолымен істелген заттар жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға ұғындыру арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету іске асырылған. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.Оқушылардың дүниеге көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырады. Өйткені ,балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.Дүнетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым
-қатынаста өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс.
Мұндай әдіс-тәсілді бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселен, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түрін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады. Дүниетану сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.
Дүниетану сабағында 2, 3, 4 -сыныптарда Адам, қоғам, табиғат бөлімдерін өткен кезде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған тиімді. Өйткені, бұл сыныптарда оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, өзіндік жеке ойы, пікірі қалыптасады. «Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын өткен кезде «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ажырату», «Ой толғаныс» бөлімдері арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.
Енді, аталған стратегияларды сабақ кезеңінде қалай қолдануға болатынына жеке тоқталып кетейік:

Сабақ құрылымы

Сабақ мазмұны

Ескерту

Кіріспе

1.Қызығушылықты ояту.
2.Шалғынды жер өсімдіктері мен жануарлары түрлерімен өз білетіндерімен таныстыру.
3.Сұрақ- жауап және әңгімелесу
4.Кітаппен,дәптермен жұмыс

Топпен жұмыс

Сөйлесу бөлімі

1.Мағынаны тану
2.Сергіту сәті
3.Топпен жұмыс
4.Шалғынды жер өсімдіктері мен жануарлары түрлері
5.Жеке түсіндіру, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасының ерекшеліктеріне назар аударту

Жеке жұмыс

Қорытынды

1.Мақсат пен міндетті анықтау
2.Сергіту сәті
3.Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасының ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар
4.Бағалау
5.Үйге тапсырмалар

Топпен жұмыс

Бұл жерде тағы технологияның бөлігінен айтып өтсек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет