Тақырып 1: «Зертханалық жұмыстарды орындау техникасы»



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата10.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#162215
түріПрактикум
1   2   3   4
Байланысты:
Практикумны барлы кезе іне студентті т ра ты ж мыс орнын

1.4.
 
Алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі 
 
1.
Күйік жағдайында (горелка жалыны немесе қызған нәрсе) күйген жерді 
концентрлі калий перманганаты ерітіндісімен жуу, одан да жақсы болады егер 
де осы жерді калий перманаганаты кристаллдарымен сүртсе, тері қоңырланса, 
немесе күйікке (қобдишадан) сұйықтыққа батырылған дәкемен орау. Күшті 
күйік кезінде тез арада дәрігерге көріну қажет. 
2.
Күкірсутегімен, хлормен, бром буымен, азот оксидімен, көміртегі (ІІ) 
оксидімен уланған кезде тез арада зардап шегушіні таза ауаға шығару және 
жедел дәрігерді шақырту қажет.
3.
Егер бетке немесе қолға қышқыл шашырап кетсе, бірден оны сумен жуу, 
содан кейін зақымданған жерді соданың сұйытылған ерітіндісімен шаю. Сілтіні 
сол жердің майсағы кеткенше сумен жақсылап жуу. Содан соң оны 2%-дық 
сірке қышқылының ерітіндісімен сүртеді. 
1.5.
 
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар 
 
Шыны ыдыстарға қойылатын негізгі талаптар химиялық және термиялық 
тұрақтылығы болып табылады. 
Зертханалық практикада белгіленген ыдыстар кең қолданылады – шыны, 
пластмасса, фарфорлы, металдық. Кейбір ыдыс түрлері сурет 1 көрсетілген. 
 
Шыны ыдыстар 
 
Кәдімгі және калибровкалы 
колбалар
(сурет 1) аздаған көлемде тәжірибе 
жүргізу үшін пайдаланылады. Реактивтер көлемі колбалар көлемінің 
жартысынан аспауы қажет.
Кәдімгі және калибровкалы шүмекті және шүмексіз 
зертханалық 
стакандар
(сурет 2) әртүрлі зертханалық жұмыстарды орындау үшін 
белгіленген. 


Сурет 1 - Сынауықтар: 
а- кәдімгі; б- калибровкалы; в-микро-, г- конустық центрифугалы 
Сурет 2 - Химиялық стакандар: 
а-шүмекті; б - шүмексіз; в – калибровкалы 
Реторттар
(сурет 
3) 
әртүрлі 
препараттық жұмыстар 
үшін 
пайдаланылады: әртүрлі материалдардан ылғалды күлдік, қышқылдар алу және 
т.б. 
Сурет 3 - Реторттар 
 
Жалпақ түпті, дөңес түпті, конус тәрізді колбалар 
әртүрлі көлемде 
(сурет 4 а, б, в) зертханалық практикада кеңінен қолданылады.
Вюрц колбасы 
(сурет 4 г) атмосфералық қысымда сұйықтарды айдауға арналған, газдарды алу 
үшін пайдаланады. 
Сурет 4 - Колбалар: 


а – жалпақ түпті; б – дөңес түпті; в – конус тәрізді; г – Вюрц колбасы 
Химиялық құйғылар
(сурет 5а) сұйықтарды құюға және сүзуге арналған; 
тамшылап құятын құйғылар
(сурет 5 б) – аздаған порциямен сұйық 
реактивтерді реакциялық ортаға аздаған мөлшерде аздап, тамшылатып құюға 
арналған; 
бөлгіш
(сурет 5в) – араласпайтын сұйықтарды бөлуге (экстракция) 
арналған. 
Сурет 5 - Құйғылар: 
а – химиялық; б – тамшылап құятын; в – бөлгіш 
 
Мұздатқыштар 
(сурет 6) экстракция және басқа процестерді айдау 
кезінде қолданылады.
Кристаллизаторлар 
(сурет 7)
 
қаныққан ерітіндіден кристалдарды алу 
үшін, су астынан газдарды жинау және басқа мақсатта тәжірибе жүргізілгеннен 
кейін ерітінділерді құю үшін қолданылады. 
 
Сурет 6 - Су мұздатқышы Сурет 7 - Кристаллизатор 
Сурет 8 - Эксикатор Сурет 9 - Вакумда сүзуге 
арналған колба (Бунзен колбасы) 
Эксикаторлар (ылғал сорғыш) 
(сурет 8) ауадан ылғалды жеңіл сіңіретін, 


заттарды сақтау және кептіру үшін қолданылады. Эксикатордың төменгі 
бөлігін су сіңіретін заттармен толтырылады (күйдірілген кальций хлориді, 
силикагель, фосфор (V) оксиді, концентрлі күкірт қышқылы). Астында сіңіретін 
фарфорлы жинағышқа бюкстерді немесе тигельді заттарды орналастырады.
Вакумда сүзуге арналған колба
, (Бунзен колбасы, сурет 9) жұмыс алдынан 
сызат, жарық, болмауын тексеру қажет. 
Жуғыш ыдыстар 
(сурет 10 а, б, в), белгілі ерітіндімен толтырылған, 
газдарды кептіру үшін қолданылады. 
 
Сурет 10 - Жуғыш ыдыстар: 
а - Тищенко ыдысы; б – қос түтікті ыдыс; в - Дрексел ыдысы 
Газдарды кептіру (сурет 11) үшін сондай-ақ хлоркальцийлі бағаналар 
қатты кептіргішімен (сусыз кальций хлориді, қатты улы сілті, натронды әк – 
натрий мен кальций гидроксидінің қоспасы, фосфор оксиді және т.б.) 
қолданылады 
Сурет 11 - Хлоркальцийлі түтікшелер: 
а – U тәрізді тығын асты өткізгішімен; б – тікелей тығын асты бір шарымен; в - 
жалғағыш 
 
Кипп аппараты 
(сурет 12) әртүрлі газдарды алу үшін қолданады. 
 
Мензуркалар 
(сурет 13) сұйықтардың көлемін өлшеу үшін қолданады.

 
Тамшылатқыш
(сурет 14) тамшыдан аздаған көлемде реактивтермен 
жүргізу үшін пайдаланылады. Зертханалық практикада олар әртүрлі индикатор 
ерітінділерін сақтау үшін қолданылады (фенолфталеин, метилоранж, лакмус 
және т.б.) 
 
Өлшеуіш колбалар
(сурет 15) дәл концентрациялы әртүрлі көлемдегі 
ерітінділерді дайындау үшін пайдаланады.


Сурет 12 - Кипп аппараты Рис 13 - Мензуркалар 
Сурет 14 - Тамшылатқыш Сурет 15 - Өлшеуіш колба 
Ыдыстарды бекіту үшін жұмыс кезінде зертханалық металдық тұрғылар 
(сурет 16) пайдаланылады. 
Сурет 16 - Зертханалық тұрғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет