Тақырып №5. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі



Дата07.02.2022
өлшемі37,71 Kb.
#82344
Байланысты:
Санай Молдир ППК


Тақырып №5. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі

Жоспар


  1. Дүниетанымның негізгі компоненттері, құрылымы, қалыптастыру жолдары.

  2. Тұлғаның құндылық бағдары.

  3. Дүниетанымды қалыптастырудың қазіргі кездегі мәселелері.



Практикалық тапсырмалар
1 тапсырма
Әр түрлі педагогикалық әдебиеттерден «дүниетаным» ұғымына анықтама жазып алыңыз, жазған анықтаманы түсіндіріңіз.
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгерші және эсттика көзқарастар көп эсер етеді. Ғылыми білімдер Дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат заңдылықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар, ғылым адамдарды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты арқылы тануына жағдай жасайды.Дүниетаным - адамдар ме, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдение категорияларының жүйесі көрініс тапқан.


2 тапсырма
Дүниетанымның құрылымын схема түрінде көрсетіңіз Дуниетаным


Адам Қоғам Табиғат
3 тапсырма
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда ғылыми білімдердің маңызы қаншалықты? Өз ойыңызды жазыңыз___Ғылыми дүниетанымның ағартушылық функциясының мәні – ол қоғам және табиғат әлемін адамға түсінікті етеді, білімді сана қалыптастырады, әлеуметтік және саяси қате түсініктерден сақтайды.
Тұлғаның қабылдаған көзқарастары мен сенімдері онда белгілі бір моральдік қасиеттердің қалыптасуына, қоршаған шындыққа деген қарым-қатынас қалыптастыруға негіз болуы ғылыми дүниетанымның тәрбиелік функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Ал дүниетанымның дамытушылық функциясының мәні дүниетанымның мазмұнын игеруге арналған ішкі рухани жұмыс тұлғаны белсенді ойлау іс-әрекетіне тартуында.
Ғылыми дүниетанымның ұйымдастырушылық функциясы оқушыларды практикалық іс-әрекет жүйесіне тартудан көрінеді.
Ғылыми дүниетанымның болжамдық функциясы қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын игеру негізінде іске асырылады. 
Ғылыми дүниетаным тұлға қалыптасуында адамгершілік, эстетикалық және т.б. бағыттарда дамуының негізі, орталығы болып табылады.
Дүниетаным адам санасының жоғары формасы, оның қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Сонымен қатар осыған байланысты адамдардың негізгі өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.
цйф

4тапсырма
Сіздің дін туралытүсінігіңіз қандай? Қазіргі жастар дінді дұрыс түсіне ме?
_________________________________________________________Педагогика ғылымы оқушы тəрбиесінің мазмұнына енетінін ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мəселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты. Дуниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде əдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның — бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс — болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс мəнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика — таным негізі, ақиқат критерийі. Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пəңдері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-əрекетімен сипатталады, іс-əрекеттің мақсаты — оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-əрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет