Тақырып: Қарым-қатынастар. Жауапты іс-әрекет Мақсаты


Сексуалды қатынасқа түсу уәждемелері



бет3/3
Дата07.12.2022
өлшемі29,32 Kb.
#161755
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
30.11.2022ж Валеология

Сексуалды қатынасқа түсу уәждемелері.
Әр топ талқылауға және бозбалалар мен бойжеткендердің сексуалды қатынасқа түсуінің уәждемелерінің тізімін құрау тапсырмаларын алады.
Мысал тізім:
• күшті сексуалдық әуестік;
• махаббат;
тәжірибенің жинақталуы;
• көңіл көтеру;
әуесқойлық;
• серігін ұстап қалуға ұмтылу;
өзін-өзі тану;
• балалы болу тілегі;
отбасын құру мақсаты;
• «бәрі сияқты болу» тілегі;
• мәжбүрлеу;
• ақша табу тілегі.
Пікірталас. Отбасыішілік қарым-қатынас.
Төмендегі сұрақтарды талқылап көріңіздер:
1. Сексуалды өмір мен жыныстық қатынастардың мәселелері отбасына қандай әсерлерін тигізуі мүмкін (мысалы, АИТВ-оң статусын, қажетсіз жүктілікті мойындау, бір жынысты сексуалды қатынасқа түсу)?
2. Егер отбасының жас мүшесі өзінің АИТВ-оң статусын немесе жүктілігін хабарлағанада, келісімді некеден бас тартқанда немесе өзінің сексуалды бағдарын ашық айтқанда отбасы мүшелерінің рөлі өзгеруі мүмкін бе?
Интернет ресурс сілтемесі:

  • http://ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf

  • http://ctipo.kz/assets/userfiles/files/Metodicheskie_rekomendasii/Valeologia_kaz.pdf



Сұрақтар мен тапсырмалар
Жаттығу. Дос туралы мақалдар мен мәтелдерді білеміз бе
Шешім қабылдауға арналған жағдайлар.
1. Бұл топта бірінші рет болып тұрған жасөсіпірімге құрдастары алкогольдік сусын ішіп көруге қатысуын ұсынады.
2. Құрбысы қызға гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін пирсинг жасатуға көндіреді.
3. Болат пен Светаның танысқанына бірнеше күн болды. Бозбала бойжеткенге қала сыртындағы саяжайға барып, екеуі сонда демалуын ұсынады.
Әр жағдайды талқылауы керек, сонан соң, шешім қабылдау қадамдарын талқылап, ортақ шешім қабылдаулары қажет.
4. «Достық және махаббат» тақырыбындағы эссе жазу.(12-15 сөйлем)

  1. Достықтың махаббаттан қандай айырмашылығы бар?

  2. Махаббатсыз достықтың болуы мүмкін бе?

  3. Достықсыз махаббат болуы мүмкін бе?

  1. «Достық» және «Махаббат» тақырыбына синквейндер құрастыру.

6. «Сенің түсінігіңдегі достық» атты сауалнаманы толтыруды ұсынады:
1. Дос деген кім?
2 .Достық деген не?
3. Дос адамға не үшін қажет?
4. Достық қандай міндеттерді қояды?
5. Сендерде достар бар ма?
6. Сендерді не біріктіреді?
7. Сендер өздеріңде қандай достардың болғанын қалайсыңдар?
8. Сендер өз достарыңнан нені күтесіңдер?
9. Сендер өз достарыңның бойындағы қандай қасиеттерін көбірек бағалайсыңдар?
10. Адамның қандай кемшіліктері достықпен келіспейді?
11. Достықты іздейді ме әлде күтеді ме?
12. Сендердің достық идеалдарың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет