Тақырып. Билік: түсінігі және мәні, және балансы, нысаналары және түрлері



бет11/26
Дата08.05.2020
өлшемі43,56 Kb.
#66589
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Билік

Келісім функциясы. Бұл функция биліктің маңызды функцияларының бірі. Билік төреші рөлін орындай отырып, дербес орган ретінде субъект-субъектілік қатынастар жүйесінде әрекет етеді.

  • Баскару функциясы. Бұл функция біріктіруші сипатқа ие. Ол белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталып өткен функциялардың барлығын қамтығанымен, олардың бірдебіреуіне жатпайды. Олар тұтастай басқару процесінің сәттері, тараптары ретінде байқалады. Билік — басқарудың өзегі, басқару жауапкершілігін көтеретін оның белсенді әрі әрекетшіл бастамасы.

    Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады.

    Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды  және  олар өкілеттікті қолға  алып,  ресми түрде  әрекет істейді.

    Билік әртүрлi түрде қолданады:

    1. билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс icтeyге
      мәжбүр етеді)

    2. билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады)

    3. билік, басшының ықпалы негізінде, кең білімді

    4. билік, басшының жеке қасиеттінің күшімен орнаған

    5. заңды билік, дәстүрлі, сатылы бағыну.

    Басшы осы жоғарыдағы биліктің сипаттамасының көмегімен бағыныштыралын жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге бағыттайды. Осыларды жетекшіде қилданады, бірақ олар көбінеce қарама-қарсы бағытта, мақсаттың орындалуына кедергі жасау үшін.

    Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.


    Билік балансы. Тәуелділік концепциясы билік туралы кең тараған тағы бір пікірді теріске шығарды. Көптеген адамдар билік бір адамға екінші бір адамның сезімдері, ойларына қарамастан, ықпал етуге мүмкіндік береді деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен ғана анықталады. Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіктерінің деңгейімен емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесімен анықталады.

    Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның билігі де үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады:

    - билік берілген А адамның Б адамға ықпалының деңгейі, Б адамның А адамға тәуелділік деңгейіне тең болады. Міне, осы билік балансы деп аталады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет