Аталған функцияның мақсаты- басқарушы мен басқарылушы жүйелерді, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру. Ұйымдастыру еңбекті мамандандыру мен бөлісуді құрай отырып. Адамдар еңбегінің тиімділігін арттырады.
Жалпы ұйымдастыру функциясында мынадай біршама дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді бөліп көрсетуге болады:
Басқару жүйесін ұйымдастыру:
Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру;
Басқару субъектісінің ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру.
Басшының ең басты міндеті өзіне бағынышты қызметкерлерінің күш-жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге және оларды мейлінше жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуіміз қажет.