4. Ақпарат құралдарын айтады. Олардың кәзіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алатын орны зор.
5. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Саяси билік қайсыбір белгілермен сипатталады:
А) жариялылық – жалпыға ортақ және өзгешеліксіз, әдетте, ол барлық азаматтарға арналады;
Б) басқарудың мемлекеттік және мәжбүрлеу аппаратының болуы;
В) істерге араласушылық – саяси биліктің барлық қоғамдық процестерге және қоғамның тіршілік қызметтерінің барлық салаларына араласушылығы;
Г) бір орталықтық – шешімдер қабылдаудың бірыңғай орталығының болуы;
Д) ресурстардың саналуандығы – мұның биліктің басқа түрлерінен айырмашылығы болады, өйткені ол билік ресурстарының барлық түрлерін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |