Тақырып: Білім беру жүйесінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес»



бет2/3
Дата20.04.2022
өлшемі58,99 Kb.
#140167
1   2   3
Байланысты:
мақала Жасузакова А
Документ Microsoft Word, келісім-шарт психолог, 10 кл бжб №2, Possessive-Pronouns-W1-WD-DONE-ucqmth, transfer-receipt-13 9509012264, 4-тоқсан қорытындысы отчет, 15 жастағы оқушы тізімі Динаға, 2 тапсырма Кистаубаева Назира, 3 тапсырма Кистаубаева Назира, 17 тапсырма.Ишан туралы, Анар апайға жалғыз ата-анасымен тұратын оқушылар жайлы мәлімет, 4-тоқсан 2022, KZ222172172946Kz, Қазақ әдебиеті ережелері
»,- деп кейінгі ұрпағына өнегелі өсиетін айтып кеткен.
Патриоттық тәрбие бұл бүкіл ұлт болып атқаратын тәрбие бағыты, ешкім де бұдан шет қалмауы керек. Отбасында ана сүтімен бала бойына сіңе бастаған ұлттық сезім одан әрі дамып, бала бақшада жалғасын табуы тиіс.Ал орта білім беретін мектептер патриоттық тәрбие берудің ең негізгі баспалдағы дер едім. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да мақсаты ұлттық құндылықтарды жандандыра отырып ,кейінгі ұрпақты өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімінде тәрбиелеу, әлемдік мәдениет пен экономикада ұлттық кодымызды дамытып , халқымыздың ерекшелігін сақтауды ұсынып отыр.
Жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу оқу және тәрбие беру процесі барысында жүзеге асырылады. Балада ұлттық сана мен ұлттық сезім қалыптастыру ана тіліне деген махаббат пен сыйластықтан басталады. «Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі»,- деген екен Бауыржан Момышұлы. Сондықтанда, бастауыш сыныптан бастап тіліміздің көркемдігін, байлығы мен басқа тілдерден артықшылықтарын балаға әр
сабақта көрсетіп отыру керек. Мысалы, қазақ тілі әлемдегі ірі 40 тілдің қатарына енеді.Қазақ тілі сөйлеушісі көп ең ірі 5 тілдің қатарына кіріп тұр. Қазақ тілі- әлемдегі ең таза тілдердің бірі, сонымен қатар, мамандардың пікірінше диалектісі жоқ тілдердің бірі саналады . Жоғары сыныптарда ой қозғау мақсатында мен мына сұрақты жиі қоямын. Ұлтты ұлттан айыратын белгілер қандай? Оқушылар көп жағдайда шекарасы, елтаңбасы, діні деп жауап беріп жатады. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы балаларды ұлт пен ұлтты ажырататын бірінші белгісі оның діні емес, түр сипаты емес ,ол ұлттың тілі, тарихы екендігіне көз жеткіземіз. Әсіресе, қанатты сөздерді талдау, олардың өміршеңдігіне оқушылардың көзін жеткізу, мысалдар келтіре отырып дәлелдеу - өте маңызды.Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» , -десе, Жүсіп Баласағұн: «Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір. Елдіктің өзегі – бірлік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік» ,- деген болатын.
«Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ет»,- деп қазақ халқында айтқандай, жеткіншектірді ұлтжандылыққа тәрбиелеуде жеке тұлғалардың, хандар мен батырлардың , алаш ардақтыларының өмір деректерін мысал ретінде келтіріп, әдеби кітаптар арқылы насихаттау өте маңызды. Әрине, бүгінгі балаға әдеби кітапты оқыту оңай тірлік емес. Дегенмен, ұлтжанды тұлғалардың өмірінің ең қызықты деректерін келтіре отырып , «жалғасы не болды?» деген сұраққа жауап іздеуді сұраймын. Елі үшін жанын қиған ерлердің әрекеттерін бағалап, «Сен еліңнің бақыты үшін не істей аласың?», «Сен еліңнің бақыты үшін өз бақытыңнан бас тарта аласың ба?» , «Еліміздің басына күн туса, Отанды кімдер қорғау керек?» т.б. толғаныс сұрақтарына жауап іздеп, эссе жаздырудың да маңызы зор.
Балаларды ұлттық рухта тәрбиелеуде бейнематериалдар мен көркем фильмдердің орны ерекше. Кітап оқымайтын бала ең болмағанда кино көретіні сөзсіз .Бүгінгі күнде біраз жаңа тарихи филімдер жарық көрді , мысалы, «Көшпенділер», «Қазақ хандығы», «Мұстафа Шоқай» , «Томирис» т.б. Дегенмен, өкінішке орай, қазақ киносы әлі де көрермендердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмай келеді.
«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет