Жедел ұстама физикалық жүктеме кезінде дамиды
Ауру сезімі төс астында орналасады, сығып, жаншып, шаншып не т.б. сипатта аурады
Солға қарай тарайды: қолтыққа, қолға, жауырын астына, мойынның сол бөлігіне
Ұзақтығы 1 минуттан ұзақ,15 минуттан кем (көбіне 2-5-7… минут)
Ұстаманы салқын ауа әсері, желге қарсы жүру, ас қабылдау үдетеді
Нитроглицерин қабылдаған кейін 1-2 мин. соң не дем алғаннан кейін басылады
Ауру сезімінің өсу қиығы, оның кері қайту қиығынан ұзақ
Аурудың қайталау сатысында науқастың физикалық жүктемеге төзімділігі төмендейді
Ауру сезімі орнына ентігу, ауа жетпеу сезімі, сол қолдың ішкі беті, 4-5-і саусақтары ұйиды, әлсіздік, жүрек күюі болады
Шұғыл көмек: жүктемені тыю, тіл астына нитроглицерин беру
Стенокардияның тұрақсыздығы дегеніміз:
Тәж қан айналымының тұрақсыздығы
Миокардта үйреншікті стенокардиядан көрі ұзақтау ишемия пайда болғандығы
Осындай науқастар миокард инфарктісі жоқтығына көз жеткізу үшін мұқият тексеруді қажет етеді және
Стационарлық емдеу курсын өткізу қажеттігі бар.
Үдемелі стенокардия:
Стенокардия ұстамасының жиілеуі
Жеңілдеу физикалық жүктемеден пайда болады
Ауру сезімінің ауырлауы
Нитроглицериннен қайтуы қиындауы
Науқастың физикалық жүктемеге төзімділігі төмендейді
Тәулік бойы қабылдайтын нитроглицерин саны өседі
Спонтанды (арнайы, вариантты) стенокардия, Принцметал стенокардиясы
Ұстама тыныштық күйде физикалық не эмоциональды жүктемесіз, көбіне түнде немесе таң алдында ұстайды
Ұстама кезінде ЭКГ-де ST сегменті жоғары ығысады
Негізгі механизмі тәж артериялары түйілуінде
Жүректегі өзгерістер бұрынғы жағдайларға байланысты
Өзгеріс болмауы мүмкін
Сол қарыншаның гипертрофиясы болуы (егер пациент бірнеше жыл ауырса не АГ болса) мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |