Тақырып: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет2/7
Дата13.09.2022
өлшемі4,76 Mb.
#149329
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-дәріс меж.фак ҚТ
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, ДБ Өтініш үлгісі, baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov , Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21

Мал шаруашылығы

  • Мал шаруашылығы дамыған аймақтарға энеолит кезеңі үлкен өзгерістер алып келді. Бұл дәуірде климат ылғалды еді. Сол себепті де мұндай табиғи орта сүтқоректі жануарлардың, әсіресе жылқы малының көбеюіне жағдай жасады. Бұрын бір жерден екінші жерге жиі қоныс аударатын аңшы тайпалар өздерінің көшу аумақтарын қысқартып, бір орында ұзақ уақыт тұрақтай бастады. Аң аулау алқаптарының босауы мал санының одан ары ұлғаюына әкелді. Ал энеолит тұрғындары төрт түлік малды, әсіресе жылқыларды көптеп қолға үйретіп, анағұрлым үлкен аумақтарда шаруашылықтың бір түрімен шұғылдана бастады. Осыдан олардың неолит кездегіден бөлек өз дербес мәдениеттері пайда болды.
  • Жоғарыда аталған мәдениеттердің алдыңғы қатарында Ботай мәдениеті орналасқан. Аталған мәдениет Қазақстанның солтүстік өңірлерінің далалық энеолитін сипаттайды. Ақмола облысының Ботай қыстағы атымен аталған. Ботай мәдениетін қазақстандық археолог В. Зайберт ашқан. Ботай мәдениетінің үлкен ерекшелігі осындағы Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйегі табылған. Бұл оның тұрғындарының негізгі шаруашылығы жылқы өсіру болғанын көрсетеді. 2010 жылы британ ғалымдары ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесінде, жер шарындағы жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстанның далалық аймағы, соның ішінде Ботай қонысы екенін анықтады.
  • Археологтар В. Логвин мен С. Қалиева Ботай мәдениетінің батыс жағынан зерттелген энеолит ескерткіштерінің ерекшеліктерін аңғарып, жеке Терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын байқалған және кейбір ескерткіштері б.з.б. 4 мыңжылдыққа да жатуы мүмкін болған. Қостанай облысы аумағынан Ботай мәдениетіне ұқсас бірнеше қоныс ашылған, олар: Бестамақ, Тұздыкөл 1, Құмкешу, Қожай, Дүзбай 3, Ақмола облысынан – Ботай, Красный Яр, Васильков 4 қоныстары. Барлығы 20-дан астам қоныстар белгілі.

Қоныстар

  • Қоныстар әдетте Торғай, Терісаққан, Тобыл, Обаған, Шағалалы сияқты шағын дала өзендерінің биік алаптарында орналасқан. Олардың көлемдері 2-3 гектардан 15 гектарға дейін жетеді. Бұл қоныстардың ішінде жақсы зерттелгені – Ботай қонысы. Ол шамамен б.з.б. ХХІҮ-ХХІІ ғасырлар аралығында 200 жылдай өмір сүрген. Қазірге дейін 158 тұрғын үйдің орны табылған. Қоныстың тұрғын үйлері тығыз орналасып, бір-бірімен жалғасатын өзінше бір кварталдарды құраған. Бұлардың біреуінде 30-ға дейін үйлер болған.
  • Тұрғын үйлер жерден 1 метрге дейін шұңқыр қазылып, шығарылған топырақ оның жиегіне дуал етіліп үйілген және оған қабырғалар ретінде төбесі тарыла беретін бағаналар қойылған. Осы күмбез тәріздес құрылыс бұтақтармен және шым қабаттармен жабылған. Тұрғын үйлердің ішінде ошақтар және төбесінде түтін шығатын тесіктері де болған.
  • Қазақстанның энеолит дәуірінің тұрғындары мал шаруашылығымен айналысқаны жоғарыда айтылды. Мысты-тас дәуірі болса да олар әлі де өндірістік құралдарды тастан, сүйектен, саз балшықтан жасаған. Аттың жүгендері, кісендері сүйек бөлшектерін қосу арқылы жасалған. Бұл олардың жылқыны қолға үйреткенін тағы бір дәлелдейді. Тастан жасалған жебе, сүңгі, найза ұштары, пышақтар табылған. Бұлар аң және балық аулау құралдарына жатады. Ежелгі тұрғындар аң аулаумен де айналысқан, Ботай қонысынан мыңдаған жылқы сүйектерімен қатар бұланның, еліктің, зубрдың, турдың, аюдың, түлкінің, қоянның, қарсақтың, қабанның, құстардың сүйектері де көптеп табылған. Үй салу үшін ағаш өңдейтін балталар, шоттар, қырғыштар, кескіштер, қашаулар сияқты саймандарды пайдаланған. Тері өңдеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, жонғыштар, тері жұмсарту үшін сүйек келілер қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет