Тақырып Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы мағлұматтар Б. з д. парсылықтардың Қазақстан жерін зерттеуі Б. з д. VI-V ғғ «Бехустин жазбасы»


Тақырып 4. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезіндегі барлау мақсатындағы зерттеулер (1731-1819 жж)



бет2/8
Дата21.01.2017
өлшемі2,82 Mb.
#7523
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырып 4. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезіндегі барлау мақсатындағы зерттеулер (1731-1819 жж)


  1. И.К.Кириллов, В.Н.Татищев, П.И.Рычков басқарған экспедициялары

  2. Қазақстан тарихи-географиялық тұрғыда зерттелуі

XVІІІ ғасырдың басында Ресейдің экономикалық, əлеуметтік

жəне саяси өмірінде орын алған терең өзгерістер ғылымды дамы-

туда да елеулі серпілістер туғызды. Əлбетте, бұл өзгерістер орыс

мəдениеті қалыптасуының сан ғасырлар бойғы тарихы əзірлеген

заңды құбылыс еді. Бəрінен бұрын өнеркəсіп өндірісін кеңейту жəне

мемлекетті нығайту негізінде қол жеткен экономикалық жəне саяси

жетістіктері ғылыми əрі техникалық білімдерге деген қажеттілікті

шұғыл арттырды. Тұңғыш жоғары оқу орындары ашылды. 1725

жылы Петербург Ғылым академиясының ашылуы сол дəуірдегі

аса ірі оқиға болды. Əрі дүние жүзіндегі көпшілік академиялардан

бір өзгешелігі – ол мемлекеттік мекеме ретінде шаңырақ көтерді.

Ресейді жан-жақты кемелдендіріп, өркендету үшін ғылымды да-

мыту ісіне орасан зор талаптар қойылды. Тек қана аса ірі ғылым

орталығы емес, сонымен қатар орыс ғалымдарының тұңғыш легін

баулып тəрбиелеген оқу орнына айналған Ғылым академиясы алда

келелі міндеттерді шешуге белсене атсалысты.

Ресейде оқу-ағарту ісі мен ғылымның өркендеуі ХVІІІ ғасырдың

екінші ширегінен бастап Қазақстан территориясын зерттеуге себін

тигізді. Геогдезистер, географтар, шығыстанушылар кадрларын даярлау

негізінде көптеген ғылыми экспедициялар ұйымдастыруға мүмкіндік

туды. Бұл шаралар өте-мөте маңызды тарихи оқиғамен – Кіші жəне

Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуымен тұспа-тұс келді.

ХVІІІ ғасырда көшпенді қазақтар, негізінен шығыста – Балқаш

көлінен бастап Есіл өзенінің жоғары ағысына дейінгі, оңтүстікте

Сырдария өзенінен бастап Шу, Талас өзендеріне, Батыста

Қараторғай өзеніне дейінгі жерлерді мекендеді. Қазақстанға жоңғар

феодалдарының шабуылы ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарында Жетісу

арқылы басталды. ХVІІ ғасырдың 80-жылдары жоңғар əскерлері

Сырдария аймағына басып кіріп, бірнеше қаланы жаулап алды да,

қазақтар сауда-қолөнер орталықтарынан қол үзіп қалды.

Сырттан төнген саяси жəне соғыс қаупі Қазақстан экономи-

касы мен мəдениетінің өркендеуін тежеді. Бастарына осындай

ауыр күн туған қазақтар бұл зауалдан құтылудың бірден-бір жолы

Ресейдің қол астына кіру екендігін түсінді. Сондықтан олар Ресей-

ден жəрдем сұрап, қол ұшын беруді өтінді. 1731 жылы Кіші жүздің

Ресейге қосылуы басталды. Қазақстанның орыстарға қосылуы қазақ

халқының түбірлі мүдделеріне сай келді.

Ш. Уəлиханов Жоңғар шапқыншылығын былай деп жазды:

«Зұлым жоңғарлар жапа-тармағай өкшелеп қуған қырғыздар жол

бойы бала-шағасын, кемпір-шалдарын, дүние-мүлкін, көтерем мал-

дарын тастап, үйірінен безіп үріккен киіктей оңтүстікке қарай зы-

туда. Зəре-құты қалмаған ортажүздер – Самарқан маңында, кіші

жүзде – Хиуа мен Бұхара төңірегінде бас сауғалауда... Орта Азияның

жосылған құмайт шөлдерінен малға жайылым таба алмай əрі жаңа

көршілермен ортақ тілге келе алмай жанжалдасқан олар аса қуатты

Ресейден жəрдем мен қорғаныш іздейді».

Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі 140 жылға дерлік уақытқа

созылып, тек ХІХ ғасырдың 60-жылдарына жақындағанда ғана

аяқталды.

Қазақстанның батыс бөлігінің Ресейге қосылуы патша өкіметінің

қыр еліне жаңадан екі қала салу жөніндегі жоспарын іске асыруға

жол ашты. Бірі орыс-қазақ шекарасында, ал екіншісі – Сырда-

рия өзенінің жоғары сағасында ірге тепкен бұл қалалар патша

өкіметінің Шығысқа ықпалы бұрынғыдан бетер күшейтуі үшін

оның арқа сүйер пункті болуы тиіс еді. Қазақстанға аттанатын ең

ірі экспедициялардың бірі И. К. Кирилловтың басшылығымен 1734

жылы ұйымдастырылды. Орынбор экспедициясы деп аталған бұл

топтың алдына жоғарыда аталған екі қаланы салатын жерлердің

табиғат жағдайларын зерттеу мақсаты қойылды.

И. К. Кириллов (1689-1737 жылдар) – орыс география ғылымының

дамуына айтарлықтай үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткері,

Ресейдегі картографиялық жұмыстарды басқарған. Оның Ресейді

географиялық-статистикалық жағынан сипаттаған еңбегі ғылымға

мəлім. Шығарма «Бүкілресейлік мемлекеттің гүлдену жағдайы»

(1727 жыл) деген атпен тек 1831 жылы ғана басылды. И. К.

Кирилловтың басшылығымен 1734 жылы жарық көрген Ресей Ат-

ласы үшін отызға жуық карта құрастырылған. Бұл карталарда қазақ

даласы да бейнеленген.

И. К. Кириллов Орынбор экспедициясына қатысу үшін жан-

жақты дайындалды. Ол Э. Биронға «осы экспедицияның идеясы

мен ұйымдастыру жоспары он алты жыл басымда жүрді», – деп жаз-

ды. Алайда уақытсыз келген ажал И. К. Кирилловқа ойлаған істерін

түгелдей іске асыруға мұрша бермеді. Оның жоспары бойынша Ор

өзені жағасынан Орынбор қаласы салына бастады. Кейін құрылыс

басқа жерге ауыстырылып, тек 1743 жылы оның қала ретінде іргесі

қаланды. Содан бастап Орынбор бүкіл Дала өлкесінің əкімшілік

орталығына айналып, Қазақтардың орыс халқымен жақындасуы

үшін орасан рөль атқарды. И. К. Кирилловтың басшылығымен Орын-

бор өлкесінің картасы жасалып, оған Кіші жəне Орта жүздердің

жерлері кірді (1737 жыл). Сол уақыттан бастап қазақ жері орыс

карталарының бəрінде де бейнеленетін болды.

И. К. Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспеди-

циясына бастық болып аса көрнекті орыс ғалымы əрі мемлекет

қайраткері В. Н. Татищев тағайындалды. Ол қазақ даласында

көбіне тарихи-этнографиялық зерттеулер жүргізді. Ғалымның

«Ресей тарихы» (1739-1750 жылдар), «Ұлы Ресей империясының

тарихи жəне географиялық сипаттамасына кіріспе» 1744-1745

жылдар), «Ресейдің тарихи, географиялық жəне саяси лек-

сиконы» (1745 жыл) еңбектерінде қазақтардың тарихы мен

этнографиясының мəселелеріне, Ресей халықтарын тіліне

қарай жікке бөлуге (ол қазақтарды «скиф» тобына жатқызады)

айтарлықтай орын берілген.

В. Н. Татищев кітаптарында географиялық деректер мол, ол

өз еңбектеріне кейбір географиялық атаулар мен терминдердің

түсініктемелерін енгізіп, өзі болған аймақтарының табиғатына жал-

пы сипаттама берген. Ғалым даланы географиялық тұрғыдан тексеріп

зерттеудің ғылыми негізделген тұңғыш бағдарламасын жасады.

Мəселен, 1734 жəне 1737 жылдары В. Н. Татищев «Ресей тарихы

мен географиясын жазу жөнінде ұсыныс» деген атпен географиялық-

этнографиялық анкетаның екі түрін құрастырған. Автордың Ресейді

мекендеген халықтардың өздеріне тəн төл аттарына, олардың шығу

тегіне, əдет-ғұрпына, салтына, діни сеніміне, тіліне, фольклорына

жəне басқаларына ден қойғанын анкета сұрақтарынан байқауға бо-

лады.

ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарының аяғы мен 40-жылдарының ба-



сында дипломатиялық тапсырмамен Карл Миллердің экспедициясы

Орта Азия мен Қазақстанға екі дүркін келген. Алғашқы жолы ол Таш-

кентте болып, екіншісінде Жоңғар хандығының шекарасына дейін

жеткен, өкінішке орай, оның есептері сақталмаған. К. Миллердің

Орск қаласынан бастап Жоңғар еліне дейін жəне кері қайтарында

өзі сапар шеккен жерлердің картасын жасағаны басқа деректерден

мəлім. К. Миллердің материалдарын бастырып шығарған Я. В. Ха-

ныков былай деп жазды: «Бұл документ Аралдың шығыс жағында

жатқан елдер жайында тұңғыш ақиқат мəлімдеме ретінде əрдайым

назар аударып келді. Ал оның үстіне шығарма əлі күнге дейін осы

тектес деректердің ішіндегі ең дұрысы. Өйткені Сарысу өзенінің

оңтүстік жағындағы К. Миллер жүріп өткен жолды одан кейін бірде-

бір білімді саяхатшының аяғы басқан емес».

Я. В. Ханыковтың айтуы бойынша К. Миллердің картасы

шығыс бойлықтың 66 0 жəне 97 0 мен солтүстік ендіктің 44 0 жəне 52 0

аралығындағы кеңістікті қамтыған. Оның Орск қаласынан бастап

Жоңғар еліне дейінгі жолы сызықшалармен көрсетілген. Қазақ

территориясының су жүйесі картаға біршама толық түсірілген.

Өзендерден Үлкен Торғай, Сарысу (картада – Сара), Шу (Цуй),

Талас, көлдерден – Шалқар – Теңіз (Ақсақал) белгіленген. Кар-

тада Қаратау жотасының орнына Кулышлы мен Бакарлы тау-

лары бейнеленген. Саяхатшының өзі болмаған жерлер картаға

түсірілмеген.

1740-1741 жылдары Д. В. Гладышев пен И. Муравиннің экспеди-

циясы қазақ жерінің географиясын зерттеуге елеулі үлес қосқан. Экс-

педиция Ресейдің қол астына кірген Кіші жүз ханы Əбілқайырдың

Сырдария өзенінің сағасынан орыс қаласын салу жөніндегі өтініші

бойынша ұйымдастырылған. Ал патша-ағзам ертеректе қала са-

лып беру жөнінде уəде еткен-ді. Сол өтінішті орындауға шешім

қабылдаған өкімет Сырдария өзенінің сағасын зерттеу үшін əлгі экс-

педицияны жасақтаған. Оның құрамына басшылары Д. В. Гладышев

жəне И. Муравинмен бірге инженер Назимов, аудармашы У. Арасла-

нов жəне бірнеше қазақ кірген. Экспедиция материалдарын кезінде

П. И. Рычков зерттеп, пайдаланған-ды. Бірақ ол деректерді тек 1850-

1851 жылдары ғана Я. В. Ханыков жарыққа шығарды.

1740-1741 жылдардағы экспедицияның «Мəлімдемесінде» Орск

қамалынан бастап Сырдария өзенінің сағасы арқылы Хиуа қаласына

дейінгі жəне кейін қайтқан жол суреттелген. Зерттеушілер ба-

сып өткен жерлер арнайы журналда көрсетілген (82 пункт). Орск

қаласынан шыққан соң Сырдария өзенінің сағасына дейінгі жол-

да авторлар жер бедерінің мынадай түрлерін байқаған: таулар, құм

төбелер, адырлар, құмайтты қыраттар, үлкен сырт, кішкене сырт,

құмайт сырт, ойпаң жерлер, тегіс жерлер. Сондай-ақ топырақ түрлері

тастақты, сыздауыт, құмдақ жəне ойпаң жерлердегі қара топырақ бо-

лып жіктелген. Өсімдіктерден көктерек, қайың, қараған, сексеуіл,

ырғай, тобылғы, тал, жүзген, жусан жəне қамыс аталған. И. Муравин

жасаған ландкарта (жер бедерінің картасы) географиялық тұрғыдан

айрықша көңіл аударарлық. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы бұл картаның

Я. В. Ханыков жариялаған көшірмесін пайдаланып келді. Бертін келе

ғана, 1956 жылы Орталық мемлекеттік жəне актілер архивінен ( қор

181) картаның көлемі 49х137,5 см түпнұсқасы табылды. Ол «Орск

қамалынан басталып Қырғыз, Қарақалпақ, Арал көлдері арқылы

Хиуа қаласына дейін баратын жолды жəне Арал теңізінің Сырда-

рия, Қуаңдария, Ұлыдария өзендері құятын бөлігін қамтитын жаңа

ландкарта» деп аталады. Картаны алғаш тауып, түсініктеме жазған

Р. Л. Югай еді. Картада Арал теңізінен басқа Ор, Ырғыз, Сырдария

өзендері, Мұғалжар (Мугодзар) таулары, құмайт шөлдер – Борсық

жəне Арал төңірегіндегі Қарақұм бейнеленген.

Картаның масштабы шақырым өлшемімен берілген. Бастапқы

меридиан шығыс бойлықтың 57 0 шамасында жобамен алынған, кар-

та солтүстік ендіктің 40 0 жəне 51 0 мен шығыс бойлықтың 57 0 жəне 60

0 аралығындағы кеңістікті қамтиды.

Картаға кірген жер атаулары түгелдей Арал теңізінің шығыс

жағалауы бойына орналастырылған. Жер бедері мен өсімдік

дүниесін бейнелейтін шартты белгілер ретінде төбешіктер мен шоқ

бұталар қолданылған. Оларға қоса қысқаша түсініктеме мəтіндер де

берілген.

И. Муравин өлшемдерінің өте дəлдігін атап көрсеткен жөн. Ол

Арал теңізінің шығыс жағалауы мен оңтүстік қызылқұм тер-

риториясын сызу құралдарын пайдаланып картаға түсірген.

Мұны И. Му равинге қарап Арал теңізінің шығыс шекараларын

сызған Я. Ханыковтың картасынан (1850 жыл) байқауға болады.

1849 жылы Аралды картаға түсірумен айналысқан И. В. Бутаков та

И. Муравин картасының дəлме-дəлдігін растайды. И. Муравиннің

картасында кейін қиратылып ізі қалмаған қалалар, сондай-ақ құрғап

немесе арналары өзгерген өзендер де көрсетілген. Сондықтан да ол

аса маңызды тарихи құжат болып саналады.

И. Муравиннің картасының басқа екі нұсқасы Орталық

мемлекеттік əскери-тарихи архивтің қорында сақталған. Олар

1741,1743 жылдары жасалған деп көрсетілген. Бұл екі нұсқада да

түсіндірме мəтіндер жоқ.

Орталық мемлекеттік əскери-тарихи архивтің қорында (қор №

416, іс 358) аты-жөні белгісіз автор 1746 жылы жасаған Орынбор

губерниясының тағы бір ландкартасы бар. Онда ХVІІІ ғасырдың

ортасында Ертіс бойында орыс қамалдары ірге тепкен Шығыс

Қазақстанның территориясы, сол сияқты батыс аймақтар – Жайық

пен Жем өзендері толық бейнеленген. Орталық Қазақстан жерінің

орнына «қырғыз-қайсақ даласы» деп жазылған. Картада Ка-

спий мен Арал теңіздерінің шығыс жағалаулары біршама дұрыс

көрсетілген. Бұлар И. Муравин сызған суреттердің (1741 жыл)

негізінде картаға түсірілген. Сырдария өзенінің сағасында үш

шағын көл көрсетілген. Мұнда «Сырдариядан қазіргі уақытта ар-

насы кеуіп қалған, тек ара-тұра ғана су түсетін Қуаңдария өзені

бөлінеді» деген жазу назар аударарлық. Сарысу өзені Сырдария

өзеніне жетпей үзілген қалпында бейнеленген. Сарысу өзенінің

картадағы ерекшелігі сол, оның арнасы жеті бірдей көлді басып

өтеді. Осы күнгі карталардан да тап осындай көріністі байқауға

болады. Шу өзені секілді, Сарысу да көлшіктер тізбегіне барып

тіреледі. Сарысу өзенінен шығысқа қарай аты жоқ көл салынған.

Оның сызылу пішініне қарап Балқаш көлі екенін аңғаруға бола-

ды. Осы көлге Хобь-Ярь өзені құяды, Іле өзені сияқты. Алтай

орнына тауларды бейнелейтін төбешіктер көрсетілген. Карта-

ны құрастырушы, сірə, көбіне-көп сулар мен олардың төңірегіне

қоныстанған елді мекендерге назар аударғанға ұқсайды, ол жер

бедерін арнайы зерттемеген болса керек.

ХVІІІ ғасырдың ортасында Ресейдің əлеуметтік-экономикалық

жəне мəдени жағынан айтарлықтай өркендеуіне байланысты елде

ғылымды дамытуда да елеулі серпіліс туды. Бұл дəуірде Ресей-

де ғылым-білімнің қарыштап қанат жаюы ұлы орыс ғалымы М. В.

Ломоносовтың (1711-1765) есімімен тікелей байланысты. Атақты

ғалым орыс емес халықтарға зор ілтипатпен көңіл бөліп, орыс

оқымыстыларын олардың тарихын, географиясы мен мəдениетін

кеңінен зерттеуге шақырды. М. В. Ломоносовтың басшылығымен

Ресей Ғылым академиясы өз өлкелерінің табиғат жағдайларын, та-

рихын зерттеумен тікелей шұғылданатын жергілікті ғылыми кад-

рларды тəрбиелеуге назар аударды.

1759 жылы Ресей Ғылым академиясы өзінің арнайы шешімінде

былай деп жазды: «Ғылым академиясы Ресей мемлекетінің барлық

елдері хақында толық мағлұматтар иемденуге бар күшімен талпы-

на отырып, империяның шалғай жатқан мұқым жерлерінде ғылымға

икемді һəм ынталы адамдар қолда болуын қалап, олар жөнінде ха-

барлауды мақұл көрер еді. Академия ондай адамдарға ықтияттық

білдіріп, талаптарын құптар еді».

Орынбор экспедициясы ұйымдасқан күннен бастап қызмет еткен

П. И. Рычков (1712-1777 жылдар) осындай ғалымдардың бірі бол-

ды. Ғылыми еңбектері үшін кейін ол Ресей Ғылым академиясының

корреспондент-мүшесі болып сайланды.

П. И. Рычков Орынборда 43 жыл тұрып жұмыс істеді. Осы

мерзім ішінде ол Қазақстан мен Орта Азияның тарихы мен геогра-

фиясы жөнінен мол материалдар жинады. Өлкенің адам сирек ба-

ратын аймақтарында болған көптеген саяхатшылардың деректерін

толықтырып отырды. Сонымен қоса П. И. Рычков Орынбор

қаласында жинақталған əдебиет пен архив материалдарын мұқият

зерттеді. Осының бəрі зерттеушіге Орынбор өлкесінің жəне осы күнгі

қазақстан мен Орта Азияның іргелес жатқан территорияларының

тарихы мен географиясына қатысты толып жатқан мəселелерді

ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік берді.

П. И. Рычковтың тұңғыш ғылыми еңбектерінің бірі – «Орын-

бор қаласының сипаттамасы» (1744 жыл). Онда қаланың негізінің

қалануы, салыну тарихы, оның халқы мен табиғат жағдайлары тура-

лы деректер берілген. Өзі тектес еңбектер арасында тұңғыш тарихи-

географиялық шығарма ретінде ол осы бағыттағы кейінгі зерттеулер

үшін тəуір негіз болды.

П. И. Рычковтың екінші бір еңбегі – «Орынбор топографиясы»

(1-2 бөлімдер, 1762 жыл) Оңтүстік Оралдың, Қазақстан мен Орта

Азияның географиясын, тарихын жəне экономикасын көп жылдар

бойы зерттеулер негізінде жазылған татымды да сүбелі ғылыми

шығарма болды. Мұнда автор Орынбор өлкесінің табиғаты жайын-

да бұрыннан жинақталған деректерді, тұңғыш рет жүйеге келтірген.

6–1673


Ол Орта Азия мен қазақ жерінің қолда бар карталарын пайдаланып,

Орынбор губерниясының жаңа бас картасын жасау жөнінде баста-

ма көтерді.

«Орынбор топографиясының» бірінші бөлімінде Қазақстанның

батыс, солтүстік жəне біршама орталық аудандарына сипаттама

берілген, Қазақстанның топографиялық очеркі сұрастырып білу

арқылы алынған мағлұматтарға сүйеніп жасалғандықтан, онда

бірталай қайшылықтар кездеседі. Мысалы, П. И. Рычков Орал жо-

тасын үш жүйеге, Жалпы сырт, Мұғалжар жəне Алтын Сырт деп

тармақтап бөледі. Автордың айтуынша, Алтын сырт оңтүстік-

шығыста Орал тауларынан бөлініп, Орталық Қазақстандағы тау

ретінде көрсетілді. Ал одан əрі қарай жалғасып, Памир, Тянь-Шань,

Алтай таулары болып кетеді. Байқап отырғанымыздай, бұл жерде ав-

тор Орта Азия мен Қазақстанның таулы аймақтарын үстірт түсінген.

Сонымен қатар, ғалымның аталмыш аймақтардағы барлық тау

жүйелерін біріктіріп, тұтастай көрсетуге алғаш əрекет жасағанын да

аңғаруға болады.

П. И. Рычков аракідік пайдалы кен қазбаларының шығатын

жерлерін де нұсқаған. Мəселен, Сағыз өзенінің жоғары сағасынан

мұнай шығатынын, Индер көлінде тұздың мол қоры бар екенін

мегзейді. Ғалым Батыс жəне Солтүстік Қазақстанның климатын си-

паттап, оның шұғыл континентальды екенін атап көрсетеді. Арал-

Каспий аймағының, біршама Орталық Қазақстанның су жүйесі толық

қамтылып жазылған. Автордың зоогеография жөніндегі деректерінде

сүтқоректілердің 36 түрі, құстардың 14 түрі, балықтардың 14 түрі

жəне жəндіктердің бірнеше түрі жазылған.

«Топографияның» ғылыми маңызының тағы бір ерекшелігі сол,

ондағы деректерге қарап біз табиғаттың, шаруашылықтың, бүкіл

Орынбор өлкесі мен оған іргелес «Қырғыз-қайсақ даласындағы»

халықтың сол кездегі жағдайын көз алдымызға елестете аламыз.

Бұл орайда П. И. Рычков дəуірінен бергі уақыт ішінде кейбір су

көздерінің қалай өзгергенін мысалға келтіруге болады. Мəселен,

Сырдарияның салалары жөнінде кітапта «Қуаңдария-Сырдария

өзенінің сол қапталындағы айрықша саласы елдің айтуынша оның

ағу қашықтығы үш жүз шақырымдай, ал Арал теңізіне құятын сағасы

Сырдарияның сағасынан жүз шақырымдай бері. Қуаңдарияның

жағасында қамыс пен жыңғыл өседі, ол аралдарда қарақалпақтар

бағызы уақыттарда «қырғыздар» көшіп-қонады» делініп, оның

балығы Сырдариянікіндей екендігі айтылған.

Сол уақыттан бері Қуаңдария бірнеше дүркін өзгерді – суы біресе

молайды, біресе тартылды, ал осы күні ол – суы кеуіп кеткен көне

арна.


Сарысу өзені жөніндегі мағлұмат та ден қоярлық, жоғары

сағасында жұрттың айтуынша, үзіліссіз ағады да, сосын жер аяғы

құрдымға сіңіп жоғалатындығы сөз болады.

Сарысу өзенінің осы күні де құмға сіңіп, Сырдарияға дейін

жетпейтіні бізге мəлім.

Қазақстанның тарихи географиясы тұрғысынан алып қарағанда

жануарлар дүниесі туралы мағлұматтар өте қызғылықты. Мəселен, П.

И. Рычков: «Сырдарияның төменгі сағасындағы ну қамыстарда жол-

барыс мекендеген, Сарысу мен Жем өзендерінің алқаптарында үйір-

үйір құлан жортқан. Қазір ол жерлерде аталмыш жануарлардың иісі

де жоқ. Каспий теңізінде жəне Гурьев маңында тюлендер тіршілік ет-

кен, жергілікті тұрғындар оларды аулайтын болған. Сол сияқты осы

күні жойылып кеткен тағы жылқы – тарпаң туралы мағлұматтарды

да атап өткен жөн. Тарпаңның үлкендігі орта мөлшерлі жылқыдай,

бірақ жұп-жұмыр, жүнінің түсі құла немесе көкшіл, басқа да түстер

ұшырасқанымен, олар тым сирек. Қырғыз-қайсақтар жиырма шақты

болып жиналып, қос аттап оларды ұстайды да, мінген аттарының мой-

ындарын арқанмен байлап, жылқыға қосақтап, бір ай бойы, кейде одан

да көп уақыт қолға үйретіп, мініске пайдаланатын болған», – дейді.

Тарпаң жөніндегі мағлұматтардың бір қызғылықты жері сол, ол

жануарлар ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін көптеген аймақтарда

тіршілік еткен, ал жүз жылдан кейін ХІХ ғасырдың ортасында,

олар тек Еділ мен Жайық аралығындағы жартылай шөлейт жерлер-

де сақталып қалған. Ең соңғы тарпаңды 1918 жылы Молдавияда

аңшылар атып құртқан. Тарпаңды жануарлар дүниесінің бір түрі

ретінде қалпына келтіретін уақыт туса, ол туралы əлгі айтылған

деректерді əбден пайдалануға болады.

«Орынбор топографиясы» ХVІІІ ғасырдың ортасында орыс

ғылымына белгілі Қазақстан туралы барлық географиялық жəне

тарихи деректер шоғырланған сүбелі еңбек ретінде география

ғылымында айтарлықтай құбылыс болды. Шалғай жатқан Орынбор

өлкесін (оның құрамын қазақ жерлері де кірген-ді) бұл еңбек жарыққа

шыққанша білетін адам Ресейден некен – саяқ еді. «Топографияның»

кезінде Ғылым академиясының қарауына ұсынылуы тегіннен-тегін

емес-ті. Сөйтіп, М. В. Ломоносовтың қатысуымен Академия еңбекті

талқылап, оны баспаға ұсынды.

М. В. Ломоносовтың инициативасы бойынша құрылған Мəскеу

университетінің сан қырлы қызметі нəтижесінде ғылыми кадрлар-

ды даярлау ісі кең көлемде жүргізілді. Əрі оқу сапасы жақсартылды,

ғылыми жəне оқу əдебиеті шығарылды, жаратылыстану онан сайын

дамытылды.

Өндіргіш күштердің өркендеуі ғылыми зерттеулерді

ұйымдастырудың жаңа түрлерін тудырып, оларды дəйектілікпен

жүзеге асыруды талап етті. Осы кезеңге тəн құбылыс ретінде

кең қанат жайған экспедициялық зерттеулер елеулі практикалық

маңызға ие болумен қатар, Қазақстан территориясын физикалық-

географиялық тұрғыдан танып-білуді өрістетуде де айтарлықтай рөль

атқарды. Академиялық экспедицияларды Ғылым академиясы жəне

Ресейде тұңғыш құрылған əрі дүние жүзіндегі орталықтандырылған

алғашқы картографиялық мекемелердің бірі – Географиялық Депар-

тамент ұйымдастырды.

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан территориясын

физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу тарихында 1768 жылы

ұйымдастырылған екінші академиялық экспедицияның жұмысы ең

ірі оқиға болды. ХVІІІ ғасырдың ресми құжаттарында ол «Ғылым

академиясының физикалық экспедициясы» деп аталды. Осындай

экспедицияларды ұйымдастырудың дем берушісі болған М. В. Ло-

моносов Ресейдің жер-жеріне «астрономиялық-географиялық» экс-

педициялар жіберуді талап етіп, олардың зерттеу жұмыстарының

кең көлемді бағдарламасын жасады. Амал нешік, бұл жоспарлар

ұлы ғалымның көзі тірісінде жүзеге асырылып үлгерілмеді. Де-

генмен ұлы ойшылдың идеялары Екінші академиялық экспедиция

ұйымдастырылған кезде зор кəдеге асты. Сөйтіп, бұл экспедиция

Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан си-

паттап жазу үшін ғылыми материал берді.

Табиғатты зерттеуші мамандардың қатысуымен ғылыми экс-

педицияларды пайдалану тəсіліне көшу Қазақстан территориясын

физикалық-географиялық тұрғыдан танып-білу ісіне айрықша сипат

берді.

Теориялық тұжырымдар жасалып, табиғат құбылыстарының



салдар-себептерін табуда, олардың дамуының заңдылықтарын,

географиялық байланыстарын түсінуде батыл болжамдар айтылып,

ұсынылды. «ХVІІІ ғасырдың ортасындағы ғалымдарға тəн ең басты

қасиет сол,- деп жазды В. И. Бернадский, – олар өздерінен бұрынғы

оқымыстыларға қарағанда табиғаттың барлық құбылыстарын тек

қана жаратылыстағы себептерге сүйену арқылы түсіндіру керек де-

ген берік қағиданы басшылыққа алды».

Экспедиция мүшелері негізінен Қазақстан территориясының

батыс, солтүстік жəне солтүстік-шығыс аймақтарын зерттеп, өз

еңбектері мен жазба еңбектерінде өлкенің табиғаты туралы қыруар

соны деректерді пайдаланды.

Қазақстан территориясы жөніндегі бірқатар маңызды

географиялық заңдылықтарды тұңғыш рет анықтады. Мысалы,

П. С. Паллас Ергеней мен Жалпы сырттан арғы жерлерде табиғат

жағдайларының күрт өзгеретінін аңғарды, ол Каспий төңірегіндегі

табиғаттың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетіп, оның себебі ол ара

теңіз астында, суы бертін келе құрғағандықтан, құрлықтың жаңадан

пайда болуында деп дəлелдеді, Каспий теңізінің мұхит деңгейінен

төмен жатқанын анықтап, ерте кезде Каспий мен Қара теңіздердің

тұтасып жатқан бір су көзі болғаны жөнінде болжам айтқан да сол

П.С.Паллас еді.

П.С.Паллас өзінің «Ресей империясының əр алуан провинция-

лары бойынша саяхаттар» деген атақты еңбегінің бірінші бөлімінде

(1-3 бөлімдер, бес томдық, Санкт-петербург, 1773-1788 жыл-

дар) Қазақстан территориясындағы өзі болған аудандарды толық

суреттеп жазған. Ғалым өлкенің табиғат ерекшеліктерін жəне

құбылыстарының өзара байланыстылығын айта келіп, өсімдіктер

мен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың белгілі

дəрежеде ықпал ететінін атап көрсеткен. Оқымысты далалы жер-

лер мен шөлейт зоналардағы (өңірлердегі) өсімдіктердің, топырақ

пен климаттың бір-бірінен мүлде өзгеше болатынын мəлімдейді.

Осы тұрғыдан алып қарағанда қара топырақты далалардан сортаң

жəне жартылай шөлейт жерлерге ауысқанда өсімдіктердің өзгеруін

байқаған ғалым тəжірибесі өте-мөте құнды. Егер орта сырт кəдуілгі

өсімдіктер өсіп, егін жақсы шығатын далалы аймаққа жататын болса,

ал Қазақстан жеріне таянған сайын қара топырақ сарғыш балшыққа

айналады да, топырақ сортаң тарта бастайды.

Орал қаласы мен Астрахань қаласының екі аралығындағы ау-

данды сипаттай келіп, П. С. Паллас топырақтың бірсыдырғы тай-

ыз қабатында жаз бойы ылғал сақталғандықтан, тым қуаңшылығы

мен жерінің құмдақ болуына қарамай, бұл өңірде өсімдіктің біршама

көп өсетінін мəлімдеді. Ол Индер тауларында тұз тұнбасы бар екенін

көрсетіп, бұл тау құрайтын тұзды қабаттардың сілтіге айналуы

себепті пайда болған деп дəлелдеді.

Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу тари-

хы үшін Екінші экспедицияның басқа мүшелері айтқан пікірлердің

де маңызы зор. Қазақстанның солтүстік жəне шығыс аудандарына

саяхат жасаған И. П. Фальк Каспий төңірегіндегі ойпаттың болуы

жөнінде П. С. Палластың пікірін қолдайды. И. П. Фальк өзі Сібірге

барар жолында соққан Есіл даласы туралы қысқаша географиялық

очерк жазған. Очеркте Есіл даласының жер бедерінің сипаты, Пе-

тропавл қаласы тұсындағы Есіл жағаларының геоглогиялық құрамы

туралы кейбір мағлұматтар берілген, топырағының құнарлылығы

атап көрсетіліп, өсімдіктері суреттелген, сондай-ақ Есіл өзенінің

біршама толық гидрографиялық сипаттамасы келтірілген.

И. П. Фальк Семейге барған сапарында Жоңғар Алатауы мен

Солтүстік Тянь-Шань аймақтарында да болған. Мұны 1825 жылы

оның жолсерігі Х. Барданес жарыққа шығарған И. П. Фальктің

«Қырғыз жəне Эюнгар даласы туралы хабарлама» деген еңбегі

дəлелдейді. Бұл шығармада И. П. Фальк Жоңғар Алатауы мен Тянь-

Шаньда биік жоталар мен тау аралығындағы қыраттардың көп екені

туралы ойын білдіреді. «Хабарламада» Балқаш көлі жанындағы

құмайт алаңқайлар, Кеген мен Қарқара өзендеріндегі тас тұз, Ақсу

өзені алқабындағы жер сілкінудің іздері жəне басқалары жайында

сөз болады. Тарбағатайдың шығыс сілеміндегі Эргентау мен Сауыр

шоқыларында вулкан бар деген Б. Сиверстің жорамалы секілді, Му-

зарт шоқысы мен Холак тауларында вулкан қалдығының ізі болған

деген И. П. Фальктің де болжамы қате болып шықты. Вулканизм ту-

ралы бұл жаңсақ пайымдаулар кезінде А. Гумбольдтің Орта Азия

мен Қазақстан таулары вулкандық негізде пайда болған деп мүлде

теріс болжам жасауына себепкер болды.

Екінші академиялық экспедицияның басқа бір отрядының

жетекшісі И. И. Лепехин де Батыс Қазақстанның сол П. С. Паллас

қарастырған аудандарын зерттеген. Ол Еділ өзенінің атырауы – Гу-

рьев – Орал – Орынбор қалалары арқылы өзі жол жүрген маршрут ту-

ралы мəлімет қалдырған. Саяхатшы Каспий теңізінің жағалауындағы

өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында едəуір толық баяндаған.

И. И. Лепехин жануарлардың аз-көп болуы өсімдіктердің шығымына

байланысты екенін анықтайды. Ал мұның өзі жануарлар дүниесін

зерттеуде экологиялық тəсілді қолданудың айқын мысалы болып та-

былады. И. И. Лепехин жергілікті кəсіпшілікті, атап айтқанда Жайық

өзенінде бекіре балығын аулау кəсібін өрістету жөнінде бірқатар

құнды кеңестер берген.

И. Г. Георги мен П. И. Рычковтың еңбектерінде қазақтар туралы

этнографиялық мағлұматтар басым.

Белгілі Орынбор ғалымы – жаратылыс зерттеушісі П. И.

Рычковтың ұлы Н. П. Рычков П. С. Паллас экспедициясына қатысып,

1771 жылы Орск қаласы – Ұлытау – Усть – Уй қамалы маршруты

бойынша саяхат жасады. Ол этнографиялық жəне археологиялық

деректерге баса назар аударды. Алайда оның «Күнделікті жазбала-

рында» кейбір географиялық мағлұматтар келтіріліп, Ор өзенінің

салаларының біреуіның алқабынан өте сапалы мəрмəр шыққаны ту-

ралы, Ұлытау жотасындағы гипс кен орны жайында, Торғай өзенінің

алқабында өсетін ағаш түрлері жəне т.б. деректер келтірілген. Сая-

хатшы сапар шеккен кезде кезіккен тұщы жəне тұзды көлдер жəне

басқа су көздері жайында мəлімдеп, өзендердің алқаптарындағы

топырақтың құнарлылығын атап көрсетеді.

Қазақстан бойынша саяхат жасаған академиялық экспедицияның

басқа мүшелерінің арасында Х. Барданес пен Н. Соколовты атауға

болады. Х. Барданес И. П. Фальктің жанына еріп жүрген жəне оның

тапсыруы бойынша 1771 жылы қазақ жеріне екі дүркін дербес са-

пар шеккен. Ол Троицк – Петропавл – Омбы – Семей қалалары –

Тарбағатай жотасы маршруты бойынша жүрген. Н. Соколов Өскемен

маңында болып, Оңтүстік Алтайдың жер бедері, геологиясы жəне

өсімдік дүниесі туралы қысқаша деректер хабарлаған.

Екінші академиялық экспедицияның Орынбор отрядтарынан

басқа өзге де отрядтардың жетекшілері мен мүшелері Қазақстан

территориясында болған. Ертіс өзені бассейінінің картасын жасаған

И. Е. Исленьев Өскемен қаласынан бастап Тобольск қаласына дейін

Ертіс өзенінің ағысын зерттеген. Х. Л. Эйлердің экспедициясы

Орск жəне Гурьев қалаларында гидрометеорологиялық зерттеулер

жүргізіп, Жайық өзенінің қолжазба түріндегі картасын құрастырған.

Астрахань экспедициясының жетекшісі С. Г. Гмелин Маңғыстау

түбегіндегі Түпқараған шығанағында болған.

Сайып келгенде, академиялық экспедицияларға қатысушылар

Қазақстанның жəне өздері болған аймақтардың физикалық гео-

графиясы бойынша барлаушылық сипаттағы көлемді материал-

дар жинаған. Жүргізілген зерттеулер Батыс, Солтүстік, біршама

Орталық жəне Шығыс Қазақстанның жер жағдайы, су жүйесі, жа-

нуарлары мен өсімдік дүниесі туралы неғұрлым дұрыс дерек алуға

жəрдемдесті.

Қазақстан географиясының тарихын зерттеуде сол тұста

ғылыми экспедициялармен қатар орыс адамдарының əскери-

барлау жəне сауда-саттық мақсаттарымен Қазақстанда қатынауы да

бұрынғысынша зор рөль атқарды. Орыстар Шығыс Қазақстанға жиі

қатынайтын болды. Патша үкіметі Жоңғар хандығының құлауын

пайдаланып, Шығыс Түркістанмен сауда-саттық байланыстарын

қалпына келтіріп, кеңейтуге кірісті. Бұған қоса, ХVІІІ ғасырдың

екінші жартысынан бастап патша үкіметі оңтүстік Алтайда жиыр-

ма бес мыңға жуық ескі дəстүрді берік ұстанған орыс шаруаларын

қоныстандыруға жəне бірнеше жаңа бекініс салуға ұйғарды. Осының

бəрі республиканың шығыс аудандары туралы географиялық

мағлұматтар жинау үшін бірсыдырғы қолайлы жағдай туғызды.

1771 жылы подпоручик Г. Н. Волошанин Өскеменнен шығып,

«қырғыз-қайсақтар көшіп-қонған дала арқылы» Балқаш көліне

дейін, бұдан əрі шығысқа қарай Іле өзенінің бойымен сапар шеккен.

Ол жүрген жолдары жайлы жазып, өз маршрутын картаға түсірген,

бірақ ол карта кейін жоғалып кеткен. Поручик В. Незнаев (1771

жыл), майорлар Зеленов пен Богданов (1784 жыл) оңтүстік Алтай-

ды аралап саяхат жасаған.

Қазақстанның табиғат байлықтарын зерттеу үшін басқа да орыс

экспедициясы құрылған. Мəселен, ХVІІІ ғасырдың 80-жылдары ин-

женерлер Чулков, Литвинов, Телятников, Стрижков, Снигерев жəне

басқалар Қазақстанға келген.

1786 жылы қазақ далаларында, Бұхарада, Хиуада, Персияда, Ти-

бетте жəне Үндістанда болған унтер-офицер Ф. С. Ефремовтың са-

парнамасы жарыққа шықты. Ол 1774 жылы қазақтардың қолына

түсіп, Бұхар хандығына тапсырылады. Хан оны өз елшісі етіп,

Хиуаға, Персияға жұмсаған. Кейін Ефремов Бұхардан қашып

шығып, Қоқанд, Қашғар, Жаркент, Тибет арқылы Үндістанға барған.

Одан Англияға өтіп, сол арқылы 1784 жылы Ресейге оралған. Оның

жазбаларында Бұхардың, Хиуаның жəне Қызылқұмның табиғаты

туралы қызғылықты бірен-саран деректер келтіріледі.

ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде қазақ далаларына келіп қайтқан

орыс елшілері Қазақстан табиғаты туралы құнды деректер жинады.

Солардың бірі – 1780-1781 жылдарда Бұхарға сапар шеккен Меңдияр

Бекчурин (1740-1821 жылдар). Ол 1750 жылы Орынборда қызметін

аудармашылықтан бастап патша үкіметінің əр түрлі дипломатиялық

тапсырмаларын орындап, Қазақстанға жиі-жиі келіп тұрған.

М. Бекчурин Бұхарға Орынбор-Ырғыз бен Сырдария өзендері –

Қызылқұм, Қуаңдария арнасы – Жаңадария – Бұхар маршруты бой-

ынша сапар шеккен. Саяхатшы өз есебінде жүрген жолын толық си-

паттап жазып, көптеген географиялық мағлұматтар келтірген. Атап

айтқанда, автор Қызылқұмның құм алқаптарын суреттеп, оларды

бірнеше түрге «құм төбелер», «құм жалдары» жəне т.б. бөледі. Бұл

күнде арналары құрғап қалған Қуаңдария мен Жаңадария өзендері

жайында бірқатар құнды деректер айтқан. Осы күні Қызылқұмда

жойылып кеткен тағы жылқы – тарпаң мен тағы ешкілер туралы да

М. Бекчуриннің əңгімесі ден қоярлық.

Семей қаласын топографиялық съемкаға түсіру (1787 жыл)

Қазақстан қалаларын зерттеу тарихына қосылған елеулі үлес бол-

ды. «Бір азаматтың өзінің сенімді досына хаты» деп аталған бұл

еңбектің авторы капитан И. Г. Андреев еді. Шығармада Сібірді ба-

сып алу жəне Ертіс өзенінің бойында орыс қамалдарының пайда

болу тарихы баяндалған. Содан автор Семей қаласының тарихын,

жергілікті табиғат жағдайларын қарастырып, қаланың саяси-əскери

жəне экономикалық маңызы туралы тұжырым жасайды. Автордың

қала төңірегінде егіншілік ісінің қолға алынуы туралы ескертпелері

де көңіл аударарлық.

1793 жылы Бланкеннагель мен Холмогоров Хиуада болған, олар

Орынбордан шығып, Арал даласының шығыс жағасымен жүрген.

Бір жылдан соң Маңғыстау арқылы қайтқан. Бланкеннагельдің

ХІХ ғасырда ғана (1858 жыл) жарық көрген сапарнамасында құнды

пікірлер бар. Саяхатшы өзі көрген көне арнаға ерекше назар ауда-

рып, оны бұрын Арал теңізі мен Каспийді қосқан арна болуы (ша-

масы Узбойға ұқсайды) деп жорамалдайды. Автордың өзі болған

аудандардың климаты, өзендері мен топырағы туралы мағлұматтары

да маңызды. 1794 жылы құрамына А. С. Безносиков, Т. С. Бурна-

шев, Д. Телятников, Я. Быков кірген орыс елшілігі Омбы – Три-

оцк – Торғай өзені – Арал маңы – Бұхар маршрутымен Ташкент-

ке бет алған. Көп қиыншылықтан соң ғана 1796 жылы Ташкент

қаласына жеткен. Бұл саяхатшылырдың қолжазбалары өздері болған

оңтүстік Қазақстан территориясы жөніндегі деректерді бірсыдырғы

толықтырды. Географиялық тұрғыдан алып қарағанда Т. Бурнашев

пен А. Безносиковтың карталары назар аударарлық. Кейін ол карта-

ларды Р. Л. Югай тауып алып, бастырып шығарған.

Сол кезде туған картографиялық еңбектердің арасында ХVІІІ

ғасырдың аяғында жасалған Орта Азия мен Қазақстан картасының

авторы Я. Б. Боувер елеулі орын алады. Бірақ бұл картаны тауып,

түсініктеме жазған Р. Л. Югай негізінен Қазақстан шекараларынан

тысқары жатқан территорияны қарастырған. Сондықтан біз Я. Б. Бо-

увер картасынан өз өлкемізге тікелей қатысты бөлігіне талдау жаса-

уды мақұл көрдік.

Я. Б. Боувердің картасында осы күнгі Қазақстан территори-

ясы өзінше «Əкімшілік аймақтарға» бөлінген: батыста – Ка-

спий төңірегіндегі ойпаттың солтүстік жағалауы «Саратов

наместниктігінің» бөлігі, сондай-ақ «Уфа наместнигінің» бөлігі

ретінде берілген. Қазіргі солтүстік, Орталық жəне Оңтүстік

Қазақстанның жерлері «Кіші жəне Орта ордалардағы көшпенді

қырғыз-қайсақтардың даласы» деп аталған. Ертіс өзенінен

шығысқа қарай «Колыван наместнигінің» бөлігі. Шығыс

Қазақстанның «Қытай мемлекетінің» шекараларына дейінгі өзге

территориясына «Қырғыз-қайсақтың үлкен ордасы» деген атау

берілген. Демек, Қазақстанды тарихи қалыптасқан үш ордаға –

Кіші, Орта жəне Үлкен ордаларға бөлу Я. Боувер картасында өз

көрінісін тапқан.

Табиғи нысандарды бейнелеу жөнінен, бұрынғы карталарға

қарағанда, бұл карта анағұрлым толық. Кіші жəне Орта ордалардың

батыс бөлігінде Орал тауы көрсетілген, ал оның оңтүстік сілемінің

(картада олай жазылмаса да ) Мұғалжар екенінде сөз жоқ.

Я. Боувер картасының тағы бір басты ерекшелігі – онда су

жүйелері толық бейнеленіп, негізгі өзендер мен көлдердің бəрі

аталған. Еділ, Жайық, Ембі, Ертіс жəне Об өзендері тармақтарымен

қоса берілген. Ырғыз, Нұра, Торғай, Сарысу, шу, Селеті, Өлеңті,

Шідерті жəнет.б. секілді шағын өзендер де бейнеленген.

Картаға сол сияқты толып жатқан көлдер де түсірілген, ол Каспий

теңізінен бастап аумағы кішігірім көлдерге дейін қамтиды. Орталық

Қазақстан жерінде бірнеше көл көрсетілген, олардың қатарында

«Тенгись» (бəлкім, Ырғыз, Торғай өзендері құятын осы күнгі Теңіз)

жəне Телікөл (бұған Сарысу өзені құяды, бірақ ол Сырдария өзеніне

жетпей үзіледі) бар.

Балқаш көлі мен Жетісудың өзге көлдерінің картада қалай

көрсетілгеніне ерекше тоқталған жөн. Картада Балқаш ендік бой-

ынша емес, бойлық бойынша көлбей түсіріліп, «Иля» өзені құятын

«Тенгись» көлі деп аталған. Іле өзенінің жоғары сағасында екі

арал көрсетілген. Солтүстігінде көлді жағалай құм қоршаған,

Балқаш көлі мен оның жағалауындағы Сарыесік Отырау шөлі ту-

ралы деректер, сірə, сұрастырып білу арқылы алынса керек. Сол

себепті көл солтүстіктен оңтүстікке қарай көлбей салынып, дұрыс

көрсетілмеген, сол сияқты құм да оңтүстігінде емес, солтүстік бет-

кейде қате бейнеленген.

Қазіргі уақытта Сасықкөл жəне «Алакөл» деп аталатын

көлдердің картаға түсірілуі өте-мөте қызғылықты. Біріншісі «Ала-

туль», ал екіншісі – «Алакуль» деп аталып, бір-бірімен қосылған.

Алакөлге «Имиль» (Емел) өзені құяды. Егер бұл көлдер нақты де-

ректер негізінде бейнеленген болса, онда Я. Боувер тұсында атал-

мыш көлдердің суы əлдеқайда мол болған деп шамалауымызға

тура келеді. Расында да екі көлдің аралығында қазірде де батпақты

қопалар мен шағын көлшіктер бар.

Ертіс өзенінің бойында жəне Алтайда Ямышев, Семей, Өскемен

жəне басқа қамалдар көрсетілген. ХVІІІ ғасырдың аяғында бұл

қамалдардан Орта Азия хандықтарына экспедициялар аттанған.

ХІХ ғасырда патша өкіметінің шығыстағы жағдайын нығайту

үшін Қазақстан территориясын жан-жақты зерттеп, оның табиғат

байлықтарын кəдеге жарату талабы қойылды. Сондықтан ХІХ

ғасырдың басында бірнеше геологиялық-барлау отряды – Феофила-

тьев, Чекасов генс (1814 жыл), Герман (1815 жыл) жəне басқалары

Қазақстанды аралап, зерттеген аудандарының табиғаты туралы

мағлұматтарды толықтырды.

ХІХ ғасырдың дəл басында тау-кен инженерлері Т. С. Бурна-

шев пен М. Поспелов Семей қаласынан шығып, Бетпақдала шөлі

мен Қаратау таулары арқылы Ташкент қаласына сапар шекті. Олар

Қазақстанның аталған аймақтарын шолып-барлау жұмыстарын

жүргізіп, пайдалы қазба байлықтары шығатын жерлер жайында

қысқаша мəліметтер жинайды.

Қазақстанның ішкі облыстарының табиғат жағдайларын сурет-

тей келіп, М. Поспелов пен Т. Бурнашев Орталық Қазақстандағы

шөлейтті, қыратты жазық далалардың өз төңірегіндегі жерлер-

ден мүлде өзгеше екенін атап көрсетті. Саяхатшылар Бетпақдала

шөлінің Орталық Қазақстан қыраттарының оңтүстік сілемі мен

Шу өзенінің орталығында жатқанын анықтады. Бетпақдала ту-

ралы сөз ете отырып, ойдым-ойдым жусан шөптер шығатынын

атап көрсетті. Олар Бетпақдаланың сол оңтүстік бетінде Шу

өзенінен əрі солтүстіктен оңтүстікке қарай көсіліп құмайт дала

(Мойынқұм) жатқанын атады.

Одан əрі саяхатшылар Орталық Қазақстан қыраттарының

геологиялық ерекшеліктерін қасқаша сипаттап, оларда негізінен гра-

нит пен порфир, сирегірек мөлшерде тақтатас пен əктас кезігетінін

айтады. Қазақтың ұсақ шоқыларын құрайтын минералдар мен өзге

де тау жанастарының аттары аталған.

Ташкенттен Петропавл қаласына дейін сапар шеккен сауда-

гер Мұртаза Файзуллин қазақтар жəне олардың жерлері тура-

лы қызықты деректер мəлімдейді. Оның жүрген жолы жөнінде

баяндалған Я. В. Ха ныковтың жазбасында мал ұстауды

егіншілікпен жəне бау-бақша өсірумен ұштастыра жүргізетін,

өзбектермен шектесетін қазақ жері туралы мағлұматтар бар.

1816 жылы белгілі минеролог П И. Шангин басқарған ірі

геологиялық-барлау партиясы шығысында Ертіс өзеніне тірелетін,

батысында Ұлытаумен, солтүстігінде Петропавл қаласымен жəне

оңтүстігінде Сарысу өзенінің жоғары сағасымен шектелетін аймақты

зерттеді.

Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның табиғаты туралы

мол материал жинақталды. Бірақ көбіне-көп саяхатшылар мен сауда

керуендерінің немесе дипломатиялық елшілердің жүрген жолдарын

ғана қамтып, əр нəрсенің басын бір шалғандықтан, ол мағлұматтар

үзік-үзік, əрі толық емес еді. Ғылыми-зерттеулер шолып-барлау

шеңберінен аспай, көбіне жергілікті тұрғындардан алынған дерек-

терге сүйеніп жүргізілді. Негізінен алғанда жазық жерлер зерттелді.

Бұл орайда Екінші академиялық экспедицияның жұмыс бағдарының

ерекшелігін ғана атап өткен жөн. Оның басты айырмашылығы сол –

экспедиция жер-су атауларын ашып, анықтаумен қатар, теориялық

байламдар жасау ісін де қолға алды. Бұл экспедицияның мүшелері

Арал-Каспий ойпатының мəселелері бойынша сындарлы пікірлер

айтып, бірнеше түрлі тұжырымдар ұсынды. Кейінірек, Қазақстанның

табиғатын танып-білудің келесі кезеңінде қазақ жерлерін зерттеуші

аса көрнекті орыс географтары мен ғалымдары ол пікірлер мен иде-

яларды онан əрі дамыта түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет