Тақырып Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы мағлұматтар Б. з д. парсылықтардың Қазақстан жерін зерттеуі Б. з д. VI-V ғғ «Бехустин жазбасы»



бет5/8
Дата21.01.2017
өлшемі2,82 Mb.
#7523
1   2   3   4   5   6   7   8

те алды. Ол Тянь-Шаньның өзі болған жерлерінің геологиялық

құрылымын дұрыс бейнеледі, ал ол жинақтаған ботаникалық жəне

зоологиялық мол коллекция таулы аймақта өсетін өсімдіктер,

онда тіршілік ететін жануарлар туралы ой қорытуға мүмкіндік

берді. Бір өзі үш мамандықты – геологияны, ботниканы, зооло-

гияны – жете меңгерген ол осы заманғы жаратылыстанудың аса

маңызды міндеттерінің бірін орындап, ұлан-ғайыр таулы аймақты

жан-жақты ғылыми зерттеулердің негізін қалады. Ал табиғаттың

шытырман құбылыстарының ішінде таулардың мұхиттардан кем

түспейтіні баршаға аян», – деп Г.Е.Грум-Гржимайло əділдігін ай-

тып жазды.

Зерттеуші əрі ғылымының ұйымдастырушысы ретінде

П.П.Семеновтың айрықша бір қасиеті – ол ғалым жолына

жаңа түскен жастардың ізденуге деген қабілетін болжап көре

білді. 1856 жылы Омбы қаласында ол жас Г.Н.Потанинмен

жəне Ш.Ш.Уəлихановпен танысып, олардан болашақта да-

рынды зерттеушілер шығатынын жазбай таныды. «Омбы-

да менің көңілімді өзіне ерекше аударған екінші бір адам

Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов болды, – деп жазды. Ол

«Естеліктерінде»,... – керемттей қабілетті дарын иесі Уəлиханов

Омбы кадет корпусын аса үздік бітіріп шықты. Ал кейіннен Петер-

бургте менің басшылығыммен университетте лекциялар тыңдап,

француз жəне неміс тілдерін соншалық игеріп алды. Сөйтіп,

Шығыс, əсіресе қарғыздарға туыстас халықтардың тарихы бой-

ынша тамаша білімдар мамандар дəрежесіне жетті. Егер құрт ау-

руынан келген ажал оның жас ғұмырын уақытынан бұрын, жиыр-

ма сегізге жаңа шыққан дер шағында ерте дүние салмағанда, одан

тамаша ғалым шығатын еді. Осынау талантты жас жігітке гене-

рал Гасфорттың айрықша назарын аударуды, əлбетте, мен өзімнің

адамгершілік парызым деп ұғынамын. Тянь-Шаньға барған сапа-

рымнан оралысымен Уəлихановты қырғыз киімін киіндіріп, сауда

керуеніне қосып Қашқарға аттандыру жөнінде ой салдым. Кейін

Уəлиханов бұл істі өте сəтті тындырып шықты».

П.П.Семенов Ш.Ш.Уəлихановты Орыс Географиялық қоғамының

толық мүшесі етіп қабылдау жөнінде де ұсыныс жасады.

3. Ш.Ш. УƏЛИХАНОВ – географ жəне саяхатшы

Шоқан Шыңғысұлы Уəлихановтың (1835 – 1865) есімі

Қазақстанның мəдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихын-

да заңды түрде құрметті орын алады. Осынау бір аса көрнекті ғалым

əрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография,

фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми

зерттеулер жүргізді жəне сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған

беймəлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен сая-

хат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі бо-

лып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл

озық идеяларды таратуға құлшына ат салысты, орыс жəне қазақ

халықтарының шынайы достығын шыңдауда игі істер тындыр-

ды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық

қызметімен ол «қазақтардың орыстармен тарихи достығын жаңа

идеялардың жаршы екенін айтты.

Ш.Ш.Уəлихановтың география саласындағы саяхатшылық, əрі

шығармашылық қызметіне ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік

себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін

сөз еткенде олардың Қазақстанның белгілі бір территориясын ғана

географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндау-

мен шектелсек, ал Ш.Ш.Уəлихановтың жалпы мағынасындағы аса

зерделі географ-саяхатшы ретінде

қараймыз.

«Еуропаша толық білімдар

тұңғыш қазақ» (Ф.М.Достаевский)

он тоғызыншы ғасырдың орта

шенінен бастап орыстың қоғамдық

ой-пікірінің озық идеялары кең

тараған Омбыда оқып, білім алды.

Мұнда ол жер аударылып келген

петрашевшіл С. Ф. Дуровпен, жа-

зушы Ф. М. Достаевскиймен, аса

көрнекті географ ғалым П.П.Се-

менов-Тян-Шанскиймен, Шығыс

зерттеуші ғалымдар И. Н. Березин-

мен, Н. М. Ядринцевпен жəне басқа

зиялы адамдармен танысты. Олар

Ш.Ш. Уəлиханов

Шохан Уəлихановтың Құлжа мен Каргарияға саяхаты

жас Шоқанның көзқарастарының қалыптасуына шешуші ықпал етті.

Шоқан Уəлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет кор-

пусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның

қабырғасынан толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар

шықты. Кадет корпусының бұрынғы шəкірттері В.И.Вагин,

Г.Н.Потанин, Н.Ф.Анненский жəне т.б. тамаша ғылыми зерттеулер

жасап жəне географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді.

Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман

оқытушылар сабақ берді. Оның оқу бағдарламасында басқа

пəндермен қатар жалпы география, Ресей географиясы, геодезия,

жаратылыстану ғылымдары жəне т.б. пəндер кірді. Географияға пəн

ретінде сол сияқты этнография мен антропология, түрліше тəсілдерді

оқып үйрену, тілдерді саралап жіктеп, оларды негізгі топтарға бөлу,

əр түрлі халықтарды діни ұғымдар мен тіршілік харакетіне қарай

талдау мəселелері де енгізілді. Ресейдің экономикалық геогра-

фиясы үйретіліп, оған статистика, сондай-ақ өнеркəсіп пен ауыл

шаруашылығын дамыту мəселелері косылған

Азия елдері (Қытайды, Үндістанды, Ауғанстанды, Персияны)

Тұранның (Бұхар, Қоқан, Хиуа) хандықтары болып, географиялық

жəне саяси бөлінуін оқып-үйренуге баса назар аударылды. Бұл

елдердегі халықтардың шығу тегі, таралуын, діни жəне тұрмыстағы

əдет-ғұрыптарына зер салынды.

Кадет корпусында Қазақстан географиясы негізінен əскери-

стратегиялық жоспарда үйретілді. Қазақ далаларының шекаралары,

жердің, өзен-көлдердің сипаты, қарым-қатынас жолдары, керуендер

өтетін тау асулары, климат жəне табиғат жағдайлары, қазақтардың

саны, олардың шығу тегі, тілі мен діні, қашан жəне кімге бағынғаны,

қазақтарды басқару ісі, далада бекініс жасау сияқты мəселелерге

көңіл бөлінді.

Ш.Ш.Уəлиханов кадет корпусына оқуға түскенде орыс тілін

білмеген. Бірақ өзінің керемет қабілеттілігі мен зеректігі арқасында

ол орыс тілін қиналмай, тез арада үйреніп алған. «Шоқан білімге

шапшаң жетілді», – деп еске алады кадет корпусында бірге оқыған

жолдасы əрі досы Г.Н.Потанин, – ол тіпті өзінің орыс жолдастары-

нан суырылып озып шықты... оған талайлар қызыға қарады... қандай

қабілетті, оқу орнына түскенге дейін-ақ сурет сала біледі екен».

Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет

корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде

ол далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі – өзінің туған

ауылы Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат

тапқан, казақ халқының өміріне жітірек зер салып, халық өлеңдерін,

аңыздарын, ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен

табиғатын суретке салған.Табиғатты қаз қалпында суретке түсіруді

Шоқан халық өмірін көз алдында айна-қатесіз елестетудің бірден-

бір оңтайлы құралы деп есептеген. «Демалыс күндерінде ауылда

салынған суреттерді» (1847-1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сы-

рымбетте жасаған.

Шоқан құс салып, аңшылық құрумен де құмарта айналысқан.

«Кадет корпусының ақырғы курстарында, – деп жазды Г.Н.Потанин,

– мен қазақ даласының географиясы мен этнографиясна қызыға

ден қойдым. Сонда Шоқан талай-талай əңгімелерімен менің

дəптерлерімді толтыруға жəрдемдесті... біз қазақтардың сұңқармен

аң аулауы туралы қызықты да мол мағлұматтарды дəптерге

түсірдік... ол жалықпай майын тамызып айтып отырды, мен жа-

зып отырдым. Сосын ол менің жазып алғандарымды суреттермен

көркемдеп, сұңқардың томағасын, тұғырын, дабылдатқышты, дəрі

сауытын, мылтықты жəне т.б. салды. Сол бір сəттен бастап екеуіміз

айырылмастай дос болдық, біздің ғылыми мүдделеріміз де өнебойы

қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты – қазақ даласы мен

Орта Азияны зерттеуді армандадық».

Г.Н.Потанинның айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық

əдебиетті өте құмарта оқыған, ал ондай əдебиеттің сирек ұшырасатын

басылымдарын Омбыда қолға түсіру тіпті қиын болатын. «Кадет

корпусы басшыларының Шоқанға қаладағы іргелі кітапханадан

кітаптар алуға рұқсат беруі,- деп сөзін сабақтайды Г.Н.Потанин, –

мен үшін зор бақыт болды». Жұрттың қолы жетпейтін кітапханадан

Шоқанның «Палластың саяхаты» жəне «Рычковтың күнделік жаз-

балары» сынды тамаша шығармаларды əкелуі біздің рухани өсіп-

жетілуімізде тұтас дəуір болды. Кітаптардың қалыңдығы, олардың

көлемі жəне əріптері, ежелгі сөз құрау мəнері, қағаздың ескі тартқан

иісі – бəрі–бəріне қайран қалып, аузымыздың суы құрушы еді. Өткен

дəуірдің əуезді əні естілгендей болатын. Біз Палластың кітабын,

əсіресе сондағы өзімізге таныс жерлер немесе оларға ұрымтал ара-

лар суреттелген беттерді жан-тəнімізбен қызыға оқыдық. Саяхатшы

бұл төңіректе нені керемет деп тапты, өз күнделігіне нені жазып алу-

ды лайық көрді. Біз Шоқан екеуіміз осыларға айрықша ден қойдық....

тіпті сол кездің өзінде-ақ, яғни Шоқан 14-15-ке жаңа толған шақта-

ақ, кадет корпусының басшылары оған болашақ зерттеуші, бəлкім

ғалым ретінде қараушы еді. Ал Шоқанның өз басы Орта Азияға сая-

хат шегуді армандады».

Кадет корпусын бітіргеннен кейін (1853) Батыс Сібір генерал-

губернаторының аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Шоқан

Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге бағынуы

жөніндегі мəселені шешуге белсене қатысады. Қоқан хандығының

Жетісу мен Қырғыстандағы ықпалын жою үшін жəне ол жерлерді

Ресейге бейбіт жолмен қосып алу мақсатымен патша əкімшілігі

жергілікті халықпен келіссөз жүргізуге жас қазақ офицерін пайда-

ланды. Осы маңызды тапсырманы орындау барысында Шоқан соны-

мен бірге өз сапарын қазақтар мен қырғыздардың географиясын, та-

рихын, əдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланды.

1855 жылы Уəлиханов генерал Гасфорттың Орталық Қазақстанды,

Жетісуды жəне Тарбағатайды аралаған сапарына қатысты. Олар

Омбы қаласынан шығып, Семей қаласына барды, одан Аягөз бен

Қапал арқылы Іле Алатауына өтті. Қайтар жолда Шоқан Гасфорт-

ты Алтынемел асуына дейін ғана ұзатып салды да, одан əрі өз

бетімен Жоңғар қақпасына, Алакөлге жəне Тарбағатай тауына сапар

шекті. Содан соң ол Қарқаралы, Баянауыл жəне Көкшетау қалалары

арқылы Орталық Қазақстанға жол тартып, Омбыға қайтып орал-

ды. Бұл сапар жас саяхатшыға ұмытылмас əсер қалдырды. Сөйтіп,

ол Қазақстанның табиғат жағдайларымен жəне халықтың өмірімен

тұңғыш рет кең көлемде танысты.

1856 жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовскийдің

басшылығымен ұйымдастырылған əскери-ғылыми экспедицияға

қатысады. Экспедицияның мақсаты – қырғыз халқымен танысу,

оның территориясын географиялық жағынан зерттеу, Ыстықкөлдің

бассейнін картаға түсіру еді. Экспедиция құрамында Яновский

басқарған топографтар тобы да болды. Сондай-ақ оған жергілікті

халықтың өкілдері: қазақтар Əбілес Тазабеков, Бұлан Сасыбаев,

Байғазы Тленшин, Жайнақ Темірбеков жəне басқалары қатысты.

Верный қаласынан мамыр айының басында шыққан экспедиция

Шелек, Шарын, Үшмерке жəне Шырғанақты өзендерінің алқаптарын

бойлай өтті. Одан Қарқара өзенінің бойымен жоғары өрлеп, Сан-

таш асуы арқылы Түп өзенінің алқабына шықты. Оны бойлай жүріп,

Ыстықкөлге құлады.

Экспедиция мүшелері Ыстықкөлдің бассейнін топографиялық

картаға түсірді. Көлдің солтүстік-шығыс жəне шығыс

жағалауларының географиялық жағдайын анықтап, солтүстік-

шығыс беттегі көлге құятын барлық өзендерінің бойын зерттеуге

көңіл бөлді.

Ш.Ш.Уəлиханов П.П.Семеновпен бірге көл төңірегіне бірнеше

сапар шеккен. Ал жас қазақ ғалымы П.П.Семеновпен Омбыда 1856

жылдың көктемінде танысып, достық қарым-қатынас орнатқан-ды.

1856 жылғы тамызда Шоқан Құлжа қаласына аттанады.

Сапардың негізгі мақсаты – Қытаймен сауда қатынастарын жолға

кою туралы қытай өкімет орындарымен келіссөз жүргізу еді. Өйткені

Шəуешектегі орыстың сауда-саттық орны өртеніп кеткеннен кейін

екі арадағы қарым-қатынас үзіліп қалған-ды. Уəлихановтың ал-

дында даулы шекара мəселелерін шешумен байланысты күрделі

дипломатиялық миссияны атқару міндеті тұрды. Ол осынау бір

маңызды тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Құлжа өлкесінде

үш айға жуық болған Шоқан сол аймақтың физикалық-географиялық

жағдайларымен, халықтың өмірімен жəне тарихымен танысты.

1857 жылы Шоқан тағы да Алатау қырғыздарына сапар шегеді.

Бұл Қашқарияға экспедицияға шығар алдында күш-мүмкіншіліктерді

сынап байқау тəрізді саяхат еді. Бұл жайында Батыс Сібірдің генерал-

губернаторы Гасфорт былайша турасын жазды: «Мен мынаны мой-

ындаймын, – деді ол, – Қашқария шекараларына, көшпенді тағы

қырғыздардың арасына сенімді шенеунікті жібергенде, оның алдағы

уақытта жөнелтілуге тиіс керуен барғанша Қашқария жəне жалпы

Батыс Қытайдағы істерді қадағалау мақсаты көзделген-ді».

Қырғыз Алатауында болған кезінде Уəлиханов қырғыз халқының

өмірімен жəне тұрмысымен жақынырақ танысып, оның тари-

хын, этнографиясын жəне поэзиясын зерттеді. Қажымай-талмай

еңбектену нəтижесінде ол аса мол тарихи-этнографиялық ма-

териал жинады. «Этнографиялық очерктер, статистикалық де-

ректер, тарихи мағлұматтар, үйсіндер мен тағы орданың халық

əдебиетінің ескерткіштері менің жазбаларымда бірнеше дəптер бо-

лып текшеленді», – деп жазды Уəлиханов. Бұл орайда ерекше көңіл

аударарлық бір жəйіт: жас зерттеуші қырғыздардың атақты эпосы

«Манасқа» тұңғыш рет зер салып, қағазға түсірді жəне орыс тіліне

аударды. Ол осынау бір фольклорлық ескерткішке алғаш рет тарихи-

əдеби талдау жасады.

Ш.Ш.Уəлихановтың 1856-1857 жылдардағы саяхаттарының

ғылыми нəтижелері оның «Ыстықкөлге сапар күнделіктері», «Іленің

арғы бетіндегі өлкенің географиялық очеркі», «Қытай империясының

батыс провинциясы жəне Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жаз-

балар» жəне басқа еңбектерінде жүйелі түрде баяндалған. Сол

бір шығармаларының өзінде-ақ 21-22-ге жаңа толған жас Шоқан

өзін Тянь-Шань мен Жетісудың географиясын, сол аймақтарды

мекендейтін халықтардың тарихын бес саусағындай тамаша білетін

байқампаз да дарынды ғалым ретінде танытты.

Шоқан Уəлихановтың зерттеулері П.П.Семенов-Тян-Шанский

арқылы Петербургтың ғылыми топтарына мəлім бола бастады. Ал

көрнекті орыс ғалымының өзі Е.Ламанскиймен бірлесіп Шоқан

Уəлихановтың еңбектері туралы пікірлерін жазып, ұсыныс жасады.

Сол пікірдің тұжырымды хаттамалық жазбасында былай делінген:

«Шоқан Уəлиханов Ыстықкөлдің шығыс жағалауына сапар шегіп,

Қырғыз даласы хақында аса бай географиялық, этнографиялық жəне

тарихи материалдар жинады. Жас ғалым сол деректерді мəлімдеуге

əзір». Осы талқылаудан кейін Шоқан Уəлиханов 1857 жылғы 21

ақпанда Орыс География қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

Ал мұның өзі жас ғалымның орыс ғылымы алдындағы аса көрнекті

еңбегін бірауыздан мойындау еді.

П.П.Семеновпен пікрілесу Уəлихановқа көп əсер етті, албырт

жасты рухтандырып, қанат бітірді, оның болашаққа деген сенімін

нығайтты. «Мен Шоқанға осының алдында ғана жүріп өткен саяха-

ты жөнінде қуанышы қойнына сыймай масаттанып отырған шағында

кезіктім, – деп жазды Г.Н.Потанин. Бұл Шоқанның Шығыс тарихы-

на барған сайын терең бойлап,... хундар, тукиулер, жуан-жуандар

мен ұйғырлар жайында жазылғандарды қайта-қайта құныға оқып

жүрген мезеті екен. Дəл сол сəтте Омбыға белгілі автор Риттердің

«Азия жертануының» аудармашысы П.П.Семенов келген еді. Ол осы

еңбектің өзін толғандыратын шешімдері жайлы ойды ортаға салып,

аудармасын Шоқанға оқытады.

Өзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапары-

на Шоқан 1858-1859 жылдарды шықты. Бұл мейлінше қауіп-қатерге

толы сапар еді. Өйткені Қашқария елі ол кезде еуропалықтар үшін

жабық болатын. Өзінің зұлымдығымен əрі қаныпезер қаталдығымен

аты əйгілі болған Қашқарияның билеушісі Қожа Уəлихан төре

еуропалықтарға сенімсіздік білдіріп, олардың Қашқария жеріне аяқ

аттағанын аяусыз өлтіріп отырды. Мысалы, белгілі географ Адольф

Шлагинтвайт, Уəлихан төренің əмірі бойынша басы кесіліп, қаза

тапты. Оның аянышты өлімі туралы алғашқы мағлұматты Шоқан

алып қайтты.

Міне, сондай қиын-қыстау жағдайда Қашқарияда жұмыс істеп, ол

10–1673


өлке туралы ғылыми деректер жинау өте қауіпті еді. Осы жағдайға

қанық П.П.Семенов-Тян-Шанский мен Е.П.Ковалевский экспеди-

цияны ұйымдастырған кезде оны сауда керуені деп лақап таратып,

мұқият əзірлік жасады. Шоқан қырғыз киімін киіп, керуен басы

Мұсабайдың туысы ретінде Əлімбай деген атпен сапар шегуге тиіс

болды.


Экспедицияны жолға дайындаған шақта (1857 жылдың аяғы 1858

жылдың басы) Шоқан Жетісуда болды. 1858 жылғы 12 ақпанда Вер-

ныйда генерал Гасфортқа мынадай хабар жолдайды: «Қыстың қатал

болуына жəне қардың өте-мөте көп жаууына байланысты Алатау

тауларының жолдары мен асуларының бəрі түгелдей ноябрь айынан

бері бітеліп қалды жəне олардың февральдың аяғына дейін ашыла

қоюы неғайбыл». Сөйтіп, ол Жетісуда керуеннің келуін күтті.

Керуен Қапалдан 30 шақырымдай қашықтықтағы Қарамола

жотасының бөктерінде орналасқан Сарыбас ауылынан жолға шықпақ

болып белгіленді. Шоқан бұл араға 1858 жылғы 28 маусымда жетіп,

Семей қаласынан келген керуенге қосылды. Керуеннің құрамында

43 адам, 101 түйе, 65 салт жəне жүк тиелген ат, сондай-ақ 6 киіз үй

бар еді. Шоқан өзінің офицерлік киімін тастап, басына сəлде тартып,

ұлттық ұзын шапан киді жəне шашын ұстарамен алдыртып тастады.

Бірінші шілдеде керуен Алтынемел жотасынан асып, Іле өзенінің

алқабына бет алды. Ол уақытта Іле өзенінен өту қиын болатынды:

өзен үстінде көпір жоқ-ты. Сөйтіп, керуен өзеннің екінші бетіне түбі

тайыз көне қайықтармен шығарылды. Керуеннің одан арғы жолы Те-

кес, Қарқара жəне Көкжар өзендерінің алқаптарына ойысты. Жолай

қырғыз айылдарында жергілікті халық арасында сауда-саттық жа-

сап жүрген қашқарлық көпестер жиі кездесті. Саудагерлермен қоян-

қолтық байланыс жасап, Шоқан олармен Қашқарияға дейін бірге

баруға келісті.

Алайда жолда бірқатар қиыншылықтар туды. Ол жөнінде генерал

Гасфорт соғыс министріне былай деп мəлімдеді: «Көтеріліс шығуына

байланысты Қытай үкіметі қабылдаған шаралар Қашқарияға өтуге

қиындық келтіруде... сөйтіп, біздің керуен оның белгіленген бағыт

бойынша одан əрі жол жүруіне жергілікті өкімет орындары келісім

бермеген жағдайда тауарларын өткізу үшін Құлжаға барады». Бірақ

экспедицияны ұйымдастырушылар мұндай жағдайды місе тұтпады.

Үкімет: «Егер керуен Қашқарияға өте алмаса, оның Құлжаға баруы-

нан еш пайда жоқ» деп есептеді.

Осы айталғандардың бəріне қоса сауда керуендеріне əлсін-əлсін

шабуыл жасап, тонауға ұшыратқан жол азабын да қосқан жөн. Со-

нымен қатар қырғыздар арасында керуенде ғалым офицер бар де-

ген сыбыс тарап кетеді. Міне, осы қиыншылықтардың бəріне

қарамастан, ержүрек саяхатшы өз сапарын əрі қарай жалғастыруға

бекем бел байлайды.

Ыстықкөл алқабынан Қашқарияға Үш Тұрфан арқылы жүретін

шығыстағы жол, Үлкен Ақсайды жəне Атбашы, Арпаны басып

өтетін жолдар бар. Бұрынғы сапарлары бойынша, бұл өңірді жақсы

білетін Шоқан Орталық Тянь-Шаньның сырты арқылы өтетін Ақсай

жолын таңдап алады. Бұл шығыстағы елдердің ежелден бері бір-

біріне қатынайтын үлкен керуен (Жібек жолы) жолы еді. Зəуке ала-

бында шатқалдағы асу өте ауыр-ды. Зəуке белесінен жол Сырдария

өзенінің негізгі саласы – Нарын өзенінің жоғары сағасына бет алып,

одан əрі Тянь-Шаньның оңтүстік сілемі болып табылатын Теректі

Дауан жотасына қарай асады. Тянь-Шаньның оңтүстік беткейінде

керуен тағы да жазға кездеседі: қыркүйектің аяғында мұнда күн

жайма шуақтанып, төңірек гүлдеп құлпырып тұрады. Осының ал-

дында ғана суықтан бүрсең қағып жаураған жолаушылар Тянь-

Шаньнның оңтүстік беткейіне өтіп жылынып, рақатқа батады. Өз

күнделігінде Шоқан ол араның шөлейт болуына қарамастан, жердің

жақсы өңделгені, сондай-ақ қолдан суландырудың диқан өмірінде

аса зор маңызы бар екені туралы жазған. Шекарадағы тексеру-

ден қауіптенген Шоқан өз күнделігін Теректі Дауанның шатқалына

көміп кетеді. Үш ай жол жүріп, керуен 1858 жылы 27 қыркүйекте

Қытай шекарасынан өтеді.

Ш.Ш.Уəлиханов Қашқарияда 1858 жылғы наурыздың орта-

сына дейін жарты жылға жуық болған. Осы мерзім ішінде ол

қаламен танысып, Алтышаһар елін зерттейді. Солтүстігіндегі

Тянь-Шань, оңтүстігінде Кунь-Лунь таулары қоршап тұрған

Қашқар, Ақсу, Үш Тұрфан, Жанасар, Жəркент жəне Қотан

қалалары сол кезде Алтышаһар деп жалпылама аталатын-

ды. Сол дəуірде бұл қалалар Қоқан хандығына бағынған.

Сондықтан Орта Азия жəне Қазақстанмен саяси əрі сауда-

саттық қатынастары үшін ашық өлке саналған. Жат адамдардың

назарын аудармас үшін Шоқан керуеншілердің сауда-саттық

ісіне де араласуға мəжбүр болады.

Қашқарияға келген бойда-ақ Шоқан бұл арада қоқандықтарға

ерекше ілтипат көрсетілетінін бірден байқайды. Керуен басы

Мұсабаймен бірге оны құшақ жая қарсы алып, қорғап, қамқорлық

жасаған. Міне, осының бəрі Қашқария елін зерттеуге қолайлы

жағдай туғызады.

Шоқан Қашқария елінің саяси əрі экономикалық құрылымы,

тарихы жəне этнографиясы бойынша мол деректі материалдар

жинақтайды. Қоқандықтар арқылы Қашқарияның саяси жəне сауда

қайраткерлерімен, мəдениет өкілдерімен танысып, ол Алтышаһардың

өткендегісі мен бүгінгісі туралы өте құнды мағлұматтарды естіп,

құлағына құйып алады.

«Ал менің іс-қарекетіме келетін болсақ, – деп жазды Шоқан

«Қашқарияға бару жəне Алатау тауына қайту жолының суреттемесі»

атты еңбегінде, – мен Қашқарияда болған кезімде өлке туралы,

əсіресе Кіші Бұхардың саяси ахуалы жайында мүмкіндігінше дəлме-

дəл деректер жинауға барынша ұмытылдым, мақсатыма жету үшін

барлық ұлттардың, таптардың, партиялардың адамдарымен таны-

стым, сөйтіп, бəзбіреуден алған мағлұматтарды екінші адамның

айтқандарымен салыстырып сараладым; оған қоса қожалар билеп-

төстеген дəуірге жататын бірнеше тарихи кітапты қолға түсіру,

бағзы ақындар мен ғалымдардың достық ықыласын пайдаланудың

сəті түсті».

Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін тəп-тəуір үйреніп алады.

Ғалымның архивінде оның Қашқарияда ұйғыр тілінде жазғандары

сақталған.

1859 жылдың ақпанында Қашқариядағы саяси жағдай шиелінісе

түседі. «Түні бойы шаһарда салт атты қарулы жасақтар сабылып

жүрді, дуалдар мен дарбазалардың түбінде күзет күшейтілді, шека-

раларды бақылаушы отрядтар торуылдады, – деп жазды Уəлиханов,

январьдың аяқ шенінде Қашариядағы Құлжадан бірнеше көпсетер

жəне бізден кейін Семейден шыққан ташкенттіктер келді. Солар

арқылы біздің керуенде орыс жансызы бар деген сыбыс тарады».

Сөйтіп, Қашқарияда одан əрі қалу өте қауіпті болды. Сəтсіздікке

ұшырап қалмаудың қамын ойлаған Шоқан керуенбасы Мұсабайды

тез кетуге асықтырды. 1859 жылғы 11 наурызда олар қайтар жолға

шығады.

Қайтар жол Теректіден сəл оңға қарай Тұрғарт асуын басып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет