Тақырып 6. Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің классикалық кезеңі (1856-1890жж)- 1 сағат
П.П.Семенов-Тян-Шанский
Ш.Ш.Уәлиханов
Н.А.Северцов
И.В.Мушкетов
П. П. Семенов ХІХ ғасырдың 50-жылдарының басында-ақ Тянь-
Шаньды зерттеуді алдына мақсат етіп қойған-ды. Ол былай деп жа-
зады: «Азияның ішкі аймағына еніп, адам баласының ойы жетпесе
қолы жетпейтін осынау бір заңғардың қар басқан шоқыларына шығу,
қытайлық мардымсыз мғлұматтарға сүйеніп... ұлы Гумбольдт вул-
кандардан жаратылған деп есептеген алыптың сынықтарынан оған
бірнеше түрлерін, ал үйге ғылым
үшін ашылған бимəлім өлкенің
өсімдіктері мен жануарларының
ұшаң-теңіз түрлерін жинап əкелу
– міне, менің арман тұтқан ең ерен
ерлігім осы еді».
Ол кезде еуропалық ғылымда
Орта Азия тауларының жараты-
лысы жөнінде атақты ғалымның
көзқарастары үстемдік етіп
тұрған-ды. Тянь-Шаньды А. Гум-
больдт биік шоқыларында Альпі
мұздықтары жатқан, Түркістаннан
бастап Моңғолияға дейінгі өн бой-
ында от шашқан вулкандары бар
заңғар қарлы жота деп түсінді.
П. П. Семенов-Тян-Шанский
П. П. Семеновқа ғылымда белең алған жаңағыдай жаңсақ ұғымға
тойтарыс беруге тура келді.
П. П. Семенов Тянь-Шань мен Қазақстан территориясын зертте-
уге 1856-1857 жылдары кірісті. 1856 жылғы мамырда экспедицияға
шыққан ол маусымда Барнаул қаласында жұмысын бастап, одан
Алтайдың батыс аймақтарында болып, Семей қаласы арқылы Вер-
ный (қазіргі Алматы) қаласына аттанады.
«Семейден бастап Қапал бекінісіне дейін бүкіл кең-байтақ əрі
өзіндік қызғылықты ерекшеліктері ұлан-асыр елді аралап, топырақ
өңдеу ғылымының мүдделері талап еткен жерлердің бəріне аял-
дап, асықпай-саспай жүріп өттім. Екі жерде биік таулардың мəңгі
қар жатқан шоқыларына, атап айтқанда Қапалдың түбіндегі Қаратау
тізбегінің жəне Қапалдан əлдеқайда шалғайдағы Көксу өзенінің
маңындағы Аламақ сілемінің ұшар басына шығудың сəті түсті»,
– деп жазды, П.П.Семенов Орыс Географиялық қоғамы Кеңесіне
жолдаған алғашқы хатында.
П. П. Семенов Верный қаласынан екі жолы – Ыстықкөлге, бір
жолы – Құлжа қаласына сапарға шықты. Алғашқы сапары Іле
Алатауының тау асулары арқылы Ыстықкөлдің шығыс пұшпағына
дейін созылды да, екіншісі Кастек асуынан өтіп, Боам шатқалына
барады. Қайтар жолында П.П.Семенов Күнгей жəне Іле Алатауының
ең биік асуларын басып өтті.
1857 жылы П. П. Семенов Теріскей Алатау жотасын кесіп өтіп, Тянь-
Шань сыртындағы биік адырларға шықты. Сөйтіп, оған Сырдарияның
негізгі тармағы – Нарын өзенінің жоғары сағасын тауып ашудың сəті түсті.
Содан соң саяхатшы Тянь-Шаньды неғұрлым күрделі əрі қиын екінші бір
маршрут бойынша – Қарқара мен Көкжар өзендерінің алқаптарын бой-
лай отырып қиып өтті де, Хантəңірі тау тізбегін көрді. Сарыжаз өзенінің
бастауында болып, П.П.Семенов Хантəңірінің солтүстік беткейіндегі
мұзарттарды тауып ашты. Қайта оралған сапарында ол Іле жəне Жоңғар
Алатауын, Іле алқабындағы Қату деген жəне Алакөл көлін зерттеді.
Өз зерттеулерінің қорытындылары бойынша П.П.Семенов 1857
жылы екі жазба есебін жаприялады. 1867 жылы «Орыс Географиялық
қоғамының жазбаларында» ол жолсапар күнделігінен үзінді бастыр-
ды. 1885 жылы «Аспанмен тілдескен тау жəне Іле өлкесі» деген тағы
бір мақаласын жарыққа шығарды.
П. П. Семенов өз сапарларының кейбір мағлұматтарын «Гео-
графиялық-статистикалық сөздікте» жəне К. Риттердің «Азия жерта-
ну» атты еңбегінің үшінші томына берілген қосымшада пайдаланды.
9–1673
Кеңестік Тянь-Шаньның дені Қазақстан территориясында
орналасқан, сондықтан Тянь-Шаньды зерттеу тарихына Қазақстанды
физикалық-географиялық тұрғыдан танып-білу тарихының біртұтас
құрамды бөлігі деп қараған дұрыс. П.П.Семеновтың тарихқа мəлім
атақты сапарына Верный қаласында əзірленіп, оны солтүстік Тянь-
Шаньнан-Іле Алатауынан бастауының өзі осының айғағы іспеттес.
Ғалымның Хантəңіріге сапары да Қазақстанның оңтүстік шығысы
арқылы – Қарқара мен Көкжар өзендерінің алқаптарымен өткені де
баршаға аян.
«Азия жертануының» екінші томына жазған алғы сөзінде П. П.
Семеновтың өзі де саяхаттарының басты қорытындыларын саралап
атап көрсете келіп: «Бұл нəтижелер Азия жерін танудың аса маңызды
үш мəселесін, атап айтақанда: а) аспанмен тілдескен таудағы қарлы
белдеудің биіктігін; б) тауда Альпі мұздықтарының барлығын; в) та-
уда вулкандық құбылыстардың бар-жоғын анықтауды қамтиды» –
деп мəлімдеді.
П. П. Семенов Тянь-Шаньда қар сызығы 11-11,5 мың фут (яғни
3350-3500 м) биіктікке дейін көтеріледі деген қағида ұсынды. Қар
сызығының биіктігі туралы өзінің осы пікіріне дүдəмал туғызған А.
Гумбольдтпен ол пікір таластырды. А. Гумбольдт өз күдігін салы-
стырмалы мысалдармен дəлелдеді. Айталық, Тянь-Шаньмен бір па-
раллельде жатқан Пиренейде (солтүстік ендіктің 42-43 градусының
аралығы) қар сызығының биіктігі 2250 м-ден болса, Эльбруста
(солтүстік ендіктен 43 0 ) – 3080 м, ал Алтайда (солтүстік ендіктің 51 0
шамасында) 2000 м аспайды.
Жоғарыда келтірілген деректерге құлақ аса отырып, П. П. Се-
менов Тянь-Шаньдағы қар сызығының тым биік болу себебін кли-
мат жағдайының ерекшеліктерімен байланыстырып, «Кавказ бен
Алтайға қарағанда аспанмен таласқан заңғар тауда атмосфераның
мейлінше құрғақтығынан» деп түсіндіреді. Осы орайда П. П.
Семеновтың салыстырмалы-географиялық тəсілді шебер қолдана
білгенін атап көрсеткен жөн.
Демек, Тянь-Шаньда «қар сызығының басқа таулардағыдай емес,
соншалық биік» екенін П.П.Семенов география ғылымында тұңғыш
рет айтты. Ең соңғы зерттеулер оның тұжырымына кейбір дəлме-
дəлдіктер енгізді: қазіргі ішкі Тянь-Шаньда қар сызығының биіктігі
4200-5500 метрге жетеді де, Орталық Тянь-Шаньда 3800-4100 мет-
рден аспайды.
Саяхатшы-ғалым Сарыжаз, Текес, Ақсу жəне басқа өзендерді
қоректендіріп жатқан бірқатар мұздықтарды ашты. Ол мұздықтардың
кейбіреуінің егжей-тегжейлі зерттеп жазды.
П.П.Семенов Тянь-Шаньда вулкан жəне вулкан жынысының
жоқтығын анықтап дəлелдегенін айрықша атап өткен жөн. Тянь-
Шаньда вулкандық құбылыс бар деп сол кезде ғылымда орын алған
тұжырымға П.П.Семенов қарсы тұрып, өз пікірін білдірді. Ғалым
былай деп жазды: «Азиялықтардың вулкандық құбылыстар деп
жүрген тұспалдарына ғалымдар сын көзбен əрі асқан сақтықпен
қарау керек, өйткені ол болжамдардың көпшілігі қазірдің өзінде-ақ
негізсіз болып шығып отыр. Тағы бір ескертерім: Жоңғар өлкесі мен
Тянь-Шаньды əбден аралап, көп нəрсені көкейге түйген өз басым
Азияның осынау бір бөлігінде вулкан бар дегенге үлкен күдіктімін.
Қалай болған күнде де, аспанмен таласқан шоқыны көзімен көріп,
қолымен ұстаған бірден-бір адам ретінде мен бұл вулкандардың бар
екені ешбір күмəн туғызбайтын шындық, тайға таңба басқандай
анық дегенді мойындай алмаймын. Қалыптасқан пікірге, əлбетте
кереғар болғанымен, бұл сапарда менің көзім анық жеткен аса
маңызды ақиқаттардың бірі міне осындай».
Кейінірек өз ескертпелерінде осы мəселе төңірегінде сөз қозғай
келіп, П.П.Семенов бұрыннан айтып жүрген пікірлерін былай-
ша тиянақтайды: «Іле алқабындағы Қату жоталарында, сондай-ақ
Мұзарт пен Зəуке тау асулары аралығындағы бүкіл Тянь-Шаньның
өн бойын қамти жүргізген зерттеулерім А. Гумбольлдтің Орта Азия
тауларында вулкандық құбылыс бар деген болжамын тағы да жоққа
шығарды».
П.П.Семенов саяхатының ғылыми қорытыныдылары мұнымен
ғана шектеліп қалмайды. Ол жинаған ұшаң-теңіз материалдар Тянь-
Шань жөніндегі сол заманғы ұғымдарды əлдеқайда кеңейттті, Орта
Азия тауларының жаратылысын, құрылысын, гидрографиясын,
географиялық ботаникасын жəне табиғи зоналарға бөлінуін, олардың
мұз басу тарихын жаңа қырынан танып-білуге зор мүмкіндік туғызды.
Сөйтіп, Тянь-Шань таулары туралы геологиялық-географиялық
білімнің негізін салды.
Міне П.П.Семеновтың өзі де табиғатты зерттеуге осылайша жан-
жақты, түбегейлі қараған данышпан саяхатшы болды.
П.П.Семенов 1857 жылғы 20 қазанда Географиялық қоғамның
атына жолдаған хатында былай деп жазды: « Мен тау асуларын
зерттеуге баса көңіл бөлдім. Өйткені олардың биіктігіне қарап,
шоқылардың орта биіктігін, ал екі қапталына қарап тау тізбектерінің
географиялық тұрпаты мен құрылымын анықтауға болады. Ал
көршілес елдерді бір-бірімен жалғастыратын қатынас жолдары
ретіндегі олардың маңыздылығы өз алдына бір төбе. Ақырында, тау-
лы аймақтардың формасы мен қалыптасуына олардағы өсімдіктердің
(таралуын) таудың төбесіне немесе көлбеу беткейіне өсетініне де
жете назар аудардым».
Осы тұрғыдан қарағанда ғалымның Солтүстік жəне Орталық Тянь-
Шаньның құрылымы мен геологиясына жүргізген бақылаулары өте
ден қоярлық. П. П. Семенов ендікті бойлай біткен жоталар ретінде
Тянь-Шань құрылымының тұңғыш схемасын жасады. Ол екі қаптал
бойынша таудың геологиялық құрылымы туралы деректер алды, 23
тау асуын зерттеді, тау жыныстарының аса мол коллекциясын жи-
нады.
П. П. Семеновтың Алатау шоқыларын Жоңғар жəне Іле Алатауы
деп бөліп, олардың ара-жігін дəлме-дəл анықтауы ғалымның асқан
кемеңгерлігін көрсетеді. Ол Іле Алатауының Тянь-Шаньның басқа
жоталарымен байланысты екеніне тұңғыш рет назар аударып, Іле
Алатауы өзінің шығысқа жəне батысқа созылып жатқан шалғайдағы
сілемдерімен қоса Тянь-Шаньның нағыз тізбегін түзетінін атап
көрсетті. Сондай-ақ «Алатаудың геогнистикалық құрамын да Тянь-
Шаньдікінен айнымайды десе болғандай» деп мəлімдеді.
П.П.Семенов Іле Алатауын өзі ат ізін салған жерлердің бəрінен
де неғұрлым толық иждиһаттықпен зерттеді. Бұл таулы өлкені
суреттеуді ол Іле өзенінен қарағанда таудың жалпы көрінісі қандай
екенінен бастап баяндайды. Саяхатшы-ғалым былай деп жазды: «Іле
беткейінен бастап Алматы беткейіне дейінгі жолдың өн бойында
Іле Алатауы мұнартып көз алдымызда тұрды да қойды. Шығыстан
батысқа қарай 200 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатқан
бұл жота орта тұстарында аспанмен таласқан зəулім биіктікке дейін
көтеріледі. Оның қақ ортасында шыңының биіктігі 4,5 мың мет-
рге жететін үш басты құз мен мұндалап тұр. Осы шоқының ұшар
басында қарауытқан тіп-тік жарқабақ шыңға қар тұрмайды, бірақ
көршілес шыңдарда қар өте көп. Турасын айтқанда, жүз шақырымға
созылған биік жонның өн бойын мəңгілік қар басқан, тек Талғардың
талшоқысы аталатын ең негізгі шыңнан шығыс пен батысқа алпыс
шақырымдай өткесін ғана Іле Алатауның жоны қар жатқан белдеу-
ден төмендей бастайды».
Одан кейін П. П. Семенов Іле Алатауы мен əлемдегі басқа
таулардың сырт көрінісін салыстыра келіп, Еуразияның ешбір
жерінде мұндай зəулім биік тауды соншалық жақыннан көру,
өйткені Швейцарияның Альпісінде, Кавказда, Түркістанда, тіпті
бəрінен əлдеқайда зəулім Тянь-Шаньда қар басқан жондарды тым
аспанға көтеріліп, ұрымтал барғанда ғана көре аласың əрі олар-
да қарлы жота онша биік бола бермейді. Ал Іле Алатауының ақ
қабақ киген құздары Іле ойпатынан көтерілісімен мен мұндалап қол
бұлғайтындығын, əрі олардың ұшар басы адам тұрған жерден 4000-
4500 метрге жететіндігін жазды.
Одан былайғы жазбаларында зерттеуші Іле Алатауының геологиясы-
на жүргізген бақылаулары жайында қысқаша деректер келтіреді. П. П.
Семеновтың пікірі бойынша, Іле Алатауы біркелкі екі бөліктен тұрады
деп айтуға болады. Тау жотасы бір-бірімен қапталдаса біткен негізгі екі
жонға ұқсайды. Ғалым оларды солтүстік жəне оңтүстік сілемдер деп
атайды. Кемін жəне Шілік өзендерінің ұзын да терең аңғарлары бөліп
тұратын бұл сілемдер тау тізбегіне жалғасады. «Қапталдас тізбектерге
тарамдану тау жотасының кіндігімен есептегенде батыстан шығысқа
қарай созылып жатқан ұзыннан-ұзақ алқаптар түзу – бүкіл Тянь-
Шаньға тəн ерекшеліктер осындай. Əлгі ұзын-ұзын алқаптар өздерінің
геологиялық құрылымы жағынан бір-біріне тым ұқсас та, ал климаты
мен өсімдіктер жөнінен Іле Алатауының алқаптары Орталық Тянь-
Шаньдағыдан мүлде өзгеше болы келеді».
Іле Алатауының геологиялық құрылымын сипаттап,
П.П.Семенов тау жыныстарының петрографиялық құрылымы,
олардың стратиграфиялық арасалмағы жəне жотаның тектоникалық
құрылымы туралы деректер келтіреді. Ғалым Іле Алатауының
қойнауындағы алқаптар негізінен шөгінді жыныстарынан, ал
қапталдас тау тізбектері кристальды жыныстардан түзілгенін
анықтады. Табылқатын асуының əктастарын зерттеп, П. П. Се-
менов «Мен олардың ішінен тасқа айналған қыруар заттарды ашу
бақытына ие болдым. Соншалық тамаша сақталған ол заттар маған
шөгінділерден түзілген палеозой қыртыстарының пайда болу дəуірін
анықтауға мүмкіндік берді. Ал мұндай қыртыстар Іле Алатауы мен
Тянь-Шаньда өте көп кездеседі», – деп жазды.
Іле Алатауының бітімі мен геологиясына шолуын қорытындылап
келіп, П. П. Семенов жер бедеріне қарай бүкіл тауды үш құрамды
бөлікке жіктейді: 1. солтүстік тау тізбегі мен оның бөліктері; 2.
жондар мен қырқалардың ара-арасындағы ұзын-ұзын алқаптар; 3.
оңтүстік тау тізбектері. Ол осы үш бөліктің əрқайсысының жараты-
лысына жеке-жеке сипаттама береді.
Ғалым солтүстік тау тізбегін үзілмей бір-бірімен жалғаса беретін
жон ретінде суреттеп, орта тұсында мəңгі қар жатқан белдеуден
əлдеқайда биік тұратынын, бірақ қос қанаты да барған сайын ылди-
лап, шығысында оны Шілік өзенінің аңғары бөліп тастайтынын ай-
тады.
Саяхатшы тау баурайларындағы алқаптарды, сондай-ақ оларға
жанамалай жатқан қырқалардың тектоникасы мен жаратылы-
сын сипаттап жазады. Шілік өзені бұрылысының шығысында Іле
Алатауының солтүстік жəне оңтүстік аралығына сыналанып кіріп
тұрған қырқаны бейнелей келіп, «осы терең алқаптың еңістеріне
қарап бүкіл қырқаның тектоникасын анықтауға болатынын атап
көрсетті. Алқаптың терең қойнауына үш шағын өзен айқыш-ұйқыш
жарыса құйып, Шарын өзеніне айналады да, оның көбік шашқан ең
терең əрі асау тұсы Ақтоғай деп аталады. Қырқаға барып тірелетін
алқап еңістері құмдақ-шөгінді жыныстардан тұрады. Ал мұндағы
сан жетпейтін үйдей-үйдей тастар бір-бірімен əбден жымдасып,
геологтар «біріккен қоспа» деп атайтын тау жынысына айналған».
П.П.Семенов əуел баста қырқалардың орнында тау аралықтарында
терең тау аралық ойыстар болғанын ескертеді. Бұл тау аралық
ойсытың жан-жағы тұйық, кезінде таудан домаланған ірі-ірі та-
стар, малта тастар, таудан құлап аққан сулар осы ойысты толтырып,
көлге айналдырған. Содан тау ішіндегі көлдің суы кемерінен асып,
солтүстікке қарай ағып, одан Шілік пен Шарын өзендерінің баста-
луы пайда болған. Үшмерке өзенінің арнасы да осылайша жасалған.
Іле Алатауының П. П. Семенов жасаған орографиялық схемасы
негізінен қазіргі уақыттағы схемаға ұқсайды. Сондай-ақ оның бұл
таулардың палеозой дəуірінде пайда болғаны туралы пікірі де дұрыс.
Сондықтан В. И. Чернявский, И. В. Мушкетовтан соң іле-шала П. П.
Семенов өзінің геологиялық зерттеулерімен Тянь-Шаньды танып-
білудің берік негізін қалады деп көрсетті.
Іле Алатауы туралы жазбаларын П. П. Семенов оның өсімдік
өсетін аймақтарын қарастырып баяндаумен аяқтайды (бұл жөнінде
ІУ тарауды қараңыз).
Ыстықкөл мен Шу өзенінің арасындағы байланысты анықтау –
Іле Алатауында П. П. Семенов жүргізген зерттеу жұмыстарының
негізгі нəтижелерінің бірі. 1856 жылғы 24 қыркүйек Іле Алатауы-
на алғашқы сапарында тауға Қастек өзенінің бойымен Қаскелең
өзенінің алқабы арқылы көтерілген саяхатшы Суықтөбе шоқысына
шығып, Шу өзенінің бүкіл алқабын тұңғыш рет көрді. Осы сапарын-
да саяхатшы сол уақытқа дейінгі жаңсақ пікрді жоққа шығарып, Шу
өзені басын Ыстықкөлден алмайтынын анықтады. Шын мəнісінде
өзеннің Ыстықкөл қырқаларын бойлай ағып, Боам шатқалында
бағытын күрт өзгертетіні белгілі болды.
«Мені мейлінше қызықтыратын əрі алаңдатып жүрген мəселе
көп кешікпей шешімін тапты, – деп жазды саяхатшы ғалым, – Арын-
ды өзен Шудың Қошқар аталатын негізгі құрамды тармағы Тянь-
Шаньнан басталады да, оның алқабын кесе көлденең қиып өтіп,
Ыстықкөл қырқасына шығады. Бірақ осы тұста əдеттегідей көлдің
құламасына қарай ақпай, бірден батысқа Боам шатқалына жалт
береді. Осы бұрылыстың шығыс жағынан мен қопалы жер көрдім,
одан Ыстықкөлдің табиғи құламасына ұзындығы алты шақырымнан
аспайтын Күтемалды деген шағын өзен ағып жатыр екен».
Сөйтіп, бірінші рет Н. Потанин ашқан жаңалық ғылымда
дəлелденіп, əрі қарай нақты шешімін тапты.
Сонымен қатар П. П. Семеновтың естеліктерінде Қазақстанның
басқа аймақтары туралы да баяндалған.
Барнаул қаласы арқылы қазақ жеріне аяқ басқан ол өз сапарының
басында бірнеше күн Алтайды зерттеуге көңіл бөледі. Үбі мен Үльба
өзендерінің атырабында орналасқан кен орындарында (Риддер, Су-
гатов, Николаев) болады. Саяхатшы сол жерлердің геологиясы, мор-
фологиясы жəне өсімдіктері туралы баяндап жазады.
П. П. Семеновтың Семей мен Жетісу өлкелерінде қазақ даласына
жүргізген бақылаулары өте-мөте ден қоярлық. «Жалпы алғанда Се-
мей мен Жетісу облыстарындағы қазақ даласы не Есіл бойындағы,
не Бараба өңіріндегі, не Ресейдің оңтүстігіндегі далаларға мүлде
ұқсамайды, – деп жазды саяхатшы. Өзгені былай қойғанда дəл биылғы
1856 жылы тамыздың басында мұндағы қазақ даласы əлі күнге күйіп
сарғаймай, өсімдіктері бояуын əсте жоғалтпай, алуан түске бөленіп
құлпырған күйі жайқалып тұрады. Олардың дені бірыңғай ортаазиялық
түрлер, орманда өсетін өсімдіктер бұл арада атымен кездеспейді екен.
Оның есесіне қазақ даласында оқты-текте ірілі-уақты сортаң жерлер
ұшырасады, оларда өздеріне ғана тəн өсімдіктер өседі. Кей уақытта
шын мəнісінде топ-топ таулар мен қырқалар көз тартады, олар негізінен
порфирлерден түзілген жəне жоталарын басынан етегіне дейін далалы
өсімдіктер басқан. Бұл таулардың бөктерінен кейде қайнарлар мен
шағын бұлақтар шығады».
Қазақ даласын басқа далалармен салыстырып (Ресейде
кездесетін), ғалым оларды төрт түрге бөледі.
Бірінші түрі қара топырақты жəне бірыңғай шөптесін өсімдіктер
өсетін ұлан-ғайыр ормансыз жазық жерлер. Тақтайдай теп-тегіс бо-
лып келетін бұл далаларда ешбір адыр, қырат, жота не төбе көзге ша-
лынбайды.
Екінші түр – Сібір даласы – Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі
– қара топырақты оңтүстік-орыс далаларымен оның ұқсастығы сол,
мұнда да шөптесін өсімдік өте-мөте көп шығады əрі оның өсімдіктер
дүниесі орыс даласынікімен тектес болы келеді. Бірақ айтылмыш екі
даланың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мынада: Сібір далала-
рында керемет шабындық жерлер көп болғанымен, олардың ара-
арасында жапырақты ағаштар (қайың, көктерек, ақтерек) жайқалған
шоқ-шоқ тоғайлар жиі ұшырасады. Бір ғажабы: ол шоқ-шоқ тоғайлар
сай-салаларға жасырынбай, ашық даланың өзінде өседі. Əдеттегі
қара топырақты жерлердің қатарына қосылмағанымен Бұл жазық
далаларының топырағы да құнарлы болып келеді.
Далалардың үшінші түріне П.П.Семенов Барабаны жатқызады.
Бұл далада ұлан-ғайыр əрі теп-тегіс жазық, шабындықтары мол,
ойдым-ойдым шоқ-шоқ тоғайлар өсетін аймақ. Бараба даласының
бір өзгешелігі – мұнда өзен жоқ, ал суы тұщы үлкенді-кішілі көлдері
көп.
Төртінші түр – Қазақ даласы – мұнда орман деген атымен бол-
майды, бірақ шөптесін өсімдік өседі. Мұның басқа далалардан
ерекшелігі: көз ұшында мұнартқан таулы-тасты қыраттар мен адыр-
лар жиі ұшырасады əрі ағын су тым тапшы болып келеді.
«Сайып келгенде орыс адамы» «дала» деген атауды қалай
түсінеді? – деп сауал қойып, автор мынадай ой қорытады. Бұл
бəлкім, шөптесін өсімдіктер қаулап өскен, əлі күнге дейін адам
қолы тиіп өңделмеген ұланғайыр жазық жерлер. Соның өзінде
таулы-тасты таулар мен жондардың болуы да (əдетте бұл қазақ
даласында кездеседі), Есіл бойы мен Бараба өңіріндегі сияқты
жапырақты ағаш тұқымдары өсіп, ойдым-ойдым шоқтардың
ұшырасуы да «дала» деген ұғымға қайшы келмейді. Даланың
тіршілігі үшін суландыру – өте қажетті шарт. Сусыз дала – нусыз
дала, ол құнарынан айырылып, шөлге айналады. Ал даланы сулан-
дыру жүйесі сан алуан болуы мүмкін. Ол үшін жап-жазық даланың
өз үстімен немесе терең яки тайыз сай-салалармен ағатын өзен
суын пайдалануға болады. Ақтығында, далада ағатын судың мүлде
болмауы да ықтимал, ондай жағдайда суы тұщы немесе сортаң
көлдерді кəдеге жаратқан жөн. Ал бəрінен де даланың өзіне тəн
нəрсе – қыста түскен қардың жаппай тоқтатылуын қадағалаған
дұрыс. Ол еріп жерге ылғалдылық береді де, өсімдіктердің қайта
қаулап шығуына мүмкіндік туғызады. Далаға тəн басты қажеттің
өзі де осы қарда болса керек». Мұны автор қазақ даласына тəн
ерекшелік қатарына жатқызады.
П.П.Семенов Жоңғар Алатауында болып, Лепсі, Ақсу, Басқан,
Қаратал, Бүйен, Көксу жəне басқа өзендерді сипаттап жазды. Ол
Қапал мен Арасан маңында Жоңғар Алатауына шықты, Қату тауы-
на, Алакөлге сапар шекті. Əрқашан сəл-пəл мұнартып көкшіл тар-
тып тұратын Қату жотасынан ол мүсəтір мен күкірт тауып, өте мол
тас көмір қабаттарының жер астында жанып жатқанын мəлімдеді.
П.П.Семенов бұл жерлерде жүйелі терең зерттеу жұмыстарын
жүргізген жоқ, сондықтан ғалым ол аралар туралы атүсті, жалпыла-
ма сөз етеді.
П.П.Семеновтың Қазақстанда жүргізген зерттеу жұмыстарының
нəтижелері елдің өндіргіш күштерін дамытуды көздейді. Мəселен,
Іле өлкесінің табиғи аймақтарын суреттей келіп, автор табиғат
жағдайлары мен адамның оларды пайдаланудағы іс-əрекетінің
тығыз байланысты екенін атап көрсетеді. Əрбір аймақ оны
ауылшаруашылығы үшін пайдалану тұрғысынан сипатталаған.
Орталық Тянь-Шанды Іле Алатауымен салыстыра қарастырып,
ғалым Іле Алатауының егіншілік пен мал шаруашылығы үшін өте
қолайлы екенін пайымдайды.
«Іле Алатауының аты аталған төрт алқабының Кемін, Шілік,
Жіңішке, Асы өзендерінің атыраптары бəрі де түгелдей тоғай өсетін
аймақтарға жатады. Сондықтан да олар егіншілік үшін, əсіресе мал
өсіру үшін өте қолайлы», – деп жазды П.П.Семенов. Ал Орталық
Тянь-Шаньның алқаптары, оның пікірінше, орман өсетін жерлерден
биікте жатыр, сол себепті олар егіншілік үшін қолайсыз болып та-
былады.
П.П.Семеновтың алғашқы экспедициясы Қазақстанда болған
уақыттан бері жүз жиырма бес жылдан аса уақыт өтті. Содан
бері география ғылымы үздіксіз қанат жайып, өркендеп келеді.
П.П.Семенов тындырған жұмыстардың көбі көнерді неме-
се жаңа тұжырымға ие болды. Алайда Тянь-Шаньды ғылымға
тұңғыш рет ашып, ол жөнінде осы заманғы білімдердің негізін
қалаған П.П.Семенов еңбегінің маңызы ешуақытта жойылмақ
емес. «Ол өзіне дейін ғылыми тұрғыдан бимəлім болып келген
таулы өлкенің бетпердесін жұлып алды да, осынау өлкені өзінің
бүкіл табиғи ұлылығымен біздің көз алдымызға əкеліп елесте-
Достарыңызбен бөлісу: |