Тақырып Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы мағлұматтар Б. з д. парсылықтардың Қазақстан жерін зерттеуі Б. з д. VI-V ғғ «Бехустин жазбасы»


Тақырып 7. Қазақстан территориясын табиғи-географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі (ХIX ғ. 90жж-1917 ж)



бет7/8
Дата21.01.2017
өлшемі2,82 Mb.
#7523
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырып 7. Қазақстан территориясын табиғи-географиялық тұрғыдан зерттеудің арнайы тақырыптық кезеңі (ХIX ғ. 90жж-1917 ж) - 1 сағат

  1. Орыс географиялық қоғамының Қазақстандағы бөлімшелердің ашылуы

  2. Қазақстан жерінің геоморфологиялық зерттелуі

  3. Қазақ жерінің геологиялық тұрғыда зерттеуі

  4. Қазақстан территориясының климаттық жағдайын зерттеуі

  5. Топырақ-өсімдік жамылғысын зерттеуі

Ресейде империализм дəуірінің басталуына байланысты

ХІХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстан территориясын та биғи-

географиялық тұрғыдан зерттеу жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ-

станның қазба байлықтарына, кен шығатын орындарын пай далануға

жəне ауыл шаруашылық жерлерін игеруге Ресейдің мүдделілігі

барған сайын арта түсті. Ал мұның өзі жергілікті жағдайлар мен

ресурстарға табиғи-географиялық жағынан арнайы тақырыптық

зерттеулер жүргізу, темір жол салу, құрылысты өрістеу, шаруалар-

ды жаңа қоныстарға көшіру жəне т.б. мүмкіндіктерін қарастыру

қажеттігін тудырды.

Ембінің мұнайлы, Қарағандының көмірі, Риддердің мыс ру-

дасы жəне т.б. сияқты Қазақстанда қазба байлықтарының аса

ірі кен орындарының ашылуы орыс, сондай-ақ шетел капита-

лы бірлестіктерінің назарын айрықша аударды. Қазақстанды

экономикалық жағынан тиімді отар елге айналдыруға барын-

ша мүдделі болған Ресей капиталистері Ресейге неғұрлым арзан

шикізат əкетудің түрліше айла-тəсілдерін іздеді. Сөйтіп, мұнда темір

жол тарту қажеттігі туды.

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап патша үкіметі шаруаларды

Ресейдің шығыс аудандарына қоныс аудару арқылы олардың жер

үшін күресін əлсіретуге тырысты. 1896 жылы қайта қоныстандыру

басқармасы құрылып, ол шаруаларды Ресейдің шет аймақтарына

көшіру істерімен айналысты. Ауыл шаруашылғы үшін игеруге

жəне отарлауға жарамды алқаптарды іздеп табу мақсатымен патша

үкіметі Қазақстанның далалы аудандарына ерекше көз тікті. Сөйтіп,

Қазақстанның кең-байтақ далаларын зерттеуге үлкен ғылыми

күштерді жұмылдырды.

Осыған байланысты ХІХ ғасырдың аяғынан бастап Қазақ-

станды геологиялық-географиялық тұрғыдан зерттеу онан əрі

жалғастырылды.

Бұдан бұрын айтылғандай, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы

аса көрнекті жаратылыстанушы орыс ғалымдарының физикалық-

географиялық зерттеулері нəтижесінде Қазақстан территориясы

бұл уақытта негізінен танымал болған-ды. Енді Қазақстан жерін

онан əрі зерттеу жұмыстары табиғаттың жекелеген құбылыстарын,

шаруашылық тұрғыдан аса маңызды белгілі бір аудандардың

физикалық-географиялық жағдайларын егжей-тегжей танып-білу

бағытында жалғастырылды.

Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан танып-білудің

классикалық кезеңінде қол жеткен қыруар табыстарға біршама

тоқмейілсіген орыс Географиялық қоғамы ХІХ ғасырдың аяғына та-

ман өлкені географиялық зерттеу ісін күрт бəсеңдетіп жіберді. Тіпті

Қазақстанда жалпыгеографиялық зерттеу жұмысы аяқталды деген

пікір туды. Қазақ жерін бірсыдырғы танып білген орыс географтары

енді өз қызметін Ресейдің шығыс шет аймақтары мен өзге көршілес

елдерге ауыстырды. Орыс Географиялық қоғамы Орынбор, Батыс

Сібір, Түркістан бөлімдерінің жəне Семей бөлімшесінің (1902 жылы

ашылған) барлығын ескеріп, Қазақстан территориясын физикалық-

географиялық зерттеу міндетін бұдан былайғы жерде соларға

жүктеді. Л.С.Берг əділ атап көрсеткендей, «ХХ ғасырдың басынан

бергі уақытта, тіпті одан да ертерек бірақтар бөгде ұйымдар далалық

зерттеу жұмыстарына жұмылды. Ең əуелі олардың қатарына Ре-

сей тауларының бітімін жəне геологиясын іскерлікпен зерттеп,

талай-талай тамаша еңбектер жариялап шығарған Геологиялық ко-

митет, сосын Ғылым академиясы жатады. Бұл орайда Сібір мен

199

кістанның əр тарабына көптеген экспедициялар аттандырып,



ботникалық жəне топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізген қайта

қоныстандыру басқармасын да айтуға болады».

Осы кезеңде Қазақстан территориясында темір жол құрылысын

жобалау жəне салуға кірісу кең көлмеді геологиялық жəне

географиялық-гидрологиялық зерттеулерді бастауға түрткі болды.

Қазақстан жеріндегі ірі темір жол құрылысы Орынбор – Таш-

кент темір жолының тұңғыш жобасы 1874 жылы жасалды. Бірақ бұл

жолдың құрылысы тек 1899 – 1905 жылдары ғана жүзеге асырылды.

1895 – 1904 жылдары Сібір темір жолы салынды.

Жоғарыда аттары аталған ұйымдар қолға алып жүргізген арнайы-

тақырыптық экспедициялық зерттеулер тек ғылыми білімдердің

кеңеюіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғи байлық-

тарын неғұрлым көбірек пайдалануға да септігін тигізді.

Темір жолдардың бойларында бірқатар геологиялық экспедици-

ялар жұмыс істеп, оларға К.И.Богданович, Н.К.Высоцкий,А.А.Кра

снопольский, А.К.Мейстер, Н.Н.Тихонович, И.И.Жилинский жəне

басқалар қатысты.

Олар өздерінің зертт еу жұмыстарымен Солтүстік жəне Орталық

Қазақстанның темір жол салынып жатқан маңдағы кең алқаптарын

қамтыды жəне осы аудандардың геологиялық құрылымының негізгі

белгілерін сипаттайтын көптеген өте құнды материалдар берді. Гео-

логтар жариялаған еңбектерде геологиялық сипаттамалармен қатар

сол аймақтардағы таулардың орографиясы да суреттелген.

Батыс Сібір ойпатының оңтүстігіндегі үштік жəне төрттік

дəуірлерде пайда болған борпылдақ қабаттарды зерттеген

Н.К.Высоцкийдің еңбектерінің шоқтығы ерекше биік. Борпылдақ

қабаттардың жіктелуінің өзіндік белгілерін тұңғыш рет айқындаған

Н.К.Высоций сонымен бірге осынау ұлан-ғайыр ойпаттың

геологиялық тарихын да анықтады. Сөйтіп, ойпаттың негізгі табиғи

ерекшеліктеріне генетикалық түсінік берді. Н.К.Высоцкийдің

палеогеографиялық көзқарастары бертін келгенше Батыс Сібір бой-

ынша геологиялық жəне географиялық жұмыстар үшін жетекші

нұсқау болып келді. Тек соңғы жылдары ғана оның тұжырымдарына

елеулі толықтырулар мен өзгерістер енгізіле бастады.

Қазақстанның табиғат жағдайларын физикалық-географиялық

тұрғыдан зерттеу үшін Геологиялық комитет басқарған геолог

ғалымдардың еңбектері аса маңызды рөль атқарды. Геолог ғалымдар

Қазақстан территориясын белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша

жүйелі түрде зерттеген екінші кезеңнің өресі ХІХ ғасырдың екінші

жартысындағы іс деңгейінен анағұрлым жоғары тұр. ХІХ ғасырдың

екінші жартысында негізгі геологиялық жұмыстарды оқта-текте

ғана ұйымдастырылған экспедициялар жүргізді əрі олар көбіне əр

түрлі ведомстволарға бағынған тау-кен инженерлерінің, сондай-ақ

кездейсоқ жергілікті əуесқой зерттеушілердің күшімен атқарылды.

Ал сөз болып отырған екінші кезеңде Қазақстанның түрліше

аймақтарында геологиялық жəне табиғи-географиялық зерттеулерді

үкімет тапсырмасы бойынша А.Н.Седельников, В.В.Сапожников,

В.А.Дубянский, Л.С.Берг, В.А.Обручев, Б.Ф.Мифферт, С.Н.Никитин,

Н.И.Андрусов, М.М.Пироговский жəне т.б. сынды əр саладағы айту-

лы маман ғалымдар жүргізді. Олармен қоса қазақ жерінде шетел са-

яхташылары мен зерттеушілері де болды.

В.В.Сапожниковтың 1902-1904 жылдары Тянь-Шань мен Жоңғар

өлкесіне барған экспедициясы Қазақстан территориясын зерттеуде

саңызды орын алды.

В.В.Сапожниковтың бірніші экспедициясы Іле Алатауында,

Тянь-Шаньның Сарыжаз өзені бастау алатын маңында жəне Жоңғар

Алатауында болды. В.В.Сапожников Арғанаты қыратына, Балқаш

көліне, Кіші жəне Үлкен Алматы өзендерінің алқабына саяхат жа-

сады. Верный қаласынан шығып, Қастек пен Боам шатқалын ба-

сып өтіп, саяхатшы-ғалым Ыстықкөлге, одан Пржевальск қаласына

жетіп, əрі қарай Тянь-Шаньның биік шоқысы – Сарыжаз жүйесіне

көтеріледі. Семенов мұздығын зерттеу үшін Сарыжаздың жоғарғы

ағысына бірнеше дүркін сапар шеккен В.В.Сапожников Хантəңірі

шыңының биіктігін өлшеп, Баянкөл өзенінің алқабы арқылы Жар-

кент қаласына барды, одан шекарадағы Қорғас өзенінің алқабына

өтіп, Көксу өзенінің аңғары арқылы Қаплға шықты. Экспедиция жо-

лай Қора, Ақсу, Бүйен өзендерінде жəне олардың мұздақтарында

болды.


Екінші саяхатында В.В.Сапожников Сауыр тау торабымен, оған

жалғасып жатқан Маңырақ жəне Тарбағатай жоталарымен танысты.

Осы зерттеулер нəтижесінде В.В.Сапожников алдынала жазған

есептерімен қоса «Жетісу очерктері» деген атпен екі томдық еңбегін

де жариялап, оларда жүрген жерлерінің табиғи-географиялық

жағдайларын толық баяндап жазды, жолай кездескен өсімдіктерге

егжей-тегжейлі сипаттама берді. Зерттеуші жолда кездескен тау-

ларды, адыр-қыраттарды, төбелерді кейде барометрлік жолмен,

бағзы бірде аспап құралдармен өлшеп, олардың тізімін жасады. Ав-

тор аталған еңбегінде Жоңғар Алатауындағы Қора, Бүйен, Ақсу

өзендерінің, сондай-ақ Түрген, Теректі жəне т.б. өзендердің ба-

стау сағаларында өзі ашқан мұздақтар жайында көптеген деректер

келтіреді. Саяхатшы Сарыжаз өзенінің маңында ежелгі заманда мұз

басқан кең алқаптың іздері туралы қызғылықты мағлұматтар алды.

Іле Алатауындағы Есік көлінің алқабында да ертеде мұз жатқаны

атап көрсетілді.

Жетісудің табиғатына, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне

тəн ерекшеліктерге тоқтала келіп, В.В.Сапожников бұл өңірді

«солтүстікте Сібір мен оңтүстікте Түркістанның екі арасын байла-

ныстырып тұрған дəнекер» деп есептейді. «Алтайдың солтүстігінен

оңтүстігіне қарай жүрген сайын, одан Ертіс алқабын, Сауыр мен

Тарбағатайды, Балқаш, Алакөл мен Жоңғар далаларын, Жоңғар Ала-

тауын, Іле алқабын, Іле Алатауын бастап, Памир арқылы Гималай та-

уларымен жалғасып жатқан Тянь-Шаньға дейін өткенде өсімдіктер

мен жануарлардың сібірлік белгілері бірте-бірте жоғалып, олар-

да Түркістан типті Гималай жеріне тəн қасиеттер пайда болатынын

байқаймыз».

Ғалым еңбегінде Жоңғар Алатауының шығыс бөлігіндегі

таулардың құрылымын сипаттайды. Автор ең биік деген тау

шоқыларының солтүстік беткейі əуелі тік жарқабақ болып келетінін,

содан ілезде көлбеу жоталарға айналатынын жəне олардың ара-

арасын тау өзендерінің терең шатқалдары кесіп өтетінін атап

көрсетеді. Онан əрі солтүстікке қарай əлгі таулар аласарақ жондарға

айналып, оның сілемдері Жоңғар даласына ұласады.

Ал жоңғар Алатауының батыс бөлігіне келетін болсақ, оның

толық сипаттамасын Г:амбург География қоғамының мүшесі,

доктор Макс Фридрихсеннің еңбегінен табамыз. Ол еңбек «Dr.

Max Treiderichsen Forschungreise in den Zentralen Tienschan und

osungarischen Alatau» деген атпен Гамбургте 1904 жылы жарық

көрді. Кезінде профессор В.В.Спаожников өзінің тұңғыш саяхаты-

на осы неміс ғалымымен бірге шықан-ды. М.Фридрихсеннің пікірі

бойынша, Жоңғар Алатауы өзара қапталдас жатқан негізгі екі тау

тізбегінен тұрады. Солтүстік жəне оңтүстік болып екіге жарылатын

осы жоталардың арасын тау тізбектерін бойлай бір-біріне қарама-

қарсы ағатын Көксу жəне Боротал өзендерінің алқаптары бөліп жа-

тыр. Жаңағы айтқан негізгі тау тізбегі Солтүстік Тянь-Шань тау-

ларына тəн бағытта, яғни батыс пен оңтүстік-батыстан шығыс пен

солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Тау тізбектерінің, əсіресе

солтүстік қапталының батыс сілемі бірден солтүстік-батыс жаққа

бұрылады да, қыр арқасы оңтүстікке қараған қос иін пайда болады.

Солтүстік беткейдің солтүстік тізбегіне қапталдаса ілгері ұмтыла

біткен тағы екі тізбек бар. Бұл екеуінің ортасында жəне негізгі тізбек

пен екі аралығында биік қырат жатыр. Ал автор Көксу мен Боротал

өзендерінің алқаптары тектоникалық жолмен пайда болған деп топ-

шылайды.

Ғалым көп замандар бойы климаттың континенталды болуы тау

жүйелерінің даму барысында елеулі əсер еткенін атап көрсетіп, сол

кезеңдерде тау етектерінде шөгінділердің қалың қабаттары жиылған

болуы ықтимал деп есептейді. Ал бұл қабаттар таудың солтүстік

беткейі мен батыс сілемдерінде үгілуден, су шаюдан пайда болған

жыраларды қалыптастырады. М.Фридрихсеннің болжамы бойынша

«жыралар» Сарыжаз өзенінің бастауындағы таулы аймақта жатқан

Сырттарға ұқсайды.Бір айырмашылғы: Сырттар тау ішінде, «жыра-

лар» оның етегінде болады.

Жоңғар Алатауында Сарыжаз өзенінің аңғарындағы сияқты

қиыршық тастардан жаралған биік алқаптар жоқ: оның ұзынша біткен

алқаптары көбіне биік таулы өлкелерінің жер жағдайына ұқсайды.

Тек Боратал өзені аңғарының ғана Сарыжаз өзенінің алқабына

ұқсастығы бар. Бұл арада автор Сарыжаз өзенінің маңындағы

мұхитқа шықпайтын тұйық таулы өлкенің «шектері» жатқан Жоңғар

Алатауынан айырмашылығын аңғарып, сол туралы сөз қозғап отыр.

Демек, Жоңғар Алатауы туралы В.В.Сапожниковтың деректеріне

М.Фридрихсен елеулі толықтырулар енгізді.

1902 жылы Мюньхен географы əрі альпинисі Г.Мерцбахер

Жетісуға келеді. Оның басты мақсаты Хантəңірі тауларын жəне Са-

рыжаз өзенінің жоғарғы сағасын зерттеу еді. Геолог Кайдельмен бірге

ол Ыстықкөлді, Санташ асуын, Баянкөл өзенін, Сарыжаз өзенінің

жоғарғы сағасын, Ашатұр мен Инелшік мұздақтарының алқаптарын

аралап, одан Нарынқол асуы мен Мұзарт арқылы Қашқар өлкесіне

өтті. Орталық жəне Шығыс Тянь-Шаньның жалпы геологиясын,

орографиясын, гляциологиясын, картографиясын жəне география-

сын қарастырған Г.Мерцбахер экспедициясының жұмысы өте-мөте

нəтижелі болды. Г.Мерцбахердің есебі «Орталық жəне Шығыс Тянь-

Шань» деген атпен 1905 ж. Лондонда басылды. Тянь-Шаньның жал-

пы геологиясы, орографиясы, климаты, гляциологиясы, морфологи-

ясы мен оның қалыптасуының алуан түрлі мəселелерін қамтиды.

1905, 1906, 1909 жылдары атақты геолог əрі Сібірді зерттеуші

В.А.Обручев Жоңғар өлкесінің шекаралас аудандарында бол-

ды. Үш жаз бойғы сапарында ғалым Жоңғар өлкесінің геология-

сы мен тектоникасына байланысты аса маңызды мəселелерді шешу

үшін толық, əрі жеткілікті материал жинады. Ол Алтай тау жүйесі

мен Тянь-Шаньның шекарасы туралы дəл анықтады. Зерттеушінің

бақылауы бойынша, Жоңғар өлкесінде опырылмалы тектоника

ерекше орын алады; мұнда жердің көтерілуі бор дəуірдің аяғында

жəне үштік дəуірдің басында пайда болғанға ұқсайды. Шекаралар

Жоңғар жерінде тектоникалық жарылыстар салдарынан ұзындығы

мен ені əр түрлі бөліктерге бөлініп кеткенде, олардың бірі жоғары,

бірі төмен жəне əртүрлі биіктіке орналасқан В.А.Обручев Жоңғар

қақпасын ұлан-ғайыр Балқаш-Алакөл жəне Емінұр-Айранкөл ойпат-

тарын жалғастыратын көлденең біткен жон деп есептеді.

В.А.Обручевтің Жоңғар өлкесін зерттеуі Орта Азия мен

Қазақстан территориясының тарихын зерттеу саласындағы көп

жыл бойғы еңбегінің заңды жалғасы еді. Ғалым Орта Азияда өз

жұмысын 1886 жылы бастап, бұл атыраптағы құмдардың шығу

тегін зерттеді.

Барлық жотасының батыс бөліктеріндегі сары (лесс) топырақтың

жату жағдайын тексеріп В.А.Обручев сол жұмыс қорытындысын

(лесс) «Сары топырақтың пайда болуы туралы» деген қызғылықты

кітапшасында баяндады. Мұнда ол Рихтгофеннің сраы топырақ

желдің əрекетінен (зооловая гипотеза) пайда болған деген болжамын

жақтайды. Бірақ сонымен қатар сары топырақтың орны жəне пайда

болу жолдары туралы мəселелердегі бірқатар жаңсақ пікір де бар.

В.А.Обручев Орталық Азияны аралаған кезінде өзі жинаған нақтылы

материалдар негізінде Рихтгофеннің пікіріне қарсы шығып, бірінғай

сары топырақ басқан ойпаттар жоқ екенін жəне тау етектеріндегі

сары топырақ қабаты бұрын айтылып жүргендей тым қалың емес

екенін атап көрсетті.

Қазақстанды географиялық тұрғыдан зерттеуде В.А.Дубянскийдің

1904-1909 жылдардағы саяхаттарының маңызы айтарлықтай. Ол

1904 жылы Үлкен Борсық құмдарында, Арал теңізі жағалауының

солтүстік-батыс бөлігінде, Үстірттің солтүстік қабатында,

Мұғалжарда болды. Саяхатшы 1906 жылы Маңғыстау мен Боза-

шы түбектерінде, Үстірт қыратында, Каспийдің арғы бетіндегі

Қарақұмға жəне Ембі, Жем өзенінің бассейінне, 1909 жылы Арал

төңірегіндегі Қарақұмға, Үлкен борсыққа жəне Көкжиде құмдарына

(қазіргі Орал облысы) сапар шекті. В.Дубянский өз зерттеулерінде

құмдағы өзгерістер жайында ден қоярлық бірқатар қызғылықты

пікірлер айтады.

1903-1908 жылдары А.Ивченко бірқатар далалы облыстарды

аралады. Ол Орынбор қаласынан шығып, Қазалы қаласына, содан

Ташкент ақалысна барды. Саяхатшы 1904 жылы Борсық пен Арал

төңірегіндегі Қарақұмда болды, 1905 жылы Қазалы қаласынан

Қызылқұм арқылы Петроалександровскіге сапар шекті, 1907-1908

жылдары тағы та Түркістанда болды. А.Ивченко жазба есептерінде

желдің əрекеті туралы өз бақылауларын баяндайды. Автор қатты

жəне борпылдақ жер жыныстарына желдің əсерін, жел айдаған

құмдардың қайта пайда болуын, құм жоталардағы өсімдіктер

қалдықтарын тексереді.

1907 жылы жобаланып жатқан Ақтөбе-Торғай-Ақмола-Семей

темір жолының бойын зерттеген Глезердің экспедициясының

есебі жарияланды. Есепке Н.Н.Тихоновичтің геологиялық очеркі,

Е.К.Кноренің – гидрологиялық, Н.Тулайковтың топырақ зерт-

теу жөніндегі очерктері кірген. Бірнеше бөлімнен тұратын

Н.Н.Тихоновичтің очеркінде жолдың жекелеген учаскелерінің

геологиялық ерекшеліктері бейнеленіп, сол жердегі тау жыныстары

сараланып аталады. Е.К.Кноре өз очеркінде жерасты суларының тео-

риясын, олардың жер үстіне шығу мүмкіндіктерін сөз етті, жергілікті

су көздеріне сипаттама бере келе ол темір жол өтетін өңірдің өн бой-

ынан тұщы су табуға болады деген тұжырымға келді. Н.Тулайков

толып жатқан механикалық жəне химиялық талдауларды пайдалана

отырып, аймақтың топырақ қабаттарын суреттеп жазды.

1906 жылы белгілі геолог А.К.Мейстер Жоңғар өлкесінің

Солтүстік-Батыс бөлігі арқылы жобаланып жатқан Семей-

Верный темір жолының бойын зерттеді. Автор Жоңғар Алатауын

геологиялық жағынан сипаттап, тектоникалық қозғалысқа сипатта-

ма бере отырып, қатпарлы-жақпарлы тау екенін анықтады. Жоңғар

Алатауының көтерілу жасын зерттеуші үштік дəуірдің (неоген)

екінші жартысына жатқызды. Автор Семей қаласы мен Сергиополь

қаласының аралығындағы, сондай-ақ Тарбағатай тауының оңтүстік

беткейіндегі жер бедері негізінен адыр-қыратты болып келетінін атап

көрсетті. Ол Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінің жер бедері

де осыған ұқсас екенін ескертеді. А.К.Мейстер есебіне өзі зертте-

ген жерлерінің картасын қоса тапсырған, бұл карталарды жасағанда

ол В.А.Обручевтің, М.Фридрихсеннің, В.В.Сапожниковтың жəне

басқалардың деректерін пайдаланған.

1903-1906 жылдар аралығында Мұғалжар тауларында С.Н.Ни-

китин бастаған экспедиция жұмыс істеді. Геологиялық сурет-

ке түсіру нəтижесінде Мүғалжардың жалпы орографиясы мен

құрылымын анықтап, таудың тұңғыш геологиялық картасын жасау-

ға мүмкіндік туды. Мұғалжар жүйесі бірнеше көлбеу жондар-

дан тұратыны, олардың тау жыныстары бірі-бірінен өзгеше болып

келетіні анықталды. Н.С.Никитиннің зерттеулері Мұғалжар геоло-

гиясы туралы осы заманғы көзқарастың қалыптасуына негіз болды.

Бір өкінішті жері, С.Н.Никитин экспедициясының бай материалы

баспасөзде жарық көрмей қалды, оның нəтижелерін алдынала тым

ықшам жазылған есептерден ғана білуге болады.

1906 жылы С.Н.Никитин Солтүстік Арал төңірегі мен Үстірт

қыратында болды. Оның зерттеулерінің нəтижелері туралы

Геологиялық комитеттің 1906 жылғы есебінде қысқаша есеп беріліп,

мұнда палеоген қабаттары толық сипатталған.

Бұдан сəл кейінірек М.М.Пироговский Мұғалжар тауларының

қысқаша геологиялық очеркін жазды.

1907-1909 жылдары Н.И.Андрусов Маңғыстау түбегінің геологи-

ясын зерттеумен айналысты. Саяхатшы бұл өңірдің стратиграфия-

сы мен тектоникасын зерттеу негізінде Қаратау жотасының орнала-

су бағыты негізгі тауға сəйкес емес, қайта оған тіке көлденең жатыр

деген қорытындыға келеді. Автор «Қаратау жыныстарын» таудың

басқа бөліктерінен жеке дара қарастырып, оларды Орал тауының па-

леозой тобына жатқызады. Кейіннен Н.А.Андрусовтың тұжырымын

өзге геологтар да қостады.

Н.И.Андрусовтың пікірі бойынша, Төбеқарағаннан шығысқа

қарай айқыш-ұйқыш Ақтау-Қаратау қатпарлары (антиклиналь) жа-

тыр. Ұзындығы (200 шақырымға дейін) мен енінің (30 шақырымға

дейін) өте-мөте аумақтығына қарап автор оларды «алып қатпарлар»

(мегантиклиналь) деп атады. Маңғыстаудың алып қатпарлары

төменгі қабатында едəуір қалың мезозой қыртыстарынан, яғни

төменгі юра мен жоғарғы бор жыныстарынан тұрады. Ол оның дəл

өзек тұсында, юра дəуірінен қалған шөгінділердің астында бұлардың

бəрінен едəуір бұрын пайда болған қаратау қабаты жатыр.

Н.И.Андрусовтың зерттеулерінің нəтижесі оның «Маңғыстау»

атты кітабында қорытылып жазылған. Кітапта стратиграфия мен

тектоника жөніндегі материалдармен қоса тұңғыш рет сол өңірдің

геоморфологиясы да қамтылған.

Əуелгі кезде Н.И.Андрусовтың экспедициясының құрамында

болған М.В.Баярунас кейін Маңғыстау түбегінде өз алдын-

да жұмыс жүргізді. Ол Маңғыстауда 1907, 1909, 1910, 1913 жыл-

дары болып, мезозой жəне үштік дəуірлердегі қабаттардан көне

замандардың өсімдіктер қалдықтарын тауып, суреттеп жазды.

Бұған қоса М.В.Баярунас фосфорит кен орындарын қарастырып,

Батыр сорының шұқырын (ойысын) жəне басқа жерлерді тексеріп

бақылады.

1912 жылдан бастап Батыс Қазақстанда тұңғыш рет мұнай

өндіруге байланысты Ембі бассейнінің геологиясын кеңінен зерт-

теу ісі қолға алынды. Бассейнді жүйелі зерттеу жұмысына дейін

алғашқы күннен бастап 1917 жылға А.Н.Замятин мен Н.Н.Тихонович

қатысты. Ол Ембі бассейні геологиялық құрылымының жалпы схе-

масын жасап, «Жайынды қабатты» (свитасы) деп аталатын тау жы-

нысын анықтады. Кейіннен бұл атау үстіңгі бор қабаттарынан ба-

стап төменгі олигоцен қабатына дейінгі барлық тау жыныстарының

жиынтық атына айналды. Н.Н.Тихонович мұнай мен Новобогат кен

орнындағы тұзды төбешіктер арасында байланыс бар екенін ашты.

Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайларын зерттеуде

аса зор маңызы бар геологиялық жұмыстардың ішінде екі еңбектің

орны бөлек. Олар Солтүстік Тянь-Шаньда мезгіл-мезгіл қайталанып

тұратын құбылыс – жер сілкінуге арналағн. Бұл тақырыпқа талай-

талай мақалалар жазылғанын атап өткен жөн. Бірақ олардың

көпшілігі əшейін хабарлау түрінде жазылған немесе жер сілкіну

зардабынан қирап-бүлінгендерді, жер үстіндегі көзге көрініп

тұрған өзгерістерді баяндаумен шектелген. Осы салада жазылған

еңбектердің арасында И.В.Мушкетовтың жоғарыда аталған «1837

жылғы 23 мамырда Верныйдағы жер сілкіну» мақаласы мен

К.И.Богдановичтің «Тянь-Шаньның солтүстік тізбегінде 1910 жылы

22 желтоқсанда болған жер сілкіну» атты еңбегі айрықша орын ала-

ды. Жер сілкіну мен тектоникалық қозғалыс арасындағы байланыс

туралы И.В.Мушкетовтың пікірін қолдай отырып, К.И.Богданович

өз тарапынан жер сілкіну белдеуі оңтүстікке қарай жылжып келе жа-

тыр деген болжам айтты.

Жаңадан салынып жатқан темір жолдар тарапынан ХІХ ғасырдың

аяғы мен ХХ ғасырдың басында ұйымдастырылған гидрогеологиялық

экспедициялар, сондай-ақ қайта қоныстандыру басқармасының

жерді жақсарту бөлімінің экспедициялары Қазақстан территориясы

туралы қосымша физикалық-географиялық мағлұматтар берді.

Қайта қоныстандыру басқармасы жерді жақсарту жəне гидро-

техникалық бөлімдерінің экспедициялары Қазақстанда жүз-

ден аса терең (400 м) скважина жəне ондаған мың тайыз скважи-

на бұрғылады. Республиканың солтүстік аудандарынан ащылы-

тұщылы жер асты сулары мен қайнар көздер табылды, ал Торғай

қыратында үштік дəуірдегі шөгінділерден минералды (тұзды) сулы

қабаттар анықталды.

Қазақстандағы өте маңызды гидрогеологиялық зертеулердің

қатарында Сібір темір жолының бойындағы жерлер туралы

И.И.Жилинскийдің, Ақмола облысы жайында А.А.Козырев пен

А.М.Нифонтовтың, Торғай облысы бойынша – Н.Н.Тихоновичтің,

И.В.Фихерскийдің, И.Г.Кассиннің, Жетісу жөнінде – В.Полов-

никовтың, Семей облысы хақында А.А.Аносовтың еңбек терін атауға

болады.


Қоныс аудару басқармасының бір топ қызметкерлері Ақмола

облысының оңтүстік бөлігінде жүргізілген зерттеулер нəтижелерінің

негізінде жазылған гидрогеологиялық сипаттаманы 1911 жылы

А.А.Козырев жеке кітап түрінде бастырып шығарды. Аталмыш

еңбек солтүстікте Селеті жəне Есіл өзендерінің жоғары ағысынан

бастап оңтүстікте Шу өзеніне дейінгі кеңістікті қамтиды. Əрбір ау-

дан жайында сөз болғанда оның жер бедері, геологиялық құрылымы,

топырақ қабаттарындағы су мөлшері жəне қазба байлықтары да

толығынан баяндалады. Кітаптың қорытынды бөлігінде жалпы

гидрогеологиялық жəне геологиялық сипаттама, ал ең соңында

бақылау жүргізілген құбылыстардың жиынтығы берілген. Бұл очерк

революциядан соң көп уақытқа дейін Ақмола облысының оңтүстігі

туралы неғұрлым толық жазылған еңбек болып келді. Өйткені жаңа

темір жол салуға байланысты іздеу жұмыстары бұл төңіректі атымен

қамтыған жоқ деуге болады.

Н.Г.Кассиннің еңбегінде Ырғыз жəне Торғай уездерінің оңтүстік-

шығыс бөлігіне гидрогеологиялық анықтама берілген. Ол үштік

дəуірдегі шөгінділерді (теңізде-эоцен мен олигоцен, құрлықта –

құмдар мен ақ балшықтар), сондай-ақ сол кездегі жануарларды жəне

аквитан өсімдіктерін суреттеп жазды.

В.Вихерскийдің геологиялық экспедициясы негізінен Торғай

қыратының жазық далаларындағы шөгінді қабаттардың қашан

жаратылғанын анықтады. Өзен тұнбалары, тау беткейлері мен

етектеріндегі шөгінділер, əсіресе үштік дəуірде пайда болған

қабаттар сулы қабаттар деп танылды. В.Вихерский жер бетіндегі

суларға баса көңіл аударып тексерді.

Н.И.Тихонович Елек өзенінің аңғарындағы жəне Жем өзенінің

жоғары сағасындағы үстіңгі борлы қабаттарда едəуір мөлшерде су

бар екенін айқындады.

1908 жылдан бастап қоныс аудару басқармасы ұйымдастырылған

көптеген экспедициялар Қазақстанда жұмыс істеп, топырақтану

ботаникалық зерттеулермен шұғылданды. Олардың жұмысына

В.О.Капелькин (Ақмола облысының Атбасар уезінде), З.А.Фон-

Минквиц пен О.Э. Фон-Кнорринг (Сырдария облысының Шымкент

уезінде), В.И.Смирнов (Сарысу өзенінің аңғары мен Ақмола уезінің

Жаманкөң деген жерінде), Б.А.Келлер (Семей облысының Қалжыр

алқабында), И.М.Крашенинников (Торғай уезінің екінші Науры-

зым болысында), М.И.Пташицкий (Іле өзенінің алабында) қатысты.

Осы зерттеушілердің баспасөзде жарияланған есептері негізінде

қоныс аудару басқармасы тексерілген аудандардың егіншілікке

жарамдылығы жəне қоныстануға қолайлылығы жөнінде тұжырым

жасап, ұсыныстар енгізді.

Қоныс аудару басқармасының топырақ зерттеу жұмысының

бастығы, профессор К.Д.Глинка Қазақстан территориясын бақылаған

топырақ танушылардың деректерін пайдаланып, азиялық Ресейдің

топырағын зерттеу нəтижелері бойынша 1908 жылы алдын ала есеп

жазып жариялады.

1908 жылғымен саоыстырғанда кейінгі жылдары Қазақстанның

əлдеқайда көп жерінің топырағын зерттеу ісі қолға алынды. Азиялық

Ресей жеріндегі топырақ қабатын неғұрлым жедел əрі толық білу

мақсатымен Қоныс аудару басқармасы бұл өлкені топырақ зоналары

мен облыстарға бөлудің жалпы географиялық схемасын белгілеуге,

осы зоналар мен облыстардың шекараларын нақтылауға, ал содан

кейін ғана əрбір зона мен облысты егжей-тегжейлі зерттеуді ұйғарды.

Сөйтіп, олардың ерекшеліктерін анықтау, белгілі бір зонаның

топырағын жан-жақты тексеру, ондағы болатын құбылыстардың

заңдылығын дəлелдеу көзделді. Сондықтан 1909 жылдан бастап

зерттелетін аудандардың ауқымы əлдеқайда кеңейді. Қоныс ауда-

ру басқармасының 1909 жылғы есебінде Б.А.Соколовтың (Торғай

уезінің бірінші Наурызым болысы бойынша), Л.В.Абутьковтың

(Ақмола облысының Құсмұрын болысы бойынша), Л.И.Прасоловтың

(Лепсі уезі бойынша), Г.М.Туминнің (Балқаш төңірегі бойынша),

А.И.Безсоновтың (Қапал уезі бойынша), С.с.Неуструевтің (Əулиеата

уезі бойынша) материалдары пайдаланылды.

1910 жылы Ф.И.Левченко Торғай жəне Ырғыз уездерінің кейбір

аудандарының, Г.М.Тушин – Қарқаралы, Л.В.Абутьков – Атбасар,

С.С.Неуструев Перовск уезінің топырақтарын зерттеуді.

1911 жылы С.С.Неуструев Қазалы жəне Перовск уездерінің

топырағын салыстыра тексеріп жазды.

1913-1914 жылдары Қазақстан территориясын зерттеген

топырақтану-ботаникалық экспедицияларға қара, каштан жəне

қоңыр топырақты зоналардың шекараларын, Көкшетау, Адыр-

қыраттарының жəне Алтай тауларының ендіктер бойындағы

топырақ зоналарының ауытқуына əсерін анықтау міндеттері

жүктелді. Осы тапсырмаларды орындау мақсатымен 1913 жылы

Қостанай далаларында топырақтанушы – ботаник М.Ф.Короткий,

Петропавл-Көкшетау атырабында А.Я.Райкин, Омбы-Көкшетау

аймағында В.И.Искюль – Павлодар уезінде М.И.Рожанец,

Қапал уезінде А.И.Бессонов жұмыс істеді. 1941 жылы Торғай

топырақтану экспедициясына М.В.Яхонтов басшылық етті.

Ақмола уезінде В.И.Искюль, адыр-қыратты Баянауыл, Қарқаралы

аудандарында М.И.Рожанец, Семей уезінде А.И.Хайнский,

Жетісуда А.И.Бессонов, Ақмола облысының оңтүстік-Теңіз ауда-

нында А.Я.Райкин жұмыс жүргізді.

1908 -1914 жылдары топырақтану экспедициялары Қазақстанның

барлық климаттық жəне топырақты зоналарына жататын кең-байтақ

жəне алуан түрлі аудандарды зерттеді. Отарлау саясатын көздеген

патша үкіметі кейбір жерлерді жан-жақты тексеріп байқады.

Қоныс аудару басқармасы алдын ала есептермен қоса

Қазақстанның əртүрлі аудандарының табиғи ерекшеліктерін зерт-

теген топырақтанушылардың көптеген еңбектерн жеке-жеке кітап

етіп басып шығарды. Б.А.Скалов Торғай-Орал өңірінің орта тұсын

суреттеп жазды. Л.Б.Абутьковтың топырақтану-ботаникалық

еңбектерінде Қалжыр жəне Əлқорек өзендерінің аралығындағы

Оңтүстік Алтайдың топырағы туралы баяндалып, солардың жер

бедері мен гидрогеологиясы жөнінде де қысқаша деректер келтірілді.

Ф.Н.Левченко Торғай уезінің жер бедерін, жерді суландыру

мəселелерін сөз етіп, топырағына анықтама берді, сондай-ақ үштік

дəуірдегі қабаттар жөнінде қолда бар мағлұматтарды толықтырып,

кейбір деректер келтірді. А.Н.Стасович Ақмола уезіндегі Көң жəне

Сарысу өзендері алаптарының топырағын сипаттап, жер бедері мен

жер суландыру жайында мəліметтер береді.

1910 жылы осы басылымдардың қатарында Торғай облысының

бірінші Наурызым болысын зерттеген Б.А.Соколовтың есебі жария-

14–1673

ланды. Автор сол жолы Орал облысы Темір уезінің жаратылыстану-



тарихи очеркін жазды.

1916 жылы А.А.Михеев Орал төңірегінің геоботаникалық

очеркін жариялап, жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай сол

өңірдің өсімдіктерін түр-түрге бөлді, осы топтардың бəрін

топырақ жағдайларымен байланыстыра сипаттап жазды. Автор су

айрығындағы жотаның, ойпаң жерлердің, терең сайлардың жəне т.б.

өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтады.

1908-1914 жылдары даладағы зерттеулердің жəне лабораториялық

талдаулардың негізінде Қазақстандағы топырақ зоналарының

негізгі шекараларын белгілеуге, барлық топырақ түрлерінің дерлік

өздеріне тəн ерекшеліктерін анықтауға қол жетті. Алайда 1914

жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың басталып кетуіне байланыс-

ты қайта қоныстандыру басқармасы топырақтану экспедициялары

жинаған мол материалдың бəрін өңдеп үлгере алмады. Солай бола

тұрса да Қазақстанды физикалық-географиялық жағынан зертте-

уде қайта қоныстандыру басқармасы өте-мөте көп істер тындыр-

ды. Басқарманың еңбегі Қазақстан жерінің топырағы, өзге табиғи

жағдайлары жəне ресурстары туралы толып жатқан аса қажетті,

жүйелі, нақты материалдар жинауда ғана емес, сонымен қатар

В.В.Докучаев мектебінің жəне басқа орыс ғалымдарының идея-

лары мен тұжырымдарын пайдалана отырып, ірі-ірі физикалық

географиялық мəселелерді дұрыс қойып, табандылықпен шеше

білуінде еді.

Айталық, Іле – Қордай бойымен бастап солтүстікке қарай,

Балқаш көліне дейін Верный уезінің солтүстік-батыс бөлігін зерт-

теген Г.М.Тумин осы өңірдің геологиялық тарихы мен климат

жағдайларына байланысты оның жері сұр топырақты жəне құмдақ

болып келетінін атап көрсетеді.

Л.Ф.Прасолов Тянь-Шаньның таулы аймақтарын, Жетісудың

шөлдерінің жəне Семей облысының қуаң далаларының топы-

рақтарын зерттеді. Бұл орайда ғалым Қоныс аудару бас-

қармасындағы өз əріптестері сияқты, В.В.Докучаевтың кешенді

зерт теу əдісін қолданды. Ол өзінің ғылыми бақылау жұмыстарында

тек топырақтанушы ретінде ғана емес, сонымен қатар топырақ

түзілуінің барлық заңдылықтарын терең түсінетін нағыз физик-

географ ретінде де көзге түсті.

Л.П.Просоловтың Лепсі уезі бойынша жазған есебінде зерттел-

ген ауданның жалпы географиялық суреттемесі беріліп, топырақ

жамылғысы жан-жақты сипатталаған. Автор уезд территориясын

сегіз түрлі топырақ зонаға бөледі. Жерді осылайша топырағына

қарай аудандастыру тек топырақ жамылғысының ерекшеліктерін

түсінуге ғана емес, соынмен қатар ішкі физикалық-географиялық

айырмашылықтарды анықтауға да септігін тигізді.

Орта Азия мен Қазақстан жерлерінің топырақ жамылғысын зерт-

теуде С.С.Неуструев аса көрнекті орын алады. 1908-1941 жылдар

аралығында оның басшылығымен Қоныс аудару басқармасының

8 топырақтану-ботаникалық экспедициясы жасақталып, Оңтүстік

Қазақстанды жəне Өзбекстанның Ферғана алқабын зерттеді. 1908

жылы С.С.Неуструев Шымкент уезінің топырағын зерттеумен

шұғылданды. Оның экспедициясы Талас Алатауының беткейлерін,

Арыс жəне Боралдай өзендерінің алаптарын, Қаратау жотасының

шығыс бөлігін, Мойынқұмды тексерді.

С.С.Неуструев Түркістан жеріне тəн «сары (лесс) топыраққа»

өзінің əйгілі бақылауын жүргізіп, бұл араның топырағын тұңғыш рет

сұр түсті деп анықтады. С.С.Неуструев сары (лесс) жердің үстіңгі

қабаттары шымқай сары емес, кəдуілгі қара, каштан жəне қоңыр

топырақтың осы аймаққа тəн түрі екенін дəлелдеді. Ол Түркістанның

тау етектеріндегі «шөлейт далалары» негізінен сұр топырақты бо-

лып келеді деп есептеді. Сұр топырақтың ерекшеліктерін тексере

келіп, Түркістан жерінде топырақ түзілуінің елеулі айырмашылығын

– топырақтың жəне жер асты қабаттарының карбонатты болып

келетінін атап көрсетеді. Ол топырақ географиясының аса маңызды

мəселелерінің бірі – топырақ белдеуіне жəне аудандастыруға едəуір

көңіл бөледі. Автор өзі зерттеген территориясын топырағына қарай

8 ауданға бөледі. «Шымкент уезінің топырақтану-географиялық

очеркі» деген атпен 1912 жылы баспадан шыққан еңбегінде

С.С.Неуструев топырағына қарай бөлген аудандарының бəріне си-

паттама берді. Топырақ тарауының негізгі заңдылықтарын белгіледі,

жер бедеріне, климатына жəне геологиялық құрылымына байла-

нысты əр түрлі аудандарда топырақ түзілуінің жағдайларын егжей-

тегжейіне дейін суреттеп жазды.

1909 жылы С.С.Неуструев көршілес Əулиеата уезінде жұмыс

істеді. Оның экспедициялары Талас өзенінің алабы мен атырауын,

Талас тауларының солтүстік-шығыс беткейін, Қаратау жотасының

шығыс бөлігін, Билікөл көлінің табанын, Қырғыз жоталарының

солтүстік беткейін жəне Мойынқұм шөлін зерттеді. Бұл аралдарда

ол топырақ түзілу мəселелеріне назар аударды. Нəтижесінде ол биік

таулы жерлердің жəне кəдуілгі тегіс аймақтардың топырағын толық

бейнелеп жазды.

1910 жылы С.С.Неуструев Перовск уезінің жерін зерттеді. Бұл

жолы ол Қартау жотасының батыс бөлігінде, Арысқұм құмдарында,

Телікөл маңындағы сортаң көлдерде, Құндыздыда жəне Сарысу

өзенінің төменгі сағасында болды, сондай-ақ Сырдария өзенінің

бойымен кең алқапта далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Баспасөзде жарияланған есебінде ғалым тексерген аудандарының

табиғат құбылыстарын физикалық-географиялық тұрғыдан терең

түсініп зерттегенін танытты. Мұнда автор сол аймаққа тəн шөлейт

жерлерді суреттеуге, құмдарда топырақ түзілу жағдайына, өзен

шөгінділерінен құмдардың қалай пайда болатынына, сондай-ақ шөл

аймағының басқа мəселелеріне баса көңіл бөлген. Ол сұрғылт-қоңыр

карбонатты саздауытты жерлерге сипаттама берді, сонымен бірге

Сырдария маңындағы жазықтықтарда кейбір жəне тақыр жерлердің

көп екенін ескертіп, топырақ түзілуіне климаттың əсерін көрсетті.

С.С.Неуструевтің экспедициясының есебінде басқа да топырақ

аймақтарының анықтамасы жəне Перовск уезінің топырақ картасы

берілген.

1911 жылы С.С.Неуструев барлып-шолу мақсатымен Солтүстік

Арал төңірегіне: Жосалы станциясының солтүстігіне, Арал

станциясының маңына жəне Арал айналасындағы Қарақұмның

оңтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасады. Нəтижесінде ол Арал

төңірегіндегі жусанды жəне тұзды шөлейт жерлердің қоңыр

топырақты аймақтан сұрғылт топырақтыға айнала бастағанын

анықтады. Арал маңындағы жерлердің Орта Азияның өзге құмайт

шөлдерінен бір ерекшелігі сол: оның топырақ қабаттарында су

молырақ болады.

1911-1914 жылдары С.С.Неуструев Өзбекстанда жəне Орта

Азияның басқа да көршілес республикаларының территорияларын-

да зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мұның өзі Орта Азияның жəне

Қазақстанның оңтүстік аймағының топырақ-географиялық жағдайы

жөнінде ғалымның нақты көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік

берді. Оның ғылыми тəсілі айналадағы құбылыстардың бəріне

терең талдау жасап, табиғатты жан-жақты зерттеу əдісін қолданған

В.В.Докучаевтың ұстанымдарына негізделді.

Қоныс аудару басқармасы Қазақстанның Орталық жəне Ба-

тыс облыстарында бірқатар топырақтану-ботаникалық зерттеу

жұмыстарын жүргізді.

1909 жылы Қарқаралы уезінің жаңадан қоныстанушыларға

арналған жерлерін тексерген А.Седельников екі мақала жария-

лап, өзі болған аудандарды суреттеді, олардың топырағына, су-

ландыру жағдайына сипаттама берді, құдықтардағы, бұлақтар мен

өзендердегі судың температурасын тексерді, осы ауданда жер асты

суларының пайда болуы жөнінде болжам айтты жəне Сарыбұлақ

өзенінің алқабындағы мəңгілік тоң жатқан орынды тапты.

1910 жылы С.Е.Кучеровская Балқаш көлінің солтүстік

жағалауында болды. Ол Қарқаралының оңтүстік жағындағы

Тоқырау жəне Жамшы өзендерінің, сондай-ақ Балқаштың солтүстік

жағалауындағы жерлерді суреттеп жазды. Автор жүрген жолында

сортаң жерлердің көп екенін атап көрсетті.

1910 жылдың жазында Солтүстік балқаш төңірегін аралаған

Б.Ф.Мефферттің еңбегі Балқаш атырабын зерттеуде елеулі үлес

қосты. Автор Балқаш көліне құятын Мойынты, Жамшы, Тоқырау

өзендері туралы баяндайды. Жер бедерін сөз еткенде ол Жам-

шы өзенінің аңғарында адыр-төбешіктер жиі ұшырайтынын атап

көрсетеді. Солтүстік Балқаш төңірегінің топырақ жамылғысын автор

сары (лесс) түрге жатқызады. Оның пікірі бойынша бүкіл Солтүстік

Балқаш өңірегіндегі негізгі жыныстың үстінде жатқан үгітілу мен

желдің əрекетінен пайда болған лесс топырақ кеңінен таралған.

1910 жылы Б.Ф.Мефферт Балқашта көлдің деңгейі көтеріліп,

жағалары кейін шегініп өзегрген тұста болған. Мəселен, Тарғыл

мүйісіндегі сортаң жер судың астына кетіп, оның орнына көлемі

24 шаршы километрге жуық көл пайда болған. Зерттеуші Балқаш

көлінің деңгейі қазіргі кездегіден 30 м биік болған дəуірде оның

Сасықкөл, Ұялы, Алакөл жəне Жалаңаш көл арқылы Ебінұр көлімен

жалғасуы ықтимал деген тұспал айтады.

Автордың бұл болжамын одан соңғы кейбір зерттеушілер де

қолдайды. Айталық Л.С.Берг И.В.Мушкетовтың «Түркістан» атты

кітабының 1915 жылғы басылымына жазған алғы сөзінде дəлме-дəл

гипсометриялық деректер негізінде Балқаш пен Ебінұр көлдерінің бір

заманда қосылып жатқанын анықтады. Ғалым бұл екі көл Түркістан

тауларындағы мұз жамылғы қазіргі уақыттағыдан əлдеқайда төмен

жатқан дəуірде қосылған болу керек деген болжамға келеді.

Солтүстік Балқаш өңірінде тас көмірлі жаңа қабаттар

кездескендіктен, Б.М.Мефферт бұл өңірдің өзінің геологиялық

құрылымы жағынан ежелгі палеозой дəуіріне жатқызуға болады де-

ген пікір айтады.

1911 жылы Қоныс аудару басқармасының жерді жақсарту бөлімі

Қарқаралы уезінің Балқаш көлімен іргелес жатқан жерлеріне

гидрогеологиялық бақылау жүргізді. Зерттеу жұмыстары Тоқырау

өзенінің екі жақ қапталын түгелдей қамтыды. Тексерілген жерлер

картада «тұзды ақшыл-қоңыр лессті балшықты, саздақ топырақты»,

ал Балқаш көлінің тұсы – құмайт, ойдым-ойдым сортаңы бар қопалы

жеке шымды топырақ жерлер деп белгіленді.

1912-1913 жылдары Қазақ университеті жанындағы жара-

тылыстанушылар қоғамының, сондай-ақ Семей Қоныс ауда-

ру басқармасының жəне Семей География бөлімшесінің тапсы-

руымен В.Крогер Қарқаралы ауданының Қарасор көлінде жəне

Семей қаласының маңында ботаникалық жəне физиологиялық-

географиялық зерттеулер жүргізді.

Қазақстанның өсімдіктер дүниесін зерттеу жөнінен

И.М.Крашенинниковтың еңбектері аса зор рөл атқарғанын атап

өткен жөн. Ол 1908 жылы Торғай уезінде болған кезінде сол өңірдің

өсімдіктерін табиғат құбылыстарымен жан-жақты байланысты-

ра зерттеді. Зерттеуші өсімдіктер мен жер жағдайларының жəне

топырақ қабаттарының арасындағы байланысқа баса назар аударды.

И.М.Крашенинниковтың Қазақстанның физикалық-географиясы

мен өсімдіктер дүниесі туралы көптеген еңбектері негізінен кеңес

дəуірінде жарық көрді. Ол Қазақстанның өсімдіктер дүниесінің даму

тарихына терең талдау жасап, физикалық-географиялық жағдайлар

мен заңдылықтарды қазіргі заман тұрғысынан түсінуге көп септігін

тигізді.


Э.И.Бокун мен С.П.Внуков Торғай-Орал атырабындағы жаңа

қоныстанушыларға арналған жерлерде географиялық-ботаникалық

зерттеулер жүргізді. Олар Қостанай уезінің солтүстігі мен солтүстік-

батысындағы Кеңарал, Меңдіқара, Желқуар, Шұбар, Əйет болыста-

ры мекендеген жерлердің табиғат жағдайларын қарастырып, сол

аралдардан жинап алынған өсімдіктерді анықтады жəне топырақ

үлгілеріне талдау жасады.

1907-1913 жылдары Ақтөбе уезінің көпшілік бөлігін зерт-

теген Мəскеу ауыл шаруашылық институтының студенттері

М.Тулайков, И.Николаев, А.Левкович, А.Гончарев Ақтөбе уезінің

жаратылыстану-тарихи жағдайлары туралы очерктер жарияла-

ды. Экспедицияларды ұйымдастырған шақта нағыз практикалық

мақсат – байырғы тұрғындарды жермен қамтамасыз ету нормасын

белгілеу үшін жəне жаңа қоныстанушыларға арнап қолайлы жерлер

таңдап алу үшін жергілікті табиғат жағдайларын тексеріп байқау

көзделді. Бұл жұмыстарды атқару үшін қаржының бір бөлігі – ста-

тистика мекемелерінің, екінші бөлігі Торғай – Орал Қоныс аудару

басқармасының агрономиялық кредиттерінің есебінен жұмсалды.

Қоныс аудару басқармасы ұйымдастырылған топырақтану –

ботаникалық эеспедициялардың материалдары Қазақстанды

физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ісіне көп жаңалық енізді.

Осы экспедициялар жинаған аса мол деректердің негізінде К.Д.Глинка

мен Л.И.Прасолов азиялық Ресейдің тұңғыш топырақтану карта-

сын (масштабы 1:42000 000) жасады. Сондай-ақ зерттеу материал-

дары К.Д.Глинканың «Ресейдің жəне іргелес елдерің топырақтары»,

С.С.Неуструевтің «Топырақ жаратылысына байланысты топырақ

түзілетін жағдайларды саралап бөлу тəжірибесі», Л.И.Прасоловтың

«Түркістан топырақтары» атты сүбелі еңбектерінде жəне т.б. пайда-

ланылды.

Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің біз

əңгімелеп отырған кезеңінде Темір жол құрылысы басқармасының,

Қоныс аудару басқармасының, География қоғамы Батыс-Сібір

жəне Түркістан бөлімдерінің тапсыруымен де бірқатар ар-

найы гидрологиялық зерттеулер жүргізілді. Олардың арасынан

Л.С.бергтің Арал теңізінде, А.Н.Седельниковтың Зайсан көлінде,

А.А.Козыревтің, Н.П.Пузыревскийдің жəне И.Г.Зунтуридің басқа су

қоймаларында жүргізілген жұмыстарын ерекше атап көрсеткен жөн.

1900 жылдың күзінде Орынбор-Ташкент темір жолын жобалау

мақсатымен инженер Н.П.Пузыревский Сырдария өзенінің бойын

шолып барлады. Ол сай-салалр жайында, судың қанша жұмсалатыны

туралы жəне басқа да көптеген деректерді хабарлады.

А.Козырев Ақмола уезінің су шаурашылығы жайындағы

очеркінде су сөздерінің беткі жағы мен жер асты суларының мине-

ралдану мөлшері арасындағы байланысты тексерді, адырлы-қыратты

жерлердің түрлі-түрлі болып кеткенін ескертіп, олардың бітіміне

сипаттама берді, Есіл мен Нұра өзендерінің тармақтарын, далалы

аймақтардағы көлдерді, олардың суларының сапасын, деңгейлерінің

ауытқуын толық суреттеп жазды. Бұған қоса ол өз еңбегінде Ақмола

уезі бойынша жер асты суларына сипаттама беріп, геологиялық

шолу жасады.

1904 жылы Түркістан соғыс-топографиялық бөлімі Қапал уезінде

Балқаш көлінің оңтүстік беткейінде шолып барлау жұмысын жүргізіп,

сол өңірдің топографиялық съемкасын картаға түсірді. Ал картаға

түсірілген аймақ Іле өзенінің атырауын, Бақанас өзенінің суы кеп-

кен алабын, шығысында Қаратал өзеніне дейінгі құмайт жерлерді,

Балқаш көлінің төңірегін, Ақсу өзенінің бойын жəне Жоңғар

Алатауының етектерін қамтиды. Түркістан əскери-топографиялық

бөлімінің есебінде бұл кеңістік туралы егжей-тегжейлі жазылған.

Сол жылы П.К.Залесский Балқаш көлінің жағасынан жəне

Балқаш пен қаратал өзенінің аралығынан бірқатар астрономиялық

пункттер ашты.

1908 жылы инженер-гидротехник А.Корнеев Қаратал мен Іле

өзендерінің арасын аспап-құралмен өлшеп тексерді. Зерттеуші

бұл «ойпаң» жердің Қаратал өзенінің деңгейінен 26 аршын төмен

жатқанын, Іле өзенінің деңгейі ол «ойпаңнан» 15,37 аршын биік

екенін, сол сияқты Балқаш көлі де жоғары жатқанын анықтады.

А.Н.Седельников Зайсан көлін көп жылдар бойы зерттеу

нəтижесінде көлемді монографиялық еңбек жазды. Баспасөзде

жарияланған есептер көлді физикалық-географиялық жəне

гирогеологиялық тұрғыдан зерттеуде автордың қажырлы еңбек

етке нін дəлелдеді. А.Н.Седельников басылып шыққан еңбектерінде

көлді, оның жағаларын, өсімдіктерін, жануарларын толық суреттеп

жазды жəне көл жағалауын мекен еткен тұрғындар жөнінде мағ-

лұматтар берді.

Тарихи-географиялық тұрғыдан алғанда Қазақстанның

мұзыдқтарын зерттеу нəтижелері едəуір назар аударарлық. Тянь-

Шаньның солтүстік тізбектерін ежелгі заманда қалай мұз басқаны,

сондай-ақ қазіргі уақыттағы оның жағдайы туралы мəселелер

жөнінде талай авторлар қалам тербеп, қыруар мақалалар жазған.

Солардың арасында Іле Алатауының (Кіші Алматы, Талғар жəне

Шілік өзендерінің бойлары) мұздықтарын егжей-тегжейлі суреттеп

жазған С.Е.Дмитриевтің еңбектерінің орны айрықша бөлек.

Ю.М.Шокальский «1903 жылы Ресей мұздықтарына жүргізілген

бақылаулар туралы есеп» атты мақаласында С.Е.Дмитриев

зерттеулерінің деректерін келтіріп, оның 6 мұздық жəне Есік

өзендерінің жоғары сағасында 2 шағын тау көлін ашқанын атап

көрсетеді. Мақалада Талғар шыңының оңтүстігіндегі, Шілік

өзенінің алабындағы жаңадан ашылған «Богатырь» мұздығы туралы

толық сөз болды. Онда Тұйықсу мұздығына жүргізілген бақылаулар

жөнінде де айтылады. Мысалы, оңтүстік Тұйықсу мұздығының

бір жыл ішінде (1902-1903 жылдар) 3,2 метрге кейін шегінгені

көрсетіледі. Мұздықтың төменгі ұшымен белгілеп өлшегенде оның

күнтəулігіне 0,214 м жылжитыны анықталды. Ю.М.Шокальскийдің

екінші бір еңбегінде Тұйықсу мұздығына 1905-1906 жылдарды

жүргізілген бақылаулардың деректері келтірілген.

С.Е.Дмитриевтің өзі де бірнеше мақала жариялап, оларда

мұздықтарға баратын жолдарды көрсетті жəне мұздықтардың қандай

климат жағдайларында пайда болатыны туралы баяндалды. Автор

өз еңбектерінде 1903, 1905 жылдардағы байқаулардың деректерін

келтіреді, сонымен қатар оңтүстік Тұйықсу мұздығының екі жылда

4,3 метрге кейін шегінгенін жазады.

Қазақстанның мұздықтарына арналған өзге еңбектердің ішінен

Я.И.Корольковтың зерттеулерін атап көрсеткен жөн. Ол Тышқан

өзенінің жоғары сағасындағы, Жаркент қаласының маңындағы,

Ыстықкөлге құятын Ақсу өзенінің, сондай-ақ Үлкен Кемін өзеніне

құятын Ақсу өзенінің жəне Үлкен Кемін өзенінің өз аңғарларындағы

мұздықтардың 4 тобын суреттеп жазды.

Біз сөз етіп отырған кезеңде Қазақстанның кейбір аймақтарындағы

қолда ұстайтын мал мен далада тіршілік ететін жануарлардың же-

келеген түрлерін зоологиялық-географиялық зерттеу жөнінен

айтарлықтай табыстарға қол жетті.

Көрненкті энтомолон əрі географ В.Ф.Ошанин энтомологиялық

коллекцияларын толықтыру жəне Түркістандағы жартлыай қатты

қанатты құстардың тіршілік жағдайларын анықтау үшін 1879 жылы

Əулиеата уезінде болды, ал 1900-1905 жылдарда бірнеше рет Сыр-

дария өңіріне сапар шекті. Кейіннен, 1933 жылы ғалым өзі жинаған

материалдар негізінде, сондай-ақ Ғылым академиясы Зоологиялық

мұражайының коллекцияларына сүйеніп «Палеоарктикалық жарты-

лай қатты қанаттылардың каталогын» құрастырды. Бұл еңбек бүкіл

дүние жүзіне танымал бағасын алды.

Оңтүстік Алтайдың, Батыс-Сібір жазығы қазақстандық

бөлігінің жəне Түркістанның жануарлар дүниесін танып-білуде

Н.Ф.Кащенконың зерттеулері аса зор рөл атқарады. Оның баспасөзде

жарық көрген екі еңбегінде: «П.Г.Игнатовтың Алтай экспедици-

ясы жинаған сүтқоректілер жəне «Батыс Сібір мен Түркістанның

сүтқоректілеріне шолу» атты кітаптарында Қазақстанның аталмыш

облыстарында тіршілік ететін насеком қоректілер мен кемірушілер

туралы бірқатар құнды деректер келтірілген.

1907 жылы Я.В.Бедряга Н.М.Пржевальский мен оның ізба-

сарлары ұйымдастырған экспедициялардың материалдарын өң-

деп жинақтады. Автордың «Н.М.Пржевальскийдің Орталық Азия

бойынша саяхаттарының ғылыми қорытындылары» атты еңбе-

гінде Орталық Азиядағы бауырымен жорғалаушыларға жəне

қосмекенділерге жүйелі талдау жасалып, олардың Қазақстанда

тіршілік ететін жерлері көрсетілген.

1908 жылы П.П.Сушкин «Орталық қырғыз даласының құстары»

атты монографиялық еңбегін жариялады. Онда Қазақстанның

орманды-далалы, далалы жəне шөлейт аймақтарында кездесетін

құстардың қандай жерлерде жəне қалай тіршілік ететіні жайын-

да керемет мол деректер келтірілген. Сонымен қатар монографи-

яда зерттелген аймақтарда басқа да жаунарларға зоологиялық-

географиялық талдау жасалып, олардың өсіп-өнуінің қысқаша та-

рихы баяндалған. Жан-жақты жүйелі бақылау жүргізу, деректердің

дəлме-дəлдігі, кең ауқымды əрі терең талдау жасау жəне жиналған

материалдарды ыждаһандылықпен мұқият қорыту жөнінен бұл

еңбек жануарлар дүниесін шеберлікпен зерттеп білудің тамаша

үлгісі болып табылады.

П.П.Сушкин Шалқар көлінде болып, ол туралы физикалық-

географиялық тұрғыдан ден қоярлық бірқатар деректерді мəлімдеді.

Ол Торғай өзенінің жағалауын, Наурызым қарағай орманын,

Обаған-теңіз көлін жəне басқа жерлерді суреттеп жазды. Автор Жем

өзенінің бойынан жəне Темір өзенінің жоғары сағасынан құндыздың

қалдығы, ал Ырғыз өзенінің батыс жағасындағы солтүстік ендіктің

48 0 тұсынан бұғының сүйегі табылғанын хабарлаған. Мұның өзі мұз

дəуірінен кейінгі кезеңде ол жерлердің климаты қазіргіден əлдеқайда

суық əрі ылғалды болғанын көрсетеді.

Жануарлар дүниесін негізгі зерттеушілердің арасынан

В.Н.Шнитниковтың есімін ерекше ауызға алған дұрыс. Ол 1907 жыл-

дан бастап Қазақстанның жазықтық аудандарын да да, сол сияқты

таулы аймақтарына да сяхат жасап, жануарлар дүниесі туралы

мағлұматтарды едəуір толықтырды. Жетісуда болған экспедицияның

материалдарына сүйеніп, В.Н.Шнитников мақалаларында жүрген

жолдарындағы жерлерді көрсетті. Ал саяхатшы революциядан

соңғы жылдары зерттеушілік қызметін бұрынғыдан бетер өрбітіп,

«Түркістанның жануарлар дүниесі» (1925 жыл), «Қазақстанның жа-

нуарлар дүниесі» (1934-1935 жылдар), «Жетісудың сүтқоректілері»

(1936 жыл) жəне т.б. іргелі еңбектер жазды.

Н.А.Зарудный Орта Азияның жазық бөлігінде жəне Қазақстанның

ұрымтал жатқан оңтүстік-батыс облыстарында зоологиялық-

географиялық зерттеу жұмыстарын жемісті жүргізді. 1907-1914 жыл-

дары Қызылқұм шөлі мен Арал теңізінің жағалауына бірнеше рет

саяхат жасады. Оның экспедициясына тек негізінен құстарды жан-

жақты тексеру жүктелгенімен, автордың көптеген еңбектерінде өзі

болған төңіректің сүтқоректілері жəне бауырымен жорғалаушылары

жайында қыруар деректер ұшырасады.

Қызылқұм экспедициясының материалдары бойынша Н.А.За-

рудный үш еңбек жариялады. Оларда экспедицияның жүр ген жолда-

ры, тəжірибе үшін жиналған құстар туралы баяндалып, Қызылқұм

жеріндегі жалпы бақылаулар сөз болады. Автор «Қызылқұм» де-

ген географиялық түсінікке жаңаша анықтама берді. Саяхатшының

еңбектерінде құстардың қайда жəне қалай тіршілік ететіні жөнінде

қызғылықты мағлұматтар көп келтірілген.

Н.А.Зарудный Арал төңірегінде құстармен қатар бауырымен

жорғалаушыларды жəне қосмекенділерді жинап, тексерді. Оның

зерттеулерінің қорытындылары «1914 жылғы жазылған Арал

теңізіне сапар», «Аралдың жылан-шаяндары», «Арал теңізінің

құстары» деген еңбектерінде баяндалған.

Қазақстанда тіршілік ететін бауырымен жорғалаушыларды

танып-білуде А.М.Никольскийдің 1915 жылы шыққан «Бауырымен

жорғалаушылар» атты еңбегінің маңызы зор. Осы сала дағы тұңғыш

жинақта бір жарым ғасыр бойына Ресейде бауырымен жорғалаушыларға

жүргізілген зерттеулердің нəтижелері тұжырымдалып қорытылған. Ав-

тор біздің елімізде, сондай-ақ іргелес жатқан елдерде мекендейтін ба-

уырымен жорғалаушыларды түгелдей суреттеп жазған. Бұл кітап ұзақ

уақыт бойы герентологтардың қолдан түсірмейтін құнды құралы болып

келді, ол бүгінгі таңда да өзінің маңызын сақтауда.

Зоологиялық-географиялық жинақтардың ішінен профес-

сор М.А.Мензбирдің 1914 жылы шыққан «Түркістан өлкесінің

зоологиялық аймақтары жəне оның жаунарларының жаратылысы

туралы ойлар» атты еңбегін атап көрсету қажет. Онда Орта Азияның

жəне Қазақстан жерінің дені зоологиялық-географиялық жағынан

аудандастырылып, олардың дəлме-дəл жаңа схемасы берілген,

жергілікті жануарлардың жаратылысы туралы бірқатар қызғылықты

əрі соны пікірлер айтылған.

Сайып келгенде, сөз болып отырған кезеңнің ішінде атқарылған то-

лып жатқан арнайы зерттеу жұмыстары орасан көп материалдардың

басын қосып біріктіріп, тұтас жинақ шығаруға мүмкіндік туғызды.

Сөйтіп онда Қазақстан табиғатының жекелеген құбылыстарына баса

назар аударылды.

«Россия» сериясының XVIII томында (1903 жыл) жарияланған

«Қырғыз өлкесі» атты жинақ Қазақстан табиғаты туралы құрамды

да іргелі еңбектердің қатарына жатады.

А.Н.Седельников Қырғыз өлкесінің жер бедері, ішкі

сулардың геологиялық құрылымына, топырағына жəне пайдалы

қазбаларына сипаттама берген. Ол өлкенің жері негізінен біркелкі

– ұшы-қиыры жоқ жазық дала екенін, анда-санда ғана шағын

адыр-қыраттар, төбелер кездесетінін атап көрсетті. Автордың

ойынша тек оның Тарбағатай, Сауран жəне Алтай сияқты биік-

биік жоталар жатқан шығыс жағы ғана таулы өңірге айнала-

ды. Алайда өлкенің ұлан-ғайыр даласы басынан-аяғына дейін

тұтасып жатқан бірегей жазықтық деп санауға болмайды. Қырғыз

даласын араларында шағын адыр-қыраттар жатқан əрқайсысы

өзінше дербес үш бөлікке: батыс-Каспий төңірегі, оңтүстік-

Арал-Балқаш жəне солтүстік-шығыс Далалы Сібір аймақтарына

бөлуге болады. Өлкенің жер жағдайы қолдан жасалған екі схе-

мада жəне «Қырғыз өлкесінің жер бедері», «Қырғыз өлкесінің

геологиялық құрылымы», «Қырғыз өлкесінің топырағы», «Қырғыз

өлкесінің өсімдіктер дүниесі» атты шағын масштабты карталар-

да бейнеленген. Сол уақытта қолда бар барлық материалдардың

жинақталған қорытындысы ретінде ол карталар аса құнды əрі

өте-мөте көңіл аударарлық. Мəселен, топырақ пен өсімдіктер кар-

талары Қазақстан жеріндегі топырақ-өсімдік аймақтары бойын-

ша толық мағлұмат берді. Автор Қазақстан жерін топырағына

қарай үш негізгі аймаққа бөледі. Олар: қаратопырақты, сарғылт

тоыпрақты жəне құнарсыз саздақ топырақты (құмайтты дала-

лы) жерлер. Былайша айтақанда оларды батыстан шығысқа қарай

созылып жатқан үш белдеуге теңеуге болады: олардың ішінде

қара топырақты өңірлер солтүстік белдеуге, сарғылт топырақты

алқаптар – орта, құмайтты–далалы жерлер ең оңтүстік белдеуге

жатады.


«Климат» тарауын жазған Л.П.Осипова Қазақстан климатының

айрықша ерекшелігі оның континентальдығында екенін атап

көрсетеді. Автор бұл аймақта континентальды климатқа тəн

құбылыстардың бəрі де кездесетінін сөз етеді. Атап айтқанда, тем-

пература күрт өзгереді, жазы аптап ыстық, қысы сақылдаған аяз-

ды, көктемі мен күзі қысқа, ауасы құрғақ, жауын-шашын тапшы

болады жəне бұл құбылыстар батыстан шығысқа, солтүстіктен

оңтүстікке жақындаған сайын бірте-бірте үдей түседі. Əдетте

неғұрлым континентальды шығыс бөлік пен климаты жұмсағырақ

батыстың арасындағы шекараны ажырату мүмкін емес. Олардың

айырмашылығы бірден біліне қоймайды. Автор бұл жөнінде Қазақ

өлкесінің ең шығыстағы таулы өңірі өзге жерлерден оқшау тұрғанын

ескертеді. Мұнда биік таулар болғандықтан, жауын-шашын мол

түседі, таулар мен ормандар температураның күрт ауытқуынан

сақтайды. Өлкенің солтүстік жəне оңтүстік бөліктерінің климаты

бір-бірінен мүлде өзгеше. Бұл арада Батыс Сібір жазығындағы ну

ормандардың зор əсері бар жəне өлкенің солтүстік бөлігінде жел

көбіне батыс пен оңтүстік-батыстан соғады, ал шөлейтті оңтүстік

аймақта жел негізінен солтүстік пен солтүстік-шығыстан бо-

лып тұрады. Автор жазба мəтінге жауын-шашын мөлшерін жəне

температураның айырмашылығын көрсететін екі схемалық карта-

ны қоса берген. Ал мұның өзі қолда бар деректердің, соның ішінде

6 пункттегі метеорологиялық бақылау мəліметтерінің негізінде

жасалған Қазақстанның тұңғыш климаттық картасы еді. Сөйтіп,

ол Қазақстан климатының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік

туғызды.


«Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» атты тарауды А.Н.Седель-

ников пен Н.А.Бородин жазған. Мұнда өлкенің өсім діктер дүниесін

зерттеу тарихына қысқаша шолу берілген, өткен геологиялық

дəуірлердегі өсімдіктер туралы, осы заманғы өсімдіктер аймақтары:

орманды, таулы, далалы жəне шөлейт алқаптары суреттелген: өлкенің

ежелгі замандағы жануарлары мен сүтқоректілердің, құстардың,

бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің осы күнгі

түрлері жайында Арал, Каспий, Ертіс жəне Балқаш бассейндерінің

балықтары, сондай-ақ омыртқасыз жəндіктер жөнінде айтылған.

Қазақстан жерінің өсімдіктер өсетін қабаттарының қалыптасу

тарихына тоқталып, автор Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі

мен Арал – Каспий төңірегіндегі суы тартылып, құрлыққа айналған

үштік дəуірдің аяқ шенінде, палеоботаникалық зерттеулердің

деректеріне қарағанда, қазіргі Қазақстан территориясында Оңтүстік

Еуропаға тəн өсімдіктер: жапырағы жайқалған платандар, мəңгі жа-

сыл болып тұратын ағаш түрлері, сан алуан нəзік гүлді өсімдіктер

өскен. Бірақ жер барған сайын құрғап, климаттың континентальдығы

күшейген сайын мəңгі көгеріп тұратын өсімідктер Орталық Еуропа

ормандарындағы секілді жалпақ жапырақтыларға айналған, ал со-

дан соң бірте-бірте олардың орнына табиғат жағдайына бейімделген

осы заманғы өсімдіктер өсетін болған.

Сонымен бірге очерк авторлары төрттік дəуірде тіршілік

еткен жануарлардың осы күнгі жануарлардан айырмасы жоқ

екенін атап көрсетті. Ғалымдардың мəлімдеуінше, қазіргі жану-

арлар төрттік дəуірде тіршілік еткендердің кейінгі тұқымдары

болып табылады.

Бұл еңбекте 100 шақырымға 1 дюйм мөлшерінде жасалған

«Қырғыз өлкесінің шолу картасы» қоса берілген. Одан ХХ ғасырдың

басына дейінгі Қазақстан территориясын зерттеу жұмыстарының

қорытындыларын көруге болады. «Қырғыз өлкесінің картасын-

да» қазіргі Қазақстанның көп жері бейнеленген. Алайда сол кезде

Түркістан өлкесіне қарағанда оңтүстік облыстар оған кіргізілмеген.

Картада су жүйелері (өзендер, көлдер, олардың пішіні мен аумағы

жəне т.б.) өте-мөте дəлме-дəл көрсетілген. Ал рельефі, əсіресе

таулардың орналсу бағыты белгіленбеген. Кейбір жерлердің биіктігі

көрсетілмеген. Табиғат ресурстары картаға тұңғыш рет түсіріліп,

мыс, темір, күміс, қорғасын, алтын, мұнай жəне таскөмір сияқты

қазба байлықтары шығатын кен орындары шартты белгілермен бей-

неленген. Қатынас жолдары, елді мекендер, өзендердің кеме жүзуге

жарамды тұстары егжей-тегжейлі берілген. Сонымен бірге ол карта-

да топономика саласындағы зерттеулерге үшан-теңіз мол материал

қазіргі деректермен сабақтастыра зерделесе, ғалымға сөзсіз көп пай-

да келер еді.

«Россия» сериясының «Түркістан өлкесі» деген атпен 1913 жылы

басылып шыққан ХІХ томында Қазақстанның оңтүстік бөлігінің

жер бедері, климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі толық

суреттеліп жазылған жəне олардың бəрі көршілес Орта Азияның

табиғат ерекшеліктерімен тығыз байланыста баяндалған. Том-

ды құрастырушы В.И.Масальский ХІХ ғасырда, əсіресе оның

екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия жерлерін

физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеулердің нəтижелерін

молынан пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік

бөлігіндегі жазық жəне таулы аймақтардың қалыптасу үрдісі

негізінен И.В.Мушкетов жүргізген зерттеу жұмыстарының

нəтижелері негізінде жазылған. Бұл томға «Түркістаннның жəне

іргелес елдердің картасы» қоса берілген. Бұл шолу картасының мас-

штабы 1:4 200 000 (100 шақырымға 1 дюйм) мөлшерінде жасалған.

Мұнда Қазақстанның оңтүстік бөлігі бейнеленгендіктен, ол

А.Н.Седельников жасаған өзіне ұқсас картаны толықтырып, ғылыми

жұртшылықтың назарына ілікті. Соңғы карта алғашқыдан он жыл

кейін жасалған. Сондықтан əуелгіге қарағанда мұнда жер бедері

анағұрлым дəлме-дəл бейнеленген.

1914 жылы Қоныс аудару басқармасы «Азиялық Россия» атты үш

томдық басылым шығарды. Сөйтіп, толып жатқан экспедициялар

жиналған материалдардың басын қосып біріктіруге ұйғарды. Осы

басылымның екінші томына күллі Қазақстанның жер бедері, клима-

ты, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі сипатталған мате-

риалдар кіргізілді. Онда республика жерінің табиғаты шаруашылық

үшін пайдалануға жарамдылығы тұрғысынан сараланып көрсетілді.

Бұл орайда бір кезде Л.С.Берг жазған Қазақстан жер беті

құрылымының сипаттамасына ерекше көңіл аударған жөн. «Азиялық

Россия» басылымының екінші томында негізінен Л.С.Бергтің «Сібір

мен Түркістанды ландшафтық жəне морфологиялық жағдайларына

қарай аймақтарға бөлу тəжірибесі» атты белгілі еңбегінде айтылған

идеялар мен тұжырымдар онан əрі дамытылған. Мұның алдында,

1913 жылы шыққан кітабындағы сияқты, Л.С.Берг бұл еңбегінде

де Сібір мен Түркістанды географиялық аймақтарға бөлу мəселесін

қарастырған.

«Топырақ» бөлімін жазған К.Д.Глинка Қазақстан жерінің қара,

каштан,қоңыр жəне сұрғылт топырақты болып келетінін айта келіп,

солтүстіктен бастап əлгі аталған топырақ түстерінің бірте-бірте

өзгеріп отыратынын ескертеді.

«Өсімдіктер» тарауын Б.А.Федченко жазған. Ол Сібір мен

Түркістанды өсімдік зоналарына бөліп, Қазақстан жеріндегі

орманды-далалы, далалы, шөлейт жəне таулы аймақтарда өсетін

өсімдіктерге сипаттама берген. Б.А.Федченко өсімдіктердің жал-

пы жағдайын, олардың тіршілігіне əсер ететін құбылыстарды –

климат, топырақ, жер бедері жəне геологиялық ерекшеліктерді

атап көрсеткен. Автор өсімдіктердің таралуына жануарлар мен

адамдардың ықпалының барлығын сөз етеді.

Қоныс аудару басқармасының зоологиялық материалдарын

жинақтап қорытқан П.Е.Васильевский табиғи климат жағдайларына

қарай азиялық Ресейдің жануарлар дүниесінің үш түрлі мекенін ата-

ды. Олар: тундра, тайга жəне далалы жерлер. Ол Қазақстан жануар-

ларын үшінші топқа жатқызады. Автор таулы аймақтардың жану-

арларын жеке дара бөлмейді. Өйткені оның ойынша тек тауда ғана

тіршілік ететін жануарлар тым сирек кездеседі. Ал Азияның таулы

аудандарында негізінен тайгалы немесе далалы жерлерде өсіп-өнген

жануарлар мекендейді.

Қазақстан табиғаты жайында деректер келтірілген шетелдік

басылымдардың арасынан неміс географы Вильгельм Сиверстің

орысша аудармасы 1906 жылы жарық көрген «Азия» атты кітабын

атауға болады. Əуелінде 1892 жылы неміс тілінде басылып шыққан

бұл кітап орыс тіліне аударылар алдында түбірімен қайта өңделген.

В.Сиверс Азияны:Алдыңғы, Батыс, Солтүстік, Шығыс, Орталық

жəне Оңтүстік деп алты бөлікке бөледі. Каспийдің шығыс беті мен

Торғай шөлдерінің, қырғыз (қазақ) далаларының бəрі, Батыс Сібір

Батыс Азияның құрамына жатқызылған, ал Қазақстан мен Орта

Азияның таулы аудандары Орталық Азия аймағына енгізілген. Ав-

тор Тұран ойпатын, қырғыз (қазақ) далаларын, Батыс Сібір ойпатын

жер бітіміне қарай Батыс Азияның бөліктері деп есептейді.

Азияға жалпы шолудың алғы сөзі ретінде автор құрлықты зерт-

теу тарихын қысқаша баяндайды, содан соң оның географиялық

жағдайын, геологиялық құрылымын, климатын, өсімдіктерін, жану-

арларын, халықтары мен мемлекеттерін жүйе-жүйесімен талдайды.

Онан əрі ол дəл осы ізбен құрлықтың жоғарыда аталған алты бөлігін

əңгіме етеді. Кітапқа қосымша ретінде 1:50 000 000 мөлшерімен ұсақ

масштабты карта берілген. Біз үшін Азияның геологиялық картасы

өте-мөте ден қоярлық. Ол Қазақстандағы орыс зерттеушілерінің сол

кезде қолда бар деректері негізінде жасалған.

* * *

Демек, сөз болып отырған уақытты Қазақстан табиғатын танып-



білудегі терең əрі жан-жақты зерттеулер кезеңі деп атауға болады.

Бұл жаңа дəуір П.П.Семенов пен Ш.Ш.Уəлихановтың Тянь-Шаньға,

Н.А.Северцов пен Борщовтың Сырдарияның төменгі сағасына

ұйымдастырылған экспедицияларынан басталады. Орта Азия мен

Қазақстанның табиғаты шым-шытырық күрделі аймақтарына алғаш

рет ат ізін салған осынау ержүрек əрі зерделі зерттеушілер өлкені

географиялық тұрғыдан танып-білу тарихында шын мəнісінде

жаңа дəуір ашты. Ішкі Азиядағы аса ірі тау жүйесі – Тянь-Шаньды

тұңғыш рет ашып, əлемге əйгіленген П.П.Семенов болатын-ды.

Ш.Ш.Уəлихановтың – Тянь-Шаньның қиын түкпірі мен Қашқария

өлкесіне, Н.А.Северцовтың Арал теңірегіне жасаған саяхаттары,

Г.Д.Романовский мен И.В.Мушкетовтың геологиялық ізденістері,

А.П.Федченко мен А.Н.Красновтың ботаникалық еңбектері далалық

зерттеулер мен терең теориялық тұжырымдауды асқан шеберлікпен

ұштастырудың үлгісіне айналды.

Осы кезеңдегі зерттеулердің нəтижесінде Қазақстан география

ғылымын дамыту үшін маңызы бар ғылыми теориялар мен болжам-

дар туды. Өздері ашқан жаңылықтар мен жүргізген зерттеулерін

қорытып, тұжырымдай келе ғалымдар тек жаңадан табылған

аймақтарды сипаттаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге

табиғат жағдайлары əр түрлі жерлердің бір-бірімен байланыста-

рын, физикалық-географиялық құбылыстардың сабақтастығы мен

заңдылықтарын анықтауға да ұмтылды. Олардың еңбектерінде

Қазақстан территориясының геологиялық тарихы мен жер бедері,

топырақ түрлерінің ерекшеліктері мен олардың шекаралары,

өсімдіктер мен жануарлардың таралу принциптері анықталды, су

көздерінің тұңғыш физикалық-географиялық сипаттамасы берілді.

Сол бір тамаша ғұлама-саяхатшылардың игі дəстүрлерін ХІХ

ғасырдың аяғында жəне ХХ ғасырдың басында В.А.Обручев,

Н.И.Андрусов, В.В.Сапожников, Л.С.Берг, С.С.Неуструев,

Л.И.Прасолов жəне басқалары жалғастырды. Алдыңғы аға буын

ұстаздарының зерттеген материалдарын қорытып жəне оларды

өздері тікелей жүргізген бақылауларымен толықтырып, бұл жаңа

шоғыр жас ғалымдар Қазақстан табиғаты жайында терең мағыналы

жаңа ғылыми еңбектер тудырды. Геологиялық комитеттің экспе-

дициялары өлкенің жекелеген аудандарының құрылымы мен гео-

логиясын зерттесе, ал Қоныс аудару басқармасы ұйымдастырған

экспедицияларға қатысушылар көптеген топырақтану-ботаникалық

тəжірибелерін жүргізді.

Осының нəтижесінде сол мезгілде Қазақстанды географиялық

жағынан танып-білу ісі Арал жəне Каспий теңіздерінің бассейндері,

Балқаш-Алакөл ойпаты, Тянь-Шань таулары жəне т.б. сияқты аса ірі

аймақтарды зерттеулермен молықты. Таулы жəне жазық жерлердегі

аудандардың, көлдер мен теңіздердің карталары мен атластары жа-

салды. Қазақстан территориясына физикалық-географиялық сипат-

тама берілген топтама жинақтар жарық көрді. Олардың қатарында

И.В.Мушкетовтың «Түркістанын», «Қырғыз өлкесін», «Түркістан

өлкесін», «Азиялық Ресей» жəне т.б. атауға болады. В.Сиверс пен

Э.Реклюдің еңбектерінде де ірі-ірі аймақтарға шолу жасалды.

Бұл кезеңдегі зерттеулердің бір ерекшелігі сол, осы тұтас

теориялық мəселелермен қоса практикалық міндеттерді де шешуді

15–1673


көздеген іргелі ғылыми еңбектер туды. Олардың қатарына, мəселен,

жазықтар мен таулардың, атап айтқанда, Тянь-Шаньның құрылымы

мен тектоникасы, Арал-Каспий ойпатының шығу тегі (генезисі) ту-

ралы, Тянь-Шань климатының өзгеруі жəне оны басуы жөніндегі,

шөлдердің, құмдардың пайда болуы, Қазақстанды топырақ зонала-

рына бөлу жəне аудандастыру жайындағы туындыларды жатқызуға

болады. Сөйтіп, табиғаттың мəнісіне шынайы көзқарас қалыптасып,

оның жекелеген элементтері бір-бірімен тығыз байланысты əрі

бір-біріне себепкер бірегей құбылыс ретінде дұрыс түсінуге негіз

қаланды.


Қазақстанда физикалық-географиялық зерттеу жұмыстарының

ірі табысқа жетуіне капиталистік қарым-қатынастардың пайда бо-

луы себепті өндіргіш күштердің дамуы, сондай-ақ орыстар мен

қазақтар арасындағы барған сайын нығайып келе жатқан байланы-

стар көп көмегін тигізді. Пайдалы қазба байлықтарын өңдеуге, ауыл

шаруашылық жерлерін игеруге Ресейдің мүдделігі күшейіп, темір

жолдар құрылысы қолға алынды. Бұл орыс жəне қазақ халықтары

арасындағы ғылыми ынтымақтың өрбуіне үлкен ықпалын тигізіп,

олардың риясыз достасуына себепкер болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет