Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің сапасына қарай классификациялау: Материализм, Идеализм, Объективті идеализм, Субъективті идеализм Гилозоизм– тірі және өлі табиғаттың жандылығын насихаттайтын философиялық ілім. Пантеизм- Құдай (идеалды бастама) және табиғат (материалды бастама) теңестірілетін философиялық ағым: «Құдайдан тыс табиғат жоқ, табиғаттан тыс Құдай да жоқ». Деизм – «Құдай – дүниені жаратушы» деп, бірақ «дүниені жаратып және оның заңдарын қоса шығарып бергенмен Құдай одан кейінгі пәнилік істерге араласпайды, бұл дүние өз заңдарымен дамиды» деп санайды.