Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері



бет6/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні

Тақырып: Ежелгі Үнді философиясы.

Ведалар (сөзбе-сөз «білім» деген мағынада) – б.д.д XV ғасырларда Орта Азия, Еділ жағалауы, Ираннан Үндіге көшпелі тайпалар – арийлер келіп қоңыстанғаннан кейінгі кезеңнен жеткен тарихи-мәдени ескерткіш – діни философиялық трактаттар жиынтығы. Бұл күнге келіп жеткен Ведалардың түрлері :1.Ригведа; 2.Самаведа; 3.Яджурведа; 4.Атхарваведа; Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады: Атман – Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі. Манас - өмір барысында қалыптасатын адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін. Сансара – жанның тән мен космостық Брахман (Құдай) арасындағы тоқтаусыз, мәңгілік қозғалысы. Карма– адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс-әрекетіне байланыстылығы. Адам өмірлік сынақтар арқылы өз жанын жетілдіріп, жоғары адамшылық дамуға – мокшаға жетуге ұмтылуы тиіс (Бұл мақсат жолында жан ондаған, жүздеген өмірлер сүруі мүмкін).Мокша – карма тоқтайтын, жан эволюциясы, космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын жетілудің жоғарғы шыңы. Мокшаға жету кез-келген жанның мақсаты. Мокшаға жеткен жандар шексіз өмірлер тізбегінен босап, махатмаға – Ұлы жандарға айналады. Ахимса – жер бетіндегі тіршілік формаларының (адамның, жануарлардың және бүкіл табиғаттың) өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахимсаның басты қағидасы – «Кіші бауырларға, тірі табиғатқа қиянат жасамау» Ежелгі Үнді философиясының онтологиясы (болмыс пен бейболмыс туралы ілім) – космостық эволюция, цикл, тәртіп, жүйе, және өзара байланыс – Рита құдайының заңдарына сүйенеді. Упанишадтар бойынша дүниені жаратушы құдай – Брахман. Философиялық түсіндірмеде Брахман – дүниедегі жоғарғы мән, бүкіл тіршілік атаулының бейтұлғалық құдіретті бастамасы. Упанишадтарда үнді философиясының «карма» сияқьы маңызды ұғымы тұжырымдалды. Карма ұғымы – ведалық «рита» ұғымының негізінде қалыптасты. Ортодоксальды немесе ведалық мектептер – Ведаларды қасиетті деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар. Ортодоксальды (ведалық) мектептерге миманса, веданта, және ведалармен қатар басқа білім деректерін де мойындайтын ньяя, вайшешика, санкхья, йога жатады. Веданта– дербес мектеп ретінде басқа ортодоксальды мектептерден кешірек – б.д VII – VIII ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниеде ведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндері, Бхагавадгита, т.б) ғана болғаны туралы айтуға болады. Бейортодоксальды (бейведалық) мектептер деп ежелгі Үнді философиясының Ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін (чарвак , буддизм, жайнизм) атайды. Миманса (дәлме - дәл: «ойлау», «зерттеу», «талқылау») – мәселені ойлау, талқылау және сындарды зерттеу арқылы шешу дегенді білдіреді. Миманса өз ішінде екі ағымға бөлінеді: ертедегі, басты міндеті ведалық ритуалды зерттеу болып табылатын пурва-миманса және кейінгі – басты мақсаты таным процесін және оның формаларын зерттеу болып табылатын уттара – миманса. Негізгі еңбектері: Джаймини, «Миманса-сутра» немесе «Джайнизм - сутра» (б.д.д 200 жыл) «Ньяя» термині «ереже», «аналитикалық зерттеу», «логика», «ойлау» деген мағына береді. Ньяя философиясының орталық мәселесі-таным теориясы мен логика сұрақтары болып табылады. Ньяя логикасы Үнді философиясының «логикалық қорытынды- танымның сенімді көзі» деп мойындайтын барлық жүйелерінде қабылданып, қолданылады. Ньяя онтологиясы вайшешика мектебінің мектебінің онтологиясына ұқсас. Ньяя философиялық ілімінің негізін қалаушы – шамамен б.д I ғасырында өмір сүрген дана-Готам (Гаутама) болып табылады. Негізгі енбектері. Готам. «Ньяя-сутра» «Вайшешика» атауы «вишеша»-«айырмашылық», «ерекшелік» сөзінен шыққан. Мектептердің бұлай аталуына өз жүйесінде «айырмашылық» ұғымына айрықша мән беретіндігі себеп болады. Негізін қалаушысы – шамамен б.д.д IV – ғасырда өмір сүрген Улука есімді дана (лақап аты түсіндірмелер) Санкхья термині «сан», «санау», «есеп» мағынасын береді. Санкхья философиясы болмыстың негізгі элементтерін олардың пайда болу, қалыптасу ретіне қарай: алғашқы түпнегізден – көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына қарай жүйелеп, зерттейтін ілім.Негізін қалаушысы – б.д.дVII – ғасырда өмір сүрген Капила деп саналады. Негізгі еңбектері: «Санкхьясутра» және «Санкхья правачана-сутра». Капиланың бұл еңбектері және оынң шәкірттерінің қолжазбалары бізге жеткен жоқ. Санхья дәстүрі бойынша ежелгі дүниеде сақталған трактат-Ишваракришнаның «Санкья-карикасы» ғана. «Йога»термині «бірігу», «қатысу», «тәртіп», «терең толғаныс» деп аударылады. Йоганың маңызды ерекшелігі-ерекше рухани күйге жетуге арналған арнайы тәсілдерінің жүйесі болуында. Бұл рухани күй арқылы адам физикалық дүниеден азар болып, жоғарғы «менді» (пурушаны, космостық сананы) таниды. Йогамен қатар аскетизм және медитация (терең толғанысы) Классикалық йоганың негізін қалаушы – б.д.д II ғасырда өмір сүрген Патанджали деп саналады. Негізгі еңбектері Патанджали. «Йога-сутра» («Патанджали - сутра»); Въяса, «Йога-бхашья» («Вьяса-бхашья») – Йогасутраға коментарийлер; Вачаспати. «Таттва вайшаради» - «Йога - бхашьяға» түсіндірмелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет