РЕАБИЛИТАЦИЯ •
Кинезотерапия және массаж. Бұл қан айналым мен трофиканы
жақсартады, бұлшық еттің сіресуін азайтады. Алғашқы күндері науқастың
жатқан қалпын өзгертіп отырған жөн. Аяқтарын бүгіп – жазып, қолын 90°-қа
бұрып, білек пен саусақтарын жазып отыру керек.
•
Емдік гимнастика. Науқас есін жинап, жүрек пен тыныс алу қызметі
жөнделгеннен соң жасалады. Ол салданған аяқ-қолға массаж жасаумен бірге
қолданылады. Тонусы жоғары бұлшық еттерді аздап сипайды. 1 аптаның соңы
мен 2 аптаның басында белсенді қимылдар жасатуға кірісу қажет. Төсек
калпында аяк-қолдарын жазып-бүге бастаймыз. Содан соң төсек маңында сау
және салданған аяқпен тұруды уйретеді, 1 орында адымдап жүргізіп және
аяқтарын басқызамыз. Қол ұшының қимылдарын дамыту үшін доппен жаттығу
жасатып, түймелерді салып, ағытамыз.