МИ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ӨТКІНШІ
БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары кезінде ми зақымдануының
белгілері бірнеше минут, сағат(тәулік соңына дейін) өткен соң тегіс жойылады.
Олардың пайда болуына кішігірім қан құйылулар,
аздаған жібу ошақтары және
гипертониялық криз әсер етеді.
Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары атеросклерозбен, қант
диабетімен, әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен, жүрек
және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле
беретін адамдарда, қан тамырларының түрлі аномалиялары бар сырқаттарда жиі
кездеседі.
ПАТОГЕНЕЗІ
Ми қан айналымының өткінші бұзылу патогенезінде қан
тамырларының атеросклероздан тарылып және бітеліп қалуынан пайда
болатын ми қан тамырларының кемшілігіне,
олардың патологиялық
иірілулері мен бүгілулеріне, артериялық қысымның тұрақсыздығына,
ангиоспазмге және жүрек қан тамыр жетіспеушілігіне аса мән беріледі.
Олардың пайда болып дамуына бастың ірі қан тамырларынан және
шеткі қан тамырлардан келетін микроэмболиялар ерекше әсер етеді.
Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары:
1.
гипертониялық криз
2.
өткінші ишемиялық талмаларға бөлінеді.