ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КРИЗ Гипертониямен ауратындарда кездеседі. Оған эмоционалдық стрестер, ауыр дене
еңбегі, маскүнемдік әсер етеді.
Гипертониялық криздің
клиникалық сипатында бас сүйек қуысы ішіне
орналасқан қан арнасы қанға аса мол толуына және ондағы ткандердің ісінуіне немесе
ми қан тамырларының жиырыла қысылуына байланысты
жалпы милық симптомдар
басым болады.
Ең алдымен шүйде аймағында бас ауыру білінеді. Сонымен қатар бастың
шулауы, бас айналу, лоқсу, кейде құсу тәрізді милық симптомдар байқалады.
Вегетативті қан тамырлық белілерден – беттің қызаруы, жүрек соғу жиілеуі, жүрек
тұсының ауыруы, ауздың құрғауы білінеді. Ес жеңіл түрде бұзылуы мүмкін. Кейде
психомоторлық қозу, өткінші амнезия және аз уақыт естен тану болуы да ықтимал.