Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б. 2 б. «6» тармағы)



бет14/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

6 Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б. 2 б. «6» тармағы)

Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру деп кінәлі адамның тек өзі өлтіргісі келген жәбірленушінің өміріне ғана емес, сонымен қатар өзге де адамның өміріне қауіп төндіретіндей тәсілді таңдап алуын қарастырамыз (мысалы, жарылыс жасау, өрт қою, адамдар шоғырланған жерге қаратып оқ ату, жәбірленушіден бөлек өзге де адамдардың пайдалануы мүмкін тағамды, суды улау).
Егер кінәлі адамның қолданған тәсілінің нәтижесінде белгілі бір тұлғалардың ғана емес, өзге де адамдардың қаза табуы орын алса онда әрекетті ҚР ҚК 99 б. 2 б. «6» тармағымен қатар99 б. 2 б. «1» тармағымен саралау қажет, ал өзге адамдардың денсаулықтарына зиян келтірілген жағдайда ҚК-тің денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген баптары бойынша саралануы тиіс.
Адам өлтіру жарылыс жасау, өрт қою немесе өзгедей қауіпті тәсілдермен жасалған реттерде және ол бөтеннің мүлкін құртумен немесе бүлдірумен немесе орманды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды жоюмен ұштастырылған жағдайда әрекет ҚР ҚК 99 б. 2 б. «6» тармағымен қатар 202-баптың 2-бөлігімен немесе 341-баптың 2-бөлігімен саралануы тиіс.
Адам өлтірудің жалпы қауіпті тәсілінің мәнісі мынада, кінәлінің жүріс-тұрысы жәбірленуші үшін де және одан бөлек бір адам болса да өзге тұлға үшін қауіпті болып табылады. Басқа адамдарды өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру дегеніміз, кінәлі адамның іс-әрекеттерінің нәтижесінде екі немесе одан да көп адамның өміріне қауіп төндіру және олардың біріне қаза келтіру болып табылады. Егер осындай адам өлтірудің қаупі болмаса, онда тіпті материалдық зиян келтіру орын алғанның өзінде де басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру болып табылмайды.
Адам өлтірудің құралдары мен жағдайлары басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіруді сипаттайтын негізгі белгілер болып табылады.
Құралдар дегеніміз бұл - кінәлі адам солардың көмегімен жәбірленушіге қаза келтіретін және басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін материалдық дүниенің объектілері болып табылады. Заң әдебиеттерінде адам өлтірудің барлық құралдарын олардың зақымдаушы қасиеттеріне тәуелді түрде үш түрге бөлінеді:
1) шектеулі қауіпті – қолданылуының барысында бірнеше тұлғаның арасынан тек бір адамның өміріне қауіп төндіретін құралдар (адамдар қарай пышақ лақтыру, садақтан, арбалеттен оқ ату) – осындай құралдарды қолдану бірнеше адамға қауіп төндірмейді және адам өлтірудің осындай тәсілін жалпы қауіпті тәсіл деп танитын негіз жоқ;
2) ситуативті-қауіпті – қолданылуының барысында қол сұғу сәтінде жәбірленушінің өміріне, сондай-ақ басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін құралдар (автоматты қару, бытырамен атылатын мылтық, жарлығыш құрылғыны қолдану);
3) ұзақ уақыт-қауіпті – оларды қолдану сәтінен бастап ұзақ уақыт бойына адамдардың анықталмаған тобының өміріне қауіп төндіретін құралдар (улы, әсері күшті, радиоактивті және өзге де аса қауіпті нәрселер).
Алайда көптеген адамдардың өміріне объективті түрде қауіпті болып табылатын құралдарды қолдануды өздігінен, адам өлтірудің мән-жайларын ескерместен адам өлтірудің саралаушы белгісі ретінде бағалауға болмайды (мысалы, жарылыс жасау жолымен елсіз далада адам өлтіру).
Қылмыс жасаудың (адам өлтірудің) жағдайы бұл – жәбірленушінің өміріне қол сұғу жүзеге асырылатын өзара шартты, өзара байланысты және өзара әрекеттес әлеуметтік қатынастар субъектілерінің және материалдық дүние объектілерінің, олардың орналасуының, тіршілік етуінің мән-жайлары мен шарттарының заңдылықты (қажетті) және кездейсоқ (жанама) жиынтығы болып табылады.
Қылмыстың жасалу жағдайы кінәлімен қолданылатын құралдардың бірнеше адамның өмірі үшін нақты қауіпті болып табылатындығының куәсі болуы тиіс. Қауіптілік мынадай белгілермен анықталады:
а) қарудың зақымдаушы қасиеттерімен (автомат, бытырамен оқталған мылтық);
б) кінәлі мен жәбірленушінің арасындағы қашықтықпен;
в) басқа да адамдардыңболуымен және олардың жәбірленушіге қатысты түрде алғанда орналасуымен;
г) мылтықпен атудың немесе адам өлтіруге бағытталған өзге де әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) ерекшеліктерімен;
д) қылмыстың жасалу жағдайын сипаттайтын зақымдау аймағымен және өзге де мән-жайлармен.
Басқа да адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған адам өлтірудің субъективтік жағы қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрімен сипатталады. Кінәлі адам басқа да адамдардың өміріне қауіпті тәсілдің тек жәбірленушіге ғана емес, біреу болса да, басқа да адамның өміріне қауіпті екендігін сезінеді, жәбірленушіге қаза келтірудің болмай қоймайтынын немесе оның нақты орын алуының мүмкіндігін, сондай-ақ басқа да адамдардың өміріне төнетін қауіпті көре біледі және осыны тілейді немесе оған саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет