Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б. 2 б. «3» тармағы)



бет10/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

3 Кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б. 2 б. «3» тармағы)

Сот тәжірибесінде қалыптасқан үрдіс бойынша өзінің тәндік немесе психикалық жағдайларына байланысты өзін қорғауға, кінәлі адамға белсенді түрде қарсылық көрсетуге дәрменсіз адамды ол адамның сондай жағдайда екендігін білетін адамның өлтіруі ҚР ҚК 99 б. екінші бөлігінің «3» тармағымен сараланады.
Ауыр науқасқа ұшырған және қартайған немесе тыс жас адамдарды, орын алған жағдайларды дұрыс қабылдауға мүмкіндік бермейтіндей психикалық ауруға шалдыққандарды дәрменсіз күйдегі адамдар қатарына жатқызуға болады.Сонымен этимология тұрғысынан алғандадәрменсіз күй түсінігін оның өміріне қол сұғылған сәтте әлдебір мән-жайларға байланысты өзін қорғай алмайтын жағдайда болуы деп қарастырған дұрыс.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйін субъективтік (дербес, жекелікті) және объективтік (сырттай, ситуативтік) деп жіктеуге болады. Жәбірленушінің ағзасының дербес ерекшеліктерін (тым жас немесе кәрі болуын, ауыр науқас немесе психикалық ауру болуын) субъективті мән-жайларға жатқызуға болады.
Адам өлтіру сәтінде жәбірленуші тап болған мән-жайларды (байлауда жатуы, үстінен ауыр затпен бастырылуы, тар қапаста қамауда болып қозғала алмауы, қатты ұйқыда, қатты мас болуы, өзгедей себептермен ес-түссіз болуы) объективті мән-жайларға жатқызу қажет.
Жәбірленушінің неге байланысты дәрменсіз күйде болуына тәуелді түрде физикалық (тым кәрі болуы, мүгедектік), еңсерілмейтін күшке тап болу (байлауда болу, бастырылып жату, ілулі тұру) және психикалық(психикалық ауру, гипноз жағдайында болу) деп ажыратуға болады.
Психикалық және физикалық дәрменсіздік ұштасуы да мүмкін (тым жас болу, қатты мас, ұйқыда, өзге де ес-түссіз жағдайда болу). Дәрменсіз күйде болудың ұзақтығына тәуелді түрде ол тұрақты (мерзімсіз) және уақытша болуы мүмкін. Тұрақты түрдегі дәрменсіз жағдай уақыттың өтуіне байланысты өзгеріске ұшырамайды.
Тұрақты түрдегі дәрменсіз күйдің мысалы ретінде кәрілікті, айықпас ауруды (аяқтарының, қолдарының болмауын, психикалық ауытқушылықтың ауыр деңгейін) келтіруге болады. Уақытша дәрменсіздік жағдайы уақыт өткеннен кейін қалпына келеді. Уақытша дәрменсіз күйге жас болу, ұйықтап қалу, мас болу, гипноз әсерін жатқызамыз.
Жәбірленушіні дәрменсіз күйге кімнің: оның өзі немесе кінәлі адамның келтіргені қылмысты саралауға әсер етеді ме деген мәселе заң әдебиеттерінде және сот тәжірибесінде екіұдай сипатта шешіліп келеді.
ҚР ҚК 120 және 121 баптарында көзделген қылмыстарға қатысты сот қаулыларында бірыңғай жауап берілген. Онда «зорлауды, сексуальдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасаған деп тану үшін осындай жағдайға кінәлінің өзінің келтіргені (мысалы, спирттік ішімдіктерді ішкізу, наркотикалық, ұйықтататын заттарды беру) немесе көрсетілген қылмысты жасаған тұлғаның әрекеттеріне тәуелсіз түрде дәрменсіз күйде болғандығы маңызға ие болмайды»деп көрсетілген.
Бір ұғымның тек қылмыстық заңда ғана емес, заңнаманың өзге де салаларында бірдей маңызға ие болуы тиіс екендігін ескере отырып, «дәрменсіз күй» түсінігі қылмыстық заңның осы түсінік қолданылатын барлық баптарына қатысты бірдей түсіндірілуі тиіс деп ойлаймыз (ҚР ҚК 54, 99, 106, 107, 110, 116, 119, 120, 121 б.б.).
Олай болса, жәбірленушіні дәрменсіз күйге кімннің: кінәлі адамның, өзге адамдардың, жәбірленушінің өзінің келтіргені немесе осындай күйге өзге мән-жайларға байланысты тап болғаны адам өлтіруді саралауға ықпал етпейді.
Дегенмен осының барысында келесідей мән-жайларды есепке алу керек. Егер жәбірленушіні дәрменсіз күйге келтіру оны өмірінен айырудың объективтік жағының бөлшегі болып табылатын болса, онда қарастырылып отырған саралаушы белгі орын алмайды. Бұл жәбірленушіні дәрменсіз күйге күштеп (оның еркінен тыс) келтіріп, одан кейін оны өмірінен айырған ретте ҚР ҚК 99 б. 2 бөлігінің «3» тармағында көзделген қылмыс құрамы болмайды дегенді білдіреді. Күш қолдану тікелей (ұрып-соғу, әсері тез ұйықтатын дәрі беру, жәбірленушінің аузына спирттік ішімдік құю, тамырына наркотикалық заттар жіберу) және жанама (іштей – алдау жолмен әсері күшті заттарды сусынға немесе тағамға араластыру және т.б.) орын алуы мүмкін.
Егер кінәлі адам жәбірленушіні мас қылып немесе оның өзінің тілегі бойынша оған наркотикалық инъекция жасап және (немесе) оның ес-түссіз жағдайға келуін күтіп, содан кейін оны өлтіруді ойластырған болса, бұл жағдайлардағы күш қолданусыз жасалған әрекеттерді адам өлтірудің объективтік жағының бөлшегі деп тануға негіз жоқ. Бұл әрекеттерді адам өлтіруге дайындық әрекеттері ретінде бағалауға негіз бар. Осындай жағдайда одан кейін жүзеге асырылған адам өлтіруді ҚР ҚК 99 б. 2 бөлігінің «3» тармағында көзделген сараланған адам өлтіру деп танудың қажеті болмайды.
Кінәлі адам жәбірленушінің жеке басының ерекшеліктерін оны өлтіру мақсатында қасақана пайдалана отырыпалдау арқылы қаза келтіретін болса (мысалы, соқыр адамды алдап өмірге қауіпті жолмен жүргізеді), онда адам өлтіруді ҚР ҚК 99 б. 2 бөлігінің «3» тармағымен саралаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет