Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру



бет11/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру.Сот тәжірибесінде қалыптасқан ұстаным бойынша кінәлінің әрекеттерін «адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру» белгісі бойынша ҚР ҚК 99 б. 2-бөлігінің «3» тармағымен саралау барысында, заңның мәнісі бойынша ҚР ҚК 99 б. 2 бөлігінің берілген тармағы бойынша жауаптылықтың тек ұрланған немесе кепілге алынған адамға қасақана қаза келтіргені үшін ғана емес, адамды ұрлау немесе кепілге алу барысында осымен байланысты кінәлі адаммен жасалған басқа да адамдарды өлтіргені үшін жауаптылық туындайтындығын есте ұстау қажет. Іс-әрекет ҚР ҚК 125 немесе 261 бабында көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс. Қарастырылып отырған саралаушы белгілерді осылай түсіндіруден, адам өлтірудің адамды ұрлау немесе кепілге алумен байланысты орын алатындығын аңғаруға болады.
Бұл адам өлтірудің адамды ұрлау немесе кепілген алуға дейін (мысалы, жәбірленушінің күзетшісін), аталған қылмыстарды жасау процесінде (жәбірленушінің қарсылығын еңсеру мақсатында) және адамды ұрлағаннан немесе оны кепілге алғаннан кейін де (қуғыншыларды, бірігіп қатысушыларды, қылмысқа одан әрі бірігіп қатысудан бас тартқандарды, қарсылық көрсеткендерден кек алу үшін өлтіру) орын алуының мүмкін екендігін білдіреді.
Адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ерікті немесе еріксіз байланысты болған кез келген тұлға осындай қылмыстың жәбірленушісі болуы мүмкін. Заң әдебиеттерінде және сот тәжірибесінде адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіруге екіұдай баға беріледі.
Көптеген ғалымдар осындай жағдайда ҚР ҚК 99 б. 2 бөлігінің «3» тармағымен және 125 не 261 бабында көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау қажет деп санайды. Осындай ұстанымды сот тәжірибесі де қолдап келеді.
Дегенмен осы мәселеге қатысты қарсы көзқарастардың да бар екендігін айтуға тиіспіз. Оны жақтаушылардың ойынша, адам ұрлаумен не кепілге алумен ұштастырылған адам өлтіру – бұл дербес қылмыс, есепке алынған қылмыстардың нақты жиынтығы және де оны тек ҚР ҚК 99б. 2 бөлігінің «3» тармағымен саралау қажет.
Осы айтылған пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік орындары бар екендігін айту қажет. Дегенмен келесі мән-жайларды ескерген дұрыс. Егер адам өлтіруде және адамды ұрлауда (кепілге алуда) жәбірленуші бір тұлға болатын болса, онда 99 б. 2 бөлігінің «3» тармағымен саралау жеткілікті болатын сияқты.
Егер жәбірленушілер әртүрлі тұлғалар (яғни, ұрланған (кепілге алынған) бір адам, адам өлтіру басқа тұлғаға қатысты жасалған) болған жағдайда, онда әрекетті ҚР ҚК 125 не 261 бабында көзделген және 99 б. 2 бөлігінің «3» тармағымен, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау қажет.
Қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы жәбірленушінің қаза табуына қатысты алғанда қасақаналықтың тікелей, сондай-ақ жанама түрімен сипатталады. Қазаға абайсызда ұшырату барысында берілген қылмыс құрамы болмайды. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет