Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТҮРЛЕРІ



бет20/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

3 АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТҮРЛЕРІ

  • 1 Жаңа туған баланы анасының өлтіруі (ҚР ҚК 100 б.)

Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 100-бабында анасының өзінің жаңа туған баласын босану кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын күйзелтетін ахуал болған жағдайларда немесе есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуы жағдайында өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген.
ҚР 1997 ж. Қылмыстық кодексі қабылданға дейін адам өлтірудің осындай түрі дербес құрам ретінде ажыратылмай «қарапайым» түріндегі адам өлтіру ретінде қарастырылып келген болатын. 2014 ж. қабылданған жаңа қылмыстық заңда да адам өлтірудің осы түрі дербес құрам ретінде бекітілген және ерекше белгілері есепке алына отырып, адам өлтірудің жеңілдік берілген түрі ретінде қарастырыла алады.
Адам өлтірудің берілген түрінің объективтік жағы міндетті белгілердің қатарына тек әрекетті (әрекетсіздікті), қылмыстық салдарды, себепті байланысты кірістіріп ғана қоймайды, сонымен бірге қылмыстың жасалған уақытын да кірістіреді. Жаңа туған баланы өлтіру белсенді әрекеттермен (тұншықтыру, бас сүйегін зақымдау, суға батыру), сондай-ақ әрекетсіздіктермен де (баланы тамақтандырмау) жасалуы мүмкін. Жаңа туған баланы өлтіруді ҚК 100-бабымен саралау егер ол баланы босану кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде жүзеге асырылған кезде мүмкін болады. Баланы босанғаннан кейін нақты қандай уақыт өтуі керек екендігі заңда дәл көрсетілмеген.
Дегенмен босануға байланысты психикасын күйзелтетін ахуалдың болуы немесе одан кейін орын алған өмірлік ситуацияларда (әкесінің баладан бас тартуы, баланы кәмелетке толмаған адамның некеден тыс дүниеге әкелуі және т.б.) есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуы жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылатындығын ескере отырып, баланың туған уақыты мен оның өлтірілуі арасында көп уақыт өтпеуі тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Тікелей қасақаналықтың барысында баланың анасы баланың қаза табуының мүмкін екендігін көре біледі және осыны тілейді. Жанама қасақаналықта қаза табуының мүмкіндігін сезеді және оған саналы түрде жол береді.
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған тек әйел адам (жаңа туған баланың анасы). Психикалық бұзылу есінің дұрыстығын жоққа шығармауы тиіс, олай болмаған жағдайда қылмыстық жауаптылық туындамайды. Осындай адам өлтірудің бірігіп орындаушысы болған өзге тұлғалар ҚК 99-бабы бойынша жауапқа тартылуы тиіс, себебі баланың анасының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оларға тиісті болып табылмайды.
Адам өлтірудің көрсетілген түрі үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, яғни қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс санатына жатады.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет