Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Соз ауруларын жұқтыру (ҚР ҚК 117 б.)



бет38/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

3 Соз ауруларын жұқтыру (ҚР ҚК 117 б.)

Өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзіндік түрі болып табылады. Бұл қылмыстың басты ерекшелігі, кінәлі адамның, яғни өзінде соз ауруы бар екендігін білетін адамның, оны басқа адамға жұқтыруында.
Негізінен алғанда, жыныстық жолмен берілетін, себептері бойынша әртүрлі жұқпалы аурулар медицинада «соз аурулары» деген жалпы атаумен біріктіріледі. Оларға мерез (сифлис), гонорея, жұмсақ шанкр, шаптық лимфогранулематоз және т.б. аурулар жатады, адамның бойында ондай аурулардың бар екендігі сот-дәрігерлік сараптама жүргізу жолымен анықталады.
Соз аурулары қоғам үшін айтарлықтай қауіпті, себебі балалардың денсаулығына потологиялық түрде ықпал етеді, ауруға шалдыққандарды бедеулікке ұрындырады.
Соз ауруының түрі, сырқаттанудың әртүрлі сипаты, емдеудің ұзақтылығы, сауығудың мүмкіндігі берілген қылмысты саралауға ықпал етпейді.
Қылмыстың объектісі болып адамның денсаулығы танылады.
Қылмыстың объективтік жағы басқа адамның соз ауруларын жұқтырып алуына әкеп соққан әрекеттерден немесе әрекетсіздіктерден көрініс табады. Ауруды жұқтырудың тәсілі кінәлінің әрекеттерін саралауға ықпал етпейді, себебі жұқтырудың тек жыныстық жолмен жүзеге асуы міндетті болып табылмайды. Өзге адамға соз ауруларын жұқтырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады, яғни қылмыс құрамы – материалдық. Кінәлінің қылмыстық іс-әрекеттері және басқа адамның соз ауруын жұқтыруы арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей немесе жанама қасақаналық нысанымен сипатталады. Тұлға өзінің соз ауруларымен ауыратынын сезінеді, қауіпсіздіктің бекітілген ережелерін бұзады, өзге адамға соз ауруларын жұқтырудың мүмкін екендігін немесе жұқтырудың болмай қоймайтындығын алдын ала болжай біледі және осыны тілейді (тікелей қасақаналық) немесе тілемейді, бірақ жұқтыруға саналы түрде жол береді не бұған немқұрайлы қарайды (жанама қасақаналық).
Кінәнің абайсыздық нысаны қылмыстық менмендік түрінде орын алуы мүмкін, бұл жағдайда кінәлі тұлға өз бетімен емделу арқылы және оларға жеткілікті негіздерсіз өзін денім сау деп санайды немесе тиімділігі төмен сақтану құралдарын пайдаланады.
Қылмыс субъектісі арнаулы 16-жасқа толған, есі дұрыс, соз ауруларымен ауыратын және ол туралы білетін адам.
Берілген қылмыстың сараланған түрі талқыланып отырған баптың 2-бөлігінде қарастырылған, яғни ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты екі немесе одан да көп адамға не көрінеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыру. Екі немесе одан да көп адамға жұқтыру дегенді оларға бір уақытта, сондай-ақ әртүрлі уақытта соз ауруларын жұқтыруды түсінеміз, бұл ретте бірінші қылмыстық іс-әрекеттер үшін ескіру мерзімі өтпеген болуы тиіс. 18-жасқа толмаған және ол туралы кінәлі адам білген тұлға кәмелетке толмаған жәбірленуші деп танылады.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет