Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет46/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар

  1. 2014 ж. ҚК 120 және 121 баптарының нормалары қандай ара қатынаста болады?

  2. Зорлаудың барысындағы іс-әрекет пен қылмысты жасаудың тәсілінің байланысы қандай?

  3. ҚК 120 және 121 баптарының саралаушы белгілері ретіндегі өзге де ауыр зардаптар деп нені түсінеміз?

  4. Жәбірленушінің мас күйде болуы барлық жағдайда оның дәрменсіз күйде болуы деп танылады ма?

  5. Жыныстық дәмешілдіктің (домогательства) мәжбүр етуден, зорлаудың кезіндегі күш қолданудан айырмашылығы қандай? ҚК бойынша жыныстық дәмешілдіктің өзі жазаға тартылады ма?

  6. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылықсыз әрекеттер құрамындағы көрінеу белгісі нені білдіреді?

  7. Жәбірленушіге қарсы күш қолдану арқылы жыныстық актіге ұқсайтын әрекеттерді жасау қылмыстық жауаптылықты туындатады ма?

  8. ҚР 1997 жылғы және 2014 ж. Қылмыстық кодекстерінің 123-баптарын салыстырыңыз. Оларда жәбірленушілердің шеңбері, жәбірленушіні мәжбүр етудің тәсілдері, әрекеттердің түрлері бірдей құрастырылған ба?

  9. 14 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасаған жағдайда ҚК 122 және 124-баптарының жиынтығы бойынша саралау талап етіледі ме?

  10. Егер олар жыныстық қатынас жасаумен аяқталған жағдайда жас балаларды азғындату әрекеттерін қылмысты жасаудың кезеңі ретінде қарастыруға болады ма?

  11. Зорлау барысында жәбірленушіге қаза келтірген кінәлінің әрекеттерін қалай саралау қажет: қасақана? абайсыздық?

  12. ҚК 124 б. құрамындағы «күш қолданбай» жағымсыз белгісі ретінде нені түсінеміз?

7 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

  • 1 Адамды ұрлау (ҚР ҚК 125 б.)

Соңғы жылдары адамды ұрлау сияқты қауіпті қылмыс түрі барынша жиі кездесе бастады. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігі адамның жеке басының бостандығына қол сұғумен қатар кінәлі адамның жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруінен, мүлкіне қол сұғуынан көрініс табады.
Адамның бостандығы тек халықаралық актілерде ғана емес, сонымен бірге құқықтық, демократиялық мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында жарияланған негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.
Адамның жеке басының бостандығы қарастырылып отырған қылмыстың негізгі тікелей объектісі болып табылады. Адамның өмірінің, денсаулығының, меншік қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар бұл қылмыстың қосымша объектісі ретінде орын алуы мүмкін.
Адам ұрлаудың объективтік жағы жәбірленушіні оның тұрақты немесе уақытша өмір сүру орындарынан (мекенжайы, жұмысы, оқу орны, демалыс орындары және т.с.с.) басқа (басқа үй, жер төле, гараж) орынға оның еркінсіз немесе оның еркінен тыс, не оның заңды өкілдерінің еркінен тыс заңсыз орын ауыстыруымен сипатталады. Әдетте бұл ұраланғанның осыдан кейінгі еріксіз түрде ұсталуымен байланысты. Бірақ жәбірленушіні алып барған жерінде бірден босатуы да мүмкін. Мұндай жағдайлар да болады, мысалы, адамды ұрлау басқа қылмыстарды жасау үшін жасалады (тонау, адам ұрлау, көлік құралын айдап кету және басқалары).
«Еркіне қарсы» термині, жәбірленушіні күш қолданумен ұрлауды білдіреді. Ол қол-аяғын байлаудан, күштеп автокөлікке немесе басқа да көлік құралына салудан, жәбірленушінің ұрлаушылардың еркіне бағынуынан бас тартқан жағдайларда дене ықпалын тигізумен қорқытудан тұрады.
Ұрлау, жәбірленушінің еркінен тыс, оның осыған дейінгі жүрген жерінен алдауды қолданумен, не болмаса жасырын түрде алып кетуді де білдіреді. Ол жасырын болады тек, егер болып жатқан оқиғаны ешкім көрмесе, не көргеннің өзінде олар болып жатқан оқиғаның мәнін, кінәлінің құқыққа қарсы әрекеті екенін сезбесе. Мысалы, көрген куәлердің көзінше ұрлаушылар «жедел көмек» түрінде ұрланатын тұлғаға есеңгіретін дәрінің үлкен мөлшерін салып, автокөлікке салады.
ҚК 125 бабының 1 тармағымен қарастырылған адам ұрлаудың құрамы үшін адамды ұрлауға алдау (мысалы, баланы автокөлікке сыйлықтар берумен, қызықты заттармен уәде беріп салу), сенімге қиянат жасаумен (адамды ұрлау үшін достық қатынастар, таныстық, жәбірленушімен туыстық байланыстар қолданылады), ұрланып жатқан тұлғаның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен (көлік құралына итермелеп салу, дене жарақаттарын келтіру, адамның өмірі мен денсаулығына ешбір қауіп төндірмейтін заттарды пайдаланумен оны ес-түссіздік күйіне әкелу, байлау), әртүрлі қорқытуларды қолдану (мысалы, ұрланғанға немесе оның туыстарына қатысты күш қолдану, мүлікті бүлдіру немесе жою, бопсалау) тәсілдері тән. Алдау тәсілін пайдаланып ұрлау жәбірленушіге көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаумен сипатталуы мүмкін, мысалы, оны жұмысқа шақырып жатқандығы туралы, оған жақын адаммен немесе іскерлік кездесулер үшін белгіленген уақытта, белгіленген жерге шақыру туралы жалған мәліметтер хабарлау.
Адам ұрлау әдетте қылмыстық әрекеттердің басқа түрлерімен үйлесіп жатады: қорқытумен, күш қолданумен, заңсыз бас бостандығынан айырумен және т.с.с. Жалпы ережелер бойынша, бұл әрекеттер қосымша саралауды қажет етпейді, егер тек адам ұрлауға қарағанда ауырырақ қылмыстар жасалса (мысалы, денсалыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адам өлтіру), не болмаса шынайы жиынтықтың болуы (мысалы, ұрланып жатқан тұлға зорлауға ұшыраса, оған қатысты қорқытып алушылық жасалса).
Объективтік жағы, жәбірленушінің тәндік немесе психикалық мәжбірлеуі арқылы, қылмыскердің өзінің көздеген мақсатына жетуі үшін бағытталған әрекеттерді жасауын да қоса алады. Мысалы, босатқаны үшін материалдық игіліктерді талап ету, сондай-ақ өзіндігі бойынша қылмыс құрамын құрайтын әркеттер жасату, мысалы ұрланғандарға немесе басқа да ұсталып отырған тұлғалардың денсаулықтарына зиян келтіру. Бірақ, өзінің баласын алып кету қылмыс құрамын құрамайды, дәл осындай жағдай, баланы асырап алған кездерде де қолданылады. 
ҚК 125 бабының құрамы формальдық. Қылмыс ұрлаған сәттен бастап аяқталған деп саналады, яғни адамды ұстап алғаннан және оны орын ауыстырған сәтті айтамыз. Бірақ ұрланғанның кейінгі ұсталуы қосымша саралауды қажет етпейді. Ұрланғаннан кейін жәбірленуші ұсталған мерзім маңызға ие емес, өйткені саралау үшін ұрлау фактісінің өзі маңызды. Егер ұрлау фактісі белгілі болса, онда ұстау уақыты бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға, күндерге және айларға, тіптен жылдап та созылуы мүмкін. Жәбірленушіні қандай да бір орындарда ұстаудың ұзақтығы дербес құқықтық маңызға ие бола алатын, ұрлаудың мақсатын айқындай алады.
Жәбірленушіні ұстап алуға оқталу, яғни оның кейінгі орын ауыстыруы мен қозғалыс еркіндігін шектеу мақсатында жәбірленушіні ұстап алу, кінәлі тұлғаның еркінен тыс себептерге байланысты сәтсіз аяқталған әрекеттері ҚР ҚК 125 бабы және 30 бабының 3 бөлігімен, адам ұрлауға оқталу ретінде саралануы керек.
Адам ұрлаудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі тұлға өз әрекеттерімен, жәбірленушіні оның үйреншікті ортасынан басқа ортаға заңсыз алып бара жатқанын сезінеді және оны қалайды.
Адам ұрлаудың мотивтері мен мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін, көбіне ол пайдакүнемдік, яғни ұрланған адам үшін материалдық сипаттағы пайда алуға ұмтылу: оның туыстары мен жақындарынан ақша талап ету; ұрланған адамды «құлдыққа» сатудан түскен табыс, органдар мен тінін ауыстыру үшін донор ретінде заңсыз пайдалану үшін сатудан түскен пайда; балаларды заңсыз, жасырын түрде шетелге асырап алу үшін немесе оларды құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану, мысалы, жезөкшелер үйінде, әйелдері ретінде ұстау, притондарда және т.с.с. жыныстық пайдалану.
Қылмыстың мотивтері қылмысты саралуға ықпал етпейді. Бұл жерде адам ұрлаудың «пайдакүнемдік ниетпен» жасалуының қылмысты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылатындығын айта кету қажет.
14 жасқа толған кез келген тұлға қылмыстың субъектісі болады.
Адам ұрлаудың ауырлатылған құрамдары ҚК 125-бабының 2,3-бөліктерінде бекітілген. Берілген баптың 2-бөлігі
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып;
5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдік ниетпен жасалған дәл сол әрекет жеті жылдан он екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер екі немесе одан да көп адам адам ұрлауды жүзеге асырудан бұрын оны бірігіп жасау туралы келісім жасаған болса, адам ұрлау адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған деп танылады. Адамдар тобының бірігіп жасауы, қылмысқа қатысушылардың берілген қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарының белгілерін құрайтын әрекеттерді бірігіп жүзеге асыруын білдіреді, яғни бірігіп орындаушылардың әрқайсысы жәбірленушіні ұстап алуға және оны басқа орында күштеп ұстауға қасақана түрде тікелей қатысуы тиіс. Осылайша, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамына тек бірігіп орындаушылар ғана кіреді.
Адамды ұрлау рөлдер бөлісу арқылы бірігіп қатысушылықпен жасалған ретте, жәбірленушіні ұстап алу және оны өзге жерде ұстап отыруға тікелей қатыспаған қылмыстың ұйымдастырушысының, айдап салушысының және көмектесушісінің әрекеттері ҚК 28-бабымен және 125-баптың тиісті бөлігімен саралануы тиіс.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобын тек қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар ғана құрайтындығын атап көрсету қажет. Есі дұрыс емес және қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа жетпеген (берілген қылмыста 14 жас) тұлғалар адамды ұрлауға тікелей қатысқанымен, заң тұрғысынан алғанда топ құрамына кірмейді. Мәселен, кәмелетке толған қылмыскер 14 жасқа толмаған жасөспірімді қылмыс жасауға тартып, онымен сөз байласқан түрде адам ұрлауды жүзеге асырған ретте, онда топ болып жасау бұл қылмыс құрамының саралаушы белгісі ретінде орын алмайды. Өзге ауырлатушы белгі орын алмаған ретте ересек қылмыскер ҚК 125-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ қосымша ҚК 132-бабымен жауақа тартылуы тиіс.
ҚК 125-бабының 2-бөлігінде бекітілген ауырлататын белгілерді біз осыған дейінгі қылмыс құрамдарын қарастыру барысында талдаған болатынбыз. Қылмысты бірнеше рет жасау қылмыстардың көптілігі тәрізді қылмыстық құқықтық институттың бір түрі болып табылады. Адам ұрлауды бірнеше рет жасауды аталған қылмыс түрін екі немесе одан да көп рет жасау деп қарастыру қажет. Бірнеше тұлғаны әртүрлі уақыттарда ұрлау, сондай-ақ нақ сол тұлғаны жаңадан пайда болған ниетпен қайталап ұрлауды да адам ұрлауды бірнеше рет жасау деп бағалаймыз.
Адам ұрлауды бірнеше рет жасалған деп бағалау үшін, кінәлі адамның осыған дейінгі қылмысы үшін бұрын сотталғандығы немесе оған жауаптылықтың алғаш рет таңылып отырғандығы маңызға ие болмайды. Осының барысында егер тұлға бұрын адам ұрлағаны сотталмаған болса, онда бірінші қылмысты жасағаннан бері ескіру мерзімі өтіп кетпеген болуы тиіс (ҚК 71 б.), егер тұлға қылмысы үшін осыған дейін сотталған болса соттылған жойылмаған немесе алынып тасталмаған болуы керек.
ҚК 125-бабының 3-бөлігінде адам ұрлау қылмысының ерекше ауырлатылған құрамы үшін жауаптылық бекітілген:
1) қылмыстық топпен жасалған;
2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалған;
3) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлау үшін он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметтерінде адамды ұрлауды бас бостандығынан заңсыз айырудан (126 б.), қорқытып алудан (194 б.) және адамды кепілге алудан (261 б.) ажырату белгілі бір қиындықтар келтіреді.
Адамды ұрлаудың бас бостандығынан заңсыз айырудан негізгі айырмашылығы кінәлінің жәбірленушінің бостандығына қол сұғатын тәсіліне байланысты: адамды ұрлау барысында бас бостандығынан заңсыз айырумен салыстырғанда жәбірленушіні өзінің шағын әлеуметтік ортасынан аластатып, оны құқыққа қайшы басқа жерге орын ауыстыру орын алады.
Егер адам ұрлау қорқытып алумен ұштастырылған жағдайда, онда іс-әрекетті көрсетілген қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау қажет.
Адамды ұрлаудың кепілге алудан айырмашылығы оның соңғысында адамды ұстап алу фактісі және осының барысында қойылатын талаптар жасырусыз, керісінше қылмыскердің талабын орындауға мәжбүрлеудің құралы ретінде ашық білдіріледі. Адамды ұрлау кезінде кінәлі оларды жария етуге мүдделі емес, ұрланған адамның жақындарына қойылатын талаптар құпия түрде, өзге адамдардан немесе мемлекеттік билік органдарынан жасырын түрде жүзеге асырылады; әдетте ұрланған адамды ұстап отырған жер де құпия сақталады; құқыққа қайшы талаптар қойылатын адамдар шеңбері де шектеулі.
Қылмыстық кодекстің 125-бабының ескертуінде ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығы айтылған. Өз еркімен босату дегенді кінәлі адамның ұрланған адамды әлі де болса заңсыз ұстауға мүмкіндігі бола тұрып, бірақ оған бостандық беруін түсіну керек. Өз еркімен босатудың мотивтері әртүрлі болуы мүмкін (жәбірленушіге аяушылық білдіру, қылмыстық жауаптылықтан қорқу, шын ниетімен өкіну және т.б.). ҚК 125-бабының ескертуін қолданудың басқа міндетті шарты ол адамның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамының болмауы. Берілген норманың мәні бойынша, адамды ұрлаумен байланысты орын алған басқа қылмыс құрамы туралы (жәбірленушінің денсаулығына әртүрлі дәрежедегі зиян келтіру, оны қинау, заңсыз қару алу және т.б.) айтылып отыр.
ҚК 125-бабының ескертуі қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнаулы (жеке) жағдайы болып табылады. Ол қылмыскерді ұрланған адамға қатысты одан әрі күш қолданулардан тежеу үшін адам ұрлаған тұлғаға берілетін мүмкіндік.
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет